Емі.
Целиакиямен ауырған науқастарды емдеуде емдәм ерекше орын алады:
1. өмір бойына құрамында глютен бар тағамдарды (манная, арпа, сұлы, бидай жарма-
лары, бидай, қара бидай, арпа астығы, қара кебектер, кептірілген нандар, ащытылған
нандар, печенье, вафльдер, торттар, пирожныйлар, балмұздақ, сосискалар,
сарделькілер, колбасалар, майонез, тәттілер, карамель, еритін кофе, қыша) бермеу;
2.
баланың негізгі тағамдық заттарға және энергияға физиологиялық мұқтаждығын
құрамында глютен жоқ өнімдер есебінен қамтамасыз ету.
В, А, С, D дәрумендерін, кальций препараттарын, парентеральды темір
препараттарын қолдану тиімді. Кей жағдайларда ферменттер (панкреатин, креон,
панцитрат және басқалар) қолданылады. Кейбір аруларда (20% дейін) аглютенді емдәмді
сақтамаған ішек ісігі-лимфома дамиды.
Балаларда целиакияның алдын алуға мүмкіндігінше тағам құрамына манная және
арпа ботқаларын кеш (ең болмағанда 12 айдан кейін) енгізу, аглютенді емдәмді ұзақ
сақтап, өршуінің алдын алу.
Диспансерлік бақылау
өмір бойы жүргізіледі. Емдәмді және орынбасу емін
қалыптастырып, дене салмағы мен ұзындығын бақылап, копрограмманы бағалап, массаж,
ЕДТ жүргізеді.
12.3.2. ЭКССУДАТИВТІ ЭНТЕРОПАТИЯ
Экссудативті энтеропатия
–
ішек қарын жолдары арқылы плазматикалық
ақуыздардың көп мөлшерде жойылуымен сипатталатын ауру
. Бұл ақуыз жетіспеушілі-
гіне және басқа метаболикалық бұзылыстарға әкеледі. Біріншілік экссудативті энтеропа-
тия сирек кездесетіні идиопатиялық интестинальды лимфангиэктазияда пайда болады.
Оған интестинальды және мезентериальды тамырлардың дилатациясы, лимфаны ішек
646
ішіне кетуі байланысты жоғалту тән. Біріншілік ішек лимфангиэктазия – белок жоғал-
татын синдромның ерекше түрі ретінде 1966 жылы T. Waldmann суреттеген. Ол аутосом-
но-рецессивті жолмен тұқым қуалайды деген болжам бар. Екіншілік (пайда болған)
экссудативті энтеропатия әртүрлі патологиялық процесстерде (90 жуық ауруларда) ішек
кілегей қабатының кедергілік функциясының бұзылуына бвайланысты дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |