ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ
Мақалада орта мектептерде қазіргі күні қолданыста жүрген ынталандыру әдістері жіктеп
көрсетілген. Әдістерді қолдану орны мен тиімділігі, олардың оқушы білімін жақсартудағы
ерекшеліктері жазылған. Оқуға қызықтырудың әдістері мен тәсілдері, жоғары нәтиже
көрсеткен оқушының еңбегін бағалау, оны мақтау мен марапаттау, кері жағдайда жазалау
әдістерін қолданудың маңызы жазылған. Аталған әдістерді орнымен қолдану жоғары
жетістіктерге жеткізері анық.
Түйін сөздер: ынталандыру, қолдау, мақтау, жазалау, бәсекелестік.
В статье классифицированы методы стимулирования, используемые в средних школах в
наши дни. Написаны случаи применения и эффективность, их особенности в улучшении
знания ученика. Также пишется о значениях методов и путей стимулирования, об оценке
ученика, показавшего высокие результаты, о значениях хвалы и награды и в обратном случае
о способах наказания. Неоспоримо, что уместно использованные методы стимулирования
помогут в достижении высоких показателей.
Ключевые слова: стимулирование, поддержка, хвала, наказание, конкуренция.
In article classified incentive methods which used in secondary schools nowadays. Written
cases of applications and effectiveness, their qualities in improving knowledge of the student. Also
written about the values of the method and ways of stimulate, about marking of pupils showed
high results on the values of praise and rewards and otherwise about the methods of punishment.
Undeniable, that pertinently using of incentive methods help in achieving high levels.
Keywords: incitation, support, praise, punishment, competition.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағы-
тын да жан-жақты дамыған сауатты, саналы
аза мат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Мұн дай мақсаттың баянды болуы оқу-
ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек,
білім негізі мектептен басталатындықтан,
жас жеткіншектердің білімді, білікті бо лу-
ын да оқыту әдістерінің алатын орны ерек ше.
Дұрыс таңдап алынған әдіс арқылы оқу шы-
ны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып,
тұл ға лы дамуын қалыптастыруға болады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күн нің
басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдіс те-
рі нің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа
нысандары мен тәсілдерін меңгеру қа жет ті-
гі не педагогикалық зерттеулерде айрықша
мән беріледі.
Алайда, оқыту әдісін таңдау – күрделі про-
цес тің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда бір-
жақ ты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек.
Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен
жол дарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда
әр түр лі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу
материалының мазмұны мен көлеміне, оқу-
шы лар дың дайындық дәрежесіне сәйкес,
сабақ тың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы
толық ты рып отыруды мұғалім өзі белгілеп,
25
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
өзі таңдап алады. Белгілі бір оқыту әдісін
таң дау ға төмендегідей шарттар ықпал етеді:
1. оқыту әдістерін оның мақсат-мін дет те-
ріне, оқушылардың жас және таным әре ке ті-
нің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2. мектептің материалдық-техникалық не-
гі зін ескеру;
3. мектептің орналасқан жерін ескеру.
Мы са лы, қала мектептерінде оқушыларды
өн ді ріс орындарына экскурсияға, ауыл мек-
теп те рін де ауылшаруашылық өндірісіне
апа ру;
4. мұғалімнің шығармашылығы және
шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз
болатын сабақ мақсатының айқындығы. Се-
бебі, оқу материалын баяндауда негізгі идея-
сын немесе оқушылардың іс-әрекетін анық-
тап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін
емес.
Сонымен қатар, оқушының бойында өз
ісіне деген жауапкершілікті қалыптастыру
қажет. Оның бірнеше тәсілдері:
•
оқушыға оқудың өзіне және қоғамға
пайдасын түсіндіру;
•
талап қою;
•
талаптарды орындауға үйрету;
•
өз міндеттерін жақсы атқаратындарды
мадақтау;
•
керек жағдайда жазалау әдісін қол да ну;
•
оқушыға кемшіліктерін айтып, олар ды
түзетуге көмектесу. Оқушыға оқудың өзі не
және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұ-
ғалім өндірістің дамуына ғылымның қа лай
әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнім ді-
лі гін арттырып, жаңашылдыққа әке ле ті нін
дә лел деуі қажет.
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі ар -
қы лы оқушыларға барлық пәндер бойын ша
бағалау өлшемдері, мектептің ішкі тәртібі,
оқушылардың құқықтары мен мін дет тері
түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұ мы-
сының алуан түрін орындауға үйрету, жат-
тықтыру борыш пен жауапкершілікті қалып-
тастырады. Үлгілі оқушылар мен мұға лім-
дер дің де бала оқуына ықпалы зор.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы се-
зі міне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының
маз мұны – оқу іс-әрекетіне қызықтыратын
не гіз гі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі –
та ным дық ойындар. Пікір-сайыстар да оқу-
шы ны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен
оқу шыларды жеткен жетістігіне қуанту да
олар дың оқуға ықыласын арттырады.
Қазіргі кезде оқыту әдістерінің ішінде
жиі кездесетіні ынталандыру әдістері бо-
лып табылады. Бүгінгі күні бұл әдістің
бір не ше түрі мектеп тәжірибесінде қол да-
ныс та, дегенмен, кең етек жая қоймаған.
Солар дың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Шукина
жә не В.С.Сластенин жасаған жік теу де
бірізділік байқалады. Айрықша қол да ны-
ла тын әдістер – мадақтау, жарыс, жазалау
деп
тұжырымдайды
В.А.Сластенин,
Т.Е.Конникова т. б.
Жалпы, ынталандыру әдісі өмір сүруге
үйренушілердің құрылымынан тұратын
фор малдық саласына бағытталады. Ын та-
лан дыру әдістері талап, ынталандыру, жаза-
лау, болашақ пен көпшілік пікірлерінен
тұра ды. Педагогика саласында оның басты
ком по ненті ретінде мадақтау мен жазалау
кең таралған.
Ынталандыру – оқушылардың жақсы ба-
ға ла нуын көрсетеді. Ол жағымды дағдылар
мен әдеттерді бекітеді және қалыпты эмо-
ция мен сенімділікті қалыптастырады. Ын-
таландыру барысында индивидтің же ке
қасиеттерін ескеру қажет. Оқушыны бел гі-
лі іс-әрекетті орындауға талаптандыру ние-
тімен қолданылатын әдістер тобында ын та-
лан дырудың орны ерекше. Бұл әдістің ежел-
ден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі.
Мадақтау – бұл баланың жағымды мі-
нез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала
өзінің жетістігін және ұжым ал дын да ғы
жауапкершілігін сезе білсе, онда ма дақ тау-
дың құндылығы арта түседі. Мадақтауды
оқу шылардың жағымды әрекеттерін қол-
дау үшін қолданады. Мадақтау түрліше
орын далуы мүмкін. Оқу процесінде жиі
қолданылатындары – мақұлдау, мақ тау,
қол дау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметке
бө леу, грамота мен құрметті құқықтар бе-
26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар бе-
ру, марапаттау және т.б. Мадақтау әді сін
белгілі бір мөлшерде қолдану керек. Орын-
сыз және шамадан тыс мадақтаудың тәр-
биеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп.
Мадақтаудан балада мен-мендік, тәкап пар-
лық, дандайсушылық туады. Сондықтан,
мадақ тау үшін жеткілікті мәліметтер керек.
Мадақтау түрлері:
• баға қою;
• тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа
жеткізу;
• оқушыны тәжірибе және зертханалық
жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу;
• топтық тәжірибелік жұмыс кезінде
оқушыға бөлімшелерді басқарту;
• үлгерім және сабаққа қатынас көр сет-
кіш терін шығару;
• білімнің қоғамдық байқауының қоры-
тын дылары бойынша мадақтау;
• жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі
тө мен оқушыларға көмектесуі, т.б.
Мадақтауды қолдану талаптары:
- жетістіктермен қоса мінез-құлықтың
мотивтерін де ескеру;
- мадақтау оқушыны басқа оқушыларға
қарсы қоймау керек; белгілі бір жетістіктерге
жет кен оқушылармен қоса, берілген тап сыр-
маларды орындауда еңбекқорлық пен жа уап-
кер шілік танытқан оқушыларды да мадақтау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктері мен
олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, ма-
дақтау жиі болмауы қажет;
- ұжымның пікірін ескеру;
- мадақтау әділ болуы қажет.
Қарапайымды болса да, мадақтау жоғары
жауапкершілікті талап ететін іс. Ма дақ
шектен тыс әсіреге айналып кетпей, орын-
сыз кем де болмауы керек. Санамен сарап-
тал маған әсіре мадақ баланы бұзады.
Жарыс, бәсеке. Көп бала топтала қалса,
сол бойда өзара бедел таластыра бастайды.
Ба ла лар табиғатына аса тән құбылыс –
бәсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз
бе делін танытып, оны бекіту – әр адамның
ту ма қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру
басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс
нә тижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ
уа қытқа айқындап, бекітеді.
Жарыс әдісімен баланың бәсекелестікке
де ген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға және
жал пы қоғамға сай қасиеттерді баулитын
тәр бие арнасына бұруға болады. Өзара жа-
ры са жүріп, оқушылар қоғамдық қылық
тә жірибелерін тез игеріп, тән-дене, адам-
гершілік, эстетикалық сапаларын дамы-
та ды. Жарыс әсіресе үлгерімі төмен оқу-
шылар үшін аса қажет: өз нәтижелерін
жол дастарының жетістіктерімен салыстыра
оты рып, өз білімдері мен ептіліктерін кө-
те руге болған қозғаушы күш алады, оқуы
мен өзіндік тәрбиесіне ден қоя бастайды.
Со ны мен қатар, бұл балалардың ұжымда іс-
әре кетін ұйымдастыру және ынталандыру
әді сі. Ұжым жарыстың барысында өзінің
же тістігі және жарысушы ұжымдардың та-
бысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқу-
шы лардың, әсіресе енжар оқушылардың
бел сенділігін арттырады, жауапкершілігін,
ұжым шылдығын дамытады. Бұл әдіс оқу-
шының бәсекелестікке, алда болуға тәр-
бие лейді, өзара жарысып қоғамдық мінез-
құ лық тәжірибесін игеріп, адамгершілік
қа сиет терді дамытады. Жарыстарды ұйым-
дастыру – оқушылар психологиясын білу-
ді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақ-
саттары мен міндеттерін алдын-ала анық-
тап, бағдарламасын құрастырып, оның нә ти-
желерін бағалаудың шарттары мен көр сет-
кіш терін қалыптастыру қажет.
Жарыстың мазмұны айтарлықтай қиын
бо лып келеді. Мектеп тәжірибесінде көбінесе
жа рыстар оқу іс-әрекетінің нәтижелері
бойын ша жүргізіледі. Сондықтан, оқу шы-
лар дың үй жұмысын жүйелі орындауын, ын-
та-ықыласын, сабақтағы ескертулердің аз-
дығын, дәптерлердің тазалық көрсеткіш ре-
тін де алған орынды. Кейде жарысты дәстүр
түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а)
үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орын-
дау: ә) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс іс-
теу, мектеп және үй режимін сақтау; в) қарт
адамдарға көмектесу. Жарыстардың бағ дар-
ла ма ларын, шарттары мен көрсеткіштерін
27
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
жа сауға, оның нәтижелерін бағалауға оқу шы-
ларды да қатыстыру қажет. Жарыстағы тар-
тыс тың адал әрі ашық болуын қадағалау қа жет.
Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа
шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын,
орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.
Тәр бие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі
жа залау – кеңінен танымал, әрі өте қиын
ын та ландыру әдісінің бір түрі.
Жазалау келеңсіз қылықтарды шектеп,
тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұр ғы сы-
нан айыбын мойындау сезімін ояту мақ са-
тын да қолданылатын педагогикалық ық пал
әдісі. Басқа тәрбие әдістері секілді жа за -
лау да қылық-әрекеттердің сырттай себеп-
терінің тұлғалық ішкі ықылас-ниет тер ге
ауысуына негізделген. Мектеп тә жіри бе-
сінде жазалаудың келесідей түрлері қол да-
нылу да; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей
құқықтардан айыру не шектеу; 3) мо раль дық
сөгіс, не айып тағу; 4)талқыға салу. Тәрбие
барысында жазалаудың келесі фор ма лары
қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс
жа рия лау, алдын ала сақтандыру, айып қа
сай талап қою, ұялту, жиналысқа са лу, бел-
гі лі бір жеңілдіктерінен айыру жә не т.б. Ал
төтенше жағдайларда сабаққа қа тыс тыр -
мау немесе тіпті мектептен шығару (пе да-
го ги калық және оқушылар кеңесі бойын ша)
сияқ ты түрлері де қолданылады.
Жаза лау әдісінің тиімділігін анықтаушы
шарт тар төмендегідей:
1. Оқушы «пір» тұтқан абыройлы адам
тара пынан болған жаза әсерлі келеді. Ке лең -
сіз қылығы тек оқытушы емес, дос, жол дас-
тарының да жақтырмауына, ескер туі не ұшы-
ра са, айып сезімі күштілеу болады. Сон-
дық тан, тәрбиеші ұжымдық пікірге көбі рек
жүгі нгені жөн.
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға бол май ды.
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы
шарт.
4. Жаза тиімділігі оның оқушыға түсінімді
бо лып, оны әділ деп қабылдауынан. Өтелген
жа за қайтып еске алынбайды, оқушымен қа-
лыпты қатынас жалғасын табады.
5. Жазала, бірақ оқушының намысына
тию ші болма. Оқытушы жазаны өз жек көр-
ген дігінен емес, педагогикалық қажеттіктен
қол да нады. «Келеңсіз қылық – жаза» фор му-
ла сы мүлтіксіз орындалуы шарт.
6. Жазалау мәселесін шешуде негізінен
ке лең сіз қылықтарды, болымсыз мінез бітіс-
тері мен әдістерді шектеу, тежеуге бағыт тал-
ған тәрбие әрекеттері тізбегін біртіндеп қол-
да нып, басты, мәні нақты, ұнамды сапаларды
ор нық тыруға қаратылған іс-әрекеттерге өту
қа жет.
7. Жазалау әдісін қолдануға негіз – дау-
да май лы жағдай (ситуация). Бірақ көрінген
орын сыз қылық пен ережеден ауытқу жанжал
туын датпайды, сондықтан, парықсыз жа-
за қолдана беруге болмайды. Жазалау мә-
се лесінде жалпы, барша жағдайға жаза та-
ғайын дау мүмкін емес, әрқандай тәртіп бұзу
өзі нің дара сипатына ие: оны істеген кім,
қан дай жағдайда болды, себептері не – осы
жәйт терді ескерумен жаза жеңіл не өте қатал
бо луы ықтимал.
8. Жазалау - өте ауыр да әсерлі әдіс. Жа-
за таңдаудағы педагог қателігін түзету өте
қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай жө нін-
де толық та анық түсінім болмағанша, асы-
ғыстықпен жаза қолдануға болмайды. Ке рі
жағдайда жаза өз әділдігі мен пайдасын жо-
ғал тады.
9. Педагогикалық процестегі жаза – кек
алу құралы емес. Балада жазаның оның өз
пай дасы үшін қолданылып жатқанына сенім
ту дырыңыз. әрқандай жаза әр баланың жеке
ерек шеліктеріне орай қолданылғаны дұрыс.
10. Жазаның жеке балаға,оны даралығына
сай қолдануы – әділдіктен ауытқу емес. Бұл
өте маңызды проблема. Егер педагог оқу-
шы ның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мән
бере тін болса, жаза да, мадақтау да жікке
келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың
өзіне мән беріп, қай тәрбиеленуші тара пы-
нан болғанына назар аудармаса, жаза түр ле-
рі жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт
заңдылығына қайшы келеді. Мұғалім өз
педагогикалық позициясын балаларға тү сін-
ді руі шарт, сонда ғана шәкірттер жаза әділ ді-
гін мойындайды.
28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
11. Әрқандай жаза педагогикалық
әдептілікті, жас кезеңдері психологиясын,
сонымен бірге тек жазамен істі оңғаруға
болмайтынын түсінген жөн. Осыдан да
жаза басқа тәрбие әдістерімен бірлікті
қолданылады.
Соңғы жылдары дәстүрлі ықпал әдістеріне
қосымша субъектив-прагматикалық әдіс-
тің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерт-
теу лер мен практика нақтылағандай, бүгін-
гі жастардың ерекшелігі – өмірге деген
праг ма тикалық (пайдакүнемдік) қатынасы.
Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз
жолдас тарына тәрбие маған не береді, неге,
қай уақытта ол қажет, одан түсер пай да
қандай және қаншалықты деген сұрақ тар-
ды жиі қоятын болды. Осы секілді пай да-
кү немдік – прагматикалық бағытты ескере
отырып, кейбір шет ел педагогикалық
жүйелері тәрбие процесін оқытушы мен
оқушы арасындағы коммерциялық қатынас
сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас
өзегі – пайда. Әдіс әлі қалыптасып, ресми
қабылданған емес, бірақ тұрмыста оқытушы
мен оқушылар арасында түзілетін келісім-
шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.
Субъектив – прагматикалық әдіс негізі
– тәрбиесіздік пен білімсіздіктің, тәртіп
пен қоғамдық талаптарды өрескел бұзудың
пайдасыз екенін түсінуде. Қоғамдық және
экономикалық қатынастар баланы ерте
жастан қатаң конкуренттік тайталасқа
қосып, өмірге тыңғылықты дайындық
көруге мәжбүрлейді. Осыдан да нарықтық
экономикаға ертерек көшіп, дамыған
елдердегі мектептік білім мен тәрбие
қарапайым тұрмыс-тіршілік қажетіне (ути-
ли тар ное) бағытталып, басты мақсат – шә-
кірт терді оқу орнын бітірген соң жұмыс
табу, тіршілік қамын жасауға тәрбиелейді.
Субъектив – прагматикалық әдістің нақты
іске асыру жолдары төмендегідей:
- тараптар міндеттері анық көрсетіліп,
тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында
жасалған келісім-шарт (контракт);
- тәрбиешілер және ата-аналар ортасында
келісіммен түзілген жеке өзіндік жетілу
бағдарламасы (өзіндік тәрбие мазмұны);
- жеке қызығушылықты арттыру үшін
оқушылар қалаулары бойынша түзілген
төлемді оқу-тәрбие топтары;
- құқық бұзуға бейімді балалармен тәрбие
– сақтандыру жұмыстарын алып баруға
арналған «тәрбиешілік топтары»;
- ең соңғы техникалық құралдар және
электронды – есептеу машиналары жәр де-
мі мен тәрбиеленушілердің мінез-құлығын,
әлеу меттік дамуын үздіксіз бақылауға алу,
яғ ни, мониторинг жүргізу;
- техникалық құралдармен жинақталған
сандық және сапалық көрсеткіштер нәтижесі
негізінде тәрбиеленушінің жеке-дара даму
бағытын анықтап, тұлғаның қажетті қасиет-
сапаларын алдын ала жоспарланған арнада
тәрбиелеудің «сценариін» түзу;
- ұдайы өткізіліп тұратын ойын, жарыс,
кур старға байланысты әрбір оқу шы ның
тәр биелік, әлеуметтік кемел, аза мат тық
дәрежесін анықтау үшін ұйым дас ты ры ла ты-
ны тест-байқаулар;
- тәртіп бұзушыларды жазалау мақсатында
қолданылатын айыппұл төлету, құқықтары
мен еркіндігінен айыру, әлеуметтік-қоғамдық
басымдықтарын (привилегии) алып тастау
және т.б. секілді шараларды пайдалану.
Бұл әдіс, әзірше еліміз мектептерінде
кең өріс ала алмай отыр. Дегенмен,
тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан әлеу-
мет тік және экономикалық өзгерістер уақыт
оз дырмай, тәрбие процесінің маңызды
шарт тарының бірі ретінде субъектив-
прагматикалық әдістің алғы шепке шығуы –
заңды күтілетін құбылыс.
Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім,
білік, дағдыны қалыптастыруға ба ғыт тал -
ған. Ынталандыру әдістерінің олардан айыр -
машылығы, мұғалім мен оқушы ара сын -
дағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соң ғы
нәтижесінде тәрбиелі тұлғаның са па лы даму
деңгейін анықтайды. Тәрбие мақ са ты жемісті
болу үшін тәрбие әдістерін тиім ді пайдалану
қажет. Әдістердің бірлігі оқу шылардың даму
деңгейін анықтап, әрбір кез де адекватты
қойылған мақсатты іске асыруға бағытталады.
29
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еңсесін
ен ді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін
дарынды ұрпақтың орны мүлде бө лек», -
дейді. Демек, ұстаздар қауымының оқу-
шылардың шығармашылық қабілетін да мы-
ту, ғылымды насихаттау бағытында ин те лек-
туал ды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық
қы зығу шылығын қолдау мақсатында оқу-
шы лар мен жұмыс жасауда ынталандыру
жол дарын қолдану тиімді болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Конникова Т.Е. Организация коллектива учащихся в школе. – Москва: Издательство
Академии педагогических наук РСФСР, 1957. – 158с.
2 Щукина Т.И. Педагогика школы. Учебное пособие. – Москва: Просвещение, 1977. –
100с.
3 Сластенин В.И., Исаев И.Ф. Формирование личности в коллективе, – Москва: Школа-
пресс. 2007. – 183с.
4 Сухомлинский В.А. Гуманизм педагогики. – Москва: Школа-пресс. 1994. – 233с.
5 Макаренко А.С. Педагогические сочинения. – Москва: Школа-пресс. 1984. – 185с.
6 Оқыту әдістері http://www.kitaphana.kz/en/articles/abstracts-in-kazakh/236-peda go gi ka /
32 53-okity-adisi.html
7 Тәрбиенің әдістері, құралдары http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kaza k-
skom/236-pedagogika/3263-tarbie-adisteri.html
Балаларды тәрбиелеу – еңбек әрі борыш
Ф.М.Достоевский.
30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 378.146
И.А. Мырзаханова
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ бөлім басшысы, PhD докторант
ЖОО-Ң СТУДЕНТТЕРІН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Мақалада автор ЖОО-да студенттерді ынталандырудың жолдарын қарастырған. ЖОО-а
жиі қолданылатын әдістердің түрлеріне сипаттама келтірілген. Әдіс – нақты бір міндетті
шешуге арналған әрекетті практикалық, не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі
тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін
жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |