Бар елде ғана қалана


Өз білімін тексеру сұрақтары



бет36/46
Дата22.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#58900
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
Бар елде ?ана ?алана

Өз білімін тексеру сұрақтары

1.Аудитте талдау қалай жүргізіледі?


2.Аналитикалық процедуралар қалай өткізіледі?
3.Қаржылық талдаудың негізгі әдістерін атаңыздар?
4.Салыстырмалы талдау деген не?
5.Коэффициенттерді талдау әдісі қалай жүргізіледі?
11. Аудиттің түрлері және ілеспе қызметтер

1. Ішкі аудит


2. Операциялық аудит
3. Экологиялық аудит


1. Ішкі аудит

Ішкі аудитгің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы. құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.


Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орьшдалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орыңдалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жүмысына, ішкі бақылау жүмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жүмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жүмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі больш саналады. Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.
Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушылық жүмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жүмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның қүрылымы, аудитордың , қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нүсқаулары анықталған. Ішкі аудит жүмысының тиянақты жөне жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырыдған талаптардың құндылығына, кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады. Ішкі аудит жағдайы өз кезегінде "контракт" (келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының құқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан көсіпорын басшыларының құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі мақсаты, жұмыс көлемі, ішкі бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.
Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясыньщ бастығы. Әрине, бұл құжаттың жоғары сатыдағы құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.
Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы керсетілген шаруашылыққа тиісті. - Оның ішінде .өңдіріс барысының шығыны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитгі ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығандар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақтьі көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылган бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетгі. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушьшық мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.
Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау-тексеруді жетілдіру, әсіресе сату барысы, өндіріс шыгыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі қүралды енгізу, қаржыландыру, көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет