Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ БӨЛУ МҮШЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет243/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ БӨЛУ МҮШЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Несеп жүйесін тексергенде науқастың өзінен немесе ата-анасынан сұрастырып,
несеп бөлудың бұзылуы туралы мәліметтерді ұқыпты жинау керек. Ол үшін төмендегі
мүмкін болатын өзгерістердің бар-жоғын анықтау қажет.
Ауру синдромы 
– көбіне белі, бір немесе екі жағының да ауыратының көрсетеді. Ол
тез басталып жедел немесе жәйлап үнемі ауруы мүмкін. Ауру несеп жолымен төмен
жылжып, сыртқы жыныс мүшелеріне тарауы мүмкін.
Жалпы белгілер 
– бас ауруы, лоқсу, құсу, тері және кілегей қабықтарының бозаруы.
Ісік синдромы 
– ісік әуелі бетте, аздап дене мен аяқ-қолдарында болады. Ісік кейде
үлкен мөлшерге дейін жетеді немесе, керісінше, жасырын, білінбейтін ісіктерде болуы
мүмкін.
Несеп шығарғанда ауырсыну 
– несеп бөліне бастаған кезде, соңында немесе бүкіл
несеп шығару бойына ауырсынады.
Несеп шығара бастаған кезде ауырсынса уретритке, балонопаститке қатысты, егер
соңында ауырсынса, циститке байланысты болғаны.
Жиі несеп шығару немесе поллакурия
– сұйықты көп ішкенде, ісік тарағанда,
циститте болады.
Кіші дәретін ұстай алмау
– қуық, артқы уретра қабынғанда байқалады. Бұл
жағдайда несеп бөлу жиіленеді, оны кіші дәреттің тоқтамауымен шатастыруға болмайды.
Айырмашылығы – кіші дәретке отырғысы келмесе де, несеп бөліне береді.
Несепті қиын шығару 
– қуықтан несептің еркін жүруінінің бұзылуы тарылу, тастар
немесе несеп жолының ісігі, фимоз сиякты кедергі пайда болғанда, байқалады. Ішпен
қатты күшеніп, несеп шығарады. Ми ауруларымен зақымдалғанда да несеп қиын шығады.
Несептің кідіруі (ишурия)
– қуықтың несеппен толғанына қарамастан, оның
шығуына мүмкіндік болмайды.
Несептің тоқтамауы. 
Кіші дәретке отырғысы келмесе де, қуық толса да, толмаса да
несеп бөліне береді. Абсолютті және шартты болып несептің тоқтамауы екіге бөлінеді.
Несептің абсолютті тоқтамауында несептің шығару актісі болмайды, себебі, несеп еріксіз
бөлінеді. Экстрофияда (қуықтың іштен туа пайда болған жарылуы), тотальды
эписпадияда, қуықтың жылан көзінде болады.
Несептің шартты тоқтамауында несептің жартысы еріксіз бөлінеді де, жартысы
қуықта қалып қояды. Ауық-ауық кіші дәретке отырғысы келеді де, кейін несеп дұрыс
бөлініп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет