«Балапан» тобының «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгіліктің іс-шарасы



бет2/7
Дата23.03.2023
өлшемі111,5 Kb.
#75750
1   2   3   4   5   6   7
Би: «Батырлар»
Ортаға музыка әуенімен Күлдірген келеді.
Күлдірген: Балалар, аналар, әжелер, паналар, саналар, ағалар, даналар!
-Мен көңілді сайқымазақпын, ішім пысып кетті, (Қолында шары болады, сол шарды инемен жарады) осындай ойын ойнайықшы.
Тәрбиеші:Тоқта, тоқта!
Сенің келгенің жаңа ғана, алдымен сәлемдеспейсің бе ?
Күлдірген: Сәлем, балалар, ал енді ойнаймыз ба?
Тәрбиеші: Қандай асығыс едің, балалармен жөндеп сәлемдеспейсің бе?
Күлдірген: Қазір мен амандасып келемін. (Балалармен жеке-жеке қол алысады.)
Тәрбиеші: Күлдірген-ау сен мына амандасуыңмен пенсияға шығасың ғой.
Күлдірген: Не амандасудың басқа да жолы бар ма?
Тәрбиеші: Бері кел, мына менен амандасуды үйрен, ортаға шығасың да қатты айқайлап:
«Сәлеметсіздер ме!» дейсің»
Күлдірген : Түсіндім, « Сәлеметсіздер ме! дейсің»
Тәрбиеші:»Дейсің» деген сөзді айтуға болмайды.
Күлдірген: Жарайды, «Дейсің» деген сөзді айтуға болмайды.
Тәрбиеші: Не деген сөз түсінбейтін адамсың.
Күлдірген: Жарайды, түсіндім. Мен тек балалардың көңілін көтерейін деп едім.Ал енді не? Не істеп жатырсыңдар, циркте қызық болып жатыр, жүріңдер сол жаққа барайық.
Кеттік балалар, ойнауға.
Жүргізуші: Тоқта, Күлдірген , бұл балалар ешқайда бармайды, бұл балалар балабақшамен қоштасып, мектепке барады.
Күлдірген:
Сонда бұл балалар мектепке не үшін барады?
Жүргізуші:
-Балалар, біз мектепке не үшін барамыз?
-Оқып білім алу үшін
-Еліме еңбек ету үшін
-Білімді азамат болу үшін
Ер жетіп, Отанымызды қорғау үшін
Жүргізуші:
Ау, Күлдірген, сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сен де биыл мектепке барасың ғой, сен де талпынуың керек емес пе?
Күлдірген:
-Ой, мына балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз, аналарымыз әжелеріміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.
Жүргізуші:
Қой, Күлдіргені біздің балалар қазір балабақшамен қоштасып жатыр, мектепке бару үшін. Сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде, біздің балалар балабақшаға келіп, бәрін біліп алған. Қане отыршы, олардың өнерін тамашалайсың.
Би: «Батырлар»
Күлдірген:
-Апай, енді балаларме ойын ойнайықшы,
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Ортаға әріптер тасталады, балалар сол әріптерге тұра қалып, сол әріпттен келетін сөз айтады.
Жүргізуші:
-Ал, Күлдірген қалай екен біздің балалар?Олай болса, мен де ойынды жалғастырғым келіп тұр.
«Иә-иә», «Жоқ-жоқ» ойынын ойнайық.
1Мектепке біз барамыз ба?
2 Кілең бестік аламыз ба?
3Айтқан тілді аламыз ба?
4Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5Ақылды бала боламыз ба?
6 Ертеңгісін тұрамыз ба?
7 Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8 Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9 Екі алғанда жылаймыз ба?
10 Біз оқушы боламыз ба?

Күлдірген:


Ой, балалар, апаларың да аналарың да шаршайды ғой, бармаңдар мектепке. Не керек? Мен бір ойын білемін енді сол ойынды ата-аналармен де ойнайық.
«Иә-иә», «Жоқ-жоқ» ойыны.

Жүргізуші:( 2-3 ата-ана шығады.)


1Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2 Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?
3 Тамағын уақытылы бересіз бе?
4 Сериал көріп жатасыз ба?
5 Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
6 Төзімділікке сіз әр уақыт төзесіз бе?
7 Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8 Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9 Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10 Бала үшін асулардан асасыз ба?
Жүргізуші:
-Ендеше кезекті балаларымыздың тақпағына берейік.
Гауһар:
Қандай ғажап күн бүгін,
Күміс күлкі жан жағың.
Күлімдеген бар бала,
Ән айтады шаттана.
Нұрасыл:
Тірбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала бақшамен,
Біріншіге барамыз.
Айару:
Баулып, баптап өсірген,
Бұзықтық етсек кешірген.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Айсұлтан:
Қуантып, әрі қинайды,
Бақшамнан алыс кеткенім.
Қажет қой бірақ білімнің,
Теңізінен өткенім.
Дамира
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ақназар:
Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Ұлжан:Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз.
Оқып білім аламыз.

Жүргізуші:


Балаларымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Ән айтайық тамаша-дей отырып кешіміздің жалғасын әнге берейік.
Ән: «Тәрбиеші» хор
Жүргізуші:
Кезекті тақпақтарға берейік.
Әсима:
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз,
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Махмуд:
Біздер алты жастамыз
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол, балабақшамыз!
Айлин:
Біз бақытты балакмыз,
Жетіліп ой, санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз
Батырхан:
Бақшаны бәз қимаймыз,
Алты жасқа толамыз.
Ата-ананы қуантып,
Мектепке кетіп барамыз.
Нұрмұхаммед:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу, білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз
Балайым:
7 жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Мағжан:
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл- санамыз
Адалдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.
Алихан:
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Жүргізуші:
-Көрдің бе, Күлдірген біздің балалардың қандай өнерлі екенін?
-Балалар, мен сендермен тағы ойын ойнағым келәіп тұр, кел Күлдірген, сен де бібен бірге ойна.
Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты:Балаларға 1ден 10ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұруы керек.
Тәрбиеші:
-Күлдірген сған көп-көп рахмет, сен біздің ертеңгілігімізді қызықты ете түстің.
Күлдірген:
-Иә, мен сондаймын, мен көптеген ойындар ойнатумен қатар фокус та көрсете білемін.
Сендерге қазір фокус көрсетемін.
Фокустар:
Саусақпен. Саусақты жұтып алады.
Гүлмен. Бір гүлді коропкаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боялады»
Шығарса боялмапты, неге боялмайды?
Тәрбиеші:
-Сиқырлы сөздерді айту керек қой, балалар, қандай сиқырлы сөз білесіңдер?
-Балалар:
-Ахалай-махалай!
Фокус-мокус!
(Корпканың ішін қараса кәмпиттер жатыр екен)
Би




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет