Бас редактор



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ДОСТЫҚ  МҰРА.  Абай  өзінің  бүкіл  са-

на лы өмірінде, шынайы достықты, достыққа 

апа рар ақ-адал сезімдерді барынша кұр мет-

теу мен қоса, оларды аса биік өркені мол мұ-

рат  деп  таныған.  Имани  гүл  іліміндегі  үш 

сүю ді талдай келіп:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де с ү й ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін с ү й бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп сүй ә д і л е т т і.

Осы үш сүй болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тахқиқ (анық) 

біл.

Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,



Дін де осы шын ойласаң, тағат (құлшылық) 

та осы,


Екі  дүние  бұл  тасдих  (растау)  –  хақтың 

досы.


Осыларды бұзатын және үш іс бар

Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы.

Міне,  осынау  күллі  тіршілікті  жара ту-

шыны,  адамзатты,  әділетті  –  сүю  ар қы лы 

табылатын  достықты,  өмір  бойы  аң сау мен 

және  уағыздаумен  өткен  Абайдың  ағар ту-

шылық  сипатын,  жеңіл-желпі  сөз  етіп  қа-

на  қоймай,  оны  терең  талдап  зерттей  ұғы-

нуы мыз қажет. Ол – шынайы с ү й е білуді, 

на ғыз  дарындылық  пен  талант  деп  ұққан. 

Көкірек  көзін  оятар  білім  мен  ғылым  ғана 

има ни  гүлге  (үш  сүю)  жеткізетін  сара  жол 

деп түсінген. Ал, білім мен ғылымның кілті 

–  Тіл!  Олай  болса,  өміріңе  қажет  керекті 

тіл ді үйрену басты мақсаттардың біріне ай-

налғанын Абай әркез өз еңбектерінде ай тып 

отырады.  Сондықтан  да,  ол  –  араб,  пар сы,  

шағатай,  орыс  тілдерін  терең  білудің  арқа-

сында,  шығыс  пен  батыс  ойшылдарының 

тап қан  ғылым  жүйелерін  байланыстыра 

мең герген.  Оның  өз  заманынан  оқ  бойы 

озық  артықшылығы да осында жатыр?! Әсі-

ресе, Абай өзінің кемелденген шағында жақ-

сы меңгерген орыс тілінің берген жеміс те рін 

көп  пайдаланады.  Өмірінің  соңғы  жыл да-

рын дағы дүниетанымы мен ойшылдық көз-

қа рас тары    аса  мағыналы  жаңа  сипаттарға 

ауы са ды. Орыс халқының озық ойшылдары 

–  Герцен,  Белинский,  Чернышевский, 

Добролюбовтардың  шығармаларын  тікелей 

оқу  арқылы,  табиғатынан  данышпан  ту-

ған   Абай  ойшылдықтың  не  бір  қиын  биік-

те рі не  қол   созады.  Ол  осы  орыс  тілінің 

ар қа сын да,  батыс  европаның  философ-

ғалымдарының  (Спиноза,  Спенсер,  Милл 

және  Дарвин)  еңбектерімен  танысып  қана 



16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

қоймай,  оларды  ой  елегінен  өткізу  арқылы 

өз  пікірлерін  тұжырымдаған.  Әсіресе,  кө-

не   грек  кемеңгерлері    Сократ,    Платон, 

Аристотельдің еңбектерімен танысу, оны кө-

не шығыс ойшылдарымен салыстыра игеру 

Абайдың сыбағасына тиген ұлы мұрат.

Бертін  келе  Абай  ақындық  өнердің  шы-

ңы на  көтерілгенде  Крылов,  Пушкин, 

Лермонтов, Толстой, Гете еңбектерін құныға 

оқып, олардың біразының шығармаларын қа-

зақ  тіліне аударып, туған халқының игілігіне 

ай нал дырды.

Абай  өзінің  бұл  аудармаларына  өнер 

жары сының  көзімен  қараған.  Осылай  дей 

тұр ған ның  өзінде  де,  аударып  отырған 

ақыны ның  құдіретіне  де  қиянат  жасамаған 

Абай  өзінің.  25-ші  -сөзінде:  «Орысша  оқу 

керек, хикмет (керемет, ғажайып, сыр, ақыл) 

те, мал да, өнер де ғылым да бәрі орыста тұр. 

Зарарынан  қашық  болуға  пайдасына  ортақ 

болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. 

Оның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай 

болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің 

ашы лады.  Әрбіреудің  тілін,  өнерін  білген 

кісі  сонымен  бірдейлік  дағуасына  (теңесу) 

кіре ді,  аса  арсыздана  жалынбайды.»,  -  деп,  

басқа  тілдерді  білген  жандардың  кісі-

лігі  асып,  қоршылық  көрмейтіндігін  ай-

та ды.  Сол  кездің  өзінде-ақ  Абай  білімді 

бір  басың  үшін  емес,  ел-жұртқа  айналаңа 

адалдығыңмен  қызмет  ету  үшін  үйренуді 

ба са  көрсетеді.  Тіпті,  өзінің  айтпақ  ойын, 

жа ңағы  25-ші  сөзін  де  онан  бетер  ашық  та 

айқын  көрсетіп.  «Малды  қалай  адал  еңбек 

қылғанда табады екен, соны үйретейін, мені 

көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған 

орыстардың жұртқа законы бірдей болмаса, 

законсыз қорлағанына көнбес едік. Қазаққа 

күзетші болайын деп біз де ел болып, жұрт 

білгенді  біліп,  жұрт  қатарына  қосылудың 

қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек...», 

- деген ойынан Абайдың нені аңсап, қандай 

қияға  қол  созып  отырғанын,  терең  түсініп 

аңғармау мүмкін емес.

Абайдың  ағартушылық  және  педа го ги-

ка лық еңбектерінде, тәрбиенің әдістерін ға-

на  көрсетіп қоймайды сонымен қоса, оның 

мақсаты мен мәніне орай үлгілерді бірге ұсы-

нып отырады. Заманына лайық ел-жұртының 

ал дына қойған мақсаты анық болғандықтан, 

соған орай істеліп жатқан істің де әділ баға-

сын  көрсетіп отыруды өзінің міндеті санаған. 

Мәсе лен,  осы  25-ші  сөзіндегі  мынау  сәтке 

кө ңіл  аударалық  «Қазірде,  орыстан  оқыған 

ба ла лардан, тым артық жақсы кісі шыға ал-

май  да  тұр.Себебі,  ата-анасы,  ағайын-ту ға-

ны,  бір  жағынан  бұзып  жатыр.  Сөйтсе  де 

осы  оқыған  балалар  –  ана  оқымаған  қазақ 

бала ларынан үздік, озық», - деп өмірден өзі 

бай қап  жүрген  шындықтың  да  бетін  ашып  

отыруға тырысқан. Өктемдік пен арсыз дық-

қа құрылған қоғам бір жағынан дұрыс тәр-

бие   бермесе,  екінші  жағынан  пәндешілік 

үшін  оқытып  жатқан  ата-ананың  да  жаман 

әсер лерін жасырмайды.

Міне, Абай педагогикасының құдіреті де 

осында  жатыр.  Ол  жоғарыда  айтылғандай 

көз қарастағы  ата-анаға  да:  «...Турасын  ой-

ла ғанда,  балаңа  қатын  әперме,  енші  берме, 

ба рың ды  салсаң  да...  орыстың  ғылымын 

үй рет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол 

емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, ба лаң  

бала  болсын  десең  -  оқыт,  мал  аяма!  Әйт-

пе се,  бір  ит  қазақ  болып  қалған  соң,  саған 

ра хат  көрсете  ме,  өзі  рахат  көре  ме,  яки 

жұртқа рахат көрсете ме?!.» - деп соншама 

өміршең де өркенді тіршіліктің мәнін ай па-

радай ашып ұғындыра білген. Ол өзінің осы 

пікірлерін, аядай ғана қазақ жұртының тір-

ші лі гіне  байлап  қоймай,  күллі  адамзаттық 

мұрат тармен астастырып жетілдіре түсетінін 

көреміз.

Абай өзінің 38-ші қара сөзінде: «...Күллі 

адам  баласын  қор  қылатын  үш  нәрсе  бар. 

Со дан,  қашпақ  керек!  Әуелі  –  надандық, 

екін ші – еріншектік, үшінші – залымдық деп 

білесің?!

Надандық  –  білім-ғылымның  жоқтығы, 

дүние де еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. 

Білім сіздік – хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұш-

па ны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, 

ке дей лік – бәрі осыдан шығады.

Залым дық  -  адам  баласының  дұшпаны  - 

дей ді де Абай осылардан құтылудың пәр мен-

ді  жолдарын атап-атап айтып береді. Ойлана 


17

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тол ғанып,  ұқыппен  тындап  көріңіз?  Бұл  да 

осы 38-ші сөзінде: «.Бұлардың емі – халқына 

махаббат, күллі ғаламға шапқат, қайратты да 

тұрлаулы ғаділетті іс, алды-артын байқарлық 

білім мен ғылым», – деп тұжырымдайды. Ол 

бірақ өзінің арман еткен шапқат пен достық 

сезім дерін,  өзі  өмір  сүрген  ортасынан  таба 

ал май қамығумен күн кешеді. Сондықтан да, 

ол ке лешектен гөрі өтіп кеткен өмірін аңсап: 

Есіңде бар ма жас күнің, 

Көкірегің толық, басың бос.

Қайғысыз, ойсыз, мас күнің?

Кімді көрсең бәрі дос.

Махаббат, қызық, мал мен бақ,

Көрінуші еді досқа ортақ. 

Үміт жақын, көңіл ақ, 

Болар ма сондай қызық шақ?

Құдай-ау, қайда сол жылдар

Махаббат, қызық мол жылдар?!

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар.

Көзіме жас бер, жылайын,

Шыдам бер, сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сынайын - деп, жан жара-

сы мен  азап  шеккен  ғұлама-ақын  өзін-өзі 

төзім ділікке шақырып, күңірене күйзелумен 

өтіп  жатқан  күндерін  жасырмайды.  Қайта, 

ке лер  ұрпағына  сыр  шерте,  қабағат  ауыр 

мұң-зарын  аманат  етіп,  бұл  жолды  соқпай 

іл ге ріле дейтін тәрізді. Кемеңгер жанның кө-

кі регін шерменде еткен, әділетсіз қоғам мен 

білім-ғылымы жоқ ортаның аяусыз азабына, 

сенің  де  жаның  қарылғандай  сезімде  бо ла-

сың?! Міне, осының бәрі де тәрбие мен тә-

лім!  Шынымен  де,  өз  еркіндігің  өзіңе  кел-

гені  рас  болса,  ұрпақ  тәрбиесі  үшін  терең-

нен   сүзіп  асылын  алатын  ұлағат.  Абай 

сын ды  жұмбақ  жанның  ұлағаты!  Түбінде, 

Абайтану ғылымының арнасы, бұрынғыдай 

жал тақтықты  ысырып  тастап,  нағыз 

ғылы ми  негіздерге  сүйене  отырып,  түркі 

халықтарынан  шыққан  данышпандардың 

үне мі жалғастықта болғанын, жүйелей тал-

дап   зерттелетін  күндердің  де  келетіндігіне 

сен гіміз  келеді.  Сонда  ғана,  Абайдың  адам 

тәр биесі хақындағы көзқарастары аса үлкен 

мән ге  жетіп,  болашақ  ұрпақтың  көкірегін 

оятар сәулелі шапағына айналары хақ.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Әл-Фараби. Әлеуметтік – этикалық трактаттар. – А., 1975, – 106б.

2 ҚұнанбаевАбай. Шығармалары. – А., 1961, – 444б.

3 Құнанбаев Абай. Шығармалары, 2-т., – А., 1977, – 185б.

4 Джон Локк. Избран., т.3, § 37, 1988. – 465б.

5 Құнанбаев Абай. Шығармалары 1-т., – А., 1977. – 268б.

6 Құнанбаев Абай. Шығармаларының 2-томдығы – А., 1977. – 223б.


18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.0


Ә.Табылды

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ОЙЛАРДЫҢ ДАМЫП ҚАЛЫПТАСУЫ

Мақалада  Ұлы  педагогтардың  ұлттық  педагогикалық  еңбектері  жайлы  жазылған. 

Ұлы  педагогтардың  iзденiп  оқып,  ғұламалық  дәрежеге  жеткен  дара  дарындылығы 

жайлы  сөз  етілген.  Педагогтардың  баланы  тәрбиелеуде,  бiлiм  беруде,  баланыңжеке 

басыныңерекшелiктерiне, жан жүйесiне, дербестiк шамаларына қарай, тәрбиелеудiңсендiру 

тәсiлiн қолданумен қатар, бiлiм берудiңлайықтылық мақсатын iске асыруды ұсынады. Осы 

және басқада еңбектері жайлы кеңінен ашылып жазылған. 

Түйін сөздер: педагог, қазақ, ұстаз, әліппе, еңбек.

В статье написано о национальных педагогических трудах Великих педагогов. Говорится 

о  поисках  педагогов,  об  индивидуальной  талантливости  в  достижении  степени  ученого. 

Педагоги наряду с использованием методов веры соответственно особенностям, состоянию 

души,  личным  возможностям  детей  в  воспитании  и  обучении,  предлагают  осуществить 

соответствующие цели образования. Обширно написано об этих и других трудах.



Ключевые слова: педагог, казах, учитель, букварь, труд.

In the article written about the national pedagogical work of the great  teachers. Said the search 

for teachers on individual talents in pursuing a degree scientist. Teachers, along with methods of 

faith respectively features, state of mind, personal ability of children in education and upbringing, 

offer to make the appropriate education. Written extensively on these and other writings. 

Keywords: teacher, Kazakh, a teacher, a primer, work.

Асқаралы ақын,  шешен  аудармашы, 

да ныш  пан 

философ, 

композитор 

Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858–1931) өзiнiң 

шыңы  биiк  шығармаларында  оқу,  бiлiм  алу,  

тәрбие, тәлiм туралы өрнектi өнеге қал дыр ды. 

Ұлы  ойшыл:  «...алдымда  Абай  марқұм 

бол  ған соң, содан ғибрат алып, мен де адам-

шы лықтың,  адалдықтыңжолын  қуғаным 

жөн  деп  басымды  шытырман  шатақтан  ер-

те  босатып алып, бiлiм жолына түстiм... өз  

бетiммен  iзденiп,  ...оқып,  бiлгендерден  сұ-

рап, ...барлық өмiрiмдi жазумен өткiздiм, ...өз 

мақ таным үшiн жазғаным жоқ... Кейiнгiлер 

үл гi  алып,  өнеге  үйренсiн  дедiм»,  -  деп, 

бiлiмдi алу, оны үйрету мақсатын көздедi.

Өздiгiнен iзденiп оқып, ғұламалық дәре-

жеге жеткен дара дарын Шәкәрiм сонау өзiнен 

бұрынғы  Баласағұни,  Бақырғани,  Жүйнеки 

сияқты адамшылықтың, кiсiлiктiңнегiзi етiп, 

бiлiм мен еңбектi, тәрбиенi уағыздайды: бi-

лiм  дi үйрену үшiн ненi үйренудi, кiмнен, қа-

лай үйренудi бiлу ләзiм, бiлiмнiңкiлтi - ыж да-

ғат та, ынта-жiгерде, еңбекте деп көрсетедi. 

«Бар ғылымныңтүп атасы – Таза ақылмен 

ой ла ну,  -  деп  (Шығармалары,  1988  жыл, 

265-бет) бiлiмдi ой-санаға сiңiру үшiн «таза 

ақыл»  керек  екенiн  тұжырымдайды.  Бiлiм 

алу  үшiн,  оны  iске  асыру  үшiн  еңбек  ету 

қа жет,  бiрақ  еңбектiңде  еңбегi  бар,  орнына 

жұм салмаған еңбек, зұлымдыққа жұмсалған 

ақыл  -  отқа  түскен  көбелекпен  бiр  есеп»,  - 

дейдi (бұл да сонда, 488-бет). Гуманист ақын 

жастарға бiлiм беруде олардыңжақсылықты 

ойлау  белсендiлiгiн,  ақыл-парасатын  дамы-

ту ды  басты  мақсат  етедi,  бiлiм  беру  мен  

тәрбие  iсiнiңбiрлiгiн  сақтай  бiлудi  ұстаз-

дық  нұсқа  етiп  ұсынады.  Әрбiр  жас  адам  

жалындаған  жастықтыңжелiгiмен  кет пей,  

өз  мүмкiндiктерiн:  ақыл-ойларын,  бейiм дi-

лiктерiн,  күш-жiгерiн  адамзаттық  пай да лы 


19

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

iстерге  бағдарлай  бiлсе,  ол  игi  мақсатына 

жетедi. «Бiлiмсiз, ғылымсыз өнер та был май-

ды.  Сол алған бiлiм өнерлерiн адал еңбекпен 

жаратылыстыңмол  байлығын  пайдалануға 

салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан 

бай лықты  барша  адам  баласыныңкерегiне, 

пай да сына жарата бiлу керек», - дейдi. «Ар-

лы,  ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзiм-

шiл дiктi,  мақтанды  бiлмейдi  және  iсте мей-

дi», - деп (бұл да сонда, 541-бет) ол ар мен  

ақылды адам санасыныңбиiк сапасын көр се-

те тiн қасиет екенiн дәрiптейдi.

«Көңiл көзiн аш-тағы ақылға сал, Құр құ-

лақ пен тыңдама, қалқатайым!» - деп (бұл да 

сон да, 261-бет) дарқан дарынды ақын бiлiмдi 

үй ре ну үшiн әрбiр жасқа зейiндiлiк пен пай-

ым ды лық керек екенiн ерекше ескертедi.

«Жас  баланы  ұрғанмен  шырылдатып, 

Ойы  толмай  тұрғанда  ақыл  өнбес»,  -  деп  

тәр  бие леуде,  бiлiм  беруде  баланың  же ке 

басының  ерекшелiктерiне,  жан  жүйе сi не,  

дербестiк  шамаларына  қарай,  тәрбие леу-

дiң сен дiру  тәсiлiн  қолданумен  қатар,  бiлiм 

беру дiң лайықтылық мақсатын iске асыруды 

ұсы нады.

«Мұғалiмнiң  өмiрi»  деген  дастаны  ар-

қы лы  ол  ой  дамытып  данышпандыққа,  бi-

лiм дамытып ғұламалыққа жету үшiн әр бiр  

адам өмiрге жауапкершiлiкпен қарап, талпы-

нып,  талаптанып,  ыждағаттанып  ықы лас  

қоя еңбек етiп, өздiгiнен бiлiм алуға ұм ты-

лу керек екенiн өз өмiрiнен мысалдап баян-

дай ды, халықтыңмәдениетiн өркендету үшiн 

әрбiр  ақ  ниеттi  адам  оқуға  ұмтылып,  бiлiм 

алуға  мiндеттi  деп,  ол  шын  пейiлмен,  бар 

ықыласымен ұмтылса, бiлiмге деген қызы ғу-

шылығын арттыра бiлсе, әрбiр талапкер өз-

дi гi нен бiлiм алып та ғылыми мақсаттарына 

же те алатынын дәлелдеп көрсетедi.

«Сөзбен де, өлеңмен де сабақ берiп, Ал-

сын  деп керектiсiн өзi терiп», - деп, ғұлама 

ақын өз шығармаларымен ұлағатты ұстаздық 

мақ сат тарды орайымен орындады.

Ақын ғылымды үйренiп, бiлiмдi адам бо-

луға  кедергi  жасайтын:  самарқаулық,  ерiн-

шек тiк,  салақтық,  немқұрайдылық,  жауап-

сыз дық  сияқты  мiнез  кеселдерiн  өзiнiң» 

са тиралық  өлеңдерiмен  қатты  сынайды. 

Ақындық,  жазушылық,  композиторлық  да-

ры нын  өмiрде  өнегесiмен  көрсете  бiлген 

фило соф  бiлiмдi  көңiлге  қондырып,  санаға 

дары тудыңжетi  шарты  бар,  олар:  мейiрiм, 

ын сап, әдiлет, шыдам, шыншылдық, қаракет, 

ақ ниет дейдi. Ол алғы шарттарға керi әсер 

ете тiн  құлықтарды  өткiр  сөздермен  өлтiре 

сы найды.

Ұлы  ойшыл,  дарынды  ғалым,  жаңа-

шыл   композитор  Шәкәрiм  қазақ  хал қы ның  

мәдениетiн  дамытудыңкiлтi  –  бiлiмде,  тәр-

бие де,  өнерде  деп  насихаттаумен  қатар,  өзі 

де  білім алу жолдарын көрсетіп, тәрбие бе ру  

тәсілдерін үйретіп, өнерден өнегесін көр се-

те білді. Ол өнер-білімді дамытып, халық тың 

мә де ниетін  өркендету  үшін  еңалыс  батыс, 

шы ғыс елдерініңеңөркениетті өнегелерін үй-

ре нуді қазақ жастары үшін өнеге тұтады. Ол 

баланы тәрбиелеуде жалпы адамзаттық мақ-

сат-мүдделерді  алға  тартып,  тәлім-тәрбие 

ғы лы мыныңәлемдік  мәніне  зор  көңіл  бөлді. 

Әсіре се,  адамгершілік,  ақыл-ой,  еңбек,  пат-

риоттық тәрбиелерге көп көңіл бөлген ақын 

бұл тақырыптарға арнап шырынды шы ғар ма-

лар жазып, ұлттық тәрбиеге көп еңбек сі ңір ді.



Ұлы 

ұстаз, 

ғұлама 

жазушы 

Мұхтар  Әуезовтың  этнопедагогикалық 

еңбектері.  Мұхтар  Әуезов  (1897-1963)  – 

қазақ  халқының  ұлттық  мәдени  мұраларын 

жоғары бағалап, рухани байлағын ұлылықпен 

ашып  көрсете  білген,  қазақ  халқын  бүкіл 

әлем ге  танытқан  ғұлама  жазушы.  Ол  қазақ 

этнопедагогикасыныңбір  негізі  –  ауыз 

әдебие тін  жан-жақты  тереңзерттеп,  халық 

педа гогикасыныңқадірін  халыққа  таныта 

білді.

Мұқаң  ең  әуелі  батырлық  жырлар  мен 



ғашық тық  жырлардың  халықты  тәр бие -

лей тін  қасиеттерін  ашып,  «Қара  Қып шақ  

Қобыланды»  пьесасын  сахнаға  шығар-

ды.   Ешбір  елді  жауламаған,  шексіз  жау-

ла  ры  нан  қорғай  білген  Қобыланды  сияқ-

ты  батырлардың  қаһармандықтарын  жас 

ұр  пақтарға  үлгі-өнеге  етіп  көрсете  біл ген  

данышпан  драматург  «Қыз  Жібек»,  «Қозы 

Көрпеш  –  Баян  Сұлу»  сияқты  ғашықтық 


20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

жырлардағы  қазақтық  салт-дәстүрлерінің 

қайы рымды қасиеттерін талғап, таңдап, тал-

дап,  мөлдір  махаббат  пен  табанды  кү рес -

керлікті жастарға үлгі етіп көрсетеді. Қа зақ 

халқының ақындық, өнерпаздық қа сиет  терін 

рухани  мұра  ретінде  ұрпаққа  ұла ғат ты лық-

пен  ұсынады.

Батырлық  жырлардың  әлемдік  әсем  нұс-

қаларын,  әсіресе,  қырғыз  халқының  «Манас» 

эпосын  қазақ  эпосымен  салыстыра  зерттеген 

ғалым,  эпостық  ұлы  шығармалардың  қазақ 

ауыз  әдебиетінде  мол  екенін  дәлелдеп,  қазақ 

этнопедагогикасыныңкереге-қабырғасы 

кеңекенін кейінгі зерттеушілерге айқындап берді.

Халықтың  арман-тілегіне  сай  эпостық 

жыр да «сол заманда, сол жастар ырыс тау ып, 

дегеніне жетіп, бақ мерейлі болыпты де ген 

идея жастарды арманға жетелейді», - деп  дә-

лелдейді дана жазушы. «Халық жыры қазақ 

ғашықтық үшін алысуды үгіттейді», - дейді.

Ұлтжанды  ғалым  қазақ  жырларыныңтiл 

көркемдiлiгiн, әсерлi сюжет құрылатынын жо-

ға ры бағалап, әрбiр жырдыңайқын идея сы  оның 

көркемдiгiмен өрiле берiлетiнiн дә лел дедi.

Халық педагогикасының ауқымды бiр са-

ла сы  –  ертегiлер.  «Өзге  туыстас  елдерiнен 

қазақтың  ерекшелiгi  –  сөз  орамына    шебер  

және тамаша шешен», - деген В.В.Радловтың 

сө зiн  мысалға  келтiре  отырып,  ұлы  ғалым 

ер те гiлерде  көрiнетiн  «халық  санасындағы 

отаншылдық  сезiмдi,  халық  ұғымындағы 

адамгершiлiк гуманизмдi, халықтыңқанатты 

үмiтi – оптимизмдi және өз қуатыныңжеңгiр 

қасие тiне  сенетiндiктi  көрсететiн  барлық 

ерек шелiктерiн  айрықша  бағалау  қажет», 

-  деп,  ертегiлердiңжас  ұрпақтарды  тәр-

бие леу дегi  педагогикалық  мәнiн  ашып 

бер дi.  «Қиял-ғажайып  ертегiлердегi  сол 

қиял  тудырған  образдардыңөзi  арқылы  да 

халық тың    еңбекпенен  табиғат  күштерiн 

твор честволық  түрде  жеңбек  болған  қия-

лы   көрiнедi,  арманы  танылады.  Бұл  жө-

нiн де  адам  баласының  кейiнгi  дәуiрлерде 

тех ника  жөнiнде  тапқан,  сол  техникалық 

про грестiң  бiрталайын  ертегiнiң  қиял 

бейнелерi, алдын ала болжам етiп, бұлдыр 

түнде аңғартқандай болады», - дейдi.

Ұлы  ұстаз  ертегiлердiң  тәрбиелiк  мәнiн 

те рең  ашып, «Адамдағы кемдiктi, мiндi ба-

ды  райтып, ұлғайтып, жиренiштi етiп көр се-

ту үшiн, хайуанның мiнез-құлқын дәл адам-

ның  мiнез-құлқындай  етiп  суреттеу  әсерлi 

бо лады»,  -  деп  көрсетедi  (бұл  да  сонда). 

Педагог  жазушы:  «...ертегiлердегi  аса  мол 

атау лар,  ұғымдар,  ақындық,  образдық, 

стильдiк теңеу сөздер қазақ халқының тiлiн 

байытады», - дейдi.

«Қоғамдық  салт-сана:  үстемдiк  пен  тең-

сiз дiктi,  зорлық  пен  қарсылықты,  байлық 

пен кедейлiктi, бақ пен сорды, жақсылық пен 

жа ман дықты, ақыл мен ақымақтықты қарсы 

қою» арқылы ақыл-ойдыңкемелденуiмен да-

мып қалыптасатынын ғылыми талдаулар ар-

қы лы дәлелдедi.

Қазақ  халқыныңдәстүрлi  айтыс  өне рi-

нiң  этно педагогикада  алатын  орны  өзгеше. 

Ақын  халық тың  айтыс  дәстүрi  жадына 

сақ

 

тағыш  әр  адамның  қасиеттi  қабiлетiн 



паш   етумен  қатар  тыңдаушыларды  ыж да-

ғаттылыққа  тәрбиелейтiнiн  дәлелдеген  ға-

лым әсiресе ақындар айтысының әлеу мет тiк 

мәнiн  тереңашады.  «Бiржан-Сара»  айты сы-

ның  көркемдiгi  тiл  ұстатарлық  шешендiк 

ерек шелiктерiнен  көрiнедi.  Айтыста  әйел 

тең дiгiн, жастардыңбас бостандығын Бiржан 

ақын  жиын алдында үлкен әлеуметтiк та лап  

етiп тартады», - деп (бұл да сонда) ай тыс тың 

әлеу мет тiк, тәрбиелiк мәнiн жазушы жоғары 

баға лай ды.

«Анық халық тiлiмен өздерiнiң тiлек-ар -

ман дарын  бiр  қосқан  ақындар  қоғам  құры-

лы сының өжет қайраткерлерi болады», - деп,  

ғалым ұлы Жамбылдыңайтыс өнерiн жо ғары 

бағалады.  Қазақ  халқыныңсалт-дәс түрлерi 

бойынша  қайырымдылық  пен  мейi рiмдiлiк 

ана  сүтiмен  жұғысып,  әрбiр  тұл ға ның  

ұлттық белгiсiн көрсететiнiн дәлелдеп, хал-

қы ның келешегiн ойлап, тебiренген жазу шы:  

«Ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағ-

лымыңды, бесiгiңдi түзе! Оны түзеймiн де-

сең,   әйелдiңхалiн  түзе»,  -  дейдi  (М.Әуезов. 

Елу томдық. 1-т., 48-бет).

1918  жылы  жазылған  «Мәдениет  һәм 

ұлт»  деген мақаласында ұлтжанды жас жа-



21

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

лын:  «Мәдениет  деп  адамныңдүние  жү зi не 

алғаш  келгенiнен  осы  күнге  шейiн  тап қан  

бiлiмi һәм сол бiлiмге сүйенiп iстеп отыр ған 

өнерiн  айтамыз»,  -  деп,  дүниежүзi  халық-

тарыныңмәдениетке  ұмтылысын  сөз  ете-

дi  де,  өзге  дүниежүзiндегi  ұлттармен  бiр-

ге  асыл  мәдениетке  мойын  ұсынып,  соның 

тұтқан  жолына,  тұрған  қалпына  қол  бо-

лу  қазақ  ұлтыныңда  бiрiншi  намысы  бо лу  

керек», - деп, қазақ халқыныңұлттық на мы-

сы на  ұшқын  бередi.  Ұлттық  намыс  –  этно-

педагогиканыңбiр  бұтағы  десек,  өз  елi нiң  

қамқоршы  перзентi  ұлы  Мұхаңнамыс  туын 

биiкке көтердi. Сөйтiп, ол қазақ этно пе да го-

ги ка сы ғылымына өзiнiңмол үлесiн қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет