Бас редактор


А.Құнанбаев 28 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

А.Құнанбаев

28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 398.2



Б.М.Аташ

философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және док-

торантура институты, саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасы.

Ж.Бекебаев

Атырау мемлекеттік университеті, дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ДІНИ СЕНІМДЕРДІҢ ОТАНШЫЛДЫҚТЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

Бұл мақалада түркі халықтары өз дәурінде неліктен рухы биік, мығым, бірлігі жарасқан 

ел болған деген сауалға байланысты мәселелер талқыланды. Оның бірнеше себептері бар 

екендігі  сөзсіз.  Соның  ішіндегі  исламға  дейінгі  діни  сенімдердің  ролі  талданды.  Атап 

айтқанда, тәңіршілдіктегі, бөрі төтеміндегі, ата-баба рухына тағзым етудегі елдік пен ерлік, 

отаншылдық пен ұлттық рух мәселелері көп жағдайда жауынгерлік рухпен келіп астасты-

рыла сарапталды. Яғни, бұл сенімдердің өз дәурінде ұлттық рухты сақтауға, қажет кезінде 

оны жандандыруға деген ықпалы концептуалды тұрғыдан өмір тәжірибесімен байланысты-

рыла дәйектелді.

Түйін сөздер: отаншылдық, ұлттық рух, тәңіршілдік, ата-баба аруағы, түркі, бөрі, 

рухтандыру.

В этой статье обсуждаются проблемы  связанные с вопросами почему тюркский народ 

был высок духом, крепок, един. Безусловно это имеет несколько причин. Из них проана-

лизирована роль доисламской религии. В особенности, вопросы геройства, патриотизма и 

национального духа в божестве, в поклонении духам предков в большинстве случаев со-

вместно  с  воинским  духом.  То  есть,  влияние  сохранить  национальный  дух  веры  в  свою 

эпоху, оживить его в необходимое время выясняется связывая с жизненным опытом с кон-

цептуальной точки зрения.



Ключевые слова: патриотизм, национальный дух, богоугодный, дух предков, туркский, 

волк-одиночка, воодушевлять.

This article discusses the problems associated with the questions why the Turkish people was 

high in spirit, stronger, more united. Certainly it has several causes. They analyzed the role of the 

pre-Islamic religion. In particular, questions of heroism, patriotism and national spirit in a deity to 

worship the spirits of ancestors, in most cases together with the military spirit. That is, the influence 

of the national spirit to keep faith in his era, spice it up at the right time turns communicating with 

experiences from the conceptual point of view. 

Keywords: patriotism, national spirit, godly, spirit ancestors, Turks, lone wolf, inspire.

Адамзаттың  әр  кездегі  өркендеуі  мен 

дағ да рыстарын  еңсерудің  теориялық-стра-

те гиялық  бағдарлары  қашанда  өзінің  даму 

та ри хына қайтадан, сәт сайын тереңірек үңі-

лу ді  қажет  етіп  отырады.  Бүгінгі  таңдағы 

жалпы  түркілік  идея  аясындағы  даму  мен 

өр кендеудің, руханияттық өрлеу мен ілге рі-

леу дің негізгі мәдени-психологиялық шарт-

та ры ның бірі – Елдік Рух деп айта аламыз. 

Біз Елдік рухты бұл жерде тұтастай концепт 

ре тін де  қарастыра  отырып,  оның  намыс 

пен  жігер,  отаншылдық  пен  жауынгерлік 

рух,  ерлік  пен  бірлік  сияқты  түсініктерді 

жи нақтайтын  жалпылама  ұғым  бойынша 

пайым дау ұстанымын басшылыққа аламыз. 

Осыған  орай,  бүгінгі  таңдағы  отаншылдық 

пен  әскери  патриотизм  деп  аталып  жүрген 

педагогикалық-психологиялық  бағдардың 

не гіз гі шарттары да осы елдік рух аясына ке-

ліп үндесетіндігін атап өткіміз келеді. 

Ендеше,  бүгінгі  күнгі  осындай  мәсе-

ле лер ді  зерделеудің  басты  шарттарының 


29

ҰЛТТЫҚ РУХ

бірі  –  түркі  халықтарының    дамуының  өн  

бойындағы  Елдік  рухының  тарихи-фи-

лосо фиялық  негіздерін  ашып  көрсету.  Ол 

өз  кезегінде  мынадай  сауалдарға  жауап 

іздеу  арқылы  байытыла  түседі  және  негіз-

гі  зерттеу  бағдарын  анықтап  береді:  нелік-

тен  түркі  халықтарының  көпшілігі  сыртқы 

саясаттағы хауіпті-қайшылықты жағдайларға 

қарамастан, өзінің елдігі мен отанын сақтап 

қалды, неліктен түркі халықтары адамзат та-

рихында  қайта-қайта  бірнеше  рет  ірі  импе-

риялар  құрды,  неліктен  әлемдік  өркениетке 

айтарлықтай үлес қосты, олардың өміршеңдігі 

мен  рухын  біз  бүгнігі  күні  қандай  деңгейде 

сақтай алып жүрміз т.б.

Бұл мәселелерді арғы түркі халықтарының 

тарихы  кезеңінен,  атап  айтқанда,  ғұн-сақ 

дәуірінен  бастап,  он  жетінші  ғасырларға 

дейінгі  аралықты  қамтитын  мезгілді  негіз-

ге   ала  отырып  сараптауды  жөн  санай-

мыз.  Өткенімізге  үңіле  отырып,  түркі 

халық тарының  рухы  мен  рухтануының, 

жауынгерлік  жігері  мен  намысының 

қозғаушы күштері мен алғышарттарын осы 

тұста,  біз  шартты  түрде  былайша  жіктеп 

алуды  жөн  көрдік:  діни,  экзистенциалдық, 

экономикалық, саяси т.б.

Осы  орайда,  біз  қарастырып  отырған 

негізгі  мәселемізге  байланысты,  оның  діни 

сенімдік қырларына тоқталатын боламыз.

Түркі  халықтарының  байырғы  діни 

сенімдеріне көз жіберсек және оның ұлтты 

рухтандырушылық  қызметтеріне  тоқтала 

кетсек,  бұл  тұста,  әсіресе  исламға  дейінгі, 

тәңіршілдік,  тотемизм,  шамандық,  аруаққа 

табыну дәстүрлерін баса көрсетуімізге бола-

ды. 


Тәңіршілдікке  сенім  өздерін  әлемге 

«Көк  Түріктері»  деп  әйгілейтіндей  ти-

тул  берді.  Бұның  астарында  өзгелер  үшін 

жаугершіл-намысшыл  халық  деген   сая си-

психологиялық мағына жатты. Бұл сырт тан 

таңылған бағалау емес, түркі халық та рының 

жауынгерлік-саяси  рухының  өз  іші нен 

өңделіп шыққан елді рухтандыру те тік те рі-

нің  бірі. 

«Түркілер  туралы  орта  ғасырдағы  ұлы 

ғалым Махмұд Қашғаридің «түрік тілдерінің 

лұғатында» былай деген: «Ұлы Тәңір айтады: 

«Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түрік 

деп  атап,  күншығысқа  қоныстандырдым. 

Кейбір  тайпаларға  ренжісем,  түріктерімді 

қарсы  аттандырамын»    деген  жол дар да -

ғы  [1,9]  түркі  орталықтық  тұрғыдан  не гіз-

дел ген  ұранды  сөздер  өздерінің  елдік  пен 

жауынгерлік рухының «тәңірден-ақ» екен ді-

гін паш етіп, оны «бекітіп» қоюдың, демек,  

обьективті-ғарыштық-көктік  себептері  бар 

екендігін жариялаудың психологиялық теті-

гі не, жауынгерлік идеологиясына, саяси ас-

тар ға келіп тоғысып жатты. 

Бұндай  пафостық  рух  берушілік  конон-

дар,  түптеп  келгенде,  тәңіршілдіктің  отан-

сүй гіштікпен,  ерлікпен,  жауынгерлікпен 

келіп  ұштасып  жатқандығын  білдіреді  не-

месе керісінше, түркілер тәңіршілдікті өз де-

рінің тиімді жағдайларына қарай ың ғай лас-

тырғандығы болып шығады. 

Қысқаша  айтқанда,  саясат  дінге  емес, 

дін  саясатқа,  бұл  жерде  сыртқы  әскери 

қауіпсіздік  саясатына  әсер  етті  деп  айта 

аламыз.  Түптеп  келгенде,  түркілер  өздерін 

«Көк  түріктер»  деп  атап,  Көк  Тәңірінің 

ұлдары ретінде сезінді. Міне осыдан  түркі 

халқы  тарихта  неліктен  қайта-қайта  бірне-

ше  рет  империялар  құрғандығын  түйсіне 

аламыз.  Әрине,  басқа  да  діндерде,  өз 

отанын қорғау туралы азды-көпті қағидалар 

айтылады,  мәселе  осы  жерден  туындайды, 

отаншылдық рух – тәңіршілдіктің ең басты 

кредосы іспетті.   

Ғ.Есім  тұжырымдағандай:  «Түркілердің 

Тәңір  дүниеге  көзқарасы  қол  жеткізіл-

мейтін  сыр.  Көк  Тәңріне  табыну  адамды 

өркөкірек, келісімпаз емес болуға жете лей-

ді,  қаһармандық  философиясын  уағыз дай-

ды» [2,20].

Демек, тәңіршілдіктің, діни сенім екендігі 

өз алдына бөлек мәселе, ол арғытүркі-түркі 

халықтарының  бірнеше  мыңдаған  жылдар 

бойы  мемлекеттің  саяси  идеологиясы  (тым 

үлкен  империяларды  басқарудың  да  сая-

си  доктринасы  іспетті)  қызметін  ат қар ған, 

өмірмәнділік,  тәжірибелі  түрде  қол да ны ла-

тын  арнайы  конституция  ісппеттес  болған. 

Тәңіршілдік  міндетті  түрде  –  таза  шынайы 

өмір және қай кезеңде де тиімді болуы тиіс 

болып  бағдарланған.  Сондықтан  да,  бұл 

сенім де,  неліктен  схоластика,  спекуляция, 

мисси о нерлік, фанатизм т.б. кез-келген дін-

де болатын жағымсыз сипаттар жоқ екенді-

гі түсінікті болды. Бұл тәңіршілдіктің өзді-

гінен-ақ, өзімен-өзі ішкі психологиялық ру-

хы,  өзгелерге  мойын  бұрмайтындай,  қажет 


30

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

кезін де,  жат  идеологияларды  сыртқа  тебе-

тіндей  болып  құрылуының  нәтижесі  еді. 

Бүгінгі күні де оның сарқыншақтары кейбір 

түркі халықтарында, оның ішінде қазақтарда 

да  әдет-ғұрыпқа  айналған  күйінде  әлі  өмір 

сүріп келе жатыр, болашақта да бола беретін 

тәрізді.


Бұл 

жерде, 


түркітанушы 

ғалым 


Л.Н.Гумилевтің:  «Осы  тұсының  төтенше 

ма ңызды  болатын  себебі:  мұнда  тек 

мемлекеттердің  күресі  ғана  емес,  сонымен 

бірге мәдениеттердің күресі, екі дүниетаным 

мен  дүниені  тану  жөніндегі  түсініктердің 

күресі  бар.  Ұлы  дала  өз  манифесімен 

Қытайдың ықпалында болмау, ал тек өзінше 

болу  құқын  мәлімдеді.  Мұндай  күрес  тіп-

ті  хунндық  Модэ-шаннью  уақытынан  бері 

қарай  созылып  келеді,  бірақ  мұнда  ол 

құжатта  қисынды  мазмұндалып  жазылып 

қойылған. Қытайдың ырқына берілмеу үшін 

орасан зор күш-жігер жұмсау керек болды, 

соны  Құтлық,  Тоныкөк,  Күлтегін  және 

Иоллығ-тегін сықылды көк түріктер жүзеге 

асырды»,-деп  көрсетілген  байыпты[3,339] 

тұжырымдары біздің пікірлерімізді айғақтай 

түседі немесе біз оған сүйене аламыз.

Түйіндей  келе,  Тәңіршілдік  саяси  идео-

ло гияның  рухына,  ықпалдылығына,  дұрыс 

құ рылуына,  оны  бұқараны  қолдай  білуіне 

келіп  тірелді,  алдымен,  тиімді-тәжірибелік 

мемлекеттік  идеология  қызметін  бірнеше 

мыңдаған жылдар бойы үздіксіз, белгілі бір 

деңгейде  мүлтіксіз  атқарып  келді  деп  айта 

аламыз.


Түркі  халықтарындағы  маңызды  орын 

алған тотемизмнің бір түрі – көк бөріні құр-

мет  тұту  болғандықтан,  Қасқырдың  көш-

пенділік өмір салты мен туыстық төтемдік 

белгісі  бірігіп,  тұтас  арналас  сипаттағы 

бейнені  әйгілейді.  Демек,  бұл  тұстағы 

бөрі жай ғана физиологиялық хайуан емес, 

асқақтандырылған,  үрейлендірілген,  кө-

не ленген,  тұрақтылықпен  пішілген  таза 

эстетикалық  таным  обьектісі  деп  айта 

аламыз. Ол, алдымен, қаһарлық (геройче-

ское) категориясымен тоғыса алады. Олай 

болса,  көк  бөрі  –  іштен  тағайындалған, 

яғни,  арғы түркілер-түркілердің  өздері 

бекіткен  көр кем дік  образдық  танымның 

өмірмәнділік  нәти жеге  ұмтылысы  десек 

те  болады.  Нақтырақ  айтқанда,  «Бөрі-

Көшпенді»  немесе  «Бөрі-Түркі»  өзінің 

түзілімін әлемге жаугершілік салт арқылы 

таныстырған дегенге келіп саяды.  

Серік  Мырзалы:  «Бұл  жануардың  көне 

түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi – 

сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты... 

Өзiнiң  күнбе-күнгi  өмiрiнде  жиi  кездесетiн 

аң  болғаннан  кейiн  малшылар  оның  мiнез-

құлқын терең зерттеп оның батылдығы мен 

қатар  сақтығына,  шыдамдылығына,  айла-

амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қа сиет терiне 

қарап  қайран  қалып,  соларды  өз  бойы нан 

табуға  тырысқан.  Өзiнiң  «қасқыр  мiнез-

дiлiгiнiң» арқасында қазақ халқы тра ге дия-

ларға толы тарихында «мың өлiп, мың тiрiл-

се»  де  көп  көшпендiлер  сияқты  жойылып 

кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне 

қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде»,-

дейді [4,290-291].

Бөрі  –  көне  түркілер  дәуіріндегі  әф-

са налық  оқиғаларда  жиі  көрініс  табатын  

орталық  түсініктердің  бірі,  кейде  ер  жы-

нысты,  кейде  әйел  жынысты,  кей  кезде 

адам  кейіптенгендігін,  ал  кейбір  оқи ға ла-

рын да  табиғи  биологиялық  таза  қалпын 

сақтағандығын,  кейбір  әфсаналарда  ғұн 

әскерлерін  жолбасшысы  болғандығын  көп-

те ген  этнограф  зерттеушілеріміз  атап  көр-

се тіп  жүр[5,413-423].  Бөріні  құрмет  тұту 

жігерлі  Рухтың  түпнегізін  құраушы  емес, 

дәйекті жалғастырушы аралық буыны, зама-

науи  шынайы  қажеттіліктерден  туындаған 

ұлтжасампаздықтың ақиқаты, әрі нанымдық-

сенімдік  сипат  алатын  образдылық,  ишара-

лы  көрініс  деп  пайымдай  аламыз.  Осыған 

орай, бөрі мен Көк түркілік жігерлі Рухтың 

арасындағы байланыстарды былайша  орна-

тып алуымызға болады:

- бөрі көбіне жалғыз жортатын, оқшаулық 

пен  даралықта  шыңдала  түсетін  хайу-

ан.  Сондықтан  ол    түркі  даласындағы 

оқшауланған  өмірі  арқылы  –  өзіне  сенім-

діліктің,  өзін-өзі  даланың  қатал  заңдар ын-

дағы тәжірибе алаңында үнемі сынау тәжіри-

бесінің образдық түрдегі жалқы өкілі

-  сонымен  қатар  қайсарлық,  жігерлілік, 

қайтпас  рухты,  өжеттілік,  намыстылық, 

айлакерлік  т.б.  психологиялық  сапаларды 

жинақтаған  ұлы  кеңістіктің  ауыр  талапта-

ры  ұсынған  тіршілік  үшін  күресте  үнемі 

«жеңімпаз» деп атауға болатындай өміршең 

жануар болып та табылады;

-  жалығу  мен  қорқуды,  шаршау  мен  де-



31

ҰЛТТЫҚ РУХ

малуды,  шегініс  пен  жеңілісті  түбегейлі 

түр де  теріске  шығаратын    «биороботтық» 

сипаттағы хайуан  екендігі де шындық;

-  ол  қулық  пен  айлакерліліктің,  өзіндік 

арбау  мен  «сиқырлаудың»  да  тәсілдерін 

меңгерген  хайуан.  Мысалы,  аңшылардың 

қас қырдың  көзіне  тура  қарамау  керектігі, 

шөгіп жатқан түйенің үстінен қасқыр аттап 

өткен  сәтте,  оның  тұра  алмай  қалып,    жем 

болатындығы т.б. оның «арбайтындығының» 

куәсі;


-  қолға  үйретілмейтін,  адамға  тәуелді 

болғысы  келмейтін,  азаттық  сүйгіш,  кең 

даланың еркін тіршілік иесі. Мысалы, кейбір 

ел  аузындағы  әңгімелер  бойынша,  адамға 

қолға  түсікен,  қамаудағы  қасқыр  ызала-

нып, өзін-өзі шайнап тастайтын кездері, ал 

қақпанға  түскен  сәтте,  аяғын  шайнап  қиып 

тастап,  ақсаңдап  жүре  беретіндегі  сияқты 

әрекеттері осының айғағы.  

Қасиетті  көк  бөрідегі  осы  сапалардың 

туыстық-қандастық 

арқылы 


берілуін 

(генетикалық  кодтар)  қолдаған  далалық 

даналықтың рәмізі  – бөрі болмысын өздеріне 

тұтастай  көшіруге  ұмтылудан  туған.  Яғни, 

оның  қасиеттерін  халық  рухы  құп  көріп, 

өзіне тасымалдаған,  тіршіліктік болмысын 

ұқсатқан,  «өзінен  -  бөріні,  бөріден  -  өзін» 

көре  білудің  бейнесін  құрастырып,  сайын 

далада еркін-асқақтай тіршілік етудің өзіндік 

үлгісін қалыптастырған. Демек, бөрі – Түркі 

жауынгерінің рәміздік бейнесі немесе түркі 

жауынгері  –  бөрілік  сапаларды  бойына 

жинақтауы тиіс болғандықтан да ол қастерлі 

саналған. Сондықтан, қасқырдың қазақтарда 

бірнеше  тиым  салушылық  баламалық  ата-

улары  бүгінгі  күнге  дейін  сақталған:  бөрі, 

итқұс, құрт, құртқа, ұлыма т.б.

Патшалық  Ресейдің,  кейінгі  Кеңес  Ода-

ғы ның  отарлаушы  саясатшыларының  «пси-

хоа на литиктері»  де  ең  басты  қауіп,  қа зақ 

жіге рін толықтай бағындыру үшін ең не гіз-

гі  кедергі де халқымыздың осы бөрілік рух 

ар хе типі  екендігін  терең  бағамдай  алған 

тәріз  ді.  Сондықтан  отарлау  саясатындағы 

жал  ғастырудағы  осы  төтемге  қатысты  бас-

ты  мәселердің  бірі  –  осы  бөрілік  рухты 

бәсеңсітіп  барып,  жойып  жіберуге  келіп 

тірелген  сияқты.  Олар  халқымыздың 

«Бөрілік рух санасын өлтіру» үшін оны ұр-

пақ тарынан бастау керектігін жете түйсінді, 

сон дықтан,  кеңес  заманы  тұсында  аю  мен 

арыстаннан  қорлық  көріп,  адам  мен  түл-

кі ден  үнемі  алданып  жүретін  «байғұс» 

қасқырдың  образын  жасақтау  мифологи-

ясын  (идеологиясын)  мультфильм,  ертегі 

түрінде  ұсынып,  қазақ  және  басқа  да  түркі 

халықтарының  балаларының санасына-бей-

санасына  (олардың  тез  қабылдағыштығы 

да  ескерілген)  сіңірудің  психологиялық 

техникасымен  арнайы  айналысқан  болуы 

мүмкін. Кейіннен Кеңес заманында баланы 

мультфильмеге  ынтықтырып,  қасқырлық 

рухты жасыта түсу үшін «Ну, погоди заяц» 

сюжеттері  жарнамаланып,  әйгілене  түсті. 

Оның  мазмұны  Кеңес  Одағы  құрамындағы 

тек қазақтар ғана емес, түркі халықтарының 

рухын  жасытудың  психоаналитикалық 

тәсілдерінің бірі болып белгіленген тәрізді.

Демек,  Бөрілік  рухты  жоймайынша, 

отарлаудың,  құлдық  психология  орнатудың 

мүмкін  емес  екендігін  олар  анық  аңғарды, 

«жігерді  жасытпайтындай  түп  қауіп  осы» 

деп  санаған  сыңайлы,  ендеше,  осы  рухпен 

көптеген  жылдар  бойы  арнайы  шұғылдану 

керектігін білді. 

Сондай-ақ  ата-баба  рухы  –  мазмұны 

жағынан  ғылыми-рационалистік  байыпта-

улардан  гөрі,  образдық-бейсаналы  түрде 

елес  беретін  халықтың  ішкі  имманентті 

қозғаушы  күші,  кеңістік  пен  уақыттан  тыс 

мәңгі  жасампаздықты  шақыратын  ерек-

ше  витальдік  құбылыс.  Мәселен,  ата-баба 

аруағы, намыс, жігер, қуаттылық, төзімділік 

т.б.  көптеген  тарихи-философиялық  кате-

гориялар – осы ұлттық рухтан туындайтын 

обьективті  көріністер.  Ата  баба  рухына  та-

быну бұл тұста – ұлттық намысты ояту, рух-

тандыру, ата-баба қорымдарын қорғау үшін 

жанын  салу  т.б.  ұғымдарды  жинақтайтын 

психологиялық-сенімдік  үдеріс  қызметін 

атқарғандығын атап өтуімізге болады. Түркі 

халықтарындағы  жауға  шабар  алдындағы 

«Ата-бабасының  аруағын  шақыру»  -  тек 

психологиялық-физиологиялық  шабыттану 

мен жігерлену ғана емес, өткенмен байланы-

сты рух философиясының көрінісі болып та-

былады. Яғни, екіншіден, о дүниелік байла-

нысты, қосымша адам мүмкіндігінен тысқары 

күшті  талап  етуді,  генетикалық  ақпараттар 

арқылы  берілуі  ықтимал  «физиологиялық 

архетипті»  оятуды  және  кей  жағдайда 

осы  дүниемен  қоштасуды  да  білдіретін 

көпқызметті құбылыс болып табылады.


32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Ата-баба  аруағын  құрмет  тұтқан  он-

гон дарға  табыну  дәстүріндегі  Елдік  рухы, 

олардың  жерленген  орындарына  табыну 

мен қастерлеу салттары арғытүркі дәуірінен 

сақталып-сабақтасып келе жатырған мәдени-

әлеуметтік,  діни-философиялық  құбылыс. 

Ол  трансцендентті  болғанмен,  абстрактілі-

метафизикалық  немесе  схоластикалық-

спе куля циялық  бағдарда  емес,  керісінше, 

өмірмәнділік  мәні  бар,  тәжірибелік  алаңда 

сыналған сакральді құбылыс. Оны құрметтеу, 

келесі кезекте одан жауап күтумен шарттала-

ды. Сондықтан, «сен оған қандай қатынаста 

болсаң, ол да саған сондай қатынаста» деген 

импликациялы  қатынастар  орнайды.  Демек, 

ата-баба рухына табыну, қиын сәттерде, оған 

көрсетілген құрмет бойынша, жауап ретінде 

«жәрдемдескен». Мысалы; «Қазақ эпикалық 

дәстүрінде  көзге  көрінбей  келіп  батырларға 

күш-қуат,  сенім  беретін  әулие-пірлерді 

«жеті кәміл пір» деп атайды.  Жеті кәміл пір 

Алпамыстың да жебеушісі. Жеті кәміл пір лер 

нақты  эпостық  батырды  үнемі  желеп-жебеп 

отырады,  егер  сол  батыр  өздерін  ұмытып, 

сыйынбаған жағдайда жәрдем бермей қояды» 

[6,97б.],-деп  тұжырымдалған  пікірлер  де 

біздің идеяларымызды қуаттай түседі.

Бұндай  бағдар  кейіннен  түркі-қазақ 

халқында  жауға  шабудың  ұраны  ретінде 

қолданылатын,  рухтардан  жәрдем  сұраушы 

ретінде көрініс табатын «аруақ шақырумен» 

келіп  сабақтасты.  Бұл  да  түркілердің 

тәңіршілдік аясындағы анимистік сенімінің 

рух  берушілік  қырларын  білдіреді.  Жалпы 

анимистік  сенім,  әрине,  әлемнің  көптеген 

халықтарында  кездеседі,  дегенмен,  оны 

жаугершілік пен отан қорғау ісіне тиімді пай-

далану  түркі,  оның  ішінде  қазақ  халқында 

айқын  көрініс  беріп  отырады.  Бұндай  «өлі 

аруақ-тірі  пенде»  арасындағы  динамикалы 

үйлесім  мен  трансцендентальді  байланыс 

көне сақ замандарынан-ақ тамыр тартады. 

Қорыта айтқанда, түркі халықтарындағы 

Елдік  рухтың-рухтанудың  діни  сенімдер 

арқылы  өзіндік  бір  тұтастанған  жүйесі 

–  олардың  сан  мыңдаған  жылдар  бойы 

сақталып, 

өсіп-өркендеуіне, 

өздерінің 

ұлттық болмысын сақтап, нығайтуға септігін 

тигізгендігін,  сайып  келгенде,  болу  мен 

болмау  талғамындағы  өміршеңдікті  сақтап 

қалған аса маңызды  экзистенциалдық мәсе-

ле  және  бүгінгі  заман  ғылымы  дамуы  тұр-

ғы  сынан  отансүйгіштікпен  келіп  сабақ-

тасатын әлеуметтік-этикалық тарихи таным 

болып табылады. Олай болса, бұл үлгілерді 

қазіргі заманға лайықтап қолданудың фило-

софиялық  тұғырларын,  саяси  бағдарларын, 

психологиялық  тетіктерін,  педагогикалық 

дидак тикасын жасау кезек күттірмейтін ма-

ңыз  ды мәселелердің бірі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Әкім Ж. Қазақ идеясы. Түркі өркениеті негізінде. – Алматы: Өлке, 2006.-232б.

2 ЕсимовГ. Хаким Абай. – Алматы: Білім, 1995.-192с.

3 Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы: Білім, 1994. – 480б.

4 Мырзалы С. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644б.

5 Ежелгі көшпеліліер дүниетанымы. Жиырма томдық. 1-том. – Астана: Аударма, 2005.-

496б.

6 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану пара-



дигмалары // 10 томдық. – Алматы: Жазушы, 2006. – 10 Т. – 496б.

33

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

ӘОЖ 391/397



М.М.Иманғазинов

профессор, ф.ғ.д,

І.Жасүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ.

imangazinov_muratbek@mail.ru

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ» 

КІТАБЫ ТУРАЛЫ БІРЕР ОЙ

Бұл  мақалада  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінің  профес-

соры  Н.Б.Әужанованың  құрастырған  «Қазақ  халқының  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптары» 

кітабы жайында жазылған. Сонымен қатар, халқымыздың ауыз әдебиетінен, аңыз, дастан-

қиссаларынан,  қазақ  этносының  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  этнографиялық  ерекшеліктерін 

саралаған  зерттеулерден  инемен  құдық  қазғандай  құрастырылған  бұл  еңбектің  мектепке 

дейінгі, мектеп, лицей, гимназия, колледж және ұстаздар тәрбиелейтін жоғары оқу орында-

ры үшін құндылығы меніңше өте зор. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет