Бас редактор



жүктеу 5.37 Mb.
Pdf просмотр
бет13/13
Дата29.01.2017
өлшемі5.37 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

цияны  әзірлеу  және  өткізу  мынандай  жос-

пар  бойынша болады.

І. Әзірлік:

-  тақырыпты  таңдау  және  әдебиеттерді 

ірік теп алу;

-  белсенді  оқырмандарды  тарту  (актив 

оқыр мандар);

-  конференцияда  тоқталатын  мәселелер 

тура лы сұрақтарды тұжырымдау;

- оқырмандармен жеке-дара жұмыс, әңгі-

ме  – кеңес, кітаптар ұсыну;

-  алдағы  өтетін  конференция  туралы  ха-

бар, мектепке хабардандыру ілу, шақыру би-

лет тері дайындау, егер бар болса жергілікті 

ра дио мен баспасөз арқылы ақпарат (инфор-

мация) беру.

1.   Өткізу:

-  кіріспе сөз (5 – 7мин.)

-  оқырмандардың  шығып  сөйлеуі,  бір 

оқыр ман (5 – 7мин.)

-  көркемдік бөлім ( көрініс, талқыланған 

шығар малардан үзінділер оқу (15-20 мин.)

-  қорытынды  сөз.  Жүргізушы  сөйлеген 

сөздер ге қорытынды жасайды, осы тақырып 

бойын ша бұдан әрі қарай оқылатын әдебиет-

тер  ұсынады (10 – 15 мин).

Конференцияның  ұзақтығы оқыр ман дар-

дың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы 

керек  (1сағ.1м  сағ.30м.).  Конференцияға 

дайын дық кезінде кітаптар көрмесін ұйым-

дас тырып, әңгіме – кеңестер, шолулар, дау-

ыстап оқулар өткізу керек. Өткізілген конфе-

ренция және талқылануға алынған кітаптар 

тура лы оқырмандардың пікірін, рецензияла-

рын   жинау  ұйымдастыру  өте  пайдалы,  ол 

үшін  пікірлер  жазатын  кітап  ашып  немесе 

оқыр мандар бюллетенін шығаруға болады.

Енді кештерге тоқталсақ: Кеш – әде биет-

терді  насихаттаудың  пәрменді  құралы,  ол 

оқыр мандардың  ынтасын  оятып  әдебиетке 

де ген  талғамын  қалыптастырады.  Кешті 

пән мұғалімдерімен және ауылдық клубпен 

бірі  гіп өткізуге болады. Өзінің мазмұны мен 

тақы ры бы  жағынан  кештер  мейілінше  сан 

алу ан.  Мыс:  кездесу  кеші,  портрет  –  кеші, 

сұрақ тар мен жауаптар кеші, кітаптар кеші, 

қызық ты ғылымдар кеші, әдеби және сазды 

кеш тер. Ал кітап мерекелері кештердің ерек-

ше түріне жатады. Ол белгілі бір кітапқа  не-

ме се белгілі бір тақырыпқа арналған бірне-

ше кітап  авторына арналуы мүмкін. Кеш ке 

даярлану  кезінде  оның  тақырыбына    орай 

кітап  көрмесі  ұйымдастырылады,  әдебиет-

тер дің  ұсыныс  тізімі  жасалады.  Дауыстап 

оқу лар  өткізу  арқылы  әдебиеттер  кеңінен 

ұсы ны лады. 



Кітап көрмесі – әдебиетті көрнекі наси-

хат  таудың негізгі нысаны. Бұл оқыр мандарға 

шо лу және танысу үшін ұсы ны ла тын арнайы 

ірік теліп,  жүйеленген  бас па   туындысы.  Ол 

кітапхана қорын ашып көр се ту ге мүмкіндік 

береді


Көрмелер саясаттың маңызды мәселелері 

бойынша ұйымдастырылып, экономикадағы, 

мәдениет, ғылымдағы жетістіктермен таны-

стырады. Әрбір көрмеге бас тақырып, бөлім-

дер  атауы, дәйексөздер іріктеледі.

Кітаптардан  басқа  мерзімді  баспасөз 

мате риал дары,  түрлі-түсті  құжаттар,  биб-

лио  графиялық  құралдар  ұсынылуы  қажет. 

Жаңа басылымдар көрнекі орын алуы тиіс.

Көп теген көрмелер қандайда бір шараларға 

(кеш ке,  ауызша  журналға,  оқырман  конфе-

рен цияларына,  диспутқа)  қосымша  ұйым-

дас ты рылады. Жұмыс істеу уақыты бойынша  

көр ме лер  тұрақты  жұмыс  істейтін  және 

эпи зот тық  болуы  мүмкін.  Тұрақты  жұмыс 


83

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ

істейтін көрмелер қатарына өз маңызын ұзақ 

мерзім ішінде сақтайтын көрмелер жатады. 

Эпизоттық  көрмелер  қысқаша  сипат  алып, 

мерейтой күніне, көпшілік шараларға байла-

ныс ты  ұйымдастырылады.  Тақырыптық 

көр мелер  –  саяси  өмірдің  экономика  мен 

мәде ниет тің  көкейтесті  мәселелеріне  арна-

лады. Олар қорды ашып көрсетуде зор роль 

атқа рады. Олар тұрақты жұмыс істейтін не-

месе  қандайда  бір  оқиғаға  орайлас  болуы 

мүм кін (мыс: Бізді қоршаған орта). Жанрлық 

көр мелер – тақырыптық көрмелерге жақын 

көрме.  Онда  белгілі  бір  көркем  жанр:  поэ-

зия,   ғылыми  фантастика,  тарихироман 

әде бие ті  қойылады.  Мыс:  «Қазақстан  жас 

ақын дары».  Ұмыт  болған  кітаптар  көрмесі 

– оның мақсаты сол кезде сұранысқа ие бол-

май тұрған, дегенмен қызықты басылымдар 

туралы ескерту. Айтулы күндер мен мерей-

тойға  орайлас  көрмелер.Онда  сол  тарихи 

оқиғаға қатысты әдебиетті барынша толы ғы-

мен қамтып, оны бүгінгі күнмен байланыс ты 

көрсету  керек.  Мерейтой  көрмелері  оқыр-

ман ды жазушының немесе қоғам қайрат кері-

нің  өмірлік  жәнешығармашылық  жолымен, 

еңбегімен, сын материалдарымен және оның 

шығармашылығын зерттеумен ол тура лы ес-

те лік термен таныстырады.

Оқу  процесіне  көмек  ретінде  көрмелер 

–  ем тиханға,  жалпы  мектеп  конференция ла-

ры на  орай  ұйымдастырылады.  Онда  оқу шы-

ға бір оқулықпен шектеліп қалмай, қосым ша  

әдебиетті  кеңінен  қолдана  отырып,  тақы-

рып ты оқып үйренуге мүмкіндік беретін оқу 

бағдарламасы ұсынылған материалдар қам ты-

лады. Бір кітап көрмесін – ғылым мен көркем 

әдебиет  шығармалары  бойынша   рәсім деуге 

болады.  Мұндай  көрмелер  түрлі  түс ті  мате-

риалдармен,  бағахаттармен,  сын мен,  кітапқа 

берілген  аннотациямен,  биб лио граф иялық 

құралдармен  безендірілуі  тиіс.  Оқу  залында 

қандай  көрмелер міндетті түр де тұруы тиіс?

Көркем әдебиет

Ақпараттандыру

Насихаттау

Игеру

Көркем әдебиетті 

оқытуға үйрету

Хабарлама

Көрме, 

библиографиялық 



шолу

Кітап 


оқушылар кон-

ференциясы

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Кластан тыс оқу сабақ 

жалғасы 

Көркем 


əдебиетпен 

жұмыс 


жұмысы

Библиографиялық 

шолу 

Мəдениеттілік  кітап 



оқудан басталады 

Кітап оқушылар 

конференциясы 

Кітап көрмесі 

Жаңа түсімдер көрмесі мен ұсынба тақы-

рып  көрмелері міндетті түрде тұруы тиіс.

Кітапхананың барлық ақпарат құралдары 

ішін дегі  ең  тиімдісіЖаңа  түсімдер  көрмесі. 

Бұл жаңа әдебиетті еркін пайдаланумен қа-

тар  оқырмандарға  оны  оқуға  бірден  алу-

ға   мүмкіндік  береді.  Әдебиеттердің  түсу 

мүм кіндігіне  қарай  толығымен  емес,  іші-

на ра алмастырылып  тұруы  мүмкін.  Мұн дай 

көрмелер тұрақты жұмыс істейтін көр ме лер-

ге жатады (Жаңа әдебиеттер әлемі). Сон дай-

ақ, күннің аса маңызды оқиғаларына ар нал-

ған көрме де тұрақты жұмыс істейтін көрме 

ре тінде рәсімделуі тиіс.Оқу процесіне көмек 

ре тінде көрмелер «Оқулық беттерінен тыс» 

секіл ді көрмелер рәсімделіп отырылуы тиіс. 



84

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Бүлдіршін оқырмандар үшін аса қызықты көр -

ме лер мыналарболуы мүмкін «Ертегі де ге  німіз 

қандай ғажап», «Біздің өлкенің та ри хы» т.б.

4-7 сынып оқушыларын «Сенің бос уақы-

тын» көрмесі қызықтырады. Онда демалыс, 

спорт, коллекциялау, тігін тігу т.б. әдебиеттер 

ұсы нылады.

Кітапхананың аға оқырмандары  8-11 сы-

нып арасында жаратылыстану, әдебиет, өнер, 

та би ғаттың  жұмбақ  құбылыстары  ту ра  лы 

тақырыптық көрмелер ұсынылады.Сала уат-

ты  өмір салтына байланысты тұрақты кітап 

көрмесі тұрғаны дұрыс.

1 Көрмелер кітахананың өзіндік жарна ма-

сы. Кітапхана жарнамасының міндеті кітап-

ха на ның,  кітаптың  адамдарға  қандай  қуа-

ныш  сыйлайтынын түсіндіру.

Тақырыптық  сөрелер.  Оны  қор  ішінде 

ұйым дастыруға болады.

Ол үшін бос сөре немесе жарты сөре бө лі-

нуі керек. Оған оқырманназарын тарту үшін 

5-10 кітап қою керек. Тақырыптық сөрелер 

үшін бөлім атауларын іріктеудің қажеті жоқ, 

тек бір бас тақырып жеткілікті.Тақырыптық 

сөрелердің үлгілері мыналар болуы мүмкін: 

жануарлар  туралы  әңгімелер,  ертегілер, 

соғыс туралы әдебиеттер.Сонымен қазір ақ-

па раттық  жаңа  технология  заманы  десекте 

қо ғамның рухани және материелдық өмірінің 

барлық  саласында  кітаптың  құны  ешқашан 

жойылмайды екендігін білеміз.

Мектеп кітапханасы мектептің мін дет тері 

құрылымдық  бөлімшесі  болып,  та былады; 

мектепте кітаппен жұмыс іс теуді қолға ала 

отырып, оқу жә не ар нау лы кітапханалардың 

функ цияларын ұш тастырады. Кітапхана өз 

қызметінде Қазақ стан Республикасы үкі ме-

ті нің кітап ха на ісінің мәселелері жөніндегі 

ше шім дерін, Білім Министрлігі мен Мәде-

ниет Минис трлігінің бұйрықтарын, сон дай-

ақ Ере жені басшылыққа алады. Осы ере же  

кітапханаға  қойылатын  жалпы  талап тар-

дың  деңгейін  белгілейді.  Әрбір  мек теп  тің,  

кітапхананың міндеттері мен жұ мыс маз-

мұнының  ерекшеліктерін  ес ке ре  оты рып  

нақтылайды. Кітапхана ісін бас  қа ру мәсе-

ле сінде  кітапхана  жұмысын  ұйым  дас ты-

ру дың негізгі жолдарын анықтау.

«Кітапхана – білім, ғылым кемесі»

1.Кітапхана ісі мақсаты мен міндеті 

2.Жалпы кітапхана, кітап ережелері 

3.Кітапхананың  жауапты  құжаты  мен 

есебі 


4.Кітапхананың құрылымы.

5. Кітапхана жоспары. 

Сыртқы  және  ішкі  қызметінің  негіз гі 

түрлері  бөлініп  қарастырылады.  Құрылым-

дық  түрге  жалпы  кітапхана  оқырмандары 

мұғалім оқушы, басқа топтағылар, ішкі қыз-

мет   түрлері,  бұл  диагностикалық  талдау, 

мақ сат  қою  мен  нәтижеге  жету  бағытын 

анық тау.  Кітапхананың  мақсаты,  мазмұны, 

жүр гі зілетін жұмыс түрлері, әдіс-тәсілі т.с.

Кітаптан көп нәрсені білген адам – ғалым, 

өз уақытында ең көп тараған білім мен әдіс-

тердің  бәрін  үйренген  адам  –  білімді,  өз 

өмі рінің мағынасын, мәнін түсінген адам – 



ізгі.  Бүгінгі  өмір  оқушыдан  ұдайы  құбылып 

оты ратын  әлемде  өз  бағыт-бағдарын  таба 

білу ді  талап  етеді.  Компьютерлендіру  зама-

нын да  жеке  тұлғаның  руханилылығы  мен 

жал пы  адамзаттың  мәдениеттін  сақтап  қа-

лу  маңызды.  Осы  білім  беру  саласында  сы-

нып тан  тыс  жұмыста  жүзеге  асуы  мүмкін. 

Соны мен  бірге,  ол  оқушы  оқырмандардың 

оқу  әрекетін  олардың  қабілеттерінің  жан-

жақ ты  дамуына,  шығармашылық  тұлғаның 

қалып тасуына  бағыттайды.  Кітапхана  –  тәр-

бие  көмекшісі.  Кітапхана  қашанда  және  қай 

уақытта болмасын, ең ғажайып керемет кі тап 

мекендейтін, адам ақыл-ойының, пара са ты ның 

қоймасы болып қалады! Мектеп кітапханасы – 

балалар санасына оқу мен жазу дың, әр кездегі 

мәдениеттің  негізгі  құра лы  болып  қалатыны 

туралы ойды қалып тас ты ру тиіс.



85

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

ӘОЖ 82-14



Б.М.Найманбаева

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектеп

Алматы қ.

М.ЖҰМАБАЕВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҮРДІСТЕР

Мағжан поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлігі 

мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың ілтипатын 

иелендіріп, өзіне тәнті еткен. Автор өз мақаласында М.Жұмабаевтың сыршыл лирикасынан 

дәм татқызады. Ондағы ұлттық образдар жүйесіне тоқталған. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық 

қасиеттерімізді талдап, ашып берген.



Түйін сөз: ақын, өлең, образ, лирика, ұлттық дәстүр.

Красота, таинственность и лиризм, художество и мысленность поэзии Магжана неодно-

кратно  удивило  читателя,  имело  любезность  многих,  приковывая  к  себе.  В  своей  статье 

автор знакомит с таинственной лирикой М.жумабаева. Остановился над системой нацио-

нальных образов. Раскрыл национальные черты в произведениях поэта.

Ключевые слова: поэт, стих, образ, лирика, национальная традиция.  

Beauty, mystery and lyricism, arts and mind of Magzhan’s poetry is repeatedly surprised reader, 

had the courtesy of many, hugging to himself. In his article the author introduces the mysterious 

lyrics of M.Zhumabayev. Stopped on a system of national images. Revealed national traits in the 

works of the poet. 

Keywords: poet, poem, image, lyrics, national tradition.

М.Жұмабаевтың  алмастай  құбылған  өр-

нек  ті өлеңдерінің құпиясын тану үшін оның 

жү рек  лүпілін  сезе  білу  қажет.  Сонда  ғана 

біз,  ақын әлеміне бойлай аламыз. 

Ақын  тау  туралы  толғансын,  дархан  да-

ла ның кеңдігін жырласын, тіпті көл, немесе 

қысқы кешті, жазғы таңды, орманды жырласа 

да  ұлттық  образдар  жүйесін  пайдаланады. 

Ұлттық  ерекшелік  тек  әдебиетке  ғана  тән 

құ бы лыс емес, дәстүр, әдет, салт үрдіс, тіпті 

дағды,  ғұрып  адам  мінезі  мен  тіршілігіне 

тікелей  байланысты.  Демек,  ұлттық  дәстүр 

тез өзгеріп немесе жоғалып кететін құбылыс 

емес. «Дәстүр» дегеніміз ғасырлар бойы әр 

түр лі  қоғамда  сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа 

өте тін мәдени мұра.

Болмыс 


тағдыры 

бөлек 


ақын 

М.Жұмабаевтың  сонау  1913  жылы  жарық 

көр ген «Өткен күн» деген өлеңі бар: 

«Жоқ асынан тартыну

Жылы жүзді бәйбіше

Ұстата саумал береді». Осы бір өлең  жол-

да рынан  халқымыздың  қонақжайлылығын 

кө руге болады. Қазақтағы «қуыс үйден құр  

шықпа» - деген мақал осының тағы бір ай-

ны мас айғағы. Ақын осы бір ұлттық қасиет-

терімізді өлең-жырға айналдырған.

Ал, Шыға қалса бір жұмыс

 

Ұзап кетпес артық іс,



 

Бітімге биге келеді – деген жолдардан 

атамыз  қызықтың  қашанда  сөзге  жүгініп, 

тоқ тамға келген әдет-салтын көреміз. Ақын 

қа ламынан енді бірде:

Шілдеде самал ескенде

Жайлауға ауыл көшкенде

Ат-айғырға мінгесіп

Қыз-бозбала жарысып, - деген жыр жол-

да ры  төгіледі.  Өлең  өлкесінен  қазақ  елінің 

көш пенді  тұрмысы  көз  алдымызға  келеді. 

Ата-бабаларымыздың мал жайын ойлап жаз 

жай лауға, қыс қыстауға көшіп, сонда тіршілік 

етуі ақын өлеңінде айқын суреттеледі.

Жас келіншек, жас қыздар

Кереге жайып, уық байлар

Үйден үйге жүрісіп, - деп қазақ елінің тұр-

мыс  тіршілігінен,  оқырмандарын  тағы  бір 



86

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

су сындырады. Осы өлең жолдарында үлкен 

бір  картина  бар.  Қаймағы  әлі  бұзылмаған 

қа зақ  халқының  тұрмыс  тіршілігі  ақын  су-

рет теуінде  ерекше  көрініс  тапқан.  Кезінде 

Абай жырлаған қазақ өмірі Мағжан дәуі рін -

де де әлі сол қалпында. Ұлттық уызға бөк кен 

осындай өлеңдер Мағжанда көптеп кез де се-

ді. Ол ақын танымының айғағы.

Ақынның  1925  жылы  Астрахань  қала-

сын да қағаз бетіне түсірген «Еділде» деген 

өле ңі бар.

Бүктеліп жатқан бел,

Сүтке тойған марқадай.

Бұйра қою қарағай,

Белге біткен шалқалай.

Су жеп қойған жұмыр тас,

Түйір-түйір малтадай.

Тайызға біткен құба тал,

Мойындағы алқадай.

Жер еркесі жер мынау

Шер  қалар  ма  тарқамай.  Ашық  бояулы 

пейзаж – өзенді өлке, орман тоғай жасыл бел, 

жасанған  дала.  Басқаша  бағалау  мүмкін  де 

емес. Барі етене ыстық, көз жауын алар шы-

рай лы,  өмір-тірлік  үзіктері.  «Сүтке  тойған 

мар қа»,  «түйір-түйір  малта»,  «мойындағы 

ал қа».  Ав тордың ақындық танымының ерек-

ше лігі  сонда  ол  белгілі  тіркестерді  өзін ше 

құбылтып,  оларға  өзгеше  рең  беріп  пай да-

лан ған.  Жоғарыда  айтылып  кеткен  сөздер 

халық тық сөздер арқылы жанымызға жы лы-

лық  себеді.

Ақын мұнымен тоқтамайды,

Түсте толқын еліріп,

Абыржып еді ойнақтай.

Кешке толқын тып-тыныш,

Қабыржыған қаймақтай.

Түсте толқын тулап еді,

Ойнақтаған тайлақтай.

Сағат  санап  біртін-біртін  өзгерген  құбы-

лыс тар.  Кешкісін  байыз  тапқан  толқынды 

«қабыр жыған қаймаққа» балау арқылы жа ңа 

бір көркем әлем түзеді. Түсте тулаған тол қын-

ның  еліре-абыржи  аласұруын  «ойнақтаған 

тай лаққа»  ұқсатуы  да  қаршадайынан  көзі 

қанық қан ауыл тірлігінен алған әсері екенін 

көре міз.

Келесі бір: 

«Шұбырған толқын шуымен,

Ағытқан қойдай ағылып»,-деген жолдары 

да ұлттық ұғымымызға жақын дүниелер.

«Ата бата» деген өлеңінде оқудан қасына 

әлі песін ұстап қуанышы қойнына симай ар-

са лаңдап  келген  немересіне  атасының  бер-

ген  ақ батасы туралы айтылады.

«Бата» десең қарт атаң,

Айналсын сендей ботасын

Оқы, құлыным, ғалым бол,

Атаң берді батасын! –дейді. 

«Бата»  –  бұл  алғыс  ризашылық,  тілек  де-

ген  ұғымды  білдіреді.  Бізді  сонау  ата-ба ба-

мыздан  келе  жатқан  мұра.  Осынау  салт-дәс-

түріміздің сәнін келтіріп, мәнін арттыра түсе тін 

өміршең жырларының бірі. Өз топы ра ғы мыздан 

жаралып,  өз  жеріміздің  ауасы  мен  суы нан  нәр 

алып,  шынайы  халықтық  сипатқа  бөле ніп 

салтымызға сіңісті боп кеткен, бірақ кез келген 

жайға  арналып  айтыла  бермейтін  бата ның 

қарапайым тәрбиелік, тағылымдық мә нін орасан 

зор екендігін ешкім жоққа шы ға ра алмас.

М.Жұмабаев  халқымыздың  ғасырдан  ға-

сыр ға жалғасып келе жатқан мұрасын, халық 

өсие тін бере білген.

Ақынның «Ана» деген өлеңінде де қазақ-

тың  ұлттық дәстүрін, әдет-ғұрпын байқауға 

бола ды:

Үйдің іші ұйқыда

Түн ортасы шамасы,

Көзін алмай бесіктен

Бөбек жатыр албырап

Үнсіз меңіреу ұзақ түн 

Шөккен қара бір нардай

Сарғайып, ана сарылып,

Демігіп, қызып, қысылып

Ауық-ауық селк етед,

Әлденеден  шошынып,-  деген  өлең  жол-

да рында түн ұйқысын төрт бөліп, бесіктегі 

ауы рып  жатқан  бөбегін  көз  ілмей  сарыла 

күтіп отырған ана жүрегінің қайғы-наласын, 

шөк кен  қара  нардай  меңіреу  ұзақ  түнмен 

қатар лас тыра  суреттеп,  психологиялық  па-

ра л лелизм  әдісін  көрсетеді.  Бұл  ақынның 

сөз  сап тау әдісін көрсетеді.

Мағжанның  жан  түпкіріндегі  жүрек  сөзі 

боя масыз  ақтық  сөзі  болып  ақтарылады. 

Ақын «Жел» деген өлеңінде:

Мазасы жок жел ерке,

Оянып ап тым ерте.


87

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

Жорғалай басып кетеді,

Тыныш жатқан түс көріп.

Көлдің бетін кестелеп,

Оны әуре етеді, - деп отырып, желдің, «ер-

ке  лігін»,  ешкімге  мойынсұнбау  еркіндігін 

ба са жырлайды. Өйткені ақын жаны да сол 

ер кіндікті аңсайды.

Біз  Мағжан поэзиясының дархан дас тар-

ханы ның дәмін ғана таттық. Артында әлі де, 

та лай татуға жететін мұра қалды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Жұмабаев М. Шығармалар. 3-томдық, 1-т. – А., Білім, 1995.

2 Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. – Алматы: «Жазушы», 1989. – 192б.

3 Әбдешев Б.М. Мағжан Жұмабаевтың прозасы.- Астана, 2002.- 28 б.

4 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.- Алматы: Қазақ университеті,

2002.- 430 б.

Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойына жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар



А.Құнанбаев.

88

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 82-1/-9



Б.Ж.Сағиева

Абай атындағы ҚазҰПУ

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ

Б.Қ.Ахметова., А.Қ.Ахметова

Алматы облысы, Көксу ауданы, «Ақын Қабан Жырау атындағы мектепке дейінгі шағын 

орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімдері

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақ та, батырлар қалмақ батырларына қарсы 

күреседі.  Бұл  жырлардың  көпшілігінде,  қазақтардың  жерін  қалмақтың  жаулап  алмақшы 

болуына байланысты, ел намысын қорғауға байланысты үлкен оқиғалар суреттеліп отырады. 

Мысалы,  Қобыланды,  Алпамыс,  Ер  Тарғын,  Қамбар  батырлардың  өмірі  өздерінің  жеке 

басының емес, қалың елінің қамы үшін қанды шайқаста өтеді. Елі де батырларды сол үшін 

ардақтаған. Мақалада сол батырлар жыры арқылы мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесі 

қарастырылған. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдерімен бөліскен.



Түйін сөздер: батыр, жыр, ертегі, тәрбие, оқушы, мектеп

В любом из повестей о героях они борятся против калмаков. Во многих из них, в связи 

с  тем,  что  калмаки  хотели  завоевать  казахскую  землю,  описываются  большие  события, 

где  защищается гордость народа. Например, жизнь Кобыланды, Алпамыса, Ер Таргына, 

Камбара прошла в битве за благо народа, не за личное благо. За это чтил их народ. В статье 

рассматривается  вопрос  воспитания  школьников  через  эти  повести  о  героях.  Делятся  с 

методами используемыми в ходе урока.

Ключевые слова: герой, повесть, сказка, воспитание, ученик, школа.

In any of the stories about the heroes they fight against Kalmaks. In many of them, due to the 

fact that wanted to conquer Kalmak  Kazakh land, describes the big events where protected pride 

of the people. For example, life Kobylandy, Alpamys, Ep Targyn, Kambar took place in the battle 

for the benefit of the people, not for personal benefit. During that honored their people. The article 

discusses the education of pupils through these stories about heroes. Share with the methods used 

during the lesson. 

Keywords: hero, story, tale, upbringing, student, school.

Батырлық  жырлар,  батырлар  жыры 

–  ауыз  әдебиетіндегі  ең  бай  да  көне  жанр-

лардың бірі. Қаһармандық эпос деп те атала-

ды. Батырлар жыры халық өмірінің тұтас бір 

дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тари-

хи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға 

қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік 

қайшылықтар мен тартыстарды бейнелейді. 

Осы  батырлар  жырын  оқыту,  сабақ  мақса-

тын  және  онда  жүзеге  асатын,  шешілетін  бас-

ты мәселелерді ғылыми түрде нақты жос пар лау 

мұғалімдер жұмысындағы, оқу про це сіндегі ең 

негізгі, ең күрделі мәселелердің бірі екені белгілі.

Ал сабақ – күрделі құбылыс. Мектептегі 

бар лық оқу  – тәрбие жұмысы осы сабақтың 

өті лу  ба ры сында  басталып,  сонда  жүзеге 

асып  жа тады. Сабақта мұғалім оқушыға қан-

дай білім негіздерін меңгертеді, олардың көз-

қа рас тарын,  дүниетанымын  қандай  мәсе ле-

лер бойынша арттыруға болады, тәрбиелеуде 

қан дай жұмыстар атқарылады, міне, мұның 

бар лығының  да  сапалы,  әрі  тиімді  болуы 

мұғалімнің  сабақ  мақсатын  нақты,  ай қын 

белгілеп алуына байланысты болып келе ді . 

Сабақ сапасы, нәтижесі, тиімділігі, мұға лім-

нің оқу – тәрбие жұмысын дұрыс айқындай, 


89

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

са бақ  мақсаты  мен  мазмұнын  дәл  белгілей 

бі луінен туындайды.

Сабақтың  мақсатын  жоспарлау  үшін, 

өтіл  ге лі  отырған  оқу  материалының  тақы-

ры  бын,  мазмұнын  мұғалім  толық  игеру  ке-

рек.  Әрине  сабақ  жүретін  сынып,  ондағы 

оқу шы лардың  жеке  ерекшеліктері,  яғни 

білім ді игеру мүмкіндіктері, тәрбиесі, ойлау 

белсенділіктері де сабақ мақсатын ай қын дау-

да  зор  рөл  атқарады.  Сабақ  мақсатын  жос-

парлауда білім беру мен тәрбие беру бірлікте 

қарастырылу  қажет  деп  ойлаймын.  Сабақ 

процесінде  тәрбие  беру  –  өте  күрделі  про-

цесс  болып  табылады.  Мұғалімнің  сабақта 

бере тін тәрбиесі, тәрбиенің қай саласы бой-

ынша жұмыс істейтіні тақырып мазмұнынан 

туын дауы  керек.  Сонда  сабақ  тиімді  және 

нәти же лі болып келеді. Негізі тәрбиенің мы-

на салаларына ерекше көңіл бөлінген дұрыс 

деп ойлаймыз:

- Ұлттық тәрбиенің ең тиімді тәсіл де рі не;

- Адамгершілікке, имандылыққа, инабат-

ты лыққа;

- Еңбекті құрметтеуге, нанды қадірлеуге;

- Отан, ата-ана, туған-туыс, ұрпақ ал дын-

дағы борыш пен қарызды түсінуге, ақтауға; 

- Елін, жерін, Отанын, ұлтын, адам бала-

сын сыйлай, құрметтей білуге;

- Жақсы әдет пен әдепті бойына сіңіруге;

- Өнердің барлық саласын түсіне білуге;

- Дене тәрбиесіне, жеке бас гигиенасына 

т.с.с.  тәр биелеу.

Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының 

бойына  тәрбиенің  тамырын  егу  мұғалім 

шебер лі гін  қажет  етеді.  Себебі  олар  жас  

шыбық  іспеттес.  Қалай  исең  солай  өсе ді. 

Балаларға  тәрбие  беруде  «Батырлар  жы-

ры ның»  беретін  тәрбиелік  мәні  зор.  Ол 

халық  арасында  ауызша  шығарылып,  ұр-

пақ тан-ұрпаққа  жеткен  шығарма.  Батыр-

лар  жырының  тақырыбы,  идеясы  негізінде 

оқушылардың туған еліне, туған жеріне де-

ген сүйіспеншілігін, қадір-құрметін арттыру. 

Отан шылдық сезімін одан әрі қалыптастыру, 

олар ға аға ұрпақтың ерлік өмірі мен үлгі сін-

де тәрбиелеу ісін жалғастыру, ерлікті, батыр-

лықты,  жүректілікті  үлгі  ету,  қайсар лық,  

бауырмалдық,  қайырымдылық,  кеші рім ді-

лік ке  баулу.  Ананы,  баланы,  жарды  сүюге, 

халықты,  адамды  құрметтеуге  тәрбиелеу. 

Дос тықты, ынтымақты, бірлікті үндеу. Батыр-

лар жыры халық ауыз әдебиетінің бір түрі.

Қазақтың  батырлар  жырының  қайсысын 

ал сақ  та,  батырлар  қалмақ  батырлары на  

қарсы  күреседі.  Бұл  жырлардың  көпші лі-

гін де, қазақтардың жерін қалмақтың жаулап 

алмақшы  болуына  байланысты,  ел  намы-

сын  қорғауға  байланысты  үлкен  оқиғалар 

суреттеліп  отырады.  Мысалы,  Қобыланды, 

Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батырлардың 

өмірі  өздерінің  жеке  басының  емес,  қалың 

елі нің қамы үшін қанды шайқаста өтеді. Елі 

де ба тырларды сол үшін ардақтаған. 

Бала әрқашан да өзін күштімін деп есеп-

тейді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары 

батырлар жырын оқыған сайын ерлікке қы-

зы ғып, өзін сол батырдың орнына қойып, өзі 

сол батырдың күйін кешеді.

«Қобыланды  батыр»  жырына  келсек, 

жыр дың негізгі тақырыбы - өз елін, өз жерін 

сырт қы  жаудан  қорғау.  Жырдағы  өзекті  ой 

–  «ел  намысы-  ер  намысы».  Қобыланды  өз 

басы ның қамы емес, бүкіл елдің бүтіндігін, 

тәуел сіздігін ойлайды. Қолына сол үшін қа-

ру  алады, жауға қарсы аттанады.

Жырдың  идеялық-көркемдік  мазмұны, 

негі зі нен, Қобыланды бейнесі арқылы көрсе-

тіл ген.  Халықтың  арманы  да  осы  арқылы 

берілген. Оның арманы – «Қарааспан тауын 

жай лаған  қалың  қыпшақ  қамы»,  ел  қамы. 

Сон дық тан  да  «Қобыландының  тілегін 

бүкіл қыпшақ тілейді». Ол жауға аттанарда 

«жібе руге  қимай,  жиылып  жұрты  жылай-

ды».  Артында  қалып  бара  жатқан  ата-ана-

сын, қарындасы Қарлығаш пен өмірлік жары 

Құрт қаны «Сендерді мұнда жылатпас, қалың 

қып шақ қарындас» деп жұбатады. Мұғалім 

бұ ның бәрін жырға сүйене отырып баяндаса 

бала ларға қызықты да, әсерлі болады

Сонымен  қатар,  мұғалім  Қобыланды  ба-

тыр  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  –  оның 

адам гершілік,  ерлік  мінездерін  жырдың 

нақ ты  оқиғасына  ене  отырып,  баяндаса, 

оқушылар елі үшін еңіреген ер мінезіне сүй-

сі нер еді. Бұл тақырып бойынша мұғалім тө-

мен де гі дей сұрақтар мен тапсырмалар беру-

ге болады:

- Қобыландының балалық шағы.


90

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

- Бойына жинаған жақсы қасиеттердің қа-

лып тасуына  өскен  ортасының  әсері  қандай 

болды.


-  Жауға  аттанарда  ата-анасымен,  қа рын-

да сы Қарлығашпен, сүйікті жары Құртқамен 

қоштасқан  жерінде  Қобыланды  мінезінің 

қан дай жақсы жақтары ашылған?

-  Жыр  халықтың  қандай  арманынан  ту-

ған?


- Қобыландының ерлік, батырлық сипатта-

ры жырдың қандай оқиғалары үстінде ашы-

лады?

«Қобыланды батыр» жырында әдеби шы-



ғар маның  тіл  көркемдігін  ұштай  түсетін 

көр кем дегіш сөздермен бірге адамның көңіл 

–  күйін,  оның  өзгелермен  қарым-қаты на-

сын  білдіретін  монолог,  диалог,  портрет, 

мінез деулердің үлгілері бар. Оған жырдағы 

ба тыр дың  Тайбурылға  айтқан  арнауы, 

Қобыландының  Қалмақ  батырларымен  кез-

дес кендегі  сөздері,  екі  жақ  батырларының 

күш  сынасу  картинасы  дәлел.  Бұлар  оқу-

шы лар дың  әдеби,  көркем  тілде  сөйлеп  әрі 

жа зып  дағдылануларына  үлгі  бола  алса, 

«Қамбар  батыр»  жырындағы  мына  жолдар 

бала лардың қиялына қанат бітіріп, тұлпарға 

деген сенімдерін арттыра түседі. 

Қанатты туған пырағым,

Аға-іні сен едің.

Тар жерде жолдас, шырағым,

Қара қасқа ат, қалтырап,

Осынша неге қорқасың?

Қазақ халқы жылқы малын құрметтеп, қа-

шанда  өзіне  сенімді  серік,  жолдас  санаған. 

Батырлар жырының қайсысын алып қарасақ 

та, тұяқты тұлпарлар ер қанаты болып, қиын 

ардың жауды жеңуіне себепші болады. Яғни 

балалардың осы картинаны ой елегінен өткізе 

отырып, жеті қазынаның бірі жылқы малына 

деген құрметі, ризашылығы арта түседі. 

Батыр  ешқашан  жеке  басының  қамын 

ой ла майды. Ол елі үшін, жері үшін түтеген 

от қа  қарсы  шабады.  Айлап,  жылдап  елінен 

жырақта  жүріп  ел  намысын  қорғайды.  Бұл 

бала лар ды  өзімшіл  болмауға,  халқының, 

елі нің  патриоты  болуға  тәрбиелейді.  Жыр-

ды  балаларға  тек  оқып  бергеннен  гөрі 

батыр лар  жырына  байланыстытүрлі  сурет-

тер,   көрнекі  құралдарды  пайдаланған  ма-

ңыз ды.  Балаларға  батырлардың  сұлу  тұл-

ға сы,  теңдессіз  күші,  ерлігіне  сүйсіну,  ал 

бас қыншылардың  іс  –  әрекетіне,  олардың 

бейша ралық бейнесіне деген жек көру, жиір-

ке нішті сезімдеріне әсер етуге болады. 

«Қобыланды  батыр»  жырында  шын-

дық тан  гөрі  әсірелеу  басым.  Мысалы, 

Тайбурылдың қырық күндік қазанға бір күн-

де жетуі, қысылған кезде тұлпарға тіл бі туі, 

Құртқаның оны тұлпарынан танып, тәр бие-

леп  өсіруінің  өзі  тым  әсірелеп  айту  десек, 

жа сыл жапырақтай жамырасқан бөбектердің 

де дамып, өрбіп, өсіп – өнуіне әсер етіп, биік 

шы нар дай болуына талпынтады. 

Қазақ  халқының  ауыз  әдебиетінің 

«Алпа мыс  батыр»  жыры  жастардың  руха-

ни   байлығын  арттыруда  үлкен  рөл  ойнай-

ты ны белгілі. Алпамыс – батыр. Ол өз хал-

қы ның   жоғалып  кеткен  бір  бөлігін  іздеп 

тау ып,  өз  еліне  қосу  үшін  шыбын  жанын  

шү бе рек ке  түйіп  аттанады.  Жырдың  көтер-

ген   бір  идеясы  –  елдік  пен  бірлік.  Бұл  жө-

нін де  М.Ғабдулин  былай  деп  жазады:  «… 

Алпамыстың батырлық іске бел байлаған са-

пары Гүлбаршынды іздеп шығуынан баста-

лады.  Өзіне-  жар-  жолдас-  қалыңдық  іздеп 

шығу,  бұл  жолда  әр  түрлі  ерлік  істер  жа-

сап, батырлық сыннан өту- дүние жүзіндегі 

эпостық шығармалардың көбінде кездесетін 

жай.  Ондағы  батырлардың  Алпамыстан 

үлкен бір айырмашылығы бар: Алпамыс ба-

тыр  дың  іске  тек  Гүлбаршын  үшін  ғана  ат-

танбайды.  Ол  бір  кезде  Байбөріге  өкпелеп 

бөліне көшкен, қалмақ еліне кеткен қоңырат 

руы ның бір бөлігін іздеп те шығады. Өзіне 

туыс  болған  рудың  бір  бөлігі  жат  жұртқа 

кө шіп   кетуі,  қалмақ  ханына  қоңсы  болуы, 

оның зор лық-зомбылығын көруі, Алпамысқа 

қатты бататын сияқты…» [1]

Жырда Алпамыс өз халқының жанашыры,  

қамқоршысы.  Ел  бірлігін  сақтаушы  батыр.  

Оның ойы мен мақсаты бөлінген елді бірік-

ті ру.  «Бөлінгенді  бөрі  жер»  деген  ұлағатты 

сөз ден  қорытынды  шығару.  «Төртеу  түгел 

бол са  төбедегі  келеді»  деген  аталы  сөздің 

қа дір – қасиетін ұғыну. Осы тұрғыдан қара-

ғанда  Алпамыс  батыр  ғана  емес,  ірі  қай-

рат кер, көсем. Сондықтан М.Ғабдулин: «…

ол   өк пелеп  көшіп  кеткен  ел-жұртының  бір 


91

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

бөлегін  қайтару,  оны  қоңыраттарға  қайта 

та быстыру, татуластыру мақсатын көздейді, 

ру бірлігін қарастырады. Жыр ру арасында 

бір лік болса, елдік бар екендігін аңғартады. 

Бай са рының қалмақ ханына көшіп кетуін, ол 

жер де жат жұрттан қорлық көруін суреттеу 

ар қылы жыр бірсыпыра жайды елестеткен-

дей болады. Ру бірлігін бұзып бөліне көшкен 

адам дар осындай өкінішті күйге ұшырайды, 

сон дықтан  бірлік  сақтау  керек  деген  қоры-

тын ды  жасайды.  Осы  ретте  ру  бірліген 

қорғаушы  батыр  болуы  керек  деп  таниды. 

Батыр ру бірлігін қорғаушы ғана емес, ол со-

нымен қатар, батыры болмаған ру бытырап, 

тозып кетеді деп көрсетеді…-деп жазды. [1]

«Алпамыс батыр» жыры елдігіміз бен ер-

лігімізді бүкіл әлемге білдіретін аса көрнекі, 

халқымыздың  салт-дәстүрін  сақтаған  жыр. 

Жырды оқыту арқылы мектеп оқушыларын 

патриотизмге тәрбиелеу – қазіргі таңдағы ке-

зек күттірмейтін мәселе. Жырды оқыту бары-

сында, жырдың көркемдік ерекшелігіне тал-

дау жасау қажет. Оқушы батырлар жырымен 

танысып  қана  коймай  ондағы  көркемдегіш 

құралдардың  пайдаланылуын  білуі  қажет. 

Сонымен қатар, сөздікпен жұмыс жасата кее-

ту қажет. Себебі, оқушылар кейбір сөздердің 

мағы наларын  түсінбей  жатуы  мүмкін. 

Көнерген сөздер, архаизмдер сияқты.



Теңеу

Эпитет

Гипербола

Аллитерация

Ассонанс

Кепедей, 

төбедей, ошақтай, 

пышақтай, зын-

дандай, жылан-

дай, т.б.

Қанды жас,

Жас берен,

Көк даңғыл.

Ауыздықпен 

алысып,Ұшқан 

құспен жары-

сып... Бір күн 

шапса Шұбар ат 

Айлық жер алып 

береді.


Тозып кеткен ел-

жұртын, Тегіс жиып 

алады. Тентегі мен 

телісін, Түзетіп 

жөнге салады.

Алпамыс атты 

жас берен,

Атқа мінген бола 

ма?!

Алдынан шығып 



сол ердің

Жылқысын бер-

сем ала ма?

Тағыда  сабақты  қызықтыра  түсу  үшін, 

Жыр дағы кейіпкерлерге мінездеме беріп, әр 

оқушының  ойларын  сұрап  дебат  жүргізуге 

болады. Бұл бөлімді «Кейіпкерлер әлемі» деп 

алса  болады.  Екі  топқа  бөліп  беру.  Бірінші 

жақ – Мадақтайды. Екінші жақ – даттайды. 

Жағымды – жағымсыз кейіпкерлер.

Достары – жаулары

Істеген істері, ерліктері.

Міне, осындай әдістерді пайдалану ар қы-

лы  батырлар жырын оқыту қызық болар еді 

деген ойымыз бар. Батырлар жырында Ота-

нына, еліне, халқына деген сүйіспеншілік са-

рын басым келеді. Елін шапқан Алшағырды 

қи рата жеңіп, торғауыттың тоғыз қабат қа ма -

лын бұзған Тарғын, Бар өмірін қалың қып шақ  

қамы үшінқанды шайқаста өткізген Қобылан-

ды сияқты батырлар – өз халқын шын  сүй ген, 

елі  үшін  еңіреп  өткен  ерлер.  Олар  Отан ын 

жаудан  қорғап  қалу  үшін  кез-кел ген  қиын-

шылыққа төзе біледі. Сондықтан да, олар өз 

елінің шын патриоттары ретінде сурет теледі. 

Жас ұрпақтарды өз Отанын шын сүйетін пат-

риот   етіп  тәрбиелеуде  батырлар  жырының 

кү ні бүгін де мәні зор.

Батырлардың ерлігінен, бабалардың да на-

лы ғынан үйреніп, ұлы қасиеттерін ұғынып, 

асыл  істерінен  өнеге  алып  өскен  әрбір  ұлт 

өре ні  келешекке  кемел  көз  тастайды,  елдік 

дәс түр-салтты ерлік даңқын қастерлеп, құр-

меттейді.  Отанының  патриоты,  саналы, 

күрес кер азаматы болып тәрбиеленеді.

Халқымыздың  басынан  кешкен  тарихи-

әлеу меттік  оқиғалар,  халықтың  әдет-ғұрып 

салт-санасы  рухани  тіршілігі,  арман-мұраты 

көрініс  береді.  Батырлар  жырын  оқытудың 

маңызы  зор.  Себебі,  батырлардың  ерлік  бей-

не лері  арқылы  оқушыларды  батылдыққа, 

ерлік ке тәрбиелеп, олардың өз еліне деген  пат-

риоттық  сезімдерін  оятуға  болады.  Батырлар 

жырын оқыту кезінде дәстүрлі жә не дәстүрлі 

емес сабақтардың тиімділігі кө рі не ді.


92

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ғабдулин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». – Алматы: «Мектеп» баспасы. 1974. – 

172б.

2 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: «Рауан». 1997. – 131б.



3 Икапова Д. Оқушыларға батырлар жырын оқыту. //Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004. – №7. 

– 122б.


ӘОЖ 37.025

Б.Ж.Сағиева

«Ұлттық тәрбие» журналының жауапты хатшысы

Д.М.Советканова

Педагогика ғылымдарының магистрі

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Мақалада – оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың психологиялық білік ті лі гін арттырудың 

жолдары қарастырылған. Мектеп оқушыларының пси хо ло гиясының неге бағытталғандығын 

көрсететін негізгі компоненттер сипат тал ған.  Оқуға деген қызығушылықтың әсерлі, күшті, 

тұрақты  мазмұнды  болуы  бала ның  сабақ  үлгеруіне,  білімді  терең  алуына  көп  жәрдем 

тигізеді.  Оқуға  деген  қызы ғушылық  балаларда  оқу  мотивтерінің  дамуына  байланысты 

қалыптасып оты рады.

Түйін  сөздер:  қажеттілік,  мотив,  бақылау,  қызығушылық,  қабылдау,  сенім,  білім, 

тәрбие.

Данная статья посвещена педагогической практике учителя и воспитателя, которые зная 

психические закономерности, могут организовать благоприятные условия для его образова-

ния. Важнейшим стимулом интереса к учению выступает фактор значимости приобретен-

ных знаний-умений, решаемых задач, совершаемого действия, который вытекает из необхо-

димости в любой деятельности – целеполагания. Превращение цели в мотив деятельности 

является значительной ценностью учебного процесса, поскольку объективно значимая цель 

становится личностно-значимой, субъективно принятой школьником, содействующей под-

готовке внутренних процессов к осуществлению всей последующей деятельности. 

Ключевые словапотребность, мотив, наблюдение, интерес, восприятие, вера, обра-

зование, воспитание.

This article is devoted to student teaching of the teacher and the tutor which knowing mental 

regularities, can organize favorable conditions for his education. As the most important incentive of 

interest to the doctrine the factor of the importance of the acquired knowledge abilities, the solved 

tasks, made action which follows from need for any activity - a goal-setting acts. Transformation of 

the purpose into motive of activity is the considerable value of educational process as objectively 

significant purpose becomes personal and significant, subjectively accepted by the school student, 

promoting preparation of internal processes for implementation of all follow-up activity.



Keywords: requirement, motive, supervision, interest, perception, belief, education, education.

93

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Жеке  адамды  қандай  болмасын  әрекетке 

итер мелейтін  негізгі  қозғаушысы  мотив 

оның түрлі қажеттіліктері, яғни бір нәрсеге 

мұқ таж дануы.  Адамның  қажеттіліктері  қо-

ғам  дық еңбекте, еңбек ету процесінде қалып-

та  сады. Сыртқы ортамен байланыс жа сау да 

адам ның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше 

ма ңыз  алған  материалдық  қажеттіліктер 

(тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.) 

бо лып  саналады.  Адам  баласының  тарихи 

даму  жағдайында  туған  еңбек  әрекеті  ең-

бек  құралдарымен  пайдалану  негізгі  мате-

риал дық  қажеттіліктері  біртіндеп  дами 

келе,   қажеттіліктердің  жаңа  тобын  –  руха-

ни   қажеттіліктерді  (білім,  көркемөнер  т.б.) 

туғызады.  Рухани  қажеттіліктердің  да муы 

–  материалдық  қажеттіліктің  қана ғат тан-

дырылуына  байланысты.  Адам  қажет ті-

лік терінің  дамуы  –  тарихи  дамудың  елеу-

лі  бір  кезеңі.  Олар  адамның  алдына  әр 

түр лі  мақсаттар  қойып  отыруына  себеп-

ші  болатын  негізгі  түрткілер.  Адам  өзі-

нің   қажеттіліктерін  өтеу  үшін  бар  мүм кін-

дігін  пайдаланады.  Бұл  оны  белсенді  түр-

де  іс-әрекет  істеуге  талпындырады.  Оның 

қажеттіліктері  саналы  әрекетінің  нәти же-

сінде  біртіндеп  өтеліп  отарады.  Адам  өз 

қажеттілігін  өтеу  жолында  сыртқы  ор та ны, 

табиғатты  өзгертуге  дейін  барады.  Қа жет-

тіліктердің  өтелуі,  өтелмеуі  адам  пси хо-

логиясына, оның күйініш – сүйінішіне әсер 

етеді.  Қажеттіліктер  орындалу  тәсіліне  қа-

рай  кісіде  мазасыздану,  не  тынышталу,  ра-

хат,  ләззаттану,  не  азап  шегу  сезімдерін 

туғызады.  Қажеттіліктерді  өтеу  арқылы 

адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың 

кү  шімен,  түрлі  теориялық,  практикалық 

сипат  тағы  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік 

ала ды. Өйткені, қажеттілік – адамның ойлау 

қыз метін  тудыратын  негізгі  себептердің  бі-

рі  болып  табылады,  білдіріп  қана  қоймай, 

ол заттарды өз қажетіне байланысты өз гер-

ту ге,  қайтадан  жасауға  әрекет  етеді.  Олай 

болса,  адамдардың  қажеттіліктері  –  іс-әре-

кеттің  негізгі  мотивтері,  яғни  оның  пси хо-

ло гия сының  қайнар  көзі,  бастамасы  болып 

та бы лады.  Қажеттілік  –  (әсіресе,  табиғи 

қажет тіліктер) өмір сүрудің, тіршілік етудің 

ар қауы.  Егер,  табиғи  қажеттілік  өтелмесе, 

өмір  сүру  үшін  тиісті  жағдайлар  болмаса, 

адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. 

Адам  өмірі  үшін  рухани  қажеттіліктерді 

өтеп  отырудың  да  маңызы  зор.  Осындай 

қа жет тіліктердің  өтелмеуінен  адам  көп 

қиын  шылық көреді, өйткені бұл оның са на 

– сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет-

тілік жануарларда да бар, бірақ, бұл – био-

логиялық сипаттағы қажеттіліктер. Жануар-

лардың  қажеттіліктері  олардың  қорек те-

нетін  заттарын  іздестіруінен  жақсы  байқа-

ла ды. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр  

жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақ-

татып,  ауызынан  сілекей  шұбыртады.  Мы-

сық   мұрнына  еттің  иісі  келгенде  елең  ете 

түседі  де,  сол  жерден  мияулап  шықпайды. 

Сөй тіп,  аң  біткеннің  бәрі  өз  қажетін  өтеу 

үшін  әрекеттенеді.  Мұндай  қажеттілік  аң-

дар ға  туа  бітеді,  олар  шартсыз  рефлекстік 

си пат та болады.

Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызы-

ға ды. Қызығу – шындықтағы заттар мен құ-

бы лыс тарды  белсенділікпен  танып,  білуге 

бағыт талған адамның біршама тұрақты жеке 

ерек шелігінің  бір  көрінісі.  Сонымен  қатар, 

қызы ғуда  бір  нәрсені  ерекше  таңдап,  соған 

зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тарт-

қан  нәрсенің  бәрі  қызығудың  объектісі  бо-

лып  табылады.  Қызығудың  физиологиялық 

не гізі – «Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, 

бі реу ді  «футболға  қызығады»  десек,  ол 

адам ның футбол ойынына үнемі баратынын, 

футбол  жөніндегі  кітаптарды  оқып,  оты ра-

тындығын,  біреумен  әңгімелесуде  де,  кө-

бі не се,  осы  тақырыптың  айналасында  сөз 

қоз ғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп, 

адам ның қызығуы бір нәрселерге асыра зей-

ін қоюдан оған құмартудан, соны үнемі ой-

лау дан көрініп отырады.

Адамда  сан  алуан  қызығулардың  болуы 

мүм кін.  Бірақ  осылардың  ішінде  басты  бі-

реу і, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай 

қы зы ғу лар, әсересе, оқу әрекетіне аса қажет. 

Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты 

маз мұнды  болуы  баланың  сабақ  үлгеруіне, 

білім ді  терең  алуына  көп  жәрдем  тигізеді. 

Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің 

да муына байланысты қалыптасып отырады.

Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның 


94

өмірін  мазмұнсыз  етеді.  Мұндайда  ол  ен-

жар  болып,  іші  пысады,  зерігіп,  берекесі 

ке те ді.  Қызығудың  мазмұнды  әрі  кең,  өріс-

ті  болуы оның басты ерекшеліктерінің бі рі. 

Мазмұнсыз адамның рухани өмірі да мы май-

ды. К.Маркс бір сөзінде «Адамға лайық ты-

ның  бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл 

қызы ғуы жан-жақты дамыған адамның ғана 

айта тын  сөзі.  Қызығуы  тұрақты  қасиетке 

айнал ған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәти-

же шығара алады, ісі әр уақытта да бере келі 

болады.  Кейбір  адамдар  кез-келген  нәрсе-

ге  қызығады  да,  сайып  келгенде,  оның  бір 

де  біреуіне  жөндеп  тұрақтамайды.  Мұн дай  

«көрсе  қызар»  әуесқойлық  адамды  тұр лау-

сыз,  тұрақсыз  етеді.  Егер  осы  әдет  бойға 

сіңіп  кеткен  болса,  бұл  –  үлкен  кемшілік. 

Қызы ғуы  тұрақтанбаған  адам  қызметтің 

қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете 

алмай ды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның 

бүкіл бойы билеп, қандай бөгеттер болса да 

жеңе  білуге,  кейбір  ауыртпалықты  көртере 

білуге жәрдемдеседі.

Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытана 

қарай: метериалдық, қоғамдық, саяси, кәсіп-

тік,   эстетикалық,  оқырмандық,  спорттық, 

таным   дық тағы басқа болып келеді.

Сонымен  қатар,  қызығу  тікелей  және 

жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу 

айналадағы  нәрселердің  тартымдылығынан 

туады.  Мәселен,  футболға  қызығуды  осы-

ған  жатқызуға болады. Жанама қызығу – бұл 

әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Жас өс-

пі рімдердің  қызығу  тұрақты,  тұрлаулы  бо-

лып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәр-

се ні білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп 

оты рады.

Мектеп жасындағы балаларда қарапайым 

та ну  қызығулары  көріне  бастайды.  Мек-

теп   өмірі  балаларда  қызығулармен  қа тар 

спорттық, оқырмандық қызығулар қа лып та-

са ды.  Қызығу  көбінде  баланың  бір  нәрсеге 

бейім ділігіне  қарай  көрінеді.  Мәселен, 

шах мат қа  қызығу  баланың  осы  ойымен  ай на-

лысуға  бейімделгенен  туады.  Бірақ,  қызы ғу-

лар дың  бейімділіктен  бөлек  те  пайда  болатын 

кез дері  кездеседі.  Мәселен,  футболға  қызы ға-

тындардың  футбол  ойынына  жөнді  бейім ді лі гі 

болмаса да, қызығуы өте күшті келеді. Мұғалім 

балалардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де 

онша  мәлім  емес  кейбір  жанама  қызығуларын 

тауып,  соларды  тұрақтандыру  жа ғын  ойлауы 

керек. Сонда ғана бала рухани өмір ге бай, босқа 

зерігуді білмейтін, еңбекті сүйе тін, жан – жақты, 

қабілетті адам болып шы ғады.

Жеке адам психологиясының неге бағыт-

тал ғандығын  көрсететін  негізгі  ком по нент-

тер дің  бірі  –  адамның  дүниетанымы  мен 

сені мі.  Дүниетаным  –  адамның  табиғат, 

қоғам дық өмір туралы білімдерінің жүйесі. 

Адам ның алдына қойған мақсатының ай қын 

болуы,  дүниетанымның  өмірмен  бай ла ныс-

ты лығы  берік  сенімнен  туады.  Сенім  мен 

дүние таным  қатарласып  жүрсе  ғана  адам 

сана сы  нұрлана  түседі.  Өйткені,  бұл  екеуі, 

құс тың  қос  қанатындай,  адамның  ең  асыл 

қасиет тері  болып  табылады.  Берік  сенімі 

жоқ  жерде  тыңғылықты  дүниетанымы  да, 

тұрақ ты  мінез-құлық  та  болмайды.  Сенім 

қалып таспаған  адамның  шындықтың  жай-

жап сарын дұрыстап айыруға, өмірден өз ор-

нын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете 

бер мейді.

Адамзаттың  сан  ғасырлық  тарихында 

адам гершілік  пен  имандылықтың  улы  қоз-

ғау шы күші – сенім. Сенім жоғалған жер де 

тіршіліктің  мәні  де  шамалы.  Сенім,  пікір-

талас,  көзқарас  қақтығысында,  ынты мақ-

тық қа  кең  жол  ашылғанда  ғана  шыңдала 

түседі. Сенім кісінің еркін білдірген, сезі мін  

қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағ да ры-

на  айналған білім жүйесі.

Жеке  адамның  психикасын  нұрлан ды ра-

тын қасиеттің енді бірі – мұрат. Бұл – адам-

ның  өзіне  өмірден  өнеге  іздеуі,  біреуді  ар-

дақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – адамның ал-

ды на  қойған  ең  ардақты,  ең  асыл  мақсаты. 

Адам  осыған  жету  үшін  қолдан  келгеннің 

бә рін  пайдаланады.  Өзін  тәрбиелеуге  кірі-

се ді. Барлық күш-жігерін соның соңына са-

ры  жерде  ғана  болады.  Оқушыларды  асыл  

мұраттар  рухында  тәрбиелеу  –  бас тау ыш 

мектеп мұғалімдерінің де басты мін дет те рі-

нің  бірі. 

Жеке адам психологиясынан елеулі орын  

ала тын қасиеттердің бірі – талғам. Бұл адам-

ның  дүниетанымы  мен  сеніміне,  өмір лік 

позициясына,  бағыт  пен  мұратына,  бағ да-


95

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

рына,  мақсатына  байланысты  жатады.  Тал-

ға мына  адамның  білімі,  тәрбиесі,  ортасы, 

тәжіри бесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) 

байланысты да адамдарда түрлі талғам орын 

алады.  Мәселен,  кейбір  адамдардың  ала-

құ ла,  көзге  қораш  киінуін  талғамы  дұ рыс 

қалыптасқан  адам  деп  айту  қиын.  Өйт ке ні 

дұрыс талғам дұрыс, жүйелі жақсы тәр бие-

нің  нәтижесі.

Қызығу,  сенім,  талап,  мұрат  адамды  әр 

кезде  іс-әрекетке  итермелеп  отыратын  ең 

негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады. 

Бұ лар  адамның  басында  айқын  да  анық 

сәуле леніп отырады.

Танымдық белсенділікті қалыптастыруда 

халық ертегілерінің мүмкіндігің дүниеге ғы-

лы ми  көзқарастың  қалыптасуы  ұзақ  жә не 

күрделі  үрдіс,  оның  барысында  жеке  көз-

қа рас тар  мен  сенім  жүйесі  дамиды,  жеке 

адам ның әрекет жасауына бағыт береді. Ер-

те балалық шақтан балаларда қоршаған бол-

мыс қа  дұрыс  түсінікті  тәрбиелеу,  олар ды 

табиғат  құбылыстармен  таныстыру  қа жет. 

Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ таны-

сады.  Дегенмен  отбасы,  балабақша  жә не 

мектептің  жұмысы  балада  болмысқа  де ген  

белсенді танымдық қатынасты оятуға бағыт-

та лу керек.

Бүгінгі  күні  оқытуда  қойылып  отырған 

талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға 

ой  өрісін,  қиялын,  эстетикалық  және  адам-

гер шілік  сезімдерін  дамыта  отырып,  олар-

дың халық шығармашылығына сүйіс пен ші-

лі гін, қызығуын арттыру. Ендеше оқу мате-

риялдарын сабақ мазмұнына сай етіп, олар-

ды  енгізу-балалардың  алған  білімін  толық-

ты рып, жан-жақты дамуына ықпал еткен.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-тол-

ға ныстар  бесік  жыры  мен  батырлық  эпос-

тар да,  ертегілер  мен  аңыздарды,  шешендік 

сөздер  мен  айтыс-термелерде,  жұмбақ-

жаңылт

  

паштар мен мақал-мәтелдерде көптеп 



кез де се ді.  Демек,  жас  ұрпақты  жан-жақты 

тәрбиелі, қабілетті азамат етіп өсіруде халық 

ертегілерінің  танымдық-тағылымдық  ролі 

орасан зор. Халық ертегілерінің оқушыларды 

жан-жақты тәрбиелеу мүмкіндіктері шексіз, 

өйткені  ол  жеке  адамның  бөліктеріне  (та-

ным дылық,  еріктілік,  қажеттілік,  қызығу) 

әсер етеді. Ертедегі балалар алдына адамға 

тән  сезімдер  дүниесін  ашып,  жеке  адамға, 

кейіпкердің жан дүниесіне қызығу тудырады. 

Ертегі оқу арқылы  баланың психикалық қа-

сиет  тері  мен  жеке  басының  ерекшеліктері 

не ғұрлым  тез  қалыптасады.  Ертегіні  оқу 

кезінде  іс-әрекеттің  кейін  дербес  мәнге  ие 

болатын  өзге  түрінің  де  негізі  қаланады. 

Ертегіні оқу әрекеті психикалық процестер 

ырықтылығының қалыптасуына әрекет ете-

ді.  Сонымен  балаларды  ырықты  зейін  мен 

ырық ты ес дами бастайды. Ертегілерді оқу 

ар қы лы  балалар  лабораториялық,  тәжірибе 

жағ дайынан  кері  әр  нәрсеге  жақсы  зейін 

тоқ татады  және  көбірек  есінде  сақтайды. 

Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте 

сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және 

бәрінен  оңай  бөлінеді.  Ертегіге  қойылатын 

шартының  өзі  баладан  ертегі  жағдайында 

ендірілген  заттарға,  ойналатын  көріністер 

мен  сюжетке  дейін  тоқтатуды  талап  етеді. 

Егер бала оқытын ертегі жағдайының  та ла-

бы на зейін қойғысы келмесе, ертегі оқудың  

шарттарын  есте  ұстамаса,  онда  баланы 

ешбір тәрбие түріне тәрбиелеуге болмайды. 

Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қа-

жет тілік баланы мақсатты бағытталған зейін 

тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді. 

Ертегі оқу жағдайы мен ондағы іс-әрекеттер 

мектеп  шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің 

дамуына үнемі әсер етеді. Ертегі бала заттың 

балашасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол 

балаша ертегіге ат қояды және осы қойылған 

атқа іс-әрекететеді. Балаша зат ойлау тіре гі  

болады.  Ертегі  едәуір  баланың  ұғым  тұр-

ғы сынан  ойлауға  көшуіне  көмектеседі.Ер-

те гілерді  оқу  және  оларды  жаттау  немесе 

балалармен оқыған нәрселерін бөлісу тілдің 

тез  дамуына  ықпалын  тигізеді.  Ертегі  оған 

араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы 

дамуының  белгілі  бір  деңгейін  талап  ете-

ді.  Құрдастарымен  түсінісу  қажеттігі  ұйқа-

сым ды  тілдің  дамуына  себепші  болады. 

Сонымен  қатар,  ертегі  қиялдың  дамуында 

анықтаушы  орын  алады.  Ертегілерді  оқу 

арқылы бала әрекетінде бір затты екінші 

бір  зат пен  алмастыруға,  өзіне  түрліше 

рольдерді  алуға  үйренеді.  Қиялды 

дамытудың  негізіне  осы  қабілет  жатады. 



96

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Мектеп  жасындағы  ере сек  балалардың 

ертегілерінде  осындай  тәр белік  мәні 

мен  мағынасы  бар  нәрселер  көп теп 

кездеседі. Балалар оқыған ертегілерін ой-

ша  түсінуге  және  олармен  амал  істеуге 

және өз қиялында жаңа жағдайларды жа-

сау ға  үйренеді.  Мұндай  жағдайда  ертегі 

бала ның  ішкі  дүниесінде  өтеді.  Баланың 

жеке  басының  дамуына  ертегінің  өз  ық па-

лы  бар.  Ертегілерді  оқу  арқылы  бала  ере-

сек  адамдардың  мінез-құлқы  қарым-қаты-

насымен танысады, ал бұлардың бәрі оның 

өз мінез құлқының үлгісі болады, өз құр дас-

та рымен қарым-қатынас жасауға қажетті қа-

сиет болып саналатын араласа білудің негізгі 

дағ ды ларына ие болады.

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім

Жүсіп Баласағұн.


97

МАЗМҰНЫ-СОДЕРЖАНИЕ

Совет-Хан Ғаббасов Абайдың педагогикалық еңбектерінің тәрбиелік мәні ..........................6

Табылды  Ә.  Қазақстандағы  ХІХ-ХХ  ғасырдағы  этнопедагогикалық  ойлардың  дамып 

қалыптасуы ..................................................................................................................................18



Тебегенов Т.С. Дидарласу-сәлемдесу өлеңдерінің тағылымы ...............................................23

Аташ  Б.М.,  Бекебаев  Ж.  Түркі  халықтарындағы  діни  сенімдердің  отаншылдықты 

қалыптастырудағы ролі ...............................................................................................................28



Иманғазинов М.М. «Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары» кітабы туралы бірер 

ой ...................................................................................................................................................33



Советканова Д.М., Садыкова А.Е. Поощрение впедагогической практике ......................38

Ізтілеуова С.Д. Алаштың аталығы – нияз батыр ......................................................................41

Сауранбаева Д.Б. Бастауыш мектептегі математика пәнін ұлттық құндылықтар негізінде 

оқыту ............................................................................................................................................46



Қдыралиева Ж.Б. Ұстаз болмысы – болашақтың алтын көпірі! ..........................................52

Сағиева Б.Ж Қазақ поэзиясы ақындар қаламында .................................................................56

Манкеш А.Е. Отбасының тәлім-тәрбиелік рөлі ......................................................................59

Өрісбаева М.О. Бала тәрбиесі – абай қаламында ....................................................................63

Нуриев  М.А.,  Садыкова  А.Е.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  ынталандыру  арқылы 

танымдық белсенділігін арттыру.................................................................................................66



Доскужанова Ж.Ө. Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы ұлттық рух ..........................................73

Сатыбаева А.С., Маханова Н.Б. Кәсіби мұғалімнің құзіреттілігі .......................................76

Қаражанова  Қ.Ә.  Жеке  тұлға  бойындағы  шығармашылық  қабілеттерді  ақпараттық 

библиографиялық құралдарын насихаттау арқылы қалыптастыру ........................................79



Найманбаева Б.М. М.Жұмабаев лирикасындағы ұлттық үрдістер ......................................85

Сағиева Б.Ж., Ахметова Б.Қ., Ахметова А.Қ. Батырлар жырының тәрбиелік мәні .........88

Сағиева  Б.Ж.  Советканова  Д.М.  Оқу-тәрбие  үрдісінде  оқушылардың  психологиялық 

біліктілігін арттырудың жолдары ..............................................................................................92



98

Мақалаларды журналға басып 

шығарудағы талаптары

Мақаланы  «Ұлттық  тәрбие»  журналына  тапсыру 

үшін журналдың жауапты хатшысына қағаз түрінде ба-

сылып шыққан файл көшірмесімен кез келген электрон-

ды таратушыда өткізу керек. Дискетадағы ақпарат қағаз 

түрінде басылып шыққан ақпаратқа сай келуі кажет.

Мәтін  Microsoft  Word  мәтіндік  редакторда,  Timas 

New  Roman  шрифтпен,  шрифтің  өлшемі  №  12  терілуі 

қажет.  Мақаланың  көлемі  5-беттен  кем  болмауы  тиіс. 

Беттің параметрлері: үсті – 2 см, асты 



 

2 см, сол жағы 





 

3 см, оң жағы – 1,5 см. Жоларалық интервал – дара 

(одинарный).

Мақала  автордың  аты-жөні,  қызметі,  ғылыми 

лауа зымы,  мақаланың  атын  көрсетумен  басталады, 

мақала ның  соңында  үш  тілде  түйін  беріледі.  Мақала 

терілгеннен  кейін  автор  өзі  тексеріп,  қателерін  тү зеп, 

соңғы нұсқасын беруі қажет. Мақала мазмұнына автор 

өзі жауап береді.

Әдебиеттерге  сілтеме  міндетті  түрде  жасалсын. 

Олар мәтінде аталуына қарай таяқшада сан түрінде көр-

се тіледі. Мақаланың соңында берілетін әдебиеттер тізі-

мінде  алдымен  автордың  аты-жөні,  мақаланың  немесе 

кітаптың аты, сонан кейін кітаптың жалпы мәліметтері 

көрсетіледі.

Мақаланың соңында қызмет және үй телефон нөмір-

лерін көрсетулеріңіз қажет. 

Түп  нұсқалар,  қойылған  талаптарға  сай  келмеген 

жағ дайда баспаға қабылданбайды. Мақалалар кері қай-

тарылмайды және өңделмейді.

Мақаланы  баспаға  шығару  ақысы  университеттің 

кассасына  төленеді  немесе  банк  арқылы  төлеуге  бола-

ды.  *Қойылған  талаптарға  сәйкес  мақаланы  журналға 

шығару бағасы 1500 теңге. 



Бір  жылға  жазылу  бағасы  3104  теңге.  Журналға 

жазылу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жыл бойына 

жүреді. Индекс 74310

*Реквизиты: РГП ПХВ Абай атындағы Қаз ҰПУ

ИИН KZ178560000000086696

БИН 031 240 004 969

РНН 600900529562

АГФ ОАО «БанкЦентрКредит»

МФО 190501719, код 16

Свидетельство о постановке на учет по НДС:

Серия 60305 № 0005741 от 13.01.04

Ескерту:

Жекелеген авторлардың журналда жарияланған 

мақалаларындағы пікір-ұсыныстары редакцияның 

түбегейлі көзқарасын білдірмейді. 

Мазмұнды, әрі мағыналы жазылған мақалалар ре-

дакцияда қара лып, ақысыз жарияланатын болады.

Примечание:

Мнения и предложения авторов статей опублико-

ванных в журнале могут не совпадать со взглядами 

и мнением редакции. 

Лучшие статьи по мнению редакции будут печатать-

ся в журнале бесплатно.

Требования к оформлению статей, 

публикуемых в журнале

Материалы  для  журнала  «Ұлттық  тәрбие»  сдаются 

ответственному  секретарю  журнала  в  распечатанном 

виде с приложением копии файла на любом электрон-

ном носителе. Информация на электронном носителе и 

в распечаттаном виде должна быть идентичной.

Набор  должен  быть  произведен  в  текстовом  ре-

дакторе  Microsoft Word  шрифтом Times  New  Roman, 

кегль – 12. Статья должна быть не менее 5 страниц. 

Параметры страницы: верхнее – 2 см, нижнее – 2 см, 

слева – 3 см, справа – 1,5 см. Междустрочный интер-

вал – одинарный.

Статья должна начинаться с указания ФИО автора, 

занимаемой должности, ученой степени, названия ста-

тьи. В конце статьи обязательно наличие резюме на трех 

языках. Текст должен быть тщательным образом выве-

рен и отредактирован автором после набора. Автор сам 

отвечает за содержание статьи.

Ссылки  на  литературные  источники  обязательны. 

Они даются в тексте цифрами в сносках по мере упо-

минания. В списке литературы, который дается в конце 

статьи, вслед за фамилией и инициалами автора идут на-

звание статьи или книги, а затем остальные выходные 

данные. 


В конце статьи необходимо указать номер служебно-

го и домашнего телефона. 

Оригиналы, оформление которых не будет соответ-

ствовать указанном требованием, к публикации не при-

нимаются. Статьи не возврашаются и не рецензируются. 

Материалы, поступившие в редакцию, в дальнейшем 

не будут использоваться в других изданиях.

Оплата за публикацию вносится в кассу университе-

та, либо производится по безналичному расчету. *Стои-

мость статьи в журнал 1500 тенге.



Подписная  цена  за  год  3104  тенге.  Подписка  на 

журнал  проводится  в  течение  года  в  отделах  «Казпоч-

та». Индекс 74310


Құрметті оқырмандар!

«Ұлттық тәрбие» журналын «Қазпошта» АҚ мекемесінің кез келген бөлім-

шесінен жаздырып ала аласыз. Журналға жазылу жыл бойына жүргізіледі.

«Ұлттық тәрбие» журналын жаздырып алуға және мақала жариялап, өзіндік 

тың ой қосуға асығыңыз, ағайын!

Мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады: Жамбыл көшесі, 25 үй, 24 

каб. Тел: 291-88-83. Е-mail: nitso@mail.ru

050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13

Абай атындағы ҚазҰПУ

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасының баспаханасында басылды

Отпечатано в типографии издательство «Ұлағат»  

КазНПУ имени Абая



Жауапты редактор/Ответственный редактор – Жанар Сейсенбаева

Жауапты хатшы/Ответственный секретарь – Баян Сағиева

   Беттеген/Верстка – Баян Сағиева

Редакция мекен-жайы:

050010, Алматы қ., Жамбыл к-сі 25 үй, 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ, каб. 24.

Тел/факс: 8(727) 291-88-83, 8777 175 34 31,

электрондық мекен-жай: nitso@mail.ru

Басылымға жіберілді: 24.07.2014 ж. Пішімі 60х84 

1

/

8



Қағаз - сыктывкар. Басылым – офсет. Көлемі 12,5 б.т. 



Таралымы 400. Тапсырыс №157

Document Outline

  • Обложка
    • Страница 1

Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Пірәлиев С. Ж., Нәрібаев К. Н., Жампеисова Қ.Қ., Қойгелдиев М. К
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> БАҒдарламасы 5В010200 бопә мамандығының білім беру бағдарламасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет