Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет162/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Кеңірдек
– жаңа туған баланың кеңірдегі оймыш (воронка) тәріздес және енсіз тар
болады. Шеміршегі жұмсақ болып келеді. Кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай,
кілегей, бездері сөлдің жеткіліксіз бөлінуіне байланысты, неғұрлым құрғақтау келеді.
Жарғақты бөлігінің етті қабаты жаңа туған нәрестеде өте жақсы жетілген, серпінді тканьді
болып келеді. Кеңірдек орнына әлсіз бекітілген, шеміршегі жұмсақ, жеңіл болады.
Жаңа туған баланың кеңірдегінің ұзындығы 4 см, 14-15 жаста – 7 см, ересек
адамдарда – 12 см. Жоғары ұшы IV мойын омыртқасының тұсында болса, үлкендерде VІІ-
де болады. Кеңірдек бифуркациясы (екі айырылуы) жаңа туған балада ІІІ-ІV кеуде
омыртқасының тұсында, 5 жаста IV-V және 12 жаста V-VІ омыртқаға сәйкес келеді.
Бронхтар 
– енсіз, жіңішке, шеміршектері жұмсақ. Кілегей қабаты қан тамырларына
бай, аздап кілегеймен қапталған. Еті мен серпінді талшықтары әлсіз жетілген. Оң жақ
бронх барынша тіке орналасқан және ол кеңірдектің жалғасы болып есептелінеді: оң жақ
бронх сол жақ бронхтан жалпақтау, кеңірек келеді. Сондықтан, бөгде денелер көбіне оң
бронхта тұрып қалады. Сол бронх бұрыш жасап тіке бөлінеді. Жасқа байланысты
бронхтар ұзарып, қуысы кеңейе бастайды. Әсіресе, 1-ші жылы бронхтар тез өседі де,
сосын оның өсуі тежеліңкіреп қалады. Одан әрі жыныстық қалыптасу кезеңінде қайтадан
тез жетіле бастайды. 12-13 жаста бронхтардың ұзындығы 2 есе ұзарады. Жасы өскен
сайын бронхтың семуіне қарсылық ететін күште арыта түседі.
Өкпе.
Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы 50 грамм болады (дене
салмағының 1/50 бөлігі). 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста – 3 есе, 12 жаста – 10 есе, ал
үлкен кісілерде – 20 есе және одан да көп артады. Жас нәрестелердің өкпесі дәнекер
тканьге өте бай, серпінді (эластикалық) ткандері аз, әсіресе, альвеольдар маңында, қан
тамырларына бай, капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады. Сондықтан,
балалардың өкпесінде қанның іркілуі, ателектаз, эмфиземалар тез пайда болып, өкпенің
186


қабынуына, уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып, тарауына өте
қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады. Ересектерге қарағанда, баланың өкпесінің
тыныстық беті үлкен болып келеді. Өкпе арқылы 1 минутта, үлкендерге қарағанда, қан көп
мөлшерде өтеді. Бала өмірге келерде ацинус 
(48 сурет)
,
 
яғни, өкпенің тыныстық бөлігі (ол
3 қатарлы респираторлы бронхтардан, альвеол жолдарынан, альвеол қабынан тұрады),
әлсіз дамыған. Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол тыныстың
негізгі функциясы болып есептелінеді. Альвеолдар бала өмірге келгенге дейін 4-6 жетіде
қалыптаса бастайды да, 1-ші жыл бойына көбейеді және 8 жасқа дейін көбеюін
тоқтатпайды. 8 жастан соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есебінен жүреді. Бала жаңа
туған кезде терминальды бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе, 4 жаста 3 есе,
18 жаста 5 есе үлкейеді. Бронхтардың жіңішке болуы себепті жас балаларда өкпе
ателектазы жиі кездеседі. 
Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады.
Сол өкпе 2 бөліктен тұрады – үстіңгі және төменгі. Өкпенің барлық бөліктері бір
мезгілде жетілмейді. Бір жастағы баланың сол өкпесінің жоғарғы бөлігі нашар жетілген,
ал оң өкпесінің жоғарғы және орта бөліктері бірдей көлемде жетілген.
2 жаста өкпенің әрбір бөліктерінің көлемдері, үлкендердікі сияқты, бір-біріне
сәйкестенеді.
Кеңірдек оң және сол бронхтарға бөлінгеннен кейін, оның әрқайсысы бөлек
бронхтарына бөлінеді, олар өкпенің әрбір бөлігіне барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет