Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ауру белгісінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет214/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ауру белгісінің сипаттамасы.
Жоғарғы ішек-қарын жолдарының кілегей қабығы
қабынғанда, ауру сезімі байқалады. Іш қуысы мүшелері созылып және ұлғайып кеткенде
(бауыр ұлғайғанда, гепатомегалия), ісікте (кистада) сырқырап, қарын калтқысының, Одди
сфинктерінің түйілуінде басып ауру байқалады.
Асқазан жарасының орны тесіліп кеткенде, жедел перитонитте, ішек түйілгенде
«пышақ сұғып» алғандай ауыру білінеді.
Ащы ішек ауруларында кіндік аймағы тартылып, салмақ тарта ауырады. Тоқ ішек
ауруларында қарқынды ауыру білінеді. Спастикалық, яғни түйіліп-ауыру, колитте,
233


энтероколитте, ішекте ауа және нәжіс жиналып, ішек керілген жағдайда байқалады. Ішек
түйілгенде, ісікті ауруда, ауа, нәжіс ішектің бойында тұрып қалады да, ішек қатты
жиырылған кезде түйіліп ауру байқалады.
Іштің салмақтанып, ауырлап, кернеп ауруы тоқ ішек кепкенде, энтеритте (кіндік
айналасы), портальды гипертензияда, яғни қақпа венасында қан қысымы жоғарылағанда
(бауыр фиброзында, циррозында іштің барлық бөліктері ауруы мүмкін) байқалады.
Қоректік заттардың қортылуы нашарлаған ауруларда, целиакияда, дисахаридтік
жарамсыздықта, тағамдық аллергияда іш қорылдап бірдеңе құйылып жатқандай сезім
байқалады.
Іш
қату
– қатпада ішек толық босамайды да, нәжістің концентрациясы өте қатты
болады, бала үлкен дәретке отырады. Созылмалы қатпа мегакалон (Гиршпрунг) ауруының
белгісі болып келеді.
Іш
өту 
– ұлы дәретке жиі отыру, нәжістің сұйықталуы. Іш аш ішектің қозғалуы және
бөлу қасиеті бұзылғанда өтеді.
Ашу диспепсиясында
нәжістің түсі жасыл-сары болып көпіріп тұрады, иісі ащы,
реакциясы қышқыл болады. 
Шіру диспепсиясында
нәжіс сұйық, шірік иісті, түсі қара
қоңыр, реакциясы сілтілі болады.
Ішектің жоғарғы бөлігінен қан кеткнде, нәжіс қарамай тәріздес болады, ал қан
ішектің төменгі бөлігінен кетсе, нәжістің түсі өзгермейді.
Кейбір дәрі-дәрмек (висмут), тағамдар ішкеннен соң да нәжістің түсі өзгеруі мүмкін.
Нәжістің консистенциясын, түрін (әдеттегідей, колбаса, бау, лента және қой құмалағы
тәріздес, сұйық көпіршіктенген, сұйықтау болып келген) иісін, түсін (қоңыр, қызарған,
қара, қара май тәрізді), кілегей, ірің, қан, ішек қортылмаған тамақ бар жоғын анықтау
қажет.
Науқасты тексергенде, олардың денесінің дамуын бағалап, тері түсіне көңіл аудару
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет