Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет286/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Кеш гипогалактия
босанғаннан соң 10 күннен немесе оданда көп уақыт өткеннен
кейін байқалатын сүттің жетіспеушілігі. Негізінен бұған сәбиді тамақтандыру техникасын
дұрыс орындамау (емшектің дұрыс босамауы), өмір сарынын бұзуы, дұрыс тамақтанбау,
шаршау-шалдығу, ананың әртүрлі аурулары, жаңа жүктілік немесе етеккірінің келуі себеп
болады.
Гипогалактия сүт мөлшеріне сәйкес төрт дәрежеге бөлінеді.
I дәрежелі гипогалактия – сүттің мөлшерінің (баланың қабылдауға тиісті мөлшерінің)
25 % жетіспейді, ІІ-дәрежелі – 50 %, Ш-дәрежелі – 75 % дейін, ІV-дәрежелі – 75 % артық
жетіспейді.
Лактацияның төмендеуінің алдын-алу антенатальды кезеңде басталып, босану
кезеңінен кейін жалғасып, барлық емізу кезеңінде жүргізілуі керек. Әйел жүкті болған
күннен бастап болашақ баласын емізуге ынтасы ауа бастауы керек. Оның баласын емізудің
бала және өзі үшін маңызы үлкен екенін анық түсініп, гипогалактияның алдын-алу
бойынша ұсыныстарды толық орындап отыруы керек. Гигиеналық гимнастиканың маңызы
үлкен. Жалпы дене тәрбиелік қимылдар қан және лимфа тамырларының қалыптасып,
дұрыс дамуына ықпал етіп, сүт безінде сүттің тиісті мөлшерде түзілуіне әсер етеді. Дене
тәрбиесін таза ауада немесе желдеткішті ашып қойып жүргізу керек. Оны су
процедурасымен, яғни денесін беліне дейін суық сумен жуып, құрғақ орамалмен
сүртінумен аяқтау керек. Босануға 6-8 апта қалғанда күніне 2 рет 2-3 минут бойына сүт
безін уқалау (массаж жасау) керек. Массажды айнаның алдында жасаған жөн. Қолын таза
жуған жүкті әйел беліне дейін шешініп айна алдына тұрады. Әдетте 3 жол қолданылады: 
1. Екі сүт безін екі қолымен бірдей бір уақытта, ұшына тимей, жоғарыдан тіке, иыққа
қарай және төменнен қолтық астына қарай сипайды.
2. Бір уақытта екі сүт безіне дөңгелек бағытта, ұшына және ұшының айналасындағы
дөңгелекке тигізбей, сипалау қимылын жасайды
3. Аяқтаушы қимылды әуелі бірінші содан кейін екінші сүт безінде жүргізеді: сүт безін
бір қолымен көтеріп (сол жағын – сол, оң жағын – оң қолымен), ұстап тұрады. Ал,
екінші қолымен үстіне, ұшының айналасындағы дөңгелекке тигізбей салып, сүт безін
3-4 рет абайлап, екі қолымен кеуде қуысына қарай қысады.
302


Гипогалактия пайда бола қалған кезде, біріншіден, лактацияны стимуляциялау үшін
сәбиді жиі тамақтандыру қажет. Екіншіден, анасының күн және тамақтану ережесін
қалыптастыру керек.
Сәбиін емізетін әйелдің тәуліктік рационында орта есеппен 112 г белок, оның ішінде
60 г жануартектес, 90 г май, оның ішінде 25-30 г өсімдіктектес, 360-410 г көмірсулар
болуы керек. Бүндай рацион тәулігіне 2700-3000 ккал энергиямен жабдықтайды. Бала емі-
зетін ананың күнделікті тағамына ет, балық, сүт, сүт тағамдары (сүзбе, қаймақ, айран, са-
ры және өсімдік майы, ірімшік), жұмыртқа, әртүрлі жармалар, көк-өніс, жеміс кіруі керек.
Минеральды тұздар (кальций, калий, магний, фосфор) көзі ретінде бала емізетін
әйелдің диетасына құрамында көк-өніс, көк шөптер, жемістер және көп қанықпаған май
қышқылының көзі ретінде өсімдік майы болуы керек. Бір тәулікке қажетті тағамдардың
шамамен алған мөлшері 
51 кестеде
берілген.
51 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет