Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Бастапқы сатының клиникалық көрінісі



Pdf көрінісі
бет720/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Бастапқы сатының клиникалық көрінісі:
Бүйректің зақымдануы диурездің
төмендеуімен, қанда азотты қалдықтар деңгейінің жоғарлауымен көрінеді. Бұл кезеңде
зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғары болу мүмкін. Инфекцииялық токсикоз кезінде
бастапқы кезең әдетте 1-3 күннен бірнеше күнге созылады. Гемотрансфузиялық шокта
бастапқы кезең қысқа мерзімді және олигоануриялық сатының басталуымен көрінеді. 
Олигоануриялық саты:
-
Диурездің бірден төмендеуі (қалыпты жағдайдан 25% төмен, салыстырмалы
тығыздығы – 1,005-1,008);
688


-
Науқастың жағдайы өршімелі нашарлайды: сарғыштықпен тері жамылғысының
бозаруы (кейде теріде геморрагия, қышыну байқалады), адинамия, батың ауыруы,
әлсіздік, жүрек айну, құсу, диарея; 
-
Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы, тахикардия, артериальдық қан
қысымының төмендеуі, шулы ентігу, құрысу, кенеттен іштің ауруы, өкпе шемені,
анемия, тромбоцитопения дамуы мүмкін.
-
Азотемияның клиникалық көрінісі- мазасыздық, терінің қышынуы, жүрек айну, құсу,
анорексия, ұйқының бұзылуы, стоматит, колит, гастрит; 
-
Гиперкалиемия белгілері ( бұлшық еттік әлсіздік, аритмия, жүрек тоқтауы);
-
Сұйықтықтың шектен тыс болу белгісі (көр нервінің емізікшесінің ісінуі, гипертензия,
жүрек көлемінң ұлғаюы, жүрек соғуы «текіректі» ырғақты, дене салмағының артуы,
өкпе шемені, шеткі ісінулер).
Олигуриялық кезең 2-2,5 аптаға созылады. Егер бұл кезең 3-3,5 аптаға созылса
қыртыстық некроз дамуына әкеледі, ақыры қолайсыз болумен аяқталуы мүмкін. ЖБЖ
жедел көмек көрсетілмесе комаға түсіп өлімге әкеледі. 
Диурездің қалыптасу кезеңінде

науқастың жағдайының жақсаруына сәйкес диурез


көбейеді. 1-2 күн бойы полиурия, гипо-және изостенурия, гипосолемия ( гипонатриемия,
гипокалиемя, гипомагниемия, гипокальциемия) дамиды. Полиурия тәулігіне 10 л жетеді.
Анемия өрши түседі. Саңырау құлақты инфекциялар қосылады. Инфекциямен асқынуы
ЖБЖ-де өлімнің себебі болады. Поиуриялық кезең 1-6 аптаға созылады. 
Сауығу сатысы:
бұл кезде полиурия аяқталады, бірақ гипо-изостенурия, никтурия,
бұлшықеттік әлсіздік, шаршау, анемия сақталады. Бұл кезең 2 жылға дейін созылады.
Сауығу критериясы болып, бүйректің концентрациялық қызметінің қалыптасуы,
анемияның жойылуы болып саналады.
Диагноз:
ЖБЖ-нің этиологиясын анықтау маңызды. Диурезді есептеу ; артериальдық
қан қысымын өлшеу, қанда РН анықтау, рСО2, НСО3, К,СІ,Са, Р, Nа, азот, мочевина
креатинин, зәр қышқылы, гемоглобин, лейкоцит, тромбоциттерді деңгейін анықтау. Қан
мен зәрге бактериологиялық тексеру жүргізу. Жалпы зәр анализіне, осмолярлығына баға
беру. Қанда анемия, ЭТЖ жоғарлауы тән. Биохимиялық анализде ЖБЖ-не тән: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет