ПГАА-ның ауыр түрін торлы сүйек майының жасушаларының азаюына және келесі
үш көрсеткіштің екуінің болуына сәйкес қойылады:
1.
Ретикулоциттердің абсолютты саны < 40 000/мкл.
2. Нейтрофильдер абсолютты саны < 500/мкл.
3. Тромбоциттер саны < 30 000/мкл.
Емі.
Ең бірінші мүмкін болған себепттердің әсерін жою (дәрі-дәрмектердің, басқа
зақымдаушы заттардың) керек. Жедел кезеңде эритроцитарлық немесе тромбоцитарлық
масса құю қажет. Нейтропенияларда ауруханаішілік инфекция даму қаупі туса немесе
дамыса әртүрлі антибиотиктер (зивокс, ванкомицин, цефтриаксон, цефтазидим және т.б.)
қолданылады. Ал, грамтеріс микробтар байқалса, бұл антибиотиктерге амикацин немесе
нитромицин қосады.
Сүйек миын трансплатанция жасау ең тиіді ем. Ауыр апластикалық анемияларда
антилимфоцитарлы глобулиндерді, циклоспоринді және нейтрофилді колониоқуаттанды-
рушы факторды қосарлап қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: