Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет739/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   735   736   737   738   739   740   741   742   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Болжамы.
 
Егер аурулар жедел кезеңін басынан өткізіп жатса, олардың жартысында
ПАА жеделдеу түріне айналады. Жедел түрін басынан өткізген ауруларда лейкоз, ісік,
түнгі пароксизмальды гемоглобинурияның даму қаупі бар. 
14.1.6. ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АНЕМИЯЛАР
Анемиялардың бұл түрі
жедел немесе созылмалы қан жоғалту салдарынан
дамиды
. Жедел қан кету анемиясы құрсақішілік кезеңде плацентадан анасына қан құйылу
түрінде, кіндік тамырларының жарақатында байқалуы мүмкін. Туылғаннан кейінгі қан
кету геморрагиялық диатездерде, лейкозда, апластиакалық анемияларда, асқазан-ішек
жүйесіндегі жаралар және т.б. жағдайларда кездеседі. Жиі ересек балаларда анықталады.
Геморрагиялық анемиялардың
клиникалық көрінісі
қан жоғалту жылдамдығы мен
көлеміне, науқас жасына, этиологиялық факторларға байланысты болады. Мысалы, бұл
анемияның нәрестелерде көрінісі бірер сағатта байқалса, жасы үлкендерде бірнеше күннен
кейін анықталуы мүмкін. Массивті қан жоғалту кезінде геморрагиялық шок болуы мүмкін.
Патогенезі.
 
Жедел қан кету ағымдағы қан мөлшерін азайтады (олигеялық сатысы),
бұл қан қысымының төмендеуі мен ми гипоксиясына әкеледі. Компенсаторлық жолмен
мүшелерден сұйықтық қан тамырларына тартылып (гидроемиялық саты), олигемияны
азайтқанмен, Нв, эритроциттер, белок, темір және т.б. жоғалтуына байланысты, бәрібір
анемия байқалады. Алғашқы кезде тромбоцитоз, нейтрофилия байқалса, келесі күндері
ретикулоцитоз болады.
Клиникалық көрінісі
132 кестеде
берілген.
132 КЕСТЕ.
ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРДЫҢ ПОСТГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ШОКТАҒЫ
ГЕМОДИНАМИКА БҰЗЫЛЫСЫ САТЫЛАРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Сатылары
К Л И Н И К А С Ы
Қанайналысының
Орталықтандырылуы
Психомотрлық қозу немесе тежелу. Систолалық қан қысымы
қалыпқа жуық немесе 20%-ға жоғары. Пульстік қысымның
азаюы. Терінң бозғылтығы, қалтырау, клегей қабаттарының,
тырнақ көбесінің көкшіл-мрамор түстенуі байқалады. Тахи-
кардия, тахипоэ. Пульстің жиіленіп, толымының нашарлануы.
Өтпелі
Баланың тежелуі. Систолалық АҚ шамалы төмен (қалыптыдан
60% -ға дейін). Пульстік қысым төмен. Олигоурия. Тахикардия
(қалыптыдан 150%-ға дейін). Тахипноэ. Тері бозғылтығы
айқын. Суық тер шығады. Айқын акроцианоз байқалады. 
704


Қанайналысының
орталықсыздандырылуы
Бала аса тежеулі, ступор. Систолалық АҚ күрт төмен (қалыпты-
ның 60% -нан төмен). Диастолалық ҚҚ анықталмайды (шексіз
тон феномені ). Анурия. Пульсі жіп тәрізд. Айқын тахипноэ,
тынысы беркейлі. Терісі көкшіл-бозғылт немесе аса бозғылт.
Тіндер қанағыш. Жүрек жетіспеушілігі төмен немесе қалыпты-
дан жоғары, ігінің дәрежесіне сәйкес орталық веноздық қысым
Терминальдық
Агональдық жайдың көрінісі
Қан кетудің алғашқы күндері клиникалық қан сынағы қалыпты болып қала береді, 1-
2 тәуеліктен соң анемия байқалып, гематокрит, эритроцит, Нв көрсеткіштері төмендейді.
Үлкендерде шоктың ІІ-сатысы айнаслыстағы қан көлемі 25-30 % -ға азайғанда байқалады.
Емі
.
Қан тоқтату мен баланы шоктан шығарудан тұрады: қан алмастырушылар
(полиинил, полиглюкин, желатиноль, реополиглюкин) саулатып (5 мл/кг есебінен), кейін
тамшылатып (минутына 20-30 тамшыдан) құйылады. Баланың қанының тобы мен Rh-
факторыны (резус) анықтаған соң, цитратты жаңа қан құйылады: әуелі жылдам (5 мл/кг),
кейін тамшылатып (жалпы мөлешріне дейін 15-20 мл/кг). Керек жағдайда жүрек гликазиді,
натрий бикарбонаты тағайындалады. Жедел жағдайдан шығарған соң, белок, жеміс,
көкөніске бай тағам беріліп, оған темірі бар дәрілер мен витаминдер қосылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   735   736   737   738   739   740   741   742   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет