Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


НӘРЕСТЕНІ ЕМІЗУДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕМІЗУГЕ



Pdf көрінісі
бет285/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

НӘРЕСТЕНІ ЕМІЗУДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕМІЗУГЕ
МҮЛДЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
301


1. Гипогалактия 
– сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Оны алғашқы
және екінші реттегі, ерте және кеш гипогалактия деп бөледі.
Алғашқы гипогалактия әйел организмінде байқалатын әртүрлі нейроэндокриндік
бұзылыстар нәтижесінде пайда болады. Олар негізінен жыныстық даму кезінде қыз
балаларда гипоталамогипофизарлы жыныс безінің реттелуінің бұзылуынан болады.
Осының әсерінен сүт безінің дамуы бұзылып, олардың жүктілік кезінде, босану және
босанудан кейінгі кезендерде функцияның бұзылуы пайда болады. Гипогалактияның бұл
түрінде жыныс мүшелерінің инфантилизмі, етеккірдің кеш келуі және басқалар себеп
болып келеді. Негізінен гипогалактияға анасының әртүрлі аурулары және жүктілік
кезеңінің асқынулары әкеліп соқтырады. Ананың жүктілік немесе босану кезінде
қолданған гормондық (прогестерон, туринол, диэтилстильбэстрол және т. б.) дәрілердің
жыныс мүшелеріне және сүт бездеріне тигізетін жағымсыз әсері дәлелденген.
Ерте гипогалактия
– босанғаннан кейін бірден байқалатын сүттің түзілуінің
жетіспеушілігі. Ерте гипогалактия көбіне алғашқы рет дамиды, сондықтан оларды жою
үшін гормонды дәрілермен (пролактин, питуитрин, окситоцин) ем қолданылады. Міндетті
түрде эндокринологтан кеңес алу керек.
Екінші реттегі гипогалактия
негізінен экстрагенитальды патологиялардың,
жағымсыз медико-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және психоэмо-
циялық факторлардың әсерінен пайда болады. Олардың ішінде туылғаннан кейін кеш
емізудің, әйелдің өз баласын емізуге ынтасының болмауының, сәбиді сирек емізудің, бала-
лы әйелдің күн тәртібін сақтамауының маңызы үлкен. Дұрыс ұйықтамау, шамадан тыс
шаршау да лактацияны төмендетеді. Екінші реттегі гипогалактия әдетте кеш болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет