Иммунитет. Қайталап ауру байқалуы мүмкін.
Патогенез. Көбіне инфекция жоғары тыныс жолдары, бадамша бездер
(миндалиналар), сиректеу зақымдалған тері арқылы өтеді. Енген жерінде микроб тіндерде
қабынулық және өліеттену процессінің пайда болуына ықпал етеді. Лимфатикалық және
қан тамырлары арқылы қоздырғыш регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Қанға түскен
гемолитикалық стрептококктің улары нерв жүйесіне, жүрек және тамырларға тропизм
қасиетінің болуына байланысты жалпы уыттану белгілерінің, бөртпелердің, орталық және
вегетативті нерв жүйелерінің және жүрек-тамыр жүйесінің зақымдалуының пайда
болуына ықпал етеді.
Жіктелісі. Түрі бойынша типті және типті емес (экстратонзилярлы, көмескі түрлері)
болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша
жеңіл, орташа ауыр, және ауыр түрлері болады.
Ағымы бойынша
тегіс және
асқынулы (лимфаденит, отит, синусит, некротикалық ангина,
бронхит, пневмония, ревматизм, гломерулонефрит) деп бөледі. А тобының гемолитикалық
стрептококкоының ең ацыр асқынуы болып токсикалық шок синдромы есептелінеді:
гипотензия, тамыр ішінде шашырап ұйыу синдромы, олигоурия және жедел бүйрек
жетіспеушілігі синдромы, тыныс бұзылыстрының ересектік түрі болып келеді.
Клиникалық көрінісі . Инкубациялық кезең 1 күннен 7 күнге дейін, даму кезеңі 3-4
күнге, аурудың кері дамуы 4-5 күнге, сауығу кезеңі 10-15 күнге созылады.
Жалпы уыттану синдромы (жоғарғы деңгейдегі қызбамен науқастың жедел баста-
луы, басының ауруы) байқалады. Фарингит, тонзилит (араны айқын қызғылт, бадамша
824
бездер гиперемиясы, іріңді жамылғы, лакуналардан бөліністер) анықталады. Баспаның
катаральды, фолликулярлы, лакунарлы, өліеттену түрлері байқалады
(121 сурет) . 5-ші кү-
ні региональды жақбұрышты лимфадениті және ауыз қуысы құрғақтанып, «таңқурайлық
тіл» байқалады
(122 сурет).