Бас редактор


АЛАШТЫҢ АТАЛЫҒЫ – НИЯЗ БАТЫР



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

АЛАШТЫҢ АТАЛЫҒЫ – НИЯЗ БАТЫР

Мақалада Алаштың аталығы – Нияз батыр жайлы жазылған. Ондағы, «аталық» сөзі қазақ 

хандығындағы өте мәртебелі қызмет болғаны ақиқат. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын-

да «аталық» ұғымына қысқаша ғана анықтама беріліпті. Онда «аталық» хан ордасында тақ 

мұрагеріне әскери тәрбие беретін және оқытатын жоғары мәртебелі адам. Өзі тәрбиелеген 

ханзада билікке жеткен соң оның кеңесшісі қызметін атқарған. Осы және батырдың басқа 

да қырынан зерттеп жазылған мақала.

Түйін сөздер: батыр, хан, ел билеуші, тәрбие, әскери өнер.

В статье написано о великом Алаша – Нияз батыре. Известно, что слово «ақиқат» было 

очень  авторитетной  деятельностью  в  казахском  ханстве.  В  национальной  энциклопедии 

«Қазақстан» дано краткое разъяснение слову «ақиқат». Там «ақиқат» человек высшего чина 

воспитывающий и обучающий наследника престола военному делу в ханской орде. При 

достижении власти воспитанника он выполнял должность советчика. Написано об этих и 

других качествах батыра.

Ключевые слова: батыр, хан, правитель, воспитание, военное исскуство.

The article is written about the great of Alash - Niyaz Batyr. It is known that the word �akikat� 

was very authoritative work in the Kazakh Khanate. The national encyclopedia �Kazakhstan� give 

brief explanation to the word �akikat� There �akikat� person of higher rank who educate and train 

the heir military affairs in the khan’s horde.Upon reaching power of his pupil he performed a post 

advisor. Written about these and other qualities of warrior. 



Keywords: warrior, Khan, ruler, education, military, art.

Қазақ  хандығы  заманында  ел  билеген 

хан дар  Шыңғыс  хан  тұқымынан  болғаны 

бел гілі.  Олар,  яғни  Шыңғыс  ұрпақтары 

(чин гизиды)  ақсүйектер  болып  саналған. 

Қа зақ  қоғамының  саяси  иерархиясының  ең 

жоғарғы сатысында тұрған чингизидтер са-

ны тым аз ғана әлеуметтік топ болды. Би лік-

ке  талас  барысында,  түрлі  соғыстарда  мі не 

сол  басқарушы элита өкілдері бірінші кезек-

те құрбан болатын. Өздерінің осындай әлсіз-

дік тұсын білген Шыңғыс тұқымдары қа зақ 

руларының арасынан ең білімді, білік ті және 

жаужүрек  өкілдерді  өздеріне  жа қын датты. 

Оларға  басқарушы  элитаның  жа ңа,  жас 

ұрпағын  дайындап,  тәрбиелеу  жұ мыс тарын 

және  мемлекеттің  түрлі  өзекті  мәсе лелерін 

шешуді  сеніп  тапсырды.  Міне  хан ға   өте 

жақын, қарадан шыққан басшылар инс ти ту-

тын қазақ хандығы кезінде «аталық» деп ата-

ған.   Қазақ  хандығының  саяси  –  әлеуметтік 

дамуындағы  «аталық  институты»  рөлі  осы 

уақытқа дейін арнайы зерттеу зерттеу объек-

тісі болған жоқ. Аталықтардың тарихы қа зақ 

тарих  ғылымындағы  «ақтаңдақтар»  қата-

рында. Мәселе терең зерттеуді талап ете ді. 

Сонымен «аталық» хан ордасында мұра-

гер ге және ханның басқа да ұлдарына тәрбие 

беретін, әскери өнерге үйрететін, мемлекетті 

басқарудың  қыр-сырларын  ұғындыратын, 

хан  шешетін  мәселелер  мен  қоғамдық  қа-

ты  настардың  түрлі  қайшылықтары  мен  

қиыншылықтарын  түсіндіріп  беретін  тәр-

бие ші  және  кеңесші  адам.  Сондықтан  хан  

ордасында оның статусы өте жоғары. Мәр-

те бе лі    Аталықтың  тәрбиелеген  ханзадасы 

хан  бо лып сайланғанда, аталық оның бірін-


42

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ші  кеңесшісіне  және  оның  атынан  би лік  

жүргізетін  орынбасарына  айналған.  Хан 

аталыққа  өзінің  нағашы  туысынан,  неме-

се  ең  жақын  ағайынның  арасынан  шық қан 

озық  тұлғаларды  таңдаған.  Ханмен  еш-

қандай  туыстық  жақындығы  жоқ  адамның 

аталық  болуы  өте  сирек  құбылыс  болған. 

Аталықтар хан ордасында қоғамдық өмірдің 

әр саласының дамуына жауап беретін уәзір-

лер ден  биік  тұрған.  Уәзірлер  негізінен  ата-

лық тардың  тапсырмасын,  шаруаларын  ше-

шіп  отырған.  Аталықтарды  ханнан  кейінгі 

басшы  ретінде  қабылдаған.  Хан  өз  сенімін 

ақтаған аталықтарды өзіне қарасты ірі аймақ-

тарды билейтін әкім- әмірші ретінде жібе ріп 

отырған.  Әсіресе,  орталықтан  тыс  тұр ған, 

алыстағы аймақтарды хан құзырынан шы ғар-

май ұстап тұру осындай беделді аталықтарға 

тапсырылған.  Аймақтарда  әмірші  қызметін 

атқарған  аталықтар  және  ханның  кеңесші 

ата лықтары  түрлі  жарлықтар  шығарып, 

олар ға өз мөрін басуға құқы болған. 

Демек,  аталық  қазақ  хандығындағы  өте 

мәртебелі қызмет болғаны ақиқат. Бірақ та,   

қазақ  хандығы  тарихына  қатысты  зерт теу-

лер де  аталықтар  және  олардың  қыз мет тері 

тура лы  деректер  тым  мардымсыз.  Бұл  та-

қырып  қазақ  хандығы  жайында  еңбек  жаз-

ған  тарихшылар  мен  әдебиетшілер  наза ры-

нан тыс қалып қойған. «Қазақстан» ұлттық 

энциклопедиясында «аталық» ұғымына қыс-

қа ша  ғана  анықтама  беріліпті.  Онда  «ата-

лық»   хан  ордасында  тақ  мұрагеріне  әскери 

тәр бие  беретін  және  оқытатын  жоғары 

мәртебелі  адам.  Өзі  тәрбиелеген  ханзада 

билік ке жеткен соң оның кеңесшісі қызметін 

атқар ған. Ерте ғасырларда (7-8ғ, одан кейінгі 

15-19ғ.) Түрік, Батыс Түрік, Қимақ-Қыпшақ, 

Оғыз, «Тоғыз Оғыз», Қырғыз, бертінгі Хиуа, 

Бұқар, Қоқан, Қазақ хандықтарында Аталық 

лауазымын алған адамдар аз болмаған. Орта 

Азия халықтары ішіндегі ең аты мәшһүрі – 

Әлімқұл аталық. Аталық сөзінің бұдан бас қа  

да ұғымдары бар: 1) Ханның ақылшы қа рия-

сы; қазақ ауылының батагөй ақсақалы; 3) ізгі 

қасиеттерді білдіретін ұғым, мысалы аталық 

бо рыш, аталық қамқорлық т.б.

Қазаққа  белгілі  аталық  болған,  танымал 

тұл ға - Барқы ұлы Нияз батыр. Нияз батыр 

түр лі  деректерге  қарағанда  шамамен  1685 

жы лы  туылып,  1785  жылы  қайтыс  болған. 

Кей бір  деректерде  1782  жылы  қайтыс  бол-

ған делінеді. Барлық деректерде Нияз ба тыр  

жүз  жастан  асып  ұзақ  өмір  сүрген  деп  ай-

ты лады.  Оның  арғы  аталары  Арғын  –  Ал-

тай  –  Сайдалы  –  Арыстан  –  Барқы  болып 

тара ла ды.  Нияз  батыр  XVIII  ғасырдағы  қа -

зақ тарихында маңызды оқиғаларда бел   сенді 

қызмет  атқарған  ірі  мемлекет  қай рат кері. 

Ол  Болат,  Сәмеке,  Әбілмәмбет,  Әбілпейіз 

хандары  тәрбиелеген  және  осы  хан дар ға 

кеңесші болған, саяси- әлеуметтік, мәсе ле лер-

ді шешуде басшылық рөл атқарған. 30 жыл-

дай уақыт Ташкент пен Түркістан өңір ле рі нің 

әміршісі болып, осы жерлерді қазақ хан дығы 

құрамында ұстап тұрған да Нияз ба тыр. 

Нияз  батырдың  ата-  тегі  туралы  айтсақ, 

Нияз дың  арғы  атасы  Қуандықтың  екінші 

әйелі нен  Алтай,  Қарпық  туған.  Ал,  Алтай-

дан   Сайдалы,  Момын,  Нұрбай,  Әпке, 

Байдалы,  Кенжеқара  тарайды.  Сайдалыдан 

Арыстан  мен  Сүгірәлі,  Арыстаннан  Барқы, 

Мамадайыр,  Мамашық,  Тоғызық  тарайды. 

Барқының  балалары:  Мөңке,  Нияз,  Итқара 

және  Құлқара.  Барқының  аттары  аталған 

төрт  ұлы  да  қазаққа  еңбек  сіңген  қол  бас-

та ған  батырлар,  ел  билеген  қайраткерлер 

бол ғаны  белгілі.  Нияздың  әкесі  Барқы  да 

ел ге  танымал  батыр  және  аталық  болған. 

Барқы батыр Әз – Тәуке ханның заманында 

өмір  сүріп,  өз  заманындағы  қазақтың  хан-

да рымен,  билерімен  қарым-қатынаста  бол-

ған  «Жеті  жарғы»  заңдарын  жазуға  қаты-

нас қан.  Әз  Тәуке  хан  Қазақ  хандығын  би-

ле ген  кезеңде  Ташкент,  Бұқара,  Самарқан, 

Ферғана аймақтары қазақтың игілігінде бол-

ған.  Барқы  батыр  мен  оның  ұлдары  Нияз, 

Итқара,  Құлғара  батырлар  қазақ  хан дары-

ның  тапсырмасымен осы өңірлерде әмірлік 

жүр гізеді.

Көптеген деректерде Нияз батыр Ташкент 

ай мағында  25  жылдай  билік  құрғандығы 

айты лады. Сондықтан болар Барқы батыр ұл-

дарының арасында Нияз батырдың есімі ха-

лық жадында  және тарихи деректерде кө бі-

рек сақталған. Мысалы, белгілі халық ақы ны 

Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» поэ масында 

Нияз  батыр  туралы  айтылады.  Онда  батыр 


43

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

туралы былай делінген:

Орта жүздің Ниязы,

Азамат жиып алыпты.

Көңілді жігіт бар болса,

Мәмбет ханды шабам деп

Түгел хабар салыпты.

Ер көңілді жігіттер,

Нияз тілін алыпты,

Көңілдерін күйлепті.

Нияз да ердің назы еді,

Өзі жарлы болса да,

Киген киім, мінген ат,

Жүрісі артық сән еді.

Домбырашы өлеңші,

Түрлеп салған ән еді.

Барын беріп айттырған,

Аппақ сұлу жары еді.

Сескенбейтін ер Нияз,

Шалқайып атта тұрады.

Аты шыққан ер Нарқыз,

Адамның алып қыраны.

Көтеріп алып Мәмбетті

Алдына әкеп ұрады.

Бұл  дастан  жолдары  Нияз  батырдың  өз 

за ма нында өте ықпалды тұлға болғандығын 

көр сетелі.  Кіші  жүздің  батыры  Нарқызбен 

бірік кен Нияз батырдың жасақтары Мәмбет 

ханды бас игізгені айтылады. Нияздың өмірі 

мен  қызметінің  қазақ  хандарының  билік 

үшін  күресіне  байланысты  болғандығын 

көп теген  тарихи  деректер  дәлелдейді.  Осы 

күрес тер барысынды Нияз батыр үнемі қа зақ 

халқының тәуелсіздігін, оның жерінің бір тұ-

тас тығын бірінші кезекке қояды. Хандармен 

қоян-қолтық араласа жүре Нияз батыр Қазақ 

же рінің жоңғар басқаншыларынан азат етілуі, 

қа зақ  хандығынын  күшеюіне  байланысты 

мәсе лелерді  шешуге  мұрындық  болады.

Әсіре се қазақ жұртының ішкі бөліну, өзара 

жау ласуы  сияқты  зиянды  құбылыстармен 

күре суге, халықты біртұтас әлеуметтік күш 

ретін де  біріктіруде,  достастыруда  Нияз 

ба тыр  үлкен  еңбек  сіңіреді.  Бұл  туралы 

Н.Байғанин «Нарқыз» жырында былай дейді :

Бір  сұңқар мен аққуды,

Балаби мен Шоқай би,

Тауып қосқан жер еді.

Кімге тимес жақсының,

Сондай күнде себебі.

Орта жүз бен Кіші жүз,

Көп жауласқан ел еді,

Нарқыз бен Нияздың .

Елге тиіп себебі,

Жаушылықтан достасып .

Орта жүзбен Кіші жүз,

Татуласқан жер еді.

Аталықтарға және олардың ұлдарына Қа-

зақ хандары түрлі тапсырмалар беріп отырған. 

Олар көбіне елшілік қызмет  атқарған. Алыс 

аймақтарда  хан  билігінің  орындалуын  іске 

асырып  отыратын  әміршілері  болған.  Мы-

салы, Нияз батырдың атасы Арыстан батыр 

Хақназар, Тәуекел, Есім хандардың атлығы 

болған. Ал әкесі Барқы батыр Салқам Жәңгір 

мен  Әз  Тәуке  хан  тұсында  аталық  болған. 

Сондықтан  Арыстан,    Барқы,  Нияз  сияқты 

Ар ғын тайпасының  Алтай руынан шыққан 

ата лықтар әулеті де кең байтақ  қазақ же рі нің 

әр түпкірінде  хан билігін жүргізген. Қа зақ 

хандығының алтын ғасыры атанған  Әз Тәуке 

хан  заманында  бір  мемлекетке  үш  жүзбен 

қоса, қырғыз, қарақалпақ халықтары бірік кен. 

Міне осы кезеңде Нияздың әкесі Барқы аталық 

Әз  Тәуке  ханнан  кейінгі  хан дық тағы  екінші 

тұлғаға айналады. Барқы аталықтың елде төрт 

ұлы ғана Мөңке би, Нияз аталық, Итқара ба-

тыр, Құлғара батыр қалады. Қалған ұлдары хан 

Кеңесі тапсырмасымен  Қытайға, Ресейге, Қап 

тауы елдеріне, Иранға елшілік қызметтермен 

аттанады.  Аталықтар  ұрпақтарының  өздері 

бар ған жерлеріне сіңісіп, елге қайтуға мүм кін-

діктері болмай қалғандығы  тарихи шын дық.  

Мысалы,  Әбілпейіз  сұлтанның  Қытай да ғы 

абақ-керейлер төре қылуға сұрап ал ған бала-

сы Көгедай ұрпақтарымен бірге бар ған Барқы 

аталық ұрпақтары, яғни Нияз батыр дың бау-

ырлары Жантекей руына сіңді деген де рек бар.

Сондай-ақ  аталықтар  әулетінің  қазақтың 

түрлі руларына, сонымен бірге төліңгіттерге  

сіңумен  қатар  басқа  халықтар  арасында  

сіңі суі орын алған. Бұл үрдіс Әз Тәуке хан  

заманындағы мемлекеттік билік құры лы мы-

нан басталып Қазақ хандығымен бірге жал-

ғас қан.

Билік иесі Хан болса, одан кейін Аталық, 

одан  соң Орда (хан билігінің аппараты) бол-

ған.   Ордаға  сардарлар,елшілер,кеңсе,  дін 



44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

басы-қожалар,  жасауылдар,  күзет  қызметі, 

қа ла  шаруашылығын  басқаратын  әкімдер 

кір ген.  Ал  жалпы  мемлекеттік  мәселелер 

Же ті  жарғы  кеңесінде  талқыланған.  Оған 

қазақ тың үш жүзінің атынан сөйлейтін Орда 

билері, Қарақалпақ, Қырғыз, Қатаған, Жай-

ма сияқты қоңсы елдер өкілдері, ұлыс сұл-

тан дары мен кіші хандар, шариғат заңының 

біл гірлері  хазіреттер  мен  қарилар  кірген. 

Билік тің  үшінші  сатысы  Қаз  деп  аталатын 

жал пыхалықтық  жиын  болған.  Қазға  Орда 

би лері батырлары, жауынгер жасақтар өкіл-

де рі,  сардарлар,  ірі  ру  басшылары  кірген. 

Қаз  жиыны  жылында  бір  рет  шақырылып 

он да елдің даулары мен өзара қатынастары 

мә се лелері шешілген. 

Міне  осындай  Әз  Тәуке  хан  заманында  

қа лыптасқан  мемлекеттік  билік  жүйесі  Қа-

зақ хандығында ішкі алауыздыққа жол бер-

мей  мемлекеттің  біртұтастығын  нығайтты. 

Ал  Қазақ  хандығының  негізгі  бәсекелесі 

Жоң ғария 1745 жылы ұлы қонтайшы Қал дан 

Серен    қайтыс  болғаннан  кейін  терең  дағ-

дарысқа  ұшырады.  Оның  негізгі  себебі  би-

лік үшін өзара қырқысу болды. Бас аяғы он 

жылда Жоңғарияда 5 ұлы қонтайшы ауысты. 

Жоңғариядағы  азамат  соғысы  және  Қы тай-

дың  іріту әрекеті Қазақ хандығының көз ал-

дында көршілес елдің халқын босқынға ай-

налдырды. Жоңғарияның соңғы қонтайшсы 

Әмірсана 1756 жылы Абылай ханнан көмек 

сұра ды. 1757 жылы Жоңғарияны басып алған 

Қы тай  әскерін  Қазақ  батырлары    тоқтатты. 

Қазақ пен Қытайды бөліп тұрған Жоңғария 

кел меске кетті. Қазақ хандығы енді шығыста 

тіке лей  Қытаймен  шектесетін  болды.  Бұл 

жағ дай  Қазақ  хандығының  геосаяси  ахуа-

лын  күрделендіріп  жіберді.  Қазақ  хандары, 

ата лықтары мен билері Қазақ халқын сақтау, 

же рін басқыншыларға бермеу жолында шын 

мә ніндегі ерлік пен пара-пар мемлекеттік іс-

тер ді атқарды. 

Қазақ  хандығының  күшеюіне  еңбегі 

сіңген  мем лекет  қайраткерлерінің  арасын-

да  аталық  Нияз  батыр  Барқы  ұлы  жүрді. 

Ол  Сәмеке  хан ның  тікелей  тапсырмасымен 

Сырдың  сол  жа ғалауы,  Қарқаралы  дала-

сы,  Торғай,  Есіл,  Елек  өзендері  бойындағы 

елді басқарып Ар ғын, Найман тайпаларына 

басшылық жасайды. Сол жылдардағы тари-

хи кезеңді зерттеуші И.В. Ерофееваның пікірі 

де  Нияз  батыр  туралы  осы  айтылғандарды 

қостайды.  Ол  «...  авторитетного  в  те  годы 

среди казахов Среднего Жуза батыра Нияза, 

входившего в ближайшее окружение хана...» 

деп жазады. Шамамен 1724-1725 жылдардан 

бастап  Нияз  батыр  бірер  жыл  Түркістанды 

билейді. Ал, Сәмеке хан өлгеннен кейін Нияз 

баты р өзінің тәр биесінде болған Әбілмәмбет 

сұлтанды  хандыққа  лайықты  санайды.  Бұл 

туралы тарихшы В.А.Моисеев: « После кон-

чина Саме ке в Туркестане некоторые время 

пра вил батыр Нияз, активно поддержавший 

при тязание султана Абулмамета на ханский 

трон в Среднем Жузе»,- дейді.

Бұл  кезеңде  Жоңғардың  күшейіп  Орта 

Жүз  бен  Қазақ  хандығының  оңтүстігіндегі 

Түр кістан,  Ташкент  қалаларына  алым  – 

салық төлетіп тұрған кезеңі болатын. Осын-

дай  қысылтаяң  уақытта  Нияз  батыр  Орта 

Жүз де  хан  сайлауының  өтуі  үшін  мал-жа-

нын аямай, зор ұйымдастырушылық жұмыс 

ат қарады. Шамамен ХVIII ғасырдың 30-шы  

жылдарында  Әбілмәмбет  Орта  Жүзге  хан 

сайланады.  Бұл  іске  Нияз  батыр  өзінің  ық-

па лы  жүретін  Арғын  руының  басшыларын 

жә не Оңтүстік Қазақстаннның ру, тайпа бас-

шыларын жұмылдырады.

Нияз батыр өзінің аталық қызметін абы-

роймен  атқара  отыра  қазақ    хандарының 

тағ дырына  үлкен  әсерін  тигізеді.  Көптеген 

дерек терде Нияз батыр 1742 жылы Абылай 

хан  Қалдан  Сереннің  тұтқынына  түскенде 

оны  жоңғарлардан құтқарып алуда шешуші 

рөл атқарған делінеді. 1743 жылы қазақ ел-

ші лі гі  Жоңғар  қонтайшысына  келеді.  Бұл 

ел шілікте Нияз батыр және оның қосынына 

ер ген батыр інілері Құлқара мен Мөңке со-

нымен  бірге  інілерінің  балалары  Итқара, 

Ақтайлақ, Қыдырәлі сияқты сол кезде таны-

ла  бастаған  батырлар  болған.  Бұл  деректің 

дұрыстығын  аталықтар  тарихын  зерттеген 

тарихшы  Жамбыл  Омари  да  растайды.  Ол: 

«Әбілпейіз Нияз аталықтың өзінің қолында 

өскен, тәрбие алған шәкірті. 1742 жылы Абы-

лай сұлтанды қапастан босатамыз деп Нияз 

аталық осы Әбілпейізды «жігіттікте жаннан 

кеш  те  іс  қыл,  өлсең  өлерсің,  өлмесең  кісі 


45

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

бо ларсың»  деп  Қаратал  өзенінің  бойында 

отырған  Қалдан  Серен  ордасына  алып  ба-

рып еді»,- деп жазады. Халық аузында Нияз 

батыр Абылай сұлтанның орнына өзінің ба-

уыры Итқараны кепілдікке Қалдан Сереннің 

қолына  қалдырған  деген  әңгімелер  бар. 

Абылай сұлтан  босатылғаннан кейін найман 

және абақ-керей тайпалары мекендеп отыр-

ған Алтай мен Тарбағатай аймақтарын билеу 

Әбілпейіз  сұлтанға  бұйырған.  Нияз  батыр 

хал қы  үшін  ел  билігін,  оның  қауіпсіздігін 

өзі нің қарақан басының мүддесінен жоға ры  

қойып  келген  мемлекетшіл  тұлға.  Сон дық-

тан  оның  беделін  бүткіл  Орта  Жүз    жұрты 

сый  лаған.  Оның  Қытай,  Ресей,  Жоңғария 

мем  лекеттеріне талай рет Қазақ хандығының 

ел  шіліктерін  басқарып  барып  ел  мүддесін 

ше  ш кендігі туралы деректер анықталған.

Нияз батыр қазақ ұлтының шешендік өне-

рін, көшпенділер мәдениеті мен дәстүрлерін 

те рең меңгерген, артында халқына көп ұла-

ғатты сөздер қалдырған дарынды мемле кет  

қайраткері.  Ол  көшпенді  және  жартылай  

оты  рықшы  қазақ  ру-тайпаларының  ба сын  

біріктіруде, ұлттық топ тасуда, өзара та ту  лық-

та болуы үшін бар лық күш-жігерін жұм сап 

елдің қадірлі бас шысы бола біл ді. Ұлағатты, 

мазмұнды өмір сүріп отаншылдығын барлық 

қазақ жұр тына үлгі етіп өтті. Оның зор еңбегін 

құр меттеген  халқы  Нияз  батырды  қасиетті 

Қожа Ахмет Исауи кесенесіне жерледі. Нияз 

ба тыр  ұрпақтары  бүгінде  Сарыарқаның 

са  ры  даласын  емін-еркін  жайлап  жатыр. 

Қарағанды  облысының  Жаңаарқа  ауданын-

да  Нияз  батырдың  ұрпақтары  өмір  сүруде. 

Олар дың  арасынан егеменді елімізге белгілі 

көп  те ген мемлекет қайраткерлері, ғалымдар 

мен  өнер  қайраткерлерінің  шыққандығы 

қуан  тады.  Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  

бо луы,  оның  әлем  халықтарына  танылуы, 

өсіп-өркендеуінің түп-тамыры аталық Нияз 

ба тыр дай  ержүрек  және  дарынды  ба ба лар-

дың  ерен ерлік істерінің арқасында іске ас-

қан да ғы ақиқат. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 1Т. Алматы, 1998. – 303б

2 Жаркешов С. Тантайдай батыр болғанын білеміз бе? Алаш айнасы. 2013. 6 қараша. 5б.

3 Ерофеева И.В. Казахские ханы и ханские династии в XVIII-серединеXIX вв. В книге: 

Культура и история Центральной Азии и Казахстана: проблемы и перспективы исследования.

Алматы, 1997. с. 63.

4 Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIIIвв. Алма-Ата, 1991. с. 86

5 Ізтілеуов Д. Жаңаарқам, елім менің...Алматы: Арыс, 2001.-6-7б.

6 Омари Ж. Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, Нияз-Астана: Алтын Кітап, 2011.-325б.

Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін

Мақал-мәтел.


46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.2.8



Д.Б.Сауранбаева

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ инспекторы

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІН 

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ

Мақалада бастауыш мектептегі математика пәнін халықтық педагогика негізінде оқыту 

әдістері қарастырылған. Математика пәнін оқыту үрдісінде сабақты қазақ халқының ерекше 

тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазынасы – салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, 

жұмбақ, мақал-мәтелдері, өлең-жырлары, ұлттық ойын элементтерімен өрнектеу баланың 

интеллектуалды дамуына септігін тигізері сөзсіз. 



Түйін сөздер: қазақ халқының есептері, санамақ, халықтық педагогика, ұлттық нақыш, 

логикалық даму.

В статье рассмотрены методы обучения математики в начальной школе на основе народ-

ной педагогики. Внесение элементов сокровища казахского народа, имеющее особое вос-

питательное значение – традиции, обычаев, легенды-сказок, загадок, пословиц и поговорок, 

песен, национальных игр в процесс обучения математики содействует интеллектуальному 

развитию ребенка.



Ключевые  слова:  казахские  народные  задачи,  считалка,  народная  педагогика,  нацио-

нальный колорит, логическое развитие.

The  article  describes  the  methods  of  teaching  mathematics  in  primary  school  based  on 

traditional pedagogy. Adding elements treasures Kazakh people having special educational value - 

the traditions, customs, legends, fairy tales, riddles, proverbs, songs, national games in the learning 

of mathematics promotes intellectual development of the child. 

Keywords: kazakh national tasks, rhymes, folk pedagogy, national character, the logical devel-

kazakh national tasks, rhymes, folk pedagogy, national character, the logical devel-

opment.

Қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  болып 

жат қан әлеуметтік, саяси және жа ңа  техно-

ло гиялық  өзгерістерден,  ұрпақ  тәр бие сін-

дегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие бе ру 

жүйесінің  ісін  жаңа  сатыға  көтеру  қа жет ті-

лі гі  туындап  отырғандығы  мәлім.  Осыған 

орай,  бүгінгі  таңда  қоғамның  ұлттық  мә де-

ни тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз хал-

қының рухани казынасымен, ұлттық тәр бие-

нің  озық,  өнегелі  дәстүрлерімен  тереңірек 

таныс тыру,  соның  негізінде  жеке  тұлғаны 

қалып тастырып,  оның  шығармашылық,  ру-

ха   ни  мүм кіндіктерін дамыту көзделеді. Өйт -

кені, егемен еліміздің болашағы, оның руха-

ни  және  материалдық  дамуы  жас  ұр пақ тың 

білімі мен тәрбиесінің деңгейіне бай ла ныс ты. 

Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында 

өзі  күнбе  -  күн  сезінетін,  еститін,  көретін 

зат та ры құ бы лыстары, оқиғалары үлкен ор-

ын алады. Соның ең негізгісі - қазақтың ха-

лық  педагогикасы.

Қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы  жи-

нақ таған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, 

салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  аңыз-ертегілері, 

жұм бақ,  мақал-мәтелдері,  өлең-жырлары, 

ұлт тық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар 

ба ға жетпес асыл қазына.

Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға бай-

ла нысты  бұл  мәселе  жан-жақты  талданған. 

Кей бір пәндерде – математика, әдебиет, био-

логия,  еңбек  сабақтарында  халықтық  пе да-

го гика ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр тиім-

ді пайдаланылуда. Бұл математиканы оқыту 

үрдісінің нәтижелі болатындығының кепілі.

Халықтық  педагогика  мәселесіне  бай-

ла ныс ты  ой  қозғағанда  Қорқыттың  ұлттық 

педа го гикаға  байланысты  қағидаларын, 

Абай дың  дана  сөздерін,  Ы.Алтынсарин 


47

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

мен  А.Байтұрсынұлының  педагогиқалық 

идея  ларына  сүйенбей  өте  алмаймыз. 

М.Жұмабаевтың  «Педагогика»  оқулығында 

оқы  тудың білімілік және тәрбиелік мақсатын 

ұлт тық  тәрбиеге  негізделгенде  ғана  оның 

сапа лы  білім  беріп,  жастардың  санасын 

көте ру ге жәрдемі тиетіндігі айтылады.

А.Байтұрсынұлы  «Әдебиет  танытқыш» 

ең бегінде,  кемеңгер  де  ойшыл  ақын 

Құдайбердиев Шәкәрімнің шығармаларында 

халық тың  бай  дәстүрі  жете  сипатталады. 

Д.Әшімхановтың «Бес арыс» еңбегіне шолу 

жаса ғанда кемеңгер ойшылдарымыздың қай-

қай сысы  да  балаға  тәрбие  беруде,  олардың 

білі мін кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда 

ұлт тық тәлім-тәрбиенің, әдет-ғұрыптың ала-

тын  орнын баса көрсеткен.

Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы – 

жастарды жан-жақты дамыту үшін нені оқы-

ту, қалай оқыту керектігін айта келіп, берілетін 

білімді ұлттық педагогикаға негіз деу арқылы 

олардың бойында халықтың ру хани байлығын 

сіңіруге болатынын дәй ек тей ді.

Халықтық  педагогика  элементтерін  са-

бақ та және сабақтан тыс жұмыстарда жүй-

елі  түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа әдіс-

тәсілдерімен  ұштастыра  пайдалану  ма те-

ма ти каны  оқытудың  тиімділігін  арттырып, 

оқушылардың  математиқалық  білімді  игер-

уін  қамтамасыз етеді және олардың тіл бай-

лы ғының, ойлау қабілетінің дамуына, адам-

гер шілік,  ұлтжандылық,  ұлттық  мәдениетті 

дәріп теу дағдыларының жетіле түсуіне жол 

аша ды.  Ең  бастысы,  оқушыны  жеке  тұлға 

ретін де  қалыптастыруға  септігін  тигізеді. 

Де  мек,  халықтық  педагогика  элементтерін 

пай  да лану - мазмұндық тұрғыдан білім көз-

де  рі нің бірі. Сондықтан, ол ғылыми негіз де 

жасал ған оқытудың құралы және мектеп тер-

дің   іс-тәжірибесінде сыналған әдістемені ка-

жет   етеді.

Қазіргі  таңда  бастауыш  сыныпта  мате-

ма тика  пәнін  оқытудың    халықтық  педа го-

ги ка  негізінде  дайындалған  бірнеше  әдіс те-

ме сі  қолданыста.  Солардың  ішінен  ұлт тық 

нақышқа  лайықтап  дайындалған  «мате ма ти-

ка лық  есептер»,  «қа зақ   хал қы ның  есептері», 

«ха лық тық  мақал-мәтелдер»,  т.б.  түрлерін 

атап көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет