жолмен (жиі ересек балаларда) түседі. Бүйректе бактериялардың таралуы тек қана
қабынуға алып келмейді, ол үшін басқа да жағдайлар әсер етеді: иммунитеттің төмендеуі
және туа пайда болған ақауларға, зәр тас жүйесіне, іш қату, ішек құрты инвазиясы, отырып
жұмыс жасауға байланысты зәр пассажының бұзылуы.
Кейбір авторлар инфекцияның гематогенді таралуын негізгі жол деп есептейді, бұл
жағдайда, инфекция әр түрлі ошақтардан /кариес, баспа, отит, өкпе, асқорыту жолдарының
аурулары т.б./ қанға өтеді де интерлобарлы артерияларға, одан әрі милы қабатындағы
капиллярлар торына, интерстицияға тарайды. Бүйрек табақшалары мен оны қоректендіріп
отыратын артериялары арасындағы байланысты атап өту керек. Түбекшенің және
форникальды аппараттың ішкі беті уротелиймен қапталған ол табақшаның күмбезінде
босаған кезінде олар уротелийдің клеткаларымен жанасып отырады. Форникальды
веналар өте жұқа және зақымдалады, сондықтан, венаның қабырғалары зақымдалған кезде
инфекциялар тамырлар жағынан да, түбекшелердің форникальды бөлігі жағынан да, өте
бастайды. Бірақ, микробтардың түсіп қана қоюы пиелонефрит емес. Ол үшін несептің
іркілісі, яғни уродинамиканың бұзылуы қажет. Уростаздың себептеріне – табақшалардың
алқымының дискинезиясы, мойынның тарылуы, түбекшелердегі тас, қосымша тамырдың
болуы, несеп жолының тасы, несеп жолын басып жатқан ісік, несеп жолының ахалазиясы,
қуық дивертикулы, уретроцеле, ішектің, қуықтың аневрозы, қуық түбі безінің туа болған
аурулары, үрпі каналының құрылысы, несеп жолының құрылысы, үрпі каналының
сыртқы тесігінің тарылуы, фимоз және т.б.
(112 сурет)
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: