АЗАМАТ
Ә.Бейсенова, С.Қирабаев
ҚР ҰҒА академиктері
Резюме
Данная статья посвящена профессору, заслуженному работнику высшей школы РК
Нуриеву Марату Алмасаевичу. В статье рассматривается его творческая деятельность
и вклад в науку.
Summary
This article is dedicated to Marat Almasaevich Nureyev, Professor, Honored Worker of Higher
Education of Kazakhstan. The article considers his life, creative activity and contribution to the
science.
Марат Алмасайұлы Нуриевпен біз Мақ-
тай Сағдиев арқылы таныстық. Республикаға
аты кеңінен таныс, белгілі қоғам және мем-
лекет қайраткері Мақтай Рамазанұлы Марат-
пен құда болып, кейін екеуінің құдалығы
достыққа, туыстыққа айналып кеткенін біз-
дің көзіміз көрді. Марат Мақтайды ағасын дай
сыйлады, әсіресе жолдасы Төкетай қайтыс
болғаннан кейін, Мәкеңді жалғызсыратпай,
соны айналшықтап, көп қызмет істеді. Біз
Мараттың осы кішіпейілдігін, азаматтығын
ерекше бағаладық. Қазір Мақтайдың өзі
өмірден озған күндерде, оның балаларының
ақылшы ағасы, ең жақын жанашыры болып
қалды. Мұның өзі біздің көз алдымызда
Марат Алмасайұлын биіктетіп көрсетуде.
Осындай биік Азаматтығына қоса, Ма-
рат Қазақстан Республикасының жоғар-
ғы білім жүйесіндегі қызметіне үлкен
үлес қосқан, білімді және іскер азамат
ретінде ел мойындаған қайраткер болып
табылады. Ол – Қазақстанның жоғар-
ғы мектебі мен ғылымының белгілі
ұйымдастырушыларының бірі, білім жүйе-
сіне еңбек сіңірген қайраткер. Мәскеудегі
жеңіл өнеркәсіп технологиясы институтын
бітіріп, аспирантураны мерзімінен бұрын
аяқтап, кандидаттық диссертация қорғаған.
Сөйтіп, өмірінің көп бөлігін, қажыры мен
қайратын Қазақстанда жеңіл және тамақ
өнеркәсібі технологиясын өркендетуге,
жас кадрларды тәрбиелеуге, ғылыми бағыт
қалыптастыруға арнады. Ол Қазақстанның
жо ғар ғы мектебінде басшылық жұмыстар-
17
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
дың үлкен мектебінен өтті. Біраз жылдар
Қазақ политехникалық институтында кешкі
және сырттан оқытатын бөлім жөніндегі
проректор қызметін атқарып, институт ба-
засында Қаратау, Өскемен, Лениногорск,
Зырян, Гурьев, Шевченко қалаларындағы
филиалдар мен жалпытехникалық факуль-
теттерде жұмысшы жастарды өндірістен қол
үзбей оқытудың тиімді тәсілдерін іздестірді,
оқу сапасын жақсартудың жолын тапты.
Осы тектес қызметті ол Алматы халық
шаруашылығы институтында да жүргізді.
Онда Марат оқу ісі жөніндегі прорек-
тор болып, институтта осы заман тала-
бына сәйкес озық оқу-педагогикалық
процесті ұйымдастыра білді, жаңаша оқыту
әдістерін енгізуге, экономикалық кадрлар-
ды даярлау ісін арттыруға қызмет етті.
Мараттың Қазақстанның жоғарғы және
орта арнаулы, білім министрлігінде кол-
легия мүшесі бола жүріп, оқу-әдістемелік
басқарманы табысты басқаруы, Республи-
ка көлемінде оқу-әдістемелік кешендерді
енгізуі,
оларды
жоғарғы
дәрежеге
көтеруі де атап айтуға тұратын істер.
Қазақстан жоғарғы мектебінің жұмысын
жақсартуға сіңірген Мараттың осы еңбегі,
оның оқу-әдістемелік жұмыстарды жүр-
гізудегі шеберлігі республика көлемінде
кеңінен танылды. 1989 жылы ол ҚазақССР
Министрлер Кеңесі жанындағы басқарушы
қызметкерлер мен мамандардың біліктілі-
гін арттыру институтына ректор болып
тағайындалды. Оның басшылығымен қысқа
мерзім ішінде институтта осы замандық оқу-
материалдық базасы құрылып, кәсіби деңгейі
жоғары профессорлар мен оқытушылар
құрамы жасақталды. Жаңа оқу жоспарла-
ры жасалып, бағдарламалары іске қосылды.
Ма мандарды қайта даярлаудың мазмұны мен
үдерісі қайта қаралды. Бұл институттың Рес-
публика шарушылығына тигізген пайдасы,
әсіресе, нарықтық экономикаға өту кезінде
анық байқалды. Ол нарықтық қатынастар-
ды қалыптастыру кезінде кадрлардың
біліктілігін көтерудің ірі орталығына ай-
налды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
қатардағы мамандарынан бастап, эконо-
мика және қаржы, мемлекет және құқық,
әлеуметтік саясат проблемалары бойынша,
жоғарғы буын басшы қызметкерлеріне дейін
тыңғылықты қайта дайындаудан өткізді.
Оқу жүйесін жаңартуда институт шетелдер
тәжірибелерін молынан пайдалана білді.
Тәу елсіздік алғаннан кейінгі жылдары Марат
Президент аппаратында, Алматы экономи-
ка және статистика академиясында басшы-
лық қызметтер атқарды. Бұларда Мараттың
білімпаздығы, іскерлігі, жаңашыл басшы
ретіндегі биік абыройы толыға түсті. Қазір
ол (2009 жылдан бері) Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінде
осы жұмыстарды жалғастыруда. Ол уни-
верситет жанынан ашылған жаңартпа
технологиялармен білім беру мазмұнын
ғылыми-зерттеу
инс титутында
дирек-
тор болып істейді. Кейінгі жылдары оның
ұсынысы бойынша институт «Интеллек-
туалды ұлт қалыптастыру ғылыми-зерттеу
институты» болып қайта құрылды. Инс-
титут ұлттық тәрбие мен интеллекту-
алды ұлт қалыптастыру мәселелерінің
ғылыми негіздерін, қазақ халқының ұлт-
тық салт-дәстүрін, менталитетін, оларды
жаңа дәуірге сай құру жолдарын, ұлттық
құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру
мәселелерін зерттейді; жастарды Отанын,
ұлтын, халқын сүюге, ұлтжанды болуға бау-
лу саласында үлкен жұмыс жүргізіп отыр.
Осының бәрі Марат Алмасайұлының қайда
жүрсе де, қандай қызмет атқарса да, жаңалық
жолында ұйымдастырушы, қабілеті мол,
кез-келген қызмет істейтін, білімді, іскер
азамат екенін көрсетеді. Жасы 75-ке келсе де
оның жаны жас, ой-пікірі тың, үнемі ізденіс
үстінде. Біз білетін жан жары Роза екеуі бала-
шаға өсіріп, ағайын туыстарының арасында
қадірлі. Ұрпағын жаңа заманауи талаптары-
на сай тәрбиелеуде. Қадірлі достарымызға
денсаулық пен бақытты өмір тілейміз.
Оның үлкен Азаматтығын сыйлаймыз.
18
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
КЕМЕЛ ТҰЛҒА
Мадиев Өскенбай Қабылбекұлы
Алматы экономика және статистика академисының Тараз қаласындағы өкілдігінің
директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым академисы және Ұлттық инженерлік академиясының академигі
Резюме
Статья посвящена профессору Нуриеву Марату Алмасаевичу. В статье говорится о его
ценных качествах и его вкладе в науку в сфере образования.
Summary
The article is dedicated to Professor Marat Almasaevichu Nureyev. The article refers to its
valuable qualities and his contribution to science in education.
Адам баласы туа салып, бірден ақыл-
есі толысқан, білімді, білікті тұлғаға
айналмайды. Ондай кемелденген тұлға
болуына алдымен ата-анасы, одан соң
мектеп, оқу орындарының ұстаздары көп
еңбек сіңіреді, бір сөзбен айтқанда, өскен
ортасы зор әсерін тигізеді. Әрине, бұлардан
да бұрын адамның өмірде қандай да бір
жетістіктерге жетуіне оның шыққан тегі,
яғни, алла берген жаратылысы негізгі әсер
етеді.
Мен әңгіме етейін деп отырған Марат
Алмасайұлы Нуриев ағамыз жоғарыда
айтылған шыққан тегі мен өскен ортасы
бір-біріне сай келген, өмірде өзінің орнын
тапқан, бүгінде елімізге белгілі ұлағатты
ұстаз, білікті ғалым ретінде айқындалып
отырған, бүкіл ғұмыры артындағы жастарға
үлгі болатын кемел тұлға десек, артық
айтпаған болар едік.
Бұл кісі маған әрі аға, әрі ұстаз, әрі дос
болып келеді. Менің Мәкеңді алғаш көрген-
ім 1963 жылы болды. Сол жылы қазіргі Тар-
аз қаласындағы Жамбыл жеңіл және тамақ
өнеркәсібі институты филиалдан жеке инс-
титут болып құрылған жалғыз жоғары оқу
орны еді. Мен сол институттың студентімін,
профессор-оқытушы қауымының саны аз,
көпшілігі жергілікті жердің оқу орындарынан
келгендер. Сондықтан, әрбір жаңа келген
мұғалім біз үшін жаңалық болатын. Бір күні
студенттер: «Ой, не білесіңдер, Москвадан
институт бітірген бір жас мұғалім келіпті!
Мамандығы жеңіл өнеркәсіп саласынан
екен, өте білімді, өзі келісті жігіт екен» деген
әңгімені гуілдетіп жіберді.
Әртүрлі жиналыстар көп болатын, со-
ның бірінде Мәкеңді алғаш рет көрдім.
Сондағы алған әсерім: сұңғақ бойлы, қалың
қара шашын артқа қайырған, келбетті,
өзіне-өзі сенімді жігіт екен. Талантты жас
мұ ғалім ұзамай-ақ институттың комсомол
комитетінің хатшысы болып сайланды,
көп игілікті істердің бастамашысы болды.
Мен группаның комсоргі ретінде Мәкеңнің
жігерлілігіне, үлкен ұйымдастырушылық
қабілетіне, мәселені терең зерттеп, оны
шеше білетін көрегендігіне риза болып
жүрдім. Студенттердің арасында институт
комсомол комитетінің хатшысы, жас ұстаз
Марат Алмасайұлының абыройы өте жоға-
ры болды.
«Түбінде ат болатын құлындардың,
танауы кең келеді, қабыртқалы», – деп,
термеші Камал Ендібаев жырлағандай,
Мәкеңнің келешекте білікті басшы болаты-
ны жас кезінен-ақ белгілі еді.
Жылдар өтті. Мен институтты біті-
19
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ріп, армияны артқа тастап, өзім бітір-
ген институтта мұғалім болып бір жыл
істеп, 1969 жылы Москва жеңіл өнеркәс-
іп технологиялық институтының аспир-
антурасына түстім. Сол жерде Мәкең
аспирантураның соңғы курсында оқып
жатыр екен.
Мәкең мені дереу өз қамқорлығына ал-
ды. Бұрын Москвада болмаған, ғылыми
жұмыстан тәжірибесі жоқтың қасы болған
маған ғылымда да, өмірде де көп нәрсе
үйретті. Мәкеңнің бойындағы тамаша бір
қасиеті табандылық еді, ол кісінің алға қой-
ған мақсатына жету үшін қайсарлықпен
еңбек ететінін мен сол аспирантурада жүріп
байқадым, бұл жөнінен ол кісі маған үлгі
болды. Бірге болған сол жылдар Мәкең мен
арамызда аға-іні болып, әрі дос, әріптес
болып, біте қайнасуымызға себеп болды.
Мәкең аспирантураны мерзімінен бұр-
ын кандидаттық диссертация қорғап аяқ -
тады да, Жамбыл жеңіл және тамақ өнер-
кәсібі институтында 1978 жылға дейін
ғылыми бойынша проректор қызметін
абыр оймен атқарды. Мәкеңнің тікелей ұй-
ым дастыруымен институтта ғылым канди-
даттары көбейді, ғылыми жұмыстарды
ұйымдастыру жүйелі түрге көшіп, іргелі
тақырыптар қолға алынды. 1971 жылы ас-
пирантураны бітіріп келіп, мен де осы
институтқа мұғалімдік қызметке кірістім,
сөйтіп 1978 жылға дейін Мәкеңмен бірге
жұмыс істедім. Мәкеңнің қолдауымен ғыл-
ым кандидаттарының көбісі сол қарқынмен
ғылым докторлары болды, солардың ар-
асында мен де бармын.
Сол жылдары ғалым Марат Алмасай-
ұлы өз інің еңбегі мен білімінің арқа-
сында жоғар ғы мектептің көрнекті тұл-
ға ларының бірі болу ға әбден лайық ек ен-
ін көрсете білді. Сондық тан болар, 1978
жылы Мәкең Алматыдағы Қаз ақ по ли-
техникалық институтына проректор қыз-
метіне тағайындалды, ары қарай 1999
жылға дейін жоғарғы және орта арнаулы
білім Министірлігінде, Алматы халық шар -
уашылық институтында, Министрлер каби-
неті жанындағы біліктілікті арттыру инс-
титутында басшылық қызметтер атқарып,
халқына адал қызмет жасады, жоғары білім
беру саласында белгілі азамат болды. 1999
жылы Алматы экономика және статистика
институтында оқу ісі бойынша проректор
қызметіне шақырылды. Институт ректоры
Сағатбек Райымұлы Райымовпен бірге осы
институттың іргесін қалап, оның дамуына,
қазіргі белгілі академияға айналуына көп
еңбек сіңірді. Институт академияға айналған
соң Мәкең оның ректоры қызметін атқарды.
«Өмір-өзен» деп бекер айтылмайды.
Тағ дыр мені 2003 жылы Мәкеңмен бірге
жұм ыс істеуге қайта қосты, мен ол кісінің
қолдауымен осы академияның Тараз қала-
сындағы филиалына басшылық қызметіне
тағайындалдым. Бірге 2009 жылға дейін
қыз мет еттік. Сонда Мәкеңнің жоғарғы бас-
шылық қабілеті, кең ойлайтын көрегендігі,
қайраты мен жігерлілігі, жаңашылдығы
сияқты тамаша қасиеттері кеңінен көрінді.
Аз уақыттың ішінде жаңа оқу орны рес-
публикаға белгілі іргелі оқу орнына ай-
налды. Ол кісінің ұйымдастыруымен ака-
демия республикадағы алғашқы жоғары оқу
орындарының бірі болып, қашықтықтан
оқы ту технологиясын енгізді.
Қазір де Мәкең Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінде
Жаң арт па технологиялар және білім беру
мазмұнын ҒЗИ-ның, кейін Макеңнің бас-
тамасымен аты өзгеріп қайта құрылған Ин-
теллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми
зерттеу институтының директоры ретінде
жемісті еңбек етіп келеді. Осы жұмыста да
Мә к ең өзінің нағыз ұлтжанды патриот екен ін
көрсетіп отыр, ол кісінің басшылығымен инс -
титут ұжымы жастардың ұлт тәрбиесі мен
ұлттың интеллектуалды потенциалын қа лай
қалыптастырамыз деген өзекті мәселелерін
көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынып
отыр. Адам бұл өмірге тек жұмыс істеу
үшін ғана келмейді, өмірдің отбасы құру,
ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу, дос-жарандарымен
араласу сияқты, тағы басқа да маңызды
салалары бар. Құдайға шүкір, ағамыздың
20
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
өмірі бұл жақтарынан да сәтті де, жемісті.
Көркем де, ақылды, байсалды мінезімен
құрметті жеңгеміз Розамен бірге атағы
ел аузында жүрген ұл-қыздар тәрбиеледі,
немерелері желкілдеп өсіп келеді. Мәкеңмен
Роза жеңгей екеуі қазіргі таңда балалары
мен немерелерінің бақыттарына айдын
көлдегі ай нұрына шомылып отырған қос
аққудай өмір сүруде. Құда-жекжаттары, дос-
жарандары елімізге белгілі, атақтары асқар
таудай азаматтар. Мәкеңнің өмірінің бұл
салаларындағы жетістіктері өз алдына бір
үлкен әңгіме.
Қысқарта айтсақ, Мәкең туралы ойлан-
сам Аллаһ ақылы мен қайратын, жігері
мен талантын, өмірге деген құштарлығын,
мейірімі мен талаптылығын қатар берген,
осы қасиеттерін аянбай еңбек етумен
ұштастыра отырып, өмірде үлкен табыстарға
жеткен кемел тұлға көз алдыма келеді.
75 жастық мерейтойын зор қанағаттық
сезіммен қарсы алып отырған Марат
Алмасайұлы ағамызға осы мәнді де
мағыналы, сәнді де салтанатты ғұмырыңыз
ұзақ болсын деп тілеймін.
КІСІЛІК КЕЛБЕТІ ЕРЕКШЕЛЕНГЕН БАСШЫ
Сейсенбаева Жанар Айтбергенқызы
филология ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт
қалыптастыру ҒЗИ директорының орынбасары
Резюме
В статье рассматривается жизнь и трудовой путь профессора Марата Алмасаевича и
его вклад в науку в сфере образования.
Summary
The article discusses the life and career of Professor Marat Almasaevicha and his contributions
to science education.
Адам емес, мәңгі өлмейтін – атағы
Жүсіп Баласағұни.
«Елді Ер танытады», – дейді халық дана-
лығы. Бұл ұғым адам санасымен бірге оян ып,
бүкіл өмірінде оның шындығына, тұрақты
құндылығына көзін жеткізеді. Ұлттың, елдің,
халықтың қабілеті де, сапасы да жекеле ген
тұлғалардың іс-әрекеті, өнері, қайраткер-
лік еңбегімен, оның кескін-келбеті, мінез-
құлқымен өлшеніп, сол тұлғаға қарап, бүкіл
ұлтқа баға беріліп жатуы да заңды құбылыс.
Бұлай болуы – сондай-ақ, әр қоғамның
өзіне тән ерекшеліктерінің де көрінісі. Қазақ
қоғамы ежелден «Сөз бастайтын шешен
мен қол бастайтын батырдың» болуына ай-
рықша мән берумен келген. Қоғам да осы
талап тұрғысынан қалыптасты. Орынды
сөз сөйлеп, ұтымды әрекет бастай алған,
тіршілігі таза, еңбегі адал, төрелігі әділ
адамға көпшілік қолдау көрсетеді, сенім
артады. Қазақ халқы ежелден ондай озық
тұлғаларға бай.
Қазақ қоғамның білім саласына өзіндік
қолтаңбасын қалдыра білген, оқу үрдісін
дамытуда әлі де ерінбей еңбек етіп келе
жатқан Марат Алмасайұлын халқымыздың
21
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
озық тұлғасы десек артық айтқанымыз емес.
Адамға ерекше қасиет, телегей-теңіз дар-
ын, биік абырой, ерен атақ бергенде Құдай
оның кескін-келбетін, болмыс-бітімін, түр-
тұлғасын, жүріс-тұрысын, кесімді сөзін, кес-
ек ой-толғамдарын, алымы мен шалымын
соған сай етіп жарататын көрінеді. Дәл осы
қасиеттің бәрі біздің басшымыз, білім беру
ісінің білгірі Нуриев Марат Алмасайұлы ның
бойында қалыптасқан.
Марат ағай есімі танымал ғалым, білгір
экономист, ұлағатты ақылшы, үлкенге – іні,
кішіге – аға, шәкіртке – қамқоршы, қатарына
– қадірлі жолдас. Әр адамның бойына біте
бермейтін мұндай қа сиеттер ананың ақ
сүтімен бе ріліп, отбасы тәрбиесімен қа-
лып тасады емес пе? Сондықтан да, дана
халқымыз «ұяда не көр сең, ұшқанда соны
ілерсің» деп қысқа да, нұсқа айтқан. Біздің
осы ма қаламызға жарқырап көзге түсуді
мақсат тұтпаған, әркез жақ сы іс терді құп-
таған, ата кәсі бін ардақ таған, ортасына сый-
лы, сегіз қырлы, бір сырлы азамат тың өмір
жо лы арқау болып отырған білікті басшы-
мыз Марат ағай бүгінде мерейлі 75 жасқа
толып отыр.
Жеке басының мұратына ізденген жан-
ның бәрі жеткен. Ал ұлт мүддесін көздеу ден,
халық қамын ойлаудан туатын биік мұрат
кісінің бәрінің көзіне түсе бермейді. Өйткені,
мұндай биік мұраттың жұлдызы парлаған
парасат көгінде ғана жанбақ. Оны көзбен
көр іп, көңілмен танығанның өзінде де, талап
қып талпынғанның бәрі діттеген жеріне
жете бермеген. Оған жету үшін талап пен
талпыныс емес, ең алдымен, Жаратқанның
жар болуы шарт, сонан соң ерен еңбек пен
берен мінез керек. Марат Алмасайұлы –
Жарат қан жар болып, өзінің парасат көгінен
ұлт мүддесінің, халық қамының қамқор
жұлдызын жандырған, ерен еңбегіне, берен
мінезіне сеніп, ұлт мүддесін көздеуден, хал-
ық қамын ойлаудан туған асыл мұратына
жеткен адам.
Профессор Марат ағай табиғатында,
ісі мен әрекетінде, еңбегі мен бейнетінде
ілімнің шалқуы да, білімнің тасуы да,
мінездің балқуы да бар.
Адамды қанша ұлықтағанымызбен,
ол, бар болғаны, қара жолдың үстіндегі
қаражаяу жолаушы іспетті: әлденені қара
тұтпаса, әлденеге қарамаса, елегзіп, қадам
баса алмайды. Ұстаз да, қанша биікте
болғанымен, сол ұлы жолдың үстінде. Бірақ
ол жолға да, қолға да емес, басқа қарайды,
алдына ғана емес, айналасына, оңы мен
солына бірдей көз салады, салт атты, сабау
қамшылы емес, адасқан жандай жалғыз
да жүрмейді, айналасымен, соңынан ерген
шәкірттерімен бірге алға асады.
Марат Алмасайұлы Нуриев – ұзақ
жылдар білім саласында еңбек етіп келе
жатқан ұстаз, ғалым, мемлекеттік қызмет-
кер және басшы ретінде қазіргі кезеңдегі
Қазақстанның білім деңгейінің жағдайы
мен дамуына оның жаһандану үрдісі
кезіндегі жаңа заман талабына төселуіне
өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға.
Көптеген жаңашыл көзқарастарымен тың
түсініктерінің барлығы халықтың рухани
дамуын жалпы адамзаттық құндылықтар-
ын бағамдауымен байланыстыратын Марат
ағайдың кісілік келбеті, адамгершілігі,
қасындағы адамдарға көмек қолын ұсына
білу қасиеті көптеген адамға үлгі боларлық.
Бүкіл саналы ғұмырын оқу ағарту ісіне
жұмсап, қазақ жастарын жанындай жақсы
көріп, шұрайлы күндерінің шұғылалы
болуына, бағыт бағдарларын айқындауына
бар күш қайратын жұмсауының өзі
мақтауға, мақтануға тұрарлық. Ол кісімен
бірге жұмыс жасаған кезеңде халық қам-
ын ойлар осы кісіден көп нәрсе үйреніп,
терең ойлауға машықтандым. Осы бір
биік бойлы, бидай өңді, қалың қасты, ілкі
сәтте жүзі сұстылау болып көрінгенімен,
тіл қатыса қалсаң жайдарыланып, әдемі
әзілімен жаныңды жадыратып жіберетін
Марат ағаймен алғаш кездескенде ол кісі-
нің терең ойлайтын, жан-жақты толғай бі-
ле тін қасиетіне, әдебиеттен, мәдениеттен
таңқалдым. Ал, Марат ағайдың салиқалы
бас шы, сарабдал маман ретіндегі бір ерек-
шелігі – қандай жағдайда да тез шешімге
келе алатын стра тегиялық көсемдігі әрі
22
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
көріпкелдігі дер едік. Көріпкелдік дегеннен
шығады, ағайдың көпшілік біле бермейтін
тағы бір ерекше қасиеті бар. Ағайдың айтқан
ой-тұжырымы білім саласынан болсын,
саясаттан болсын, өмірлік тұжырымдардан
болсын айтқаны айдан келіп отырады.
Өйткені, ол кісінің жан-дүниесі әрдайым
халықтың жай-күйінен, жұрттың «жанынан
көрінетіндігімен», алыстан сермеп ойлай
білетіндігімен ерекшеленеді. Марат ағайдың
бүгінде ғылым мен білім саласына осындай
өзгеріс енгізіп, жаңалықпен жаңғырту керек
деген ойлары мен көзқарасы міндетті түр-
де жүзеге асып жатады. Сондай жағдайда
ағайымыздың көрегендігіне таңданбасқа
амалымыз қалмайды.
Дарынды басшының басып өткен өмір
жолы кез келген пендешіліктен өзгеше,
тартысы мен тауқыметі, күнгейі мен көлең-
кесі, табысы мен тоқырауы, қат-қабат қиын-
шылықтардан тұратын ғұмырын білім сала-
сын жетістікке жеткізуді мақсат тұтқан оның
ұстанған темірқазығы, мұраты – туған хал-
қына, Қазақстанға барынша адал қызмет ету.
Жоғары білім беру мазмұнында өз ісінің
шынайы шебері атанған, жұмысының бү-
ге-шүгесіне дейін бес саусақтай білетін,
қыр-сырына терең бойлап, қажетті кез-
інде «аударып-төңкеріп» тастап-ақ, жөн-
ге келтіруді ұтымды ұйымдастыра алатын-
дығымен де Марат ағай біздің ұжымға
көп нәрсені үйрете білді. Мынау қызығы
мен қиындығы көп өмірден түйгенім –
ешкім де анадан төрт құбыласы сай болып
туылмайды. Филология мамандығын бітір-
ген мен өзім педагогика саласын жан-
жақты қарастыра білуге, ұжымдағы тарих,
география, биология мамандықтарының
мамандарын білімнің жан-жақты саласына
дайындауға машықтандым. «Ұстазы жақсы-
ның ұстамы жақсы» деген нақыл сөз біздің
ағайға арналғандай. Себебі, кез келген
маман өзінің зерттеген оқыған, тоқыған
ай мағын терең түсіндіргенімен білімнің
жан-жақты саласын саралап, ұғындырып,
шәкірт тәрбиелей бермейді. Ал, Марат ағай
өмірлік тәжірибесін, білімін жан-жағына
үйретуде еш жалықпайды. Ұстаз деген
есімді естігенде, жаның гүлдей құлпыра
кетеді. Осындай ұлағатты, кемеңгер, асыл
жандарды жаратқан Алла тағаламызға шүк-
ірлік етеміз. Бұрынғы заманда мұсылман
әлемінде ұстазға деген сый-құрмет жоғары
болған екен. Өйткені, білгенін басқаларға
үйрету, адамгершілік пен имандылыққа
баулу – ең сауапты істердің бірі. Оқу, білім,
адамгершілік, әдеп, тәрбие – бәрін ұстаздан
үйренген шәкірт ұстазды өз ата-анасынан
кем қадірлемеген. Қайта терең ойлауға,
жан-жақты түсінуге бағыт-бағдарын беріп,
білім беру жолында жетілдірер бағытты
көрсетеруінен шәкірттерінің үйренгені де,
үйренері де мол екені анық.
Бүкіл бір аумақтың үстімен де, астымен
де тәртіпке тартылып, мемлекеттік мекеме,
кәсіпорындардың, өндіріс орындарының
жұм ысын жүргізіп «қозғалысқа келтіретін»
ағайдың қатаңдығы да бізге көп нәрсені үй-
ретті, бізді қатайта білді десем артық айт-
қандығым емес шығар деп ойлаймын.
Қатаң тәртіп дегеннен шығады, Марат
ағайдың өзімен және жұмысымен танысу
барысында ол кісінің ата-бабасынан да-
ры ған қаталдау мінезін, өктем сөйлеп,
өткір сөз айтатынын, тәртіпті, реттілікті,
тиянақтылықты сүйетінін, өзінен де, өзге-
ден де осыны талмай талап ететінін бай-
қадық. Ата-бабасынан дейтін себебіміз,
ағай дың шыққан тегінің, туған жерінің
жай еместігін меңзегінім болып табылады.
Кім-кімге болса да, кіндік қаны тамған
жердің шапағаты тиері сөзсіз. Кең-байтақ
қазақ жерінің әр өңірінің өзіне лайық көркі,
қасиеті мен табиғат байлығы бар. Солар дың
ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ән-
ге қосқан Үшқоңыр жайлауының жанын-
дағы алыстан көзге шалынатын Шамалған
жерінде туылған Марат ағайға сол өңірде
дүниеге келген батыр бабаларының қасиеті-
нің ерекше дарығандығы дер едім. Осы
өлке ел билеген шешендерді, ақындар
мен өнер майталмандарын айтпағанда он
жеті жасында жоңғарларға қарсы ұрыста
ерлігімен танылған Қарасай бабасынан
23
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
қалған тектілігі өктем сөйлеп, қатал талап
қоя білуінен байқалады. Батырдың тектілігі
ұрпағына даритынын әркез мойындаған
халықтың ұрпағы болғандықтан, ағайдың
қаталдығын бабасынан қалған тектілік деп
ұғынамыз.
Ал, жай кездері үлкенмен де, кішімен де
құрдасындай қалжыңдасып, ақкөңілділік-
пен ашық-жарқын жүретінін аңғардық.
Осы қасиетін де үйреніп, өмірде осындай
болудың да дұрыс екендігіне көз жеткіздік.
Себебі, жұмыстағы қату қабақ қаталдықты
тірліктің басқа жаймашуақ жайлы кезіне
жетелеп әкелгеннен не ұтасың? Марат ағай
қай салада қызмет атқарса да әкімшіл-
әміршіл заманның өзінде жергілікті жер дің
жағдайына қарай, ең алдымен халықтың
мүддесін ойлап, байсалдылықпен жұмыс
істеген қызметкер.
Осы таңда адам өмір жолының асқар
биігі – жетпістің бесеуінің шыңына шығып
отырған ағайымыз көпшілік ғұмырын Қаз-
ақстан болашағына арнаған зиялы аза мат
ретінде таниды. «Еңбек – ер атандырады»,
«Адам еңбегімен көрікті», «Беделді сақ -
тай тын берекелі еңбек» деп еңбек ад-
амының өмірлік жолы көп адамға үлгі
боларлықтай. Өмір жолында еңбексүйгіш-
тік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп,
нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға
ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп,
қызметтің ең қызықты да, қиын салаларын
атқарып отырған абырой-беделіңізді атап
өтпей кетуге болмас.
Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызық,
білген жақсылығының ең бағалысы, аса
қымбаттысы – перзент. Халқымыздың
«Лаш ын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала
қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген аталы
сөзі тегін айтылмаса керек. Марат ағайдың
өз балаларын, немерелерін мақтан тұтып,
оларға тек асқар тау әке ғана емес, жандарына
ең жақын дос ретінде өзін-өзі ұстауы ол
кісінің терең көргендігін көрсетеді. Жұмыс
жасаған кезеңде ол кісінің ұл-қыздары-
ның жеткен жетістіктерін мақтана айтып
отыратын кезеңдері мен немерелерінің
біліміне сүйсініп, шөберелерінің әрбір
қылығына жымиа еске алып отыратын
сәт терінің куәсі болдық. Әкелік, аталық
мейірімін шашып отырған сәттерінде ол кісі
өзінің ең бақытты жан екенін айтып, өнеге-
лі өмірінен естеліктер айтып, жақсылық
жасаудың осындай кемелділікке апаратын
жол екендігін ұғындыруына таңданамыз.
Ағайдың тәрбиелеген балалары бүгінде
өмір шыңының асқар биігіне шыққан
азаматтар десек артық айтқандық емес.
Марат Алмасайұлы жары Роза апаймен ел
ертеңін ойлар үш қыз, бір ұл, сегіз немере
тәрбиелеп өсірген жандар. Ұлы Қанат
Ал матыдағы «Адани» атты көпсалалы
құры лыс фирмасының бас директоры
қызметін атқарса, Сауле қызы «ДалаТур»
туристік фирманың президенті. Кіші
қызы Айгүл бүгінде Қазақстандағы белді
бизнес әйелдердің жоғары санатындағы
тұлға. Немерелері шетелдің белді универ-
ситеттерінің студенттері мен түлектері.
Бүгінде Марат ағай мен Роза апай ұл-
қыздары мен келін, күйеу балаларының,
немере шөбелерінің қызықтарына тоймай,
шаттанып отырған ата мен әже.
Бұл жылдар Марат ағайдың қоғамдық
және жемісті еңбегінің нағыз кемеліне
келген кезең болды. Туған елге деген
сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы
биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында
дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп
келеді.
Қорытып айтқанда, Марат ағай ақылы мен
еңбегіне сенген азамат. Екеуі екі жақтап оны
әжеп тәуір биікке көтерді, құлашын алысқа
серметті, ойын тереңге бойлатты. Күнделікті
қызметпен қатар ғылым қуып кандидаттық
ғылыми дәрежесі мен профессор, жоғары
мектепке еңбегі сіңген қызметкер ата ғына
ие болды. Сөзден гөрі істің адамы ғалым
ағаймыз – білім саласына өзіндік үлесін қоса
білген азамат.
Қоғам игілігіне бағышталып отырған
ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына
өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе
қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз
қашанда арта бергей! Роза апай екеуіңіз
бала-шағаларыңыздың ортасында, немере-
шөберелеріңіздің қызығына тоймай, шәкірт-
теріңізге қамқоршы болып, ұлтымызға ад-
ал қызмет жасайтын алаш азаматтарын
тәрбиелей беріңіз дегіміз келеді.
24
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |