Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет216/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ішті карау.
Шалқасынан жатқан баланың ішін қарағанда, іштің сыртқы пішініне
көңіл бөлу керек. Ересек балалардың ішінің сыртқы пішіні конституциясына байланысты
болады. «Астениялық түрінде туылған баланың іші кішкене тартылып, ал гиперстениялық
болса, сәл көтеріліп тұрады. Қалыпты жағдайда іштің алдыңғы қабырғасы жазықтықтан
көтерілмейді де, кеуде қуысының жалғасы сияқты болып тұрады. Іштің алдыңғы
қабырғасының тыныс алуға қатынасуына, терісіне, тері астындағы веналарға,
бөртпелердің бар жоғына көңіл аудару қажет. Ішті қарауды кіндік тұсынан бастап іш
шеңберін анықтайды. Іш қуысының мүшелерін тексергенде олардың орналасу
топографиясын іш бетінің қай жеріне сәйкес келетінін анықтау керек.
Екі параллельді көлденең сызықпен іш қуысы 3 бөлімге
бөлінеді:
Біріншісі – сызык екі жақтағы X кеуде қабырғаларын
байла-ныстырады, екіншісі – сызық мықын сүйектерінің екі
жақтағы қырларын қосады. Төс шеміршеғі мен кіндік аралығы
эпигастрия, іштің екі сызық ортасындағы аймағы – мезогастрия,
іштің төмен-гі сызықтың астыңғы жағы – гипогастрия деп
аталады 
(76 сурет).
Іштің тіке бұлшық етінің сыртқы жиегімен жүргізілетін екі
тік сызық іш қуысын 9 бөлікке бөледі: 1. Сол сүбе қабырға асты.
2. Оң сүбе қабырға асты. 3. Құрсақ үсті аймағы. 4. Сол бүйірі. 5.
Оң бүйірі. 6. Кіндік бөлігі. 7. Сол жамбас бөлігі. 8. Оң жамбас
бөлігі. 9. Қасағаның үсті.
Бала семіргенде, іші кепкенде, созылмалы туберкулездік
перитонитте, паренхиматоздық мүшелер үлкейгенде, іш
қуысында ісіктер өскенде, мегаколонда іш үлкейіп кетеді.
Гепатоспленомегалияда іштің жоғарғы бөлігі ұлғаяды, ал
ісік пайда болған жағдайда іштің ассиметриясы байқалады.
Жедел перитонитте, бала қатты жүдегенде, дизентерияда,
туберкулездік менингитте іш «ішіне қарай түсіп кетеді».
Қарағанда, терідегі вена қан тамырларының қаншалықты
дамығанына көңіл аудару керек. Жаңа туған балаларда
кездесетін кіндік сепсисінде, кіндік аймағындағы тамыр
торлары жақсы білініп тұрады. 
Бір жастан асқан балалардағы бұндай жағдай портальдық гипертензияда байқалады
Жаңа туған балалардың кіндік сепсисінде, септикалық эндокардитте, ал ересек балаларда
іш шеменінде, туберкулезді перитонитте іштің ісінуі байқалады. 1-2 айлық балаларда
кездесетін пилоростеноз ауруында эпигастрий аймағынан қарынның «құм сағаты»
тәріздес болып жиырылатынын көруге болады. Ішек қозғалысын ішек түйілуінде де
байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет