Барлық заманауи дәрілік заттар қандай қағидаттар бойынша топтастырылады? Дәрілік заттар



бет4/15
Дата29.05.2022
өлшемі53,42 Kb.
#35889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1-5 ИС 100 (1).docx

Алгинаттар - альгин қышқылы және оның тұздары. Альгин қышқылы - теңіз балдырларынан алынған. Ол қопсыту, эмульгациялау, қабық түзетін көмекші заттар ретінде, сондай-ақ жақпа және паста дайындау үшін қолданылады.
Желатин - тері қалдықтарын булану арқылы алынған, ақуызды сипаттағы қосылыс, құрамында гликокол, аланин, аргинин, лейцин, лизин, глутамин қышқылы бар. Жоғары гельдік қасиеттеріне байланысты ол жақпа, желатинді капсулалар, суппозиторийлер жасау үшін қолданылады.
7. Дәрі дәрмектер(қабылдауы, фармакопеялық талаптар)
Дәрілерді қабылдау ережесі:
Біріншіден, нұсқаулықтарды қатаң қадағалап ұстану керек. Бұл дәрі мен тамақты қабылдаудың қатынасына байланысты. Бұл талапты ұстану асқорыту және бөлу жүйелеренің жағдайына байланысты болады.
Екіншіден, науқастың өзін өзі емдеуге жол берілмейді. Көп науқастар дәрігердің қабылдауына бармай, өзі дұрыс деп қабылдайтын дәрілерді ішеді.
Үшіншіден, бірқалыпты уақыт аралығында дәріні қабылдау. Дәрілік препаратты күніне екі,төрт, алты рет қабылдау керек, қабылдау арасындағы аралықтар біркелкі болуы керек. Егер де ДПты қабылдау арасындағы аралық үлкен болса, дәрі дәрмектің концентрациясы төмендеп кетеді.
Төртіншіден, егер алдымен бірнеше препараттар тағайындалса, оларды бөлек бөлек қабылдау керек. ДЗты қабылдауды уақытын бөліп, қабылдау арасына кем дегенде отыз минут салу керек.
Сонымен қоса, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерге рұқсат етілмейді. Арнайы нұсқаулар болмаса, қарапайым қайнаған суды ішу жақсы. Су жақсы еріткіш болып табылады және белсенді затқа әсер етпейді.
Фармакопеялық талаптар:
Фармакопея – дәрілік заттардың сапасына қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құжаттар жинағы. Фармакопея ДЗтың өндірісінде, дайындалуы, сақталуы,босатылуы,тығындалуы, тасымалдану және т.б. жөнінде талаптарды орнатады.
Қазіргі таңда, дәрілік препараттардың сапасын бақылаған кезде, ДПтты қолдану кезінде көптеген дәрілердің тұрақсыз болып табылатындығын анықталды. Сол себепті, ДДтің белгілі бір жарамдылық мерзімі болуы тиіс.
Дәрілік препараттарды сақтауда жарықтың, температура, ылғалдылықтың, көмірқышқыл газының, қаптаманың химиялық құрамы және т.б. сыртқы факторларды жатқызуға болады. Ал ішкілеріне изомеризацияға ұшырауын, толтырғыштардың әсері сияқты факторларды жатқызуға болады. Мұндай факторлар сақталмаған жағдайда, ДПттың физика - химиялық қасиеттерінің өзгеруіне, фармакологиялық белсенділігінің жоғалуы және т.б. өзгерістер болуы мүмкін.
Бұл аталған факторлардың орындалуы ДПттың тұрақтылығын сақтауға қажетг. Бірқатар жағдайларда дәрілік түрлердің тұрақтылығын арттыруға бастапқы таза заттарға қойылатын қатаң талаптар, технологиялық процестерді жақсарту, тұрақтандырғыштарды, консерванттарды қосу және т.б. есебінен қол жеткізуге болады.
Мысалыға алатын болсақ, антибиотиктер, витаминдер және гормондар үшін жарамдылық мерзімі, әсіресе соңғылардың аз концентрациясы жағдайында, өте шектеулі болып табылады, бұл өндіріс үшін және науқас үшін белгілі бір қолайсыздық туғызады. Сол себепті, оларды сақтау температурасы,ылғалдылық сияқты параметрлер қатаң МФ талабына сай бақыланады.
Қазіргі заманғы фармакопеялар әдетте дәрілік заттарға арналған сақтау шарттарын сипаттайды, мысалы, «қызғылт сары шынының жақсы тығындалған банкаларында сақтайды» немесе «ылғал мен жарықтың әсерінен сақтайтын ыдыста сақтайды» сияқты жалпы шарттармен шектеледі. Сонымен қоса, айта кету керек, МФда дәрілік препараттардың құрамындағы қоспалардың шектік мөлшері және т.б. жазылады.
8. Табиғи қосалқы заттардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Қазіргі уақытта белгілі дәрілік формалардың барлығы дерлік қосымша көмекші заттардың көмегімен жасалады. Оларды пайдаланған кезде дәрілік заттардың фармакодинамикасын және олардың фармакокинетикасын қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет