Бейарнамалы жаралы колит (БЖК)
–
алғашқыда көбіне дистальды
бөлігінде орналасатын, кейін біртіндеп проксимальды бағытта тарап, біртіндеп тоқ
ішеке толық жайылатын, және жиі басқа мүшелерді (буындар, бауыр, тері, көз)
зақымдайтын, тоқ ішектің клегей қабатының эрозиялы-жаралы сипатты
некрозданатын қайталама қабынуы. Европада БЖК 100000 халыққа шаққанда 1,5-2
балада кездеседі.
Этиологиясы.
Аурудың пайда болуын тұқым қуалауға бейімділікпен және сыртқы
ортаның әсерімен түсіндіреді. БЖК-ке тікелей бейімдік білдіретін ген идентификациялан-
баған, ол ақау 2-ші, 6-ші, 7-ші хромосомаларда орналасады деген болжам бар. БЖК дамуы
DR2 локустарымен, мүмкін гистосәйкестіктің бас кешені DR3, DQ2 байланысты болуы
мүмкін.
БЖК-тің пайда болуында сыртқы ортаның рөлінің дәлелдері:
-
ішекте орналасқан инфекциялық қоздырғыштар (кампилобатер, шигеллдер, амебалар,
иерсиниялар, хламидиялар, микобактериялар), аурудың қайталауына және ішектен тыс
белгілердің болуына ықпал етуі мүмкін;
- персистеуші вирусты инфекцияның ішек қабырғасының капиллярларының эндотелия-
сының зақымдалуында, васкулит, ишемияның, қабынудың дамуында маңызы бар;
- Сүтті көтереалмау БЖК -ның даму қаупін артырады;
- БЖК-пен ауыратын балалардың анамнезінде психикалық статустың және нервтік-
психикалық салмақтың шектен тыс екені анықталады;
- БЖК-тің кеңінен тарауы өндірістік жоғары дамыған мемлекеттерде, қалада дамып
келе жатқан елдер мен ауылдық жерден жоғары болып келеді.
Сыртқы орта факторлары, ауруға генетикалық бейімділігі бар адамдарда
патологиялық процесстің реакциясын қозғап жіберетін, триггер ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: