Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


 СОЗЫЛМАЛЫ ҚАН КЕТУДЕН БОЛАТЫН АНЕМИЯ



Pdf көрінісі
бет740/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   736   737   738   739   740   741   742   743   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

14.1.7. СОЗЫЛМАЛЫ ҚАН КЕТУДЕН БОЛАТЫН АНЕМИЯ
Этиологиясы мен патогенезі.
Созылмалы түрде қан кету балаларда сиректеу
кездеседі: ішек-қарын жүйесі (ойық жара, полиптер, өңеш веналарының кеңеюі және
т.б.), өкпе (идиопатиялық өкпе гемосидорозы), бүйрек аурулары (нефриттің
гематуриялық түрі, зәр-тас ауруы), геморрагиялық диатездер (оның ішінде) іштен және
жүре пайда болған тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялар).
Ауруды 2 кезеңге бөледі: 1. Темір қорының сақталу кезіндегі қан кету; 2. Темір
қорының таусылған кезіндегі қан кету – бұл арада теміртапшылығы ауыр түрдегі анемия
пайда болады.
Клиникалық көрінісі.
Негізгі ауруға және қан кету мөлшеріне байланысты. Жалпы
көрінісі басқа анемияларға ұқсас.
Диагнозы. Көбінесе қан сынағын қайтара жасап, анемияның үдегеніне көз жеткізу
керек; білінбейтін қан кетуді нәжісті зерттеу арқылы анықтауға болады. Өте аз мөлшерде
қайдан қан кеткенін анықтауда радиоизотоптық зерттеудің орны ерекше. 
Емі.
Этиологиялық. Қан құю тек анемияның ауыр дәрежесінде ғана керек. Әдетте,
темірі бар дәрі-дәрмектер қолданылуы тиіс.
Болжамы.
Негізгі ауруға және қан кету мөлшеріне байланысты.
Диспансерлік бақылау.
Негізгі ауруды бақылау бойында міндетті түрде қан сынағын
жасап, ретикулоциттер санын анықтау керек.
14.1.8. ГЕМОЛИТИКАЛЫҚ АНЕМИЯЛАР
Гемолитикалық анемия (ГА) –
эритроциттердің өмір сүру мерзімінің
қысқаруы тән және осыған байланысты клиникалық тұрғыдан – байланыспаған били-
рубин есебінен тері жамылғысы мен кілегей қабатының сарғаюымен, әртүрлі дәрежеде
талақ пен бауырдың өсуімен, кейде дене қаңқасының өзгеруімен, гемотологиялық
тұрғыдан – анемия, әдетте нормохромды, эритропоэздің активтелініуімен,
лактатдегидрогнезаның (ЛДГ) және гаптоглобиннің күрт артуымен білінетін ауру.
Эритроциттер көп бұзылатындықтан, ол ретикулоэндотелиялық жүйелерде (тамырдан тыс
және жасушаішілік гемолиз) және тамыр саңалуында (тамырішілік гемолиз) жүруі
ықтимал, сплено- және гепатомегалияға әкеледі.
705




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   736   737   738   739   740   741   742   743   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет