«Балапан» тобының «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгіліктің іс-шарасы


Аяз ата: Бәрекелді, балаларым, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Жүргізуші



бет5/7
Дата23.03.2023
өлшемі111,5 Kb.
#75750
1   2   3   4   5   6   7
Аяз ата: Бәрекелді, балаларым, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.
Жүргізуші:
-Ендігі кезекте балалардың орындауында хор «Шырша» әні.
Жүргізуші:
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің жаңа жылдық ертеңгілігімізге қонақ келіп қалыпты. Балақайлар, барлығымыз бірге қарсы алайық.
(Залға Музыка ырғағымен сиқыршы келеді кіріп келеді). Сиқыршы қолындағы қораптан сиқырлы сөз айтып,жылтырақтар шашады.


Сиқыршы: Амансыңдарма, балалар?


Балалар: Амансыз ба?


Сиқыршы: Менің кім екенімді білесіңдер ме?


Балалар:
- Сиқыршы


Сиқыршы: Иә, дұрыс айтасыңдар,мен сонау алыстан балалардың өнерін тамашалауға келдім. Құрметті қонақтар, балалар, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, биылғы жаңа жыл берекелі, жайлы жайлы жыл болсын!


Жүргізуші: Рахмет, саған сиқыршы ендеше, төрлет, сенде біздің балалардың өнерін тамашала.


Жүргізуші: Балалар, кім тағы жаңа жылдық тақпақтар айтады.


6- бала (Роза): Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.


7-бала (Ерсайын): Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!


8-бала (Шұға): Келді таға, жаңа жыл,
Қуантумен біздерді,
Құтты болсын, жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
Жаңа жылдық ертеңгілікке музыка ырғағымен мыстан қіріп келеді .
Мыстан'>Мыстан: Әй, балалар, бұл не шу? Орманымда мені тыныш ұйықтатпадыңдар,тоқтатыңдар қане!


Жүргізуші:
-Қане балалар, алдымен сәлемдесейік
Балалар:
-Амансыз ба, мыстан апа!
Мыстан:
-Амансыңдар ма
-Жүргізуші:
-Мыстан апа, біздің балабақшамызда жаңа жылдық ертеңгілік өтіп жатыр, сіз де қонақ болыңыз,балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Мыстан:
-Жоқ, мен бір айналып келгенше мына жерді босатпасаңдар мен сендерді сиқырлап тастаймын!
Мыстан осылайша қарқылдап күліп, аяз атаның сиқырлы таяғын алып шығып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет