Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ауыз қуысын тексеру әдісі



Pdf көрінісі
бет215/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ауыз қуысын тексеру әдісі.
Күндіз баланың аузын терезеге бағыштап карайды, ал
шаммен қарағанда жарық дәрігердің оң жақ артынан тұру керек. Кішкене балаларды
қарағанда мамасы немесе медбике баланы тізесіне отырғызады да (арқасын өзіне қаратып)
оның екі аяғын өз аяқтарының арасына қысып ұстайды. Баланың қолдарын оң қолымен
кеудесіне қысып, ал сол қолымен маңдайынан кейін шалқайтып, қапсыра ұстайды
(52
сурет).
Ересек балалардың ауыз қуысын отырғызып немесе тұрғызып жарыққа
жақындатып қарайды 
(53 сурет).
Емшек жасындағы балаларды мамасы (медбике) оң қолына алып, сол қолымен
қолдарын қосып ұстайды. Дәрігер сол қолымен басып жақсылап ұстап, оң қолындағы
шпательмен аузын ашып, тілін ығыстырып қарайды, содан соң ұртын және ауыз қуысын,
тілінің кілегей қабаттарын тексеріп шығады. Сонымен қатар, тамақтың, жұтқыншақтың,
оның артқы қабырғасының, бадамша бездің түр-түсіне көңіл аударады. Дені сау баланың
ауыз қуысының кілегей қабығы қызыл түсті, жылтырақ болып келеді.
Ауыз қуысын қарағанда алдымен ауыз қуысының, ұртының, қызыл иегінің, тілінің
кілегей қабығын қарайды. Оның түсіне, тазалығына (жамылғы, афтылар, ауыз уылуы,
Филатов-Коплик дағы, қанды бөртпелер, жаралар болуы мүмкін). Тілдің жағдайы, яғни
жамылғысы, ылғалдық дәрежесі, тіл бүртіктерінің айқындық дәрежесі, тілшудің, тістің
іздерінің, тілдің «географиялық карта» тәрізденуінің бар немесе жоғы, бағаланады. Тістің
саны, қандай тістер (сүт тісі немесе тұрақты тістер) екендігі, олардың бұзылуы
анықталады. Одан әрі шпательмен тіл түбірін басып, тамақты қарайды. Иіннің, бадамша
бездің, кішкене тілдің, жұмсақ таңдайдың кілегей қабығына, бадамша бездің (үлкею,
босаңсу дәрежесі, шұңқырларының айқындығы, жамылғысы, іріңді тығыңдар), жұтқын-
шақтың артқы қабырғасының (кілегейдің, іріңнің, қанның ағуы қызаруы, түйіршіктілігі
және инфильтрациясы) жағдайына көңіл аударады. Аузынан шығатын, иіске ерекше көңіл
аудару керек, өйткені, оның сипатына байланысты организмінің жалпы ауруы туралы
234


шешім қабылдауға болады. Кішкене балалар үшін ауыз қуысын қарау жайсыз жағдай
болғандықтан, бұл процедураны кейінге, тексерудің соңына, қалдыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет