Бар елде ғана қалана


Аудиторлық қортындыларды бағалау



бет35/46
Дата22.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#58900
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Аудиторлық қортындыларды бағалау.

Аудиторлық қорытынды жасау алдындағы экономикалық талдаудың құндылығы сол, ол кәсіпорын шаруашылығында болған толқулардың, өзгерістердің қандай себептерден болғанын, оның тиімді немесе тиімсіз, зиянды болу себептерін анықтап, олардың нәтижесінің қаржылық ақпаратына қандай әсерін тигізгенін тексеруінде, ақпарат көрсеткіштерінің дурыстығын, факторлардың оған әсерін анықтауында. Аудитор аналитикалық процедура жасаудың алдында өзінің экономикалық талдау жасау бағдарламасын жасайды, ол үш этаптан тұрады: қойылған мақсатқа толық жауап алу үшін тиімді экономикалық талдау әдісін белгілеу; талдау жасалынатын мәлімет базасын анықтау; экономикалық талдауда анықталған ауытқу құбылыстарын шектеуге, түзетуге шешім қабылдау.


Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістерін қарастырайық.

  1. Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың,
    мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану
    жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру.
    Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстары қандай шаруа-
    шылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер
    көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін
    анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша
    мәліметгерге, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл
    бөлінеді.

  2. Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау әдісі.
    Шаруашылық саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы экономикалык талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашы- лықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әр бір жеке шаруашылық субъектілерінің жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептерден болғанын анықтап, оны нақты ақша, өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.

3. Ақпаратпен нақты көрсеткіштерді салыстырмалы талдау
әдісі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шару-
ашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесін
көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның
басқарушылық есебінің негізін анықтады. Салыстырмалы
талдауда бағдарлама көрсеткіштері кәсіпорын үшін орындалуға;
тиісті көрсеткіш пе жоқ болмаса жыл бойында өзгертіле беретін
көрсеткіш пе? — соны анықтау қажет. Осы орайда салыстыр-
малы талдау арқылы, кәсіпорының бағдарламада көрсетілген
қаржы сметасының тиімді орынды жаратылғанын, бағдарлама
мақсатының орындалғанын анықтау қажет.
4. Коэффициентгік өлшем қолдану әдісімен талдау. Коэффициент өлшемі статистика тілімен айтқанда экономикадағы
құбылыстардың сапалылық деңгейін көрсететін өлшем. Мысалы,
табыс-пайда коэффициенті, дивиденд коэффициенті т.б. сол
сияқты өлшемдер. Инвесторлар акция сатьш алғанда келешекте
жұмсайтын капиталынан түсеіін табыс мөлшерін есептейді.
Яғни, инвестиция жасаған берген кәсіпорын табыс-пайдалы
жүмыс істейтін болса онда инвестор өзіне тиімді дивидентін
алады. Осы көрсеткішті, акцияға алатын пайда коэффициентімен
өлшейді, оны таза пайда ақшасын барлық акция ақшасына бөлу
арқылы анықтайды.
Акцияның базардағы бағасымен бір акцияның пайда табу мөлшерін "баға-пайда" коэффициенті деп атайды. Оның мөлшерін, көрсеткіштерін бір акция бағасымен оның пайда ақшасын барлық акцияға бөлумен анықтайды. "Баға-пайда" коэффициентін акционерлік коғамдар, инвесторлар өз кәсіпкерлігін басқаруда кеңінен қолданады. Осы көрсеткіштер аркылы олар өз акцияларының құнының өскенін немесе керісінше пайдалылығының, төмендеуін көрсетеді.
Келесі коэффициент көрсеткіші ол - "дивидент төлем коэффициенті" кәсіпорынның ағымдағы пайда ақшасынан дивидент түрінде төленетін ақшаның мөлшерін көрсетеді. Бұл коэффициент дивиденд ақшасын акция ақшасына бөлумен анықталады. "Дивиденд табыстылығының коэффициенті" - ол дивиденд ақшасының проценттік өлшемінің, акциясының базар бағасымен өлшеміндегі ақшасына бөлу арқылы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет