Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
клиникалық көрінісі патологиялық процесстің жайылу деңгейіне және
қабынудың ауырлық дәрежесіне байланысты.
Ең жиі кездесетін клиникалық белгісі –
тіке ішектен қан кету. Тіке ішек зақымдалғанда қан, жиі клегеймен, іріңмен, нәжістің бетінде анықталады.
Тоқ ішектің жоғарғы (проксимальды) бөлігінде қабынулық зақымдалу байқалатын болса
қан нәжіспен араласып кетеді.
БЖК-тің екінші негізгі клиникалық белгісі ішектің босауының жилеуі. Нәжіс ботқа
тәріздес немесе қалыптасқан, көлемі онша көп емес. Кейде дефекацияда тек қан мен ірің
бөлінеді. Науқас дефекация қажеттілігі сезімінің ауырсынумен, сонымен қатар түнде де,
білінетіне, ішектің толық босамауы сезіміне шағымданады.
Іштің ауырсынуы жиі солжақ мықын аймағында орналасады, жайылмалы, ұстама тә-
різдес немесе монотонды болуы мүмкін. Ауыр асқынулары – токсикалық мегаколон, қыз-
бамен, тахикардиямен, метеоризммен, іш қабырғасының қорғаныстық керілумен, абдо-
минальды ауырсынудың жойылуымен сипатталатын іш қуысына бос тесілу (перфорация).
Дене салмағының төмендеуі БЖК-тің ауыр түрлері байқалатын науқастарда
байқалады. Дене ұзындығының қалыс қалуы 2-10% науқастрда байқалады.
Балалардағы БЖК-тің ішектен тыс белгілері (бауыр, тері, буындардың, көздің)
ересектерден сирек кездеседі.
БЖК ағымының ауырлық критериялары :
1. Жеңіл өршу : диарея күніне 4 ретен көп; қызба және тахикардия болмайды; анемия
орташа; ЭТЖ 30 мм/сағаттан төмен.
2. Орта дәрежелі өршу – жеңіл және ауыр өршу аралық жағдайда.
3. Ауыр өршу – диарея күніне 4 реттен артық, қанмен; қызба; кешкі орташа дене қызуы
(Т>37,5
о
С): әр 2-4 күнде (Т>37,8
о
С); тахикардия айқын, ауыр анемия; ЭТЖ>30 мм/
сағат.
БЖК ішектік асқынулары : пофузды қан кету, тоқ ішектің токсикалық дилатациясы
(токсикалық мегаколон), ішек перфорациясы, жылан көз, іріңдіктер, іріңді парапроктит,
анальдық сызаттар, ішек тарылуы (стриктурасы), малигнизация.