баспамен, жәншаумен ауырды ма? Алдын ала егу жасалған жоқ па? Олардан кейін қанша
уақыттан кейін бұл белгілер пайда болды. Денесінің қызуы және диспепсиялық өзгерістер
байқалады ма?
Анасының жүктілік кезеңінің қалай өткенін, қалай босанғанын, оның денсаулығын
білу керек. Сонымен қатар, жақын тума-туыстарында несеп жүйесінің аурулары бар-
жоғын (болғанын ия болмағанын) анықтау қажет.
НАУҚАСТЫ ҚАРАУ
. Арудың хал-жағдайы, көңіл-күйі, ақыл-есі, төсектегі қалпына
көңіл бөлу керек. Дене бітімінің жетілуін қадағалайды. Тері түсіне (бозару), оның
құрғақтығына, ісіктің бар-жоғына көңіл бөлінеді. Жасырын ісікті анықтау үшін дене
салмағын өлшеп отырады және бұл үшін Мак-Клюра-Олдричтың «күлбіреу» әдісі
қолданылады. Білек терісінің ішіне жіңішке инемен 0,1 мл физиологиялық сұйық егеді,
жасырын ісік жоқ болған жағдайда 1 жасқа дейінгі балаларда 15-20 минуттан соң, 1
жастан 5 жасқа дейінгі балаларда 20-25 минуттан, ал ересек балалар мен үлкен кісілерде
40 минуттан соң терінің күлбірегені жоғалып кетеді.
Іштің түрі мен мөлшеріне көңіл аударады, яғни, іш шеменін анықтайды. Кейде
кішкене балаларда қуық толып кеткенде, қасаға үстінде томпайып көрініп тұрады. Баланы
тұрғызып немесе төсекте жатқан қалпында, оның сыртқы жыныс мүшелерін қарап,
ұманың көлеміне, үрпі каналына және вульваға көңіл аудару қажет.
Ер баланың жыныс мүшесін қарағанда, фимоз бар жоғын анықтау қажет.
Қан қысымын міндетті түрде өлшеу керек, өйткені, бүйректің көптеген ауруларында
қан қысымы жоғарлайды. Бұнымен қатар жүрек шекарасын ұқыпты тексеріп (көбіне
гипертония әсерінен – солға, айқынды күрделі ісікте – барлық жаққа кеңейеді),
аускультация жасау керек (көбіне жүрек ұшында І тонның зорланып күшейгені, аорта
тұсында ІІ тонның акценті анықталады).
Достарыңызбен бөлісу: