Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет210/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

тоңғақ (меконий) 
жасыл қара түсті, қою, желім тәріздес
болады. Ол бала дүниеге келгеннен кейін 10 сағаттан соң шығады (2-20 граммдай), жалпы
салмағы 70-80 г. Тоңғақ түсіп, жыйырылған ішек эпителийінен, қойытылған өттен және
ұрық айналасындағы судың құрамдарынан тұрады. Меконийдің алғашқы бөлігі
(порциясы) шырыштан тұрады. Алғашқы 3 сағат бойына тоңғақ стерильді, микробтардан
таза болады. Одан соң оған бактериялар жайыла бастайды. Маңызды бактериялардың бірі
– Эщерих және Меро бактериялары, олар анаэробты жағдайларда өсіп, споралары пайда
бола бастайды. Сәл кейінірек энтерококк, коли-бактериялар өсе бастайды, ал стрептококк
және спора құрайтын микроорганизмдер сирек кездеседі. Тоңғақтың реакциясы қышқыл
болады (РН-6,00-ға жуық).
Алғашқы 2-3 күнде тоңғакқа нәжіс араласады, ол ауыспалы нәжіс деп аталады. 4-5-
ші күнге қарағанда, нәжістің түрі қалыпты түрге енеді. 1 жасқа дейінгі баланың нәжісінің
түрі, оның қоректенетін тамағына байланысты болады. Табиғи жолмен тамақтанатын
баланың нәжісі сары түсті, гомогенді, жұмсақ паста тәрізді, қышқыл иісті болады.
Микроскопиясы:
детрит, эпителий, орташа дөңгелек клеткалар, нейтральды майдың
тамшылары және май қышқылдарының кристалдары, холестерин және кальций тұзы
болады. Кейбір ана сүтімен тамақтанатын сау балалардың дәреті шырыш араласқан жасыл
түсті болып келеді, ол
«физиологиялық диспепсия»
деп аталады. Физиологиялық
диспепсия ішектер тез жиырылып, аш және тоқ ішектерден жылдам жүруіне, осы арқылы
билирубин мен биливердиннің редукциясының нашарлауына байланысты пайда болады.
Ана сүтімен қоректенетін сау баланың нәжісі – тәулігіне 2-4 рет, 5 айда – 2-3 рет, 6 айдан
соң – 1-2 рет болады.
Жасанды сүт тағамдарымен тамақтанатын 1 жасқа дейінгі баланың нәжісінің түрі
қара-қоңыр, қаттылау, жағымсыз иісті, реакциясы сілтілі болады. Дефикация саны аз.
Дәнекер ткань талшықтары, май талшықтары, ет талшықтары, крахмал дәндері кездеседі.
Аралас тамақтанатын баланың нәжісі қоңыр, қою болады. Иісі мен рекациясы ана сүті мен
сиыр сүтінің мөлшеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет