Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет672/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Патогенезі.
 
Аурудың патогенезі ашылмаған. Ақуыздың жоғары транссудациясы
ішек лимфа тамырларында қысым жоғарлағанда байқалады. Бұндай аурулардың аш
шегінің лимфа тамырларының эндотелиальдық жасушаларында интрацеллюлярлы
фибриллдері қалыпты жағдайдан көп болады. Экссудативті энтеропатия ішек
мембраналарының макромолекулалар үшін өткізгіштігінің артуынан дамитын болса керек.
Бұның себебі ішек қарын клегей қабатындағы диффузды макро-, микроскопиялық,
бүтіндігі бұзылмайтын, өзгерістерден болуы мүмкін.
Экссудативті энтеропатия протеинрея (нәжіспен белоктің жоғалуы), гипопротеине-
мия, диспротеинемиямен жүреді. Нәжіспен бірге иммуноглобуллиндер жоғалады. Қанда
липидтер, холестерин мөлшері азаяды. Науқастар нәжіспен кейбір асқорыту ферменттерін,
энзимдер ингибиторларын, кальцийді және басқа заттарды жоғалтады. 
Айқын гипопретеинемия қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне әкеліп,
капиллярлардан тіндерге сұйықтықтың транссудациясына ықпал етеді. Екіншілік, су мен
натрийдің организмде жиналуымен, гиперальдостеронизм дамиды. 
Клиникалық көрінісі.
 
Ауру, бір жылдан кейін, жиі жедел дамиды. Өткінші (транзи-
торлы) және созылмалы ағымдыда болуы мүмкін. Негізгі белгісі – ұзақ уақыт сақталатын,
аяқтарда және организм қуыстарында орналасатын, асиметриялық үлкен (көп) ісіктер.
Науқаста тәбетінің төмендеуі, құсу, жиі және сұйық нәжіс байқалады. Дене дамуы тоқы-
райды, дистрофия, бұлшық еттік гипотония, кейде гипокальцемиялық құрысу байқалады. 
Диагностикасы.
Диагноз қоюда нәжіспен шығатын, қан сарысуындағы ақуызға
сәйкес, ақуыздарды (нәжістің фильтратының трихлорсірке қышқылымен реакция, немесе
қайнату сынамасы, қан мен нәжіс құрамындағы ақуызды иммуноэлектрофоретикалық
идентификациялау) естен шығармау керек. α
1
-антитрепсиннің интестинальды клиренсін
анықтауға негізделген әдіс қолданылады. Аспирациялық биопсия көмегімен ішектің
кілегей қабатының морфологиялық жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Нәжіс
құрамында (копрологиялық зерттеу) жалпы майдың, бейтарап майдың және майлы
қышқылдардың мөлшері көп. Биохимиялық зерттеуде гипопротеинемия,
гипохолестеринемия, гипокальцемия, зәр анализінде протеинурия.
Ішекте тұрақты лимфоциттер жойылатын болғандықтан, маңызды диагностикалық
критерия болып есептелетін, тұрақты абсолютті және салыстырмалы лимфопения
байқалады. 
Ажырату диагнозы мальабсобция синдромының барлық нозологиялық түрлерімен
жүргізілу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет