Бас редактор


Жеке тұлғаның қалыптасу үлгісі



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Жеке тұлғаның қалыптасу үлгісі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Еліктеу 


Орнын табу  

Бағыну  


Істей аламын 

Оқимын  


Үшін керек  

Біз (қоғам) 

Істеймін  

 

Мен 



Төзім 

Ынта  


Түйсік  

Талаптану  

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  білі мі  

психологиялық-танымдық іс-әрекет негі зін-

де  ғана бақылауға алынса тиімді болатыны 

бел гілі.  Ол  үшін  танымдық  жаттығулар, 

мағы налы  есте  сақтау,  зейінділік,  ішкі  әре-

кет  жоспары  бейнелік  кеңістік  бай ла ныс-

тар  бағыттарында,  жүргізіледі.  Оқы ту да 

танымдық  іс-әрекет  көп  жағдайда  сабақ-

тар мен,  практикалық  сабақтармен  және  үй 

тап сырмасын  орындаумен  ғана  шектеледі. 

Ал  ба лаларға  қойылатын  психологиялық 

диа гностика арқылы танымдық іс-әрекеттің 

құры лымында  оқушының  психикалық  да-

муын да қандай да бір ақаулар бар ма? Олар-

дың  дамуындағы  маңызды  мәселеге  куә 

боларлықтай  және  эмоционалды  қиын дық-

тардың туындауына коммукативтік жос пар-

ды  толық қалыптастыру қамтылған, ба?

Көп  жағдайда  танымдық  процестердің 

өте   маңызды  мәселелерді,  қиындықтарды 

ескер меу  салдарынан  таным  дұрыс  қалып-

тас пайды. Ол тек сабаққа ғана емес, сонымен 



70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

бір ге, тұлға дамуында, танымдық іс-әрекетке 

де  кедергісін  тигізеді.  Мысалы,  мұндай 

бала лар  үндемегенді  қалайды,  өзін  өте  ен-

жар   ұстайды  және  сабақ  тапсырмаларын 

жиі   орындамайды.  Осы  себептен  баланың 

жа ңа тақырыпты меңгеруі төмен болады да,  

балада қажетті білімді дұрыс меңгере алмай-

ды.  Сонымен қатар, мектептегі оқу процесі 

ойда ғыдай жүргізілмеген жағдайда, мысалы 

төмен гі сынып оқушысы сабақтың мазмұнын 

жат тап  алып,  бірақ  мағынасын  түсінбейтін 

бол са,  өз  бетімен  пікір  айтып,  қорытынды 

жа сау ға қатты қиналатыны сөзсіз. Бұл мәселе 

жөнін де  В.В.Давыдов,  В.И.Слободчиков, 

Г.А.Цукерман  еңбектерінде  «адам  өзін  өз-

гер  ту үшін оның білім алуы керек, ол бірін-

шіден,  өзінің  білімді  меңгеру  шегін  білуі 

қажет, екіншіден, өз мүмкіншілігінің шека-

ра ларына өте алуы қажет», - дейді.

Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамыта-

тын  жаттығулардың  кешенді  орындалуы 

олар дың  танымдық  іс-әрекетінің  барлық 

түрле рін қамтиды.

Сол себепті де, бала есінде берілген тап-

сыр маның  жақсы  сақталуы  үшін  мынадай 

әрекеттер мен тәсілдер қолдануға болады: 

1) Көрнекі құралдарды қолдану. Баланың 

жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым оның 

танымдық  іс-әрекетінде  сезімдік  қабылдау 

зор  рөл  атқарады.  Сондықтан  материалды 

ес те қалдыру үшін де, мүмкіндігі бар жерде 

көр некі материалға сүйену өте маңызды. 

2)  Қайталау.  Көптеген  мұғалімдер  оқу 

материалдарын есте берік сақтаудың ең басты 

және  тиімді  құралы  бірнеше  рет  біртекті 

қай талау  деп  есептейді.  Балалар  қайталау 

ар қылы ережелерді жаттап, теориялық білім 

негі зін толықтырып отырады. 

3) Өзін-өзі бақылау. Адам өзі істеген істі 

бекіту үшін, өзі жеткен нәтижені білуі қажет. 

Берілген кез келген дәрежедегі материалды 

оқып  игерудің  кез  келген  қалыптасуы 

дәрежесінде өзін-өзі бақылау үлкен рөл ат-

қа ра ды.  Өзін-өзі  бақылау  балаларды  өзіне 

сын   көзбен  қарап,  берілген  тапсырманы 

орын дауға жауаптылығын артттыруға үйре-

те тіндіктен,  әсіресе  төменгі  сынып  оқу шы-

ла ры үшін өте қажет.

4)  Себептер  мен  нұсқау.  Адамның  кез 

кел ген  басқа  қызметі  сияқты  мнемикалық 

қызметінің  жемістілігі  де  ізденулерге,  яғни 

оны туғызған себептерге, нұсқауда берілген 

дәрежедегідей оны орындау әзірлігіне бай ла-

нысты. Бала материалды есте сақтап қалуы 

үшін есте сақтап қалуға тиісті екенін білуге 

және оны есте сақтап қалғысы келуі тиіс.

5)  Есте  сақталған  материалдың  мағы на-

сын ұғыну. Кішкентай балаларға сөзбен не-

месе  тіпті  сезімге  әсер  етерліктей  беріл ген 

мазмұнның мағынасын ұғыну өте маңыз ды. 

Көптеген  тәжірибелер  барысында  мағы-

налық  жағынан  байланыстыруды  қалып-

тастырған  жағдайда,  материалды  еске 

түсіріп  қайталауда  оқушылар  үлкен  жетіс-

тік терге  жеткен.  Есте  сақталғанды  ұғыну 

үшін  балаларға  әр  сөздің,  терминнің  мәні 

түсі нік ті болуы қажет.

6)  Есте  сақтау  және  ұмыту.  Материалды 

жаттау,  оны  қайтадан  еске  түсіру  арасында 

кететін  уақыт  жасырын  немесе  латентті 

кезең деп атайды. 

7)  Жаңғырту.  Есте  сақтау  процесінің 

соңғы  сатысы,  қайталап  еске  түсірудің  ең 

же ңіл  нысаны  тану  процесі  болып  табы-

ла ды.  Бұл  арада  қабылдау  мен  есте  сақтау 

процестерінің түйісуі жүзеге асады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларымен  күн де-

лік ті жүргізілетін жұмыстың және көптеген 

ба қы лау  жұмыстарының  қорытынды  нәти-

же лері:

–  біріншіден,  бұрынғы  кезде  қажет  бол-

ғандай ұзақ мерзім ішінде емес, 7-9 жастағы 

балаларға  көлемі  жағынан  айтарлықтай 

үлкен  материалдарды  барынша  қысқа  мер-

зім де-ақ  есінде  ұстау  балалардан  да,  мұға-

лім дерден де айрықша күш жұмсауды талап 

етеді;


– екіншіден, төменгі сынып оқу шы ла ры-

ның  барынша  күрделі  оқу  материалдарын 

игерудегі  осы  жетістігі  балаларды  оқыту дың  

жаңа  жүйесінің  нәтижесі  болып  табы лады. 

Балалардың  қабылдағандарын  ұғыну ға   мүм-

кін діктер бере алатын ақыл-ой белсен ді лігі мен 

жатталынған  мазмұнды  түсі ну ге   негізделген 

оқыту  есте  сақталуға  тиісті  мате риал дардың 

барынша толық, ұзақ сақ та луы на,  оны қайталап 

еске түсірудің дәлдігі және әр  түр лі жолдарын 

барынша еркін пайдалана бі лу ге жетелейді; 


71

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

–  үшіншіден, логикалық есте ұстау бала-

ның  жас шамасына қарай пісіп-жетілуінің ға-

на  нәтижесі емес, ең алдымен-оқыту жүйесі 

мен  баланың  қысқа  өмірінде  жинақталған 

ша малы көрген-түйгенінің нәтижесі екен ді-

гін  тәжірибе көрсетіп тұр. 

Баланың ұғынып жаттаудың тиімді тәсіл-

де рін  үйренуге  баланы  баланы  мек теп  

жасына жетпеген кезінен бастап дәйек ті лік-

пен  үйрету қажет.

Демек, дамытатын танымдық жаттығулар-

дың   мақсаты  мектептегі  оқытудың  интел-

лекту алдық  потенциалын  (әлеуетін)  көтеру 

және  әр  сабақты  оқушының  таным дық  

құқықтарын  меңгеруге  бағыттау  тап сыр ма-

ның  шешу  жолдарын  талдау,  тапсырманың 

орын далуына  түрлі  тәсілдер  іздеу,  өзінің 

шеші мін құрбыларының жұмысымен салыс-

ты ру,  өзінің  дәлелдеген  шешімін  айтуға 

үй ре ту  болып  табылады.  Грамматикалық 

алғаш қы мағлұматтардың мазмұны ашылып, 

дамы тылуы  жағы қарастырылады. Сонымен 

қатар оқушының оқып отырған пәнге қызы-

ғушылығын, ынтасын, белсенділігін арт ты-

рып, сабақты танымдық жаттығулар  арқылы 

арттырып,  сабақты  танымдық  жаттығулар  

игеру  мақсаты  көзделеді.  Бұл  арқылы  оқу 

процесінде  тұлғаның  сөйлеу  тілі,  дүние 

таны мы, грамматикасы дамиды.

Қазақ психологы М.Мұқановтың пайым-

дауынша  баланы  оқуға  итермелейтін  күш 

не гізін де  мынандай  екі  түрлі  түрткіден 

құра ла ды. Бірінші – сыртқы түрткіден, бұл 

жағдайда бала өзгелерден сескенетіндігінен 

оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, 

жанама  түрде,  өзгелердің  оған  қолданған 

шара сы нан өзін аман сақтап қалудың амалы 

деп тү сіну керек.

Екіншіден,  оқуға  іштей  талпыну  түрткісі 

дегеніміз – баланың өзінің ықыласы мен  сан 

алуан  құбылыстардың  өзіне  тән  сырла рын  

білуге  ұмтылуынан  болады.  Сыртқы  түрт кі-

нің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызы-

ғу шы лығын  арттырып  оқушыда  «оқығым 

келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», 

«менің  жауап  бергім  келеді»  деген  сияқты 

мотив термен оның іштей оқуға талпынуына 

үйлес тіріп оқыту керек. Ол үшін бастауыш 

сы нып  жасындағы  балаларды  сабақ  бары-

сын да бағаға тәуелді қылмай, өзіндік бағалау 

дең гейін  көтеріп,  ынталандыру  бағытында 

жа ңа инновациялық бағалау жүйесін енгізу 

қа жет деп ойлаймыз. Мәселен, дәстүрлі баға-

лау дың  орнына  ата-аналары  мен  мұғалімге 

ға на түсінікті болатындай, әр түрлі, көз қызық-

тыратын жапсырмалар (наклейкалар) ар қылы 

бағалауды қолдансақ болады. Әрі ба ла ларды 

қатаң  тәртіпке  тәуелді  етпей,  еркін дікте, 

бүгінде әлем елдері мойындаған Монтессори, 

Вальдорф мектептерінің элемент терін енгізу 

оң нәтиже беретініне кү мә н іміз жоқ.  

Сондай-ақ, оқытудың бұл кезеңі дамы ту-

шылық  іс-әрекеттің  негізгі  мақсаты  –  оқу-

шы  лар ға әлеуметтік-психологиялық жағ дай-

лар  туғызу. Бұл мақсатқа жету үшін төмен-

дегідей тапсырмалардың жүзеге асуын қа да-

ға лау қажет:

1.  Оқушылардың  бойында  когнитивтік 

іс кер лік пен қабілеттілікті дамыту, бастауыш 

мек теп те оқытудың табысты болуын қам та-

ма сыз ету үшін білімді меңгеру мен дағ ды-

ла нуға  психологиялық  кешенді  түсініктер 

қа лып тастыру.

2.  Оқушыларда  әлеуметтік  және  ком-

му ни кативтік іскерлікті дамыту арқылы пе-

да  гог пен,  құрбыларымен  қарым-қатынас 

жаса уында  психологиялық  қажеттіліктерді 

қалып тастыру тапсырмасын орындау.

3.  Оқыту  мотивациясының  тұрақты лы-

ғын  қалыптастыру,  балалардың  «мен  кон-

цеп циясы» позитивтік орталығында өзін-өзі 

баға лау тапсырмаларын дұрыс орындау.

Дамытушы жұмыстарды әртүрлі нысанда 

(формада)  ұйымдастырудың  мүмкіндіктері 

оқу шының  танымдық  іс-әрекетінің  тиімді 

жә не психологиялық нәтижелі болуына жағ-

дай туғызады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Нуриев  М.А.,  Садыкова  А.Е.,  Сейсенбаева  Ж.А.,  Мырзаханова  И.А.  Теоретические 

основы  формирования  интеллектуальной  нации  в  условиях  высшейшколы  как  условие 


72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

инновационного развития РК. Фундаментальные исследования. №4, 2013. РИНЦ Импакт 

фактор -0,144.

2  Оспанбаев М. Мемлекеттік психологиялық қызмет жүйесінің мазмұны. – Тараз, 2002. 

3  Байдрахманов А.К. Психология подростка раскрепащенное тело и развития. – Алматы, 

2003.


4 Аралбаева Р.К. Ахмедиева Г.Н. Кабдолданова К.Д. Бастауыш сынып мұғалімінің бүгінгі 

таңдағы маман тұрғысында кәсіби дайындау. – Бишкек, 2002.

5 Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. – Алматы, 2000.

6 Цукерман Г.А. Зачем детям учиться? – Москва: Знание; 1985. - 136 стр.

7 Мұқанов М.М. Жас және педагогиклық, психология. – Москва, 1996. - 372 б.

8 Сейсенбаева Ж.А., Садыкова А.Е.,  Советканова Д.М., Курмангали А.К. Психолого-

педагогические основы интеллектуального развития школьников в проблемном обучении

(Қыргызстан) 2013.

9  Садыкова  А.Е.,  Мырзаханова  И.А.,  Советканова  Д.М.  Роль  учителя  в  развитии 

интеллектуального  и  творческого  потенциала  молодежи.  «Международный  журнал 

экспериментального образования». // №3 (часть 1), 2014 год. Импакт-фактор РИНЦ = 0,048.

Бала өсіргің келсе, дана жүректі,

Қатты ұста, үйрет білім ізетті

Жүсіп Баласағұн.


73

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 8.2.14



Ж.Ө.Доскужанова

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

«Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы

Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ

Бұл  мақалада  ақын  Ф.Онғарсынованың  өлеңдеріне  талдау  жасалынған.  Ізденістің 

шыңырау тереңіне түркі халықтары әдебиеті мен Шығыс поэзиясы арқылы бойлау – Фариза 

Оңғарсынова ақындығының бір тіні десек, халық ауыз әдебиетінің әсері, сондай-ақ жырау 

ақындар мұрасының ықпалы мен Махамбет дәстүрінің мектебінен өту-екінші қыры делік. 

Міне осы жайттарға автор кеңінен тоқталған.



Түйін сөздер: поэзия, ақын, Махамбет, күрескер, әдебиет.

В  этой  статье  проанализированы  стихи  поэта  Ф.Онгарсыновой.  Если  проникновение 

вершинам поиска через литературу тюркского народа и Восточную поэзию – одна суть ис-

скуства  Фаризы  Онгарсыновой,  влияние  народной  литературы,  также  влияние  наследия 

акынов жрецов и прохождение школы традиции Махамбета – вторая суть. Над этим автор 

остановился широко.



Ключевые слова: поэзия, поэт, Махамбет, борец, литература.

This article analyzes the poems of F.Ongarsynova. If penetration tops search through the litera-

a. If penetration tops search through the litera-

ture of the Turkish people and Eastern poetry - one essence of art Fariza Ongarsynova, the influ-

ence of folk literature, the influence of heritage poets priests and the passage of school tradition 

Makhambet - the second point. Above this, the author stopped widely. 



Keywords: poetry, poet, Makhambet, wrestler, literature.

Ақындық  болмыс,  бітім  дегеніңіз  Фариза  Оңғарсынова  поэзиясында  тақырып  таң-

дамайды.  Туған  жер,  өскен  орта,  табиғат, 

көңіл күй, махаббат, философия, саяси және 

әлеу меттік жырлар ақынның айналып соғар 

қазығы,  табан  тірер  тұғыры  –  Ұлы  Отанға 

бас  иіу  миссиясынан  түзіледі.  Айталық, 

Махамбеттің Нарындағы найзағай – ғұмыры 

намыс ты ерді налытты:

Мен Нарыннан кеткенмін,

Нарынды талақ еткенмін.

Қуатымның барында

Ағыны қатты Жайықты

Тіземмен бұзып өткен мін [1].

(Мен Нарыннан кеткенмін)

Фариза ақын туған жері Нарынның өткен 

тарихынан сыр шертіп, оны кейінгі ұрпаққа 

үлгі  етіп  айтудан  жалықпайды.  «Бабамның 

тері тамған топырағыңнан әрқашан жас жа-

ны ма сусын алам». Ардақты ердің атын ұмы-

ту ды,  әрдайым  естен  шығармауды  қасиет 

көр ген кейіпкер үні:

Ардагер Махамбеттей ақын ұлың

Шөлдеген құмдарыңды жырға малды

Талай жан сенде азаттық аңсап өтті

Исатай  бостандық  деп  жар  сап  өтті  [1] 

(Нарын)  -  деп  жар  салады.  Жырларының 

желі сі Нарынмен мұңды – шерлі көрінер ба-

тыр ақын Махамбеттің күрескерлік мүддесі 

де қа лың жұрт – қара орман тағдырына алаң-

мен,  «құсалықпен өтті ғой»...

Алақандай Нарында

Ата менен ана бар,

Іні менен аға бар

Қатын менен бала бар

Қарындас халқым жана бар [1]. (Нарында)

Нарын жұртының кешелі – бүгінді тари-

хын  баяндау арқылы қоғам дамуының кекін 



74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

–  кел бетін  поэзия  тілінде  жарқ  еткізіп,  жа-

рия  етудің  эмоцияналды  лирика  тудыруда 

стильдік ерекшелігі де бар. Махамбет дәс тү-

рінің екпінді, әуенді мақамын бұзбай, тіп ті  

тақырып, мазмұн барысын да толықтай сақ-

тай отырып, одан әрі дамытқан ақынның бірі 

– Фариза екенін төмендегі шумақтар тағы да 

дәлел дей түседі:

Еділдің бойы – ен тоғай-

Жайлаған біздің ел талай

Аймағым десем, кім сенер?

Бытқылда қалған Нарынды,

Қыздары көркем, әні – үлгі,

Жігерін жаудың құм етіп,

Егеулі найза қолға алған

Атаны  көріп  оқ  жонған...  [1]  (Ей,  құм 

Нарын,құм Нарын) - деп келетін үрдіс үлгісі 

бүгін де сақталғандығына куә боламыз. Ма-

хамбет  арман  еткен  «ел  қондыру,  мал  тол-

тыру»  сынды  «ұлы  арман»  мұрагерлерінің 

шат тық  қуанышы,  салтанатты  тұрмысында 

әлі  де  мұң  басым.  Лирикалық  кейіпкердің 

аруақ ты ерге айтар назын алаң көңілдің ала 

бұл ты торлаған:

Тазарар түрім жоқ менің

Жанымның кірін жумай бір

Махамбеттің рухымен

Бұл айтылған бірдің емес, мыңның аты-

нан сөз алған лирикалық қаһарманның сөзі 

деу ге  толық  негіз  бар.  «Лирикалық  герой 

–  ақын ның  өзі,  ақын  өмір  сүрген  ортаның, 

оның  замандастарының  жиынтық,  типтік 

бей несі»  [2,  16]  деп  жазады  филолог-ға-

лым   М.Дүйсенов.  «Махамбеттің  жырла-

ры  қазақтың  мол  өлең  қазынасында  тек 

сұлу лы ғымен  ғана  емес,  қызулығымен  қи-

ын  түсер  өткірлігімен  ерекше  тұрған  дү-

ние»  [2,  15]  екенін  ескерсек,  дәстүр  арна-

сы ның  тұнығынан  қанып  ішкен  ақынның 

ба ба  өнегесін  сақтай  келе,  одан  әрі  тү ле те 

дамытқандығына  куәміз.  Махамбет   жыр ла-

рын дағы  күрескерлік  рух,  сөз  саптаудағы 

ер ен  еркіндік,  ерлікке  үндер  қатулы  мінез, 

сол сықылды аздаған мұң жалатқан қаһарлы 

ашу   т.с.с.  ақындық  ажыратымды  анықтар 

сти ль айқындығының біраз белгілері Фариза  

ақын   поэзиясында  молынан  ұшырасады. 

Жал пы жыраулар табиғатының тәлімінен өз 

соқпағын тауып, жол салған және сол со ны 

даңғылдың  арна-жиегін  көне  сөз  сүлей ле-

рінің әшекей-асылдарымен безендіру – ақын 

Ф.  Оңғарсынова  суреткерлігінің  бір  қы ры. 

Ақынға  ақынның  еліктеуі  бар  да,  сол  елік-

теу дің ізімен жүре отырып, жаңа бір форма 

тудыру бір басқа. Фариза лирикасының Ма-

хамбет дәстүрін дамытқандығын сөз еткен-

де,   біз  осы  ерекшелікті  ескеруіміз  керек. 

Ақын,    жыраулар  поэзиясына  тән  үдемелі 

ек пін Махамбет өлеңдерінде өткен дәуірдің 

кү рес  күндеріне  сай  үгіт-насихат  есебінде 

туын дап отырса, Фариза Оңғарсынова жыр-

ларында сол жалынды уағызды қажет қылар 

өсиет ті  сөз  өрнегі  сақталған.  Төмендегі 

өлең үзіндісінде Махамбетше толғаған ақын 

кейіп кердің өз үні, өз дауысы мығымдау шы-

ға ты ны аңғарылады:

Аруақтарын шақырып,

Арыстандай атылып,

Жауларын қуған ақырып,

Батырлар туған бұл жерді

Әулие тұтсам, шетін бе?

Өмірі өткен желдің өтінде

Исатайдың бір белгі

Қалды ма жердің бетінде?

Қалса, бір барып түнейін,...[3]

Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің өріміне 

ен деген сайын Махамбет мектебінің тәрбие-

та ғылымы барынша биіктей түседі. Өнердің 

қы ран құсы боп қалықтаған мұзбалақ ақын 

қай бір кезде Фаризаның түсіне кіріп, аян бе-

ре ді. (Алмас қылыш немесе мен Махамбет-

пен қалай кездестім поэмасы) [1].

Үш кездесуден тұратын ақын түсінде Ма-

хамбет – кейіпкерге автор мынаны айт қы за ды: 

Үмітім сенсің, жас құсым,

Түлеп ұшатын тұғырдан.

Тек шындық күтем мен сенің

Ақ алмас жүзді жырыңнан!

Бұл – аталған эпмкалық туындының соң-

ғы шумағындағы ой түйіні. Жауынгер ақын, 

сарбаз суреткер, қазақ өлеңінің ақиығы Ма-

хамбетке  арналған  ақ  жарқын  тілектердің 

тоғысы  батыр  баба  рухына,  аруағына  та-

быну  сықылды  сипаттармен  сараланады. 

Махамбет  салған дәстүр тылсымынан нәр ал-

ған  ақынның шабыт шақырар бойтұмары да 

ер бабаның, азаткер саңлақтың дәл өзі. Олай 

деуіміздің себебі мен дәлелі – Махамбет есімі 


75

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ақынның көптеген шығармаларында аталып 

отырады. Ол үшін ақын поэзиясының гале-

реясынан  қысқаша  ғана  үзіктер  келтірсек 

керек:

а) Қиянаттан күрсінсе,



Батыр – уақыт,

Махамбетше турайтын қақыратып

Айбалта –жыр керек-ақ адамдарға [1].

ә) Дауыл екпіні тасыған бойда

Махамбеттердің ерлігі

Революциямен жалғасып [1].

б) Мынау ұрпақ ішінен шығар сонда

Махамбеті, Абайы, Кенендері [1].

в) Өнер десе бір тыным таппай жаны,

Махамбетті жас-кәрі жаттай ма әлі? [2].

г) Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме...

Ондай жыр-ем кеселге [2].

д) Ойлаумен жерін, сор халқың,

Іздеген түнде жол жарқын

Шам-шырақ еткен жапанға жайдай жыр-

ларын

Махамбет шығар ол бәлкім? [2].



е) ... жайлылық таппай жер-көктен,

өзіңе тұстас бір мұңдық

Махамбет – сынды ер де өткен.

Махамбеттің де өр басын

Ауылдастары қаққан-ды [2].

ж) Далаға кеп Абайлар, Махамбеттер

бүгін кездестіргендей іңкәрларын [2].

Өмірдегі  және  ең  бастысы  өнердегі  үлгі 

тұтар ұстазы санаған Махамбет тұлғасының 

ақын  Фариза  Оңғарсынова  үшін  өнеге  – 

ұлағаты ұшан-теңіз. «Шын ақын болсаң тар-

тынба, найзағай болып жарқылда» деп түсінде 

аян  берген  батыр  бабасының  ама натына 

қылау түсірмей келе жатқан ақын ның ақ ал-

мас жүзді жыр-семсерін абыроймен жоғары 

ұстары және анық. Фариза Оңғарсынова  ли-

рикасында  өрнектердің  өрім-өрісін  салыс-

ты ра  тексеруді  еңбектің  алдағы  беттерінен 

та ба аласыз.

Ақын,  жыраулар  мұрасының  ақын 

Ф.Оңғарсынова  шығармашылығына  ық пал  

–  тәрбиесін  өткен  дәуір  әдебиетінің  дәс түр 

арнасында  мейлінше  таразыладық.  Көш-

пен ділер  әдебиетінің  көне  замандағы  жыр-

мұра ғатынан  үлгі  теріп,  өз  өлең  –күмбезін 

көтеруге  керекті  әшекей  -  өрнектерді  ек-

шеп  алып,  жарату  да  шеберлік  танымын 

аңғартса  керек.  Төл  әдебиетіміздің  ортақ 

арнадан  тарайтын  дәстүр  –  жәдігерін  жаңа 

заманға  сай  жасандырып,  жаңғырту,  сөйте 

келе  сөз  өнерінің  өрісін  кеңейтіп,  өресін 

биік те ту – нағыз талаптарға тән сын болмақ. 

Қазақ  әдебиетінің  өткен  тарихына  терең 

тал даулар жасап, зерделеген М.Мағауиннің: 

«Қа зақ  әдебиеті  қазіргі  Қазақстан  жерін 

жай лаған  тайпалар  туғызған  бай  рухани 

қазынаның  заңды  мұрагері.  Ол  өзіне  дейін 

ғасырлар  бойы  жасалған  мол  мұрадан  нәр  

алды,  ежелгі  дәстүрлерді  дамыту,  тың  та-

қы рыптар  игеру,  соны  соқпақ  –  сораптар 

қалып тастыру  нәтижесінде  кемелденді»  [3] 

- деген тұжырымы баяғы заман мұраларына 

қаратыла айтылса да, бүгінгі дәуір дидары-

на әлі де мәнін жоймағаны белгілі, жоймақ 

та  емес.  Қорыта  айтқанда,  ақын–жыраулар 

мұра сының  өнеге-үрдісі,  жарқын  жалғасы 

Фариза  Оңғарсынова  лирикасында  жемісті 

желі  болып  тартылған,  өзіндік  (стильдік) 

қол таңбасын белгілеген.

Ізденістің шыңырау тереңіне түркі халық-

тары әдебиеті мен Шығыс поэзиясы арқылы 

бойлау – Фариза Оңғарсынова ақындығының 

бір тіні десек, халық ауыз әдебиетінің әсері, 

сон дай-ақ  жырау  ақындар  мұрасының  ық-

па лы  мен  Махамбет  дәстүрінің  мектебінен 

өту-екінші қыры делік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет