Сонымен қатар, ас қорыту құбылысы бұзылған кезде пайда болатын белгілерге көңіл
бөлу керек: лоқсу, құсу, қалжырау және басқалар. Бұл жағдайлардың тамақтануға немесе
басқа себептерге байланысын анықтаған дұрыс. Бұдан басқа баланың ішінің өтетіндігін,
немесе жиі ішінің қататындығын, немесе кебетінін, қорылдауын анықтау керек. Баланың
тамаққа тәбетін анықтауға көңіл болу керек, сондай-ақ басының ауруы, көңіл-күйінің
нашарлауы сияқты жалпы шағымдарға да көңіл бөлген жөн.
Бауыры немесе ұйқы безі ауыратын науқастарды сұрастырғанда – қай жерінің
ауыратынына (оң сүбе қабырғаның асты), аурудың басқа аймақтарға тарауына (оң иыққа,
жауырынға, сүбе қабырғалардың астына, арқасына, беліне), аурудың сипаттамасына, ас
қорытудың бұзылына (лоқсу, құсу, тамаққа тәбетінің жоқтығы, әсіресе майлы тамаққа)
және эпидемиологиялық тарихына көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: