Бас редактор


МАРАТ    АЛМАСАЕВИЧ    НУРИЕВ



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата01.01.2017
өлшемі5,11 Mb.
#946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

МАРАТ    АЛМАСАЕВИЧ    НУРИЕВ  – 
это огромный пласт в истории жизни многих 
людей,  кому  посчастливилось  встретить 
его  на  своем  пути,  кто  так  или  иначе, 
непосредственно – находясь в его окружении 
родственников,  коллег,  учеников,  или 
опосредовано  –  изучая  его  научные  труды, 
печатные  издания  или  просто  присутствуя 
при  его  многочисленных  выступлениях. 
Никогда  не  забудет  человека  с  такой 
огромной силой интеллекта, положительной 
энергетикой,  заразительным  оптимизмом  
и  вызывающим  огромное  восхищение, 
талантом 
ученого 
и 
организатора. 
Марат  Алмасаевич  имеет  удивительную 
биографию,  его  деятельность  в  разных 
сферах  жизни  как  во  времена  Казахской 
Советской  Социалистической  Республики, 
так  и  в  период  становления  Независимого 
Казахстана  оставила  свой  неповторимый 
след.  Огромная  плеяда  соратников,  спо-
движников,  учеников  –  которые  достойно 
про должают его дело, кто имел честь рабо-
тать с Маратом Алмасаевичем – научились, 
переняли,  заразилисть  той  честностью, 
порядочностью,  компетентностью  в  деле, а 
главное  отзывчивостью  и  душевностью  ко 
всем людям, независимо от статуса, возраста 
и убеждений.
Нам  посчастливилось  работать  с  Марат-
ом  Алмасаевичем  в  стенах  Алматинской 
Академии  Экономики  и  Статистики,  это 
был  знающий,  свое  дело,  требовательный 
руководитель,  с  которым  были  достигнуты 
огромные успехи всей Академии. В системе 
образования  Республики  она  занимала 
одно  из  передовых  позиций  по  подготовке 
специалистов  в  сфере  статистики  и  эко-
номики.  Под  руководством  Нуриева  М.А. 
работал  сплоченный,  дружный  коллектив. 
Это  было  время,  когда  каждому  из  нас  с 
большим  удовольствием  хотелось  идти  на 
работу,  и  радостью  возвращаться  домой 
–  а  это  и  есть  состояние  удовлетворения  и 
счастья.  Особо,  Марат  Алмасаевич  умел  и 
любил  организовывать  досуг  коллектива  и 
принимать в нем активное участие, заражая 
всех  своими  незабываемыми  танцеваль-
ными турнирами. Огромный пример для нас 
учителя, ученого, порядочного человека.
Вас поздравляя Юбилеем,
Стремясь  к возвышенным словам,
Мы скажем просто, как умеем:
«От всей души спасибо Вам!»
За благородство мыслей Ваших!
За мир Ваш светлый и большой!
За то, что став немножко старше,
Вы молодеете душой!
За то, что в жизненных вопросах
Вы – наша совесть, ум,и честь!
А если просто от души:
За то, что Вы на свете есть!
От коллектива сотрудников АЭСА, Абишева Г.К.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
10
АРМАН  МЕН  ТАЛАП  ЖЕТЕЛЕГЕН  ЕЛ  АЗАМАТЫ
Серік Жайлауұлы Пірәлиев 
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор,
Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі
Резюме
Данная  статья  посвящена  профессору,  заслуженному  работнику  высшей  школы 
РК  Нуриеву  Марату  Алмасаевичу.  В  статье  рассматривается  его  жизнь,  творческая 
деятельность и вклад в науку. 
Summary
This article is dedicated to Professor, Honored Worker of Higher Education of Kazakhstan 
Marat Almasaevichu Nureyev. The article discusses his life, creativity and contribution to science.
Жақсы  адам  көпке  ортақ  дейді  халқы-
мыз. Күннің жарық сәулесі секілді мейірім-
шапағаты  жан-жағына  түгел  түседі.  Жаны 
жайдары ондай адамды барлығы үлгі тұтары 
анық.  Еліміздің  қара  шаңырақ  оқу  ордасы 
Абай атындағы ҚазҰПУ-ге, жалпы елімізге 
танымал ардақты жан, дарынды ұстаз, білік-
ті  басшы,  асыл  азаматтың  бірі,  профессор, 
академик,  ҚР  Жоғары  мектебіне  еңбегі 
сіңген  қызметкер  –  Марат  Алмасайұлы 
Нуриев  бүгінде  жетпістің  бесеуіне  шығып 
отырған жайы бар. Өзінің саналы ғұмырын, 
алған  білімін  туған  елінің  оқу-тәрбие, 
білім  саласына  арнап,  халықтың  сәулелі 
көші  мен  жарқын  болашағының  көшін 
түзеуге  бар  жан-тәнін  салып,  өлшеусіз 
еңбек етуде. Бүгінгі таңда университетіміз-
дің  «Интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру» 
Ғылыми  Зерттеу  Институтына  басшылық 
жасап,  нәтижелі  де  абыройлы  қызметте. 
Бұл  институт  бұрын  Марат  Алмасайұлы-
ның  басқаруымен  Жаңартпа  технологиялар 
және Білім беру мазмұнын ғылыми зерттеу 
инстуты болып жұмыс жасап, жақында ғана 
сол кісінің ықпалымен аты өзгерді. Тыңнан 
жаңалық  ашу,  істің  алға  жылжуына  қатты 
мән  беру,  ізденімпаздық,  жауапкершілік 
Марат  Алмайсайұлының  табиғатына  тән 
нәрсе екенін содан-ақ байқауға болады. 
Дана    халқымыздың «жігітті талап же-
те  леп,  арман  өсіреді»  деген  тамаша  сөзі 
бар.  Мәкең  бала  күнінен  болашағына 
бағыт-бағдарды  дұрыс  болжай  білген. 
Алматы  іргесіндегі  Алатау  тау  сілемдері 
саналатын  Суықтөбенің  баурайында  жайы-
ла  қоныстанған  ауылда  қарапайым  қазақ 
отбасында  туып-өсіп,  арман  қуып,  Ал-
матыда,  одан  Мәскеуде  жоғары  білім 
алады.  Мәкең  туып-өскен  қасиетті  кішкене 
ғана  мекенде  бірнеше  ондаған  ғылым 
докторлары,  профессор,  академиктер  шық-
қан. Киелі мекеннің жусан исі аңқыған кең 
далада асыр салып ойнап өскен жанның тек-
ті  жерден  шыққанын  бағамдаймыз.  Талай 
жыл Жамбылда, одан өзі қатарынан бірнеше 
жыл  еліміздегі  іргелі  білім  ордаларының 
бірі  АЭСА-да  ректорлық  қызметте  болды. 
Өз мамандығына құштар жан шәкірттерінің 
білім  нәрімен  сусындауына,  қиын  да 
қызықты  ғылымның  бүге-шүгесін,  қыр-
сырын  үйреніп,  кәсіби  білім  алуына  бар 
ықылас,  ынтасын  салып,  жәрдемдесті.  Елі-
міздегі  білім  берудің  мақсат-міндеттерін, 
қазіргі  университтік  білімнің  жай-жапсар-
ын, оны модернизациялаудың басым бағыт-
тары,  оларды  жүзеге  асырудың  тетіктері, 
нәтижелері,  білім  сапасын  арттыру,  ха-
лықаралық  стандартқа  сай  болу  және  т.б. 

11
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
осы  сынды  кездесетін  мәселелердің  оңтай-
лы шешімін табуда көп еңбек етті. 
Марат  Алмасайұлының  өз  саласындағы 
өзге  жандардан  ерекше  бір  қыры  –  тарих 
пен  әдебиетті,  өнерді  жетік  білуі.  Осы 
күнге  дейінгі  қазақ  әдебиетінің  нақыл  мен 
өсиетке  толы  өлең,  жыр,  дастандарын, 
бата-тілектерді,  тарихты,  әншілік,  ақындық 
мектептерді, аңыздарды, салт-дәстүрден өте 
жақсы  хабардар.  Мұны  университетіміз-
де  ашылған  «Ұлттық  тәрбие»  журналын 
ұйымдастыруда  байқадым.  Жастар дың 
бойында  этика-эстетикалық  тәрбиенің 
қа лыптасуына,  ұлтжанды,  ұлттық  құн-
дылықтарды  игерген  толыққанды  дамыған, 
саналы  азаматтары  болуына  қатты  мән 
береді.  Осыны  жастардың  бойына  сіңіре 
отырып,  ұлттық  идеологиямыздың,  ұлт-
тық  сана-сезіміміздің  қалыптасуына  көп 
тер  төгіп  жүр.  Ұзақ  жылдар  Кеңестік 
одақтар  құрамында  болып,  өзіміздің  төл 
дүниемізден  алшақтап  қалғанымыз  рас. 
Оның  орнын  толтыру  оңай  шаруа  емес. 
Тәуелсіз  ел  болуды  армандап,  ұлттық  құн-
дылықтарымызды,  дініміздің,  діліміздің, 
тіл  іміз  бен  тарихымыздың  жолында  талай 
аға-әпкелеріміз  құрбан  болған  жоқ  па?! 
Әрине,  өмір  бір  қалыпта  тұрмайтыны  рас, 
жаңарып,  бір-біріне  жалғасып  жатады. 
Соған  байланысты  адамдардың  ой-сана, 
таным-түсінігі,  талғамы  да  жағарып,  қо-
ғамның  дамуына  бейімделіп  өзгеріп 
отырады.  Ұмыт  қалып  бара  жатқан  кей 
ұлттық  дүниелерімізді  халықтың,  әсіресе 
жастардың  санасына  жеткізуде  көптеген 
қиншылықтар туындайды. Өйткені, жаңаны 
қабылдау  қасиетімен  бірге  кертартпалық 
та  жүретіні  жасырын  емес.  Міне,  Марат 
Алмасайұлы  қоғамдағы  осындай  толғауы 
қиын мәселені шешуде елімізде елеулі еңбек 
етіп  жүрген  ғалым.  Осы  жолда  жаңаны 
қабылдай отырып, ескі дүниемізді өзгертуге 
келетінін  жаңаша  тұрғыда  бейімдеуге, 
ескі  мінез-құлық,  салт-дәстүрді  дәріптеп, 
ұмытпауға,  тұрақтандыруға  тырысамыз. 
Ұлт тың  ұлттығын  сақтауда  дәстүріміздің 
озық  үлгілерін  тұрақтандырып,  оны  халық 
арасына  кеңінен  таралуына  ықпал  етуде 
осы  мәселеге  байланысты  бірнеше  оқу  жә-
не  оқу-әдістемелік  құралдарын,  тың  зерт-
теу  мақалларын  жазып,  көпшілік  назарына 
ұсынған.  Бүгінде  Марат  Алмасайұлының 
басшылығымен  дайындалған  ұлттық  тәр-
биеге  қатысты  бұл  еңбектер  таптырмас 
дүниелер. Мәкеңнің халқымыздың ғасырлар 
бойы  армандаған  ұлттық,  мәдени,  рухани 
мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-тәрбие 
саласындағы,  білім  беру  жүйесіндегі  із-
деністері мен нәтижелерін көрсету артынан 
еріп келе жатқан біздің басты міндетіміз. 
Ұлттық  бәсекелестік  болып  саналатын 
біл ім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге 
көтеріп, жоғары оқу орындарына терең білім 
беру жан-жақты қарастыруда Мәкең басқар-
ып  отырған  институт  нәтижелі  жұмыстар 
атқаруда.    Білімнің  дамуы  –  қоғамды  алға 
жыл жытар,  адамзатты  өркениетке  жетелер 
даңғыл  жол  болып  табылады.  Білім  беру 
жүйесі – ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана-
сезімнің даму көрсеткіші болып саналды, ал 
оның басты нысаны – қазақ жастары, оның 
болашағы болуы керек. Ол экономика, саясат, 
мәдениет саласындағы көзқарастармен шек-
теліп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  осы 
түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. 
Оқу-білім  беру  –  жеке  адамның  әлеумет-
тік-экономикалық  үдерістерге  пәрменді 
қо сылуын  қамтамасыз  ететін  басты 
жағдайлардың  бірі.  Қазақстандық  жаңа, 
ұлт тық  негізге  құрылған  білім  үлгісі  жас 
жеткіншектерді отаншылдық, ұлтжандылық 
рухта тәрбиелеуге негізделе отырып, білімді 
де білгір, әрі білікті маман етіп өсірумен қа-
тар, оның азаматтық тұлғасын, адамгершілік 
рухани жан дүниесін ұлттық құндылықтарға 
негіздеу. Қазір елімізде белең алып отыр ған 
прагматикалық  жағдаяттарға  негізделген 
әр  түрлі  ұлт  тағдырына  нұқсан  келтіретін 
жағдаяттар  баршамызды  толғандыруда. 
Мұ ның  шешімін  рухани  интеллектуалды, 
экономикалық мемлекет орнату тұрғысынан 
және  тұғыры  биік  тәуелсіз  мемлекет 
орнату  болашағына  бағдарланған,  ұлттық 
құндылықтарға  үйлестірілген  білім  беру 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
12
жүйесі мен тәрбие жұмысы бағдарламалары 
көмегін тигізетіні анық. 
Себебі,  тәрбие  мәселесін  төрге  қоятын 
тәрбие мен білім жүйесін қатар қойып, іске 
қосу бүгінгі күннің басты талабы. 
Ғылыми  білімділікті  ұйымдастырудың 
жаңа  түрлерін  іздестіру  –  білім беру  жүйе-
сін  қайта  құрудың  аса  маңызды  сара 
жолы.  Бүгінгі  таңда  оқу-ағарту  жүйесінде 
қалыптасқан  қатаң  тәртіптілік  пен  бір-
ыңғайлылыққа  қарсы  ғылымның  жаңа 
бей   несі  бой  көтеріп  келеді.  Ол  білім  беру 
үрдісіне  тәрбиенің,  оның  ішінде  ұлттық 
мүддемізге  негізделгеп  тәрбиенің  жаңаша 
тұрғыда  қойылу  талаптары.  Сонымен  бірге 
білімділік жайындағы түсінікке көзқарас та 
өзгеру  үстінде.  Бүгінгі  педагогикада  адам 
мен білімділік жайында дәстүрлі түсініктер-
мен  қатар  жаңа  ұғымдар  да  қалыптасып, 
педагогиканың  антропологиялық  негіздері 
алмасу  кезеңіне  аяқ  басты.  Білімді  адам  – 
көзқарастары  қалыптасып  үлгерген,  көп 
нәрседен хабардар тұлға ғана емес, сондай-
ақ, қазіргі мәдениеттің күрделі мәселелерін 
бағдарлай  алатын,  ұлттық  құндылықтарын 
бойына жиған, өмірдегі өз орнын түйсінуге 
қабілетті, демек, өткен тарихынан хабардар, 
тәлім-тәрбиемен  сусындап  өскен,  бір  сөз-
бен  айтқанда,  мынадай  алмағайып  жаппай 
жаһандану  жағдайында  нақтылы  өмірге 
әзір  адам.  Оқу-білім  мен  берілетін  тәрбие 
еркін  жеке  тұлғаның  қалыптасуына,  оның 
басқа  адамдарды  түсінуіне,  ой-өрісі  мен 
қарым-қатынастарының 
қалыптасуына, 
ақыры,  ад ам ның  белгілі  бір  іс-әрекеттерді 
жүзеге асыруына жағдай жасауы тиіс. Осын-
дай  қоғамның  қай  саласында  болмасын 
кездесетін  түрлі  мәселелерді  шешуде 
Марат  Алмасайұлының  педагогтық  еңбегі 
білім  беру  саласындағы  жаңа  белес  болып 
табылады.  Күш-жігері  толысқан,  ақыл  
тоқтатқан, оның бойындағы қайнаған қажыр-
қайратының  арқасында  жастарға  үлгілі 
істерін  көрсете  білді.  Мәкеңнің  салмақты 
жүрісі,  ойға  қонымды  сөздері,  кім-кімді  де 
жатсынбай  бауырына  тарта  білетін  қасиеті 
тек жастарға ғана емес, көбімізге үлгі-өнеге 
боларлықтай десем, артық айтқан дық емес. 
«Жақсының  жақсылығын  айт  –  нұры  та-
сысын,  жаманның  жамандығын  айт  –  құты 
қаш сын» деген халық даналығын естіп өскен 
ұрпақ  болғандықтан  ағымнан  жарыла  айт-
қан тебіренісімнің еш оғаттығы жоқ болар.
Мәкеңннің бойында қандай істі қолға ал-
масын  оның  ақырына  жетпей,  нәтижесін 
шы  ғармайынша тоқтамайтын қайсарлық пен 
мақсаттылық  қасиеттері,  оның  ұйымдасты-
ру  қабілеті  мен  қайраткерлігін  өзгелер-
ден  ерекшелейтін  белгісі  сипаттас  болып 
табылады. Қанша адаммен қызметтес, талай-
лармен  жүздесіп,  дәмдес-тұздас  болсам  да, 
солардың  арасында  болған  кездесулер  дәл 
Марат Алмасайұлындай менің өміріме әсер 
сала  алмапты.  Мәкең  әрбір  сөзді  бағамдай, 
байыптай біледі, жаспен де, кәрімен де тең 
құрбысындай сөйлеседі, әрі кіммен болса да 
тез  тіл  табысатын  қасиетіне  барлық  ұжым 
қызыға  қараймыз.  Жүзіне  үңілсең,  өмірден 
көргені мен түйгені көп, жүрегі кең, көңілі 
кіршіксіз таза екенін бірден байқайсың. Өте 
кішіпейіл,  адамгершілігі  мол,  әрі  өте  қар-
апайым  жанның  ұлттық  тәрбие  мәселесін 
қолға алғаны мені қатты қуантты. Сондайда 
қазақтың  «Ұлық  болсаң  кішік  бол»  деген 
сөзі есіме түседі. 
Марат  Алмасайұлының  ел  көзіне  алды-
мен шалынатыны кесек мінезі мен ойының 
да,  бойының  да  бірдей  үндескен  нарлығы, 
алғырлығы,  келісті  тұлғасы  мен  кескін-
келбеті,  бауырмалдығы,  мейірбандылығы, 
пар асаттылығы,  кісілігі,  қайсарлығы,  жан 
сұлулығы.  Жиналыста,  отырыстарда,  қай 
жер де  болмасын  еңсесін  тік,  денесін  нық 
ұстайды. Ұнамаған нәрсесін жасырын қалу 
Марат Алмасайұлының табиғатына жат нәр-
се.  Мәселені  титықтап  соза  бергенді  жек 
көреді. Шешіліп тұрған нәрсені уақ ытында 
шешіп  кеткенді  жөн  көреді.  Бұл  оның 
сөзге  тұңғиығына  тереңнен  бойлай  мән 
бер  етіндігінің,  қадірін  түсіне,  ойлана  біл-
гендігінің көрінісі деп бағамдаймын. 
Ішкі  және  сыртқы  мәдениеті  үйлескен 

13
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
жанның қалжыңды жиі, әрі орнымен айтуы 
Мәкеңді жаңа бір қырынан танытады десек 
те болады. 
Марат  Алмасайұлы  қоғамдық  құбы лыс-
тарға  терең  түсінікпен,  шәкіртеріне,  мейлі 
алдына келген басқа жандарға болсын үл кен 
кеңшілікпен,  әкелік,  ағалық,  замандастық 
қам қорлықпен  қарайтын  ұстаз.  Өйткені, 
өз ін  де  осы  қоғамның  белсенді  азаматы, 
белді  қайраткері  санайды.  Ұстазға  қарап, 
ұлылықты  бір  ғана  ұстаз  бейнесінде  то-
ғыстырған адамдықтың биік үлгісін көреміз. 
Мәкең  жас  мамандарды  Отансүйгіштік-
ке, адамгершілігі мол, білімді, азамат болып 
өсуіне  күш-жігерін  жұмсап  жүрген  жана-
шыр  жанның  бірі.  Жасыратыны  жоқ,  білім 
саласында  еңбек  етудің  өзіндік  ерекшелік-
тері мен ауыртпалықтары жетерлік. Алайда, 
соған  қарамастан  ерік-жігері,  күш-қуатын 
зейнетке  шықса  да,  кәнігі  кісідей  атқарып 
отыр.  Мәкеңдей  мықты  азаматымыздың  
бары көңілге демеу береді. 
«Ағаш  жапырағымен,  адам  ұрпағымен 
көрікті».  Қазірде  халық  құрметіне  бөленіп 
от ырған Марат Алмасайұлы аяулы жары Роза 
жеңгей  екеуі  3  қыз,  1  ұл  тәрбиелеп  өсіріп, 
не мере,  шөберелерінің  қызығына  бөленіп 
отыр. «Ұлың – ізің, қызың – көзің» демекші, 
ұя да көрген тәрбие балаларына қанат болып, 
барлығы  да  түрлі  салада  абыройлы  еңбек 
етуде. 
Марат Алмасайұлын 75 жасқа толған мер-
ейтойымен  құттықтап,  зор  денсаулық,  ұзақ 
өмір тілеймін. Сіздің, жүріп келе жатқан өмір 
жолыңыз бүгінгі замандастырыңызға нұсқа, 
ұғымды  ұрпаққа  үлгі,  өрелі  жанға  өнеге. 
Әріптестеріңіздің  ортасында  парасатына 
пай ымы сай, бауырмал және сауатты, зерделі, 
сыпайы  сый  мен  үлкен  абырой  иесісіз. 
Еліміздің дамуына, университетіміздің білім 
сапасының дамуына өз үлесіңізді аямай қос-
қаныңыз  үшін  бұл  еңбектеріңізді  мақтан 
етеміз!
Құрметті  Мәке!  Бүгінгі  мерейлі  мере-
кеңіздің  қызығы  жалғасып,  таусылмасын, 
атқарып  отырған  ғылыми-өндірістік  іс-
теріңізге мол жетістік бола берсін демекпін!
Менің таңдауым – бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу!
Пірәлиев С.Ж.

14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
БІЛІКТІ БАСШЫ, ЖАҢАШЫЛ ЖЕТЕКШІ
К.Нәрібаев
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
Резюме
Статья    посвящена    профессору  Нуриеву  Марату  Алмасаевичу.  В  статье 
рассматривается о его ценных качествах и его вкладе в науку в сфере образования.
Summary
The article is dedicated to Professor Marat Almasaevichu Nureyev. The article discusses about 
his qualities and his valuable contribution to science in education.
Жоғары  білім  беру  саласының  белгілі 
қайраткері  Марат  Алмасайұлы  Нуриев  75 
жасқа  толып  отыр.  Оның  барлық  саналы 
өмірі  еліміздің  Жоғары  мектеп  жүйесінде 
өтіп  келе  жатыр.  Мәскеудің  атақты  жеңіл 
өнеркәсіп технологиясы институтын тамам-
дағаннан  кейін  елге  оралып,  республика 
экономикасына қажетті кадрлар дайындауға 
белсене араласты.
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі тех-
нологиясы  институтында  ұстаздық  қызмет 
атқара  жүріп,  көптеген  ғылыми  еңбектер 
жазды.  Осы  салада  ғылыми  мектептің  қа-
лыптасуына  үлкен  үлес  қосып,  аталған 
ұжымның  өсіп  дамуына  көп  еңбек  сіңірді. 
Өзі  осы  институттың  ғылыми  жұмыстар 
бойынша  проректоры  деңгейіне  дейін 
көтерілді.
1960-70-ші  жылдары  Жамбыл  тех-
нологиялық  институты  жаңадан  ашылып, 
енді  дамып  келе  жатқан  осы  саладағы 
еліміздің  жалғыз  жоғары  оқу  орны  бол-
ғандықтан  ғылыми-педагогикалық  кадр-
лардың  тапшылығы  түсінікті  жағдай  бо-
латын.  Сондықтан  өндіріс  саласына  ма-
мандар  дайындаумен  қатар,  ұстаз-ға-
лымдардың  қатарын  көбейтуге  сіңірген 
профессор  Нуриев  М.А.  сияқты  аза-
маттардың  еңбегін  ерекше  атау  керек.  Сол 
кезде  Марат  Алмасайұлы  тәрбиелеген  шә-
кірттерінің  біразы  қазір  жеңіл  өнеркәсіп 
саласында  басшылық  қызметтерде  жүрсе, 
енді  біразы  ғылыми-педагогикалық  жұ-
мыспен айналысып, ғылым кандидаты және 
докторы деген атаққа ие болып жүр.
1978  жылы  Нуриев  М.А.  Алматыға  ау-
ысып  келіп,  Қазақ  политехникалық  инс-
титутының  кешкі  және  сырттан  оқытатын 
жүйесі  жөніндегі  проректор  қызметіне  та-
ғайындалды. Ол кезде Қазақстанның көпте-
ген  өңірлерінде  бұл  институттың  филиал-
дары мен жалпы техникалық факультеттері 
болатын.  Осы  бөлімдердегі  оқу  процессін 
ұйымдастыру,  оның  сапасын  қадағалау  әрі 
қызықты,  әрі  қиын  міндет.  Осы  міндетті 
Марат Алмасайұлы абыроймен атқара білді. 
Жер-жерде  жұмысшы  жастардың  өндіріс-
тен қол үзбей оқуына, сапалы жоғары білім 
алуына жақсы мүмкіндіктер жасалды. Оның 
ішінде Нуриевтің өзі ұсынған, дұрыс нәтиже 
берген әдіснамалар мен тәсілдер де бар. 
Өзінің  білімпаздығы  және  қажырлы  ең-
бегінің  арқасында  Қазақ  политехникалық 
инс титуты сияқты белгілі ұжымда үлкен атақ-
абыройға ие болды. Іскерлігі, еңбекқорлығы 
және жоғары білім саласында атқарған ора-
сан  зор  қызметі  лайықты  бағаланып,  1984 
жылы  оған  «Қазақстан  жоғары  мектебінің 
еңбек  сіңірген  қызметкері»  деген  құрметті 
атақ берілді.
Осы  қызметтерін  ескере  отырып,    мен 
1984  жылы  М.А.Нуриевті  жоғары  және 

15
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
арнаулы  орта  білім  министрлігінің  ап-
паратына қызметке шақырдым. Ол кезде мен 
осы  министрліктің  жетекшісі  едім.  Марат 
Алмасайұлы  министрліктің  ең  маңызды 
бөлімі  –  Жоғары  оқу  орындары  бойынша 
Бас  басқарманың  бастығы  және  коллегия 
мүшесі болып тағайындалды. Бұл қызметті 
де  ол  үлкен  абыроймен  атқарды.  Жоғары 
оқу  орындарының  жағдайын  терең  тал-
дап,  оқу-тәрбие  және  ғылыми-әдістемелік 
жұмыстарының  жетілуіне  тікелей  ықпал 
жасады.  Республика  бойынша  жоғары  біл-
ім  жүйесінің  хал-ахуалын  тез  арада  мең-
геріп,  осал  тұстарына  көп  көңіл  бөліп,  өз 
ұсыныстарын беріп отыратын. 
Осы  министрлікте  бірге  істеп  жүрген 
кезде  М.А.Нуриевтің  жаңашыл  жетекші 
екеніне  көзім  жетті.  Өз  тәжрибемізді  же-
тіл діру  мен  қатар,  басқа  елдердің  озық 
тәжрибесін  жинауға  және  оларды  білім 
жүйесіне  ендіруге  көп  көңіл  бөлетін.  Ап-
парат  қызметінде  істей  жүріп  ол  өзінің 
басшылық, ұйымдастырыушылық қабілетін 
дамытып, қайраткер ретінде қалыптасты. 
Бұдан  кейін  де  Марат  Алмасайұлы  ел-
еулі  қызметтер  атқарды.  Атап  айтқанда, 
1989  жылы  Республикалық  басқарушы 
қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  инс-
титутына ректор болып тағайындалды. Бұл 
кез  ел  экономикасының  үлкен  күйзеліске 
ұшырап,  нарықтық  қатынастарға  көшуге 
дайындалып  жатқан  мезгіл  болатын.  Ол 
уақытта  жетекші  кадрлардың  нарықтық 
экономикадан  хабары  жоқ  және  оны  әлі 
мойындай да қоймаған. Сондықтан олардың 
бетін  бері  бұрып,  нарықтық  қатынастарға 
бейімдеу  оңай  шаруа  емес  еді.  Міне,  осы 
ауыр  міндетті  Нуриев  М.А.  басқарған  инс-
титут  абыроймен  атқарды.  Кәсіпорындар 
мен  ұйыымдардың  жетекші  мамандарынан 
бастап,  сала  басшыларына  дейін  түгелімен 
қайта дайындықтан өтті. 
М.Нуриевтің  басшылық  қабілетін  арт-
тырып,  жетекшілік  мүмкіндігін  дамытуда 
оның  ҚР  Президенті  аппаратында  атқарған 
қызметі, Алматы экономика және статисти-
ка  академиясында  ректор  болып  істеуі  өте 
маңызды рөл атқарды. Оның біліміне білім, 
тәжрибесіне тәжрибе қосылды. Міне, осылай 
терең  білім,  бай  тәжрибе  жинаған  профес-
сор  М.А.Нуриев  2009  жылы  Абай  атында-
ғы  ұлттық  педагогикалық  университетіне 
қызметке ауысты. Бұл ұжымда да ол өзінің 
іскерлігімен көзге түсіп, лайықты абыройға 
ие болды.
Алғашқы кезде ол білім берудің мазмұны 
мен  жаңа  технологияларын  зерттейтін 
ғылыми  орталыққа  басшылық  етті.  Оқу 
жоспарларын, оқыту бағдарламаларын түбе-
гейлі  зерттеп,  оларды  жетілдіру  жолдарын 
анықтады.  Қазіргі  заман  талабына  сай 
мамандарды  дайындау  үшін  оқу  үрдісі-
не,  педагогикалық  технологияға  қандай 
өзгерістер қажет екенін белгілеп берді. 
Сонымен  қатар,  университет  ректоры, 
профессор  С.Ж.Пірәлиев  көтерген  ұлттық 
тәрбие  мәселелерін  іске  асыруға  белсене 
араласып келеді. Атап айтқанда, осы «Ұлттық 
тәрбие»  атты  пәнді  қалыптастыруға,  оның 
мазмұнын  анықтап,  оқыту  әдіснамасын 
жас ауға  зор  еңбек  сіңірді.  Ұлттық  тәрбие 
мәселелері  туралы  біраз  оқу  құралдарын 
және  көптеген  ғылыми  мақалалар  жазып 
жариялады.  Осы  күнге  дейін  ұлттық 
тәрбиенің  өзекті  мәселелерін  зерттеуді 
жалғастырып келеді. 
Профессор  М.А.Нуриевтің  осы  бағытта-
ғы  тағы  бір  ерен  еңбегін  ерекше  атап  өту 
қажет.  Ол  «Ұлттық  тәрбие»  деп  аталатын 
рес публикалық ғылыми-көпшілік журнал ын 
шығаруды  ұйымдастырды.  Алғашқы  саны 
2010  жылдың  наурыз  айында  шыққан  бұл 
журнал осы күнге дейін жүйелі түрде жарық 
көріп келеді.
Бүгінгі  күнде  бұл  журналдың  маңызы 
өте  жоғары.  Халқымыздың  ұлттық  бол-
мысын  түбегейлі  талдап,  рухани  құн-
дылықтарды,  мәдени  мұраларды  тәрбие 
тұрғысынан  қарастыратын  бұл  басылым 
өз  оқушыларының  марапатына  ие  болып 
отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып 
отырған ұлттық тәлім-тәрбие жайында, жас 
ұрпақты  ұлтжандылыққа,  отансүйгіштікке 
баулыйтын  шыншыл  мақалалар  жариялап 

16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
келеді.  Сондықтан  да  «Ұлттық  тәрбие» 
журналы  өзінің  ерекшелігімен  беделді 
басылым  ретінде  қазақ  баспасөзінде  өзінің 
ылайықты  орнын  алып  отыр.  Ал  бұл 
мәселеде  осы  журналдың  басы  қасында 
жүрген  профессор  М.А.Нуриевтың  еңбегі 
зор.
Кейінгі  кезде  Марат  Алмасұлы  өзінің 
жаңашыл  ғалым  екенін  тағы  да  дәлелдеп, 
қоғ амдағы ең өзекті мәселе – интеллектуалды 
ұлт  қалыптастыру  тақырыбына  бет  бұрды. 
Бұл бағытта да жолы болар деген сенімдеміз.
Белгілі ғалым-ұстаз, білікті жетекші, Қаз-
ақстан  жоғары  мектебінің  еңбек  сіңірген 
қызметкері,  профессор  М.А.Нуриевті  75 
жасқа  толған  мерей  тойымен  құттықтай 
отырып,  оған  өз  басына  зор  денсаулық, 
шығармашылық табыс, отбасына бақ-береке 
тілейміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет