Бас редактор



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың 

этно пе дагогикалық  ой-мақсаттары. 

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) этно-

педагогикалық  ой-мақсаттарын  өз  шы ғар-

малары арқылы халық санасына жеткiзе бiл-

ген  ұлы  ақын.  Өз  өмiрiнде  бiраз  жылдары 

журналистiк  (1913-1914),  педагогтық  (1915-

1916)  қызмет  атқарған  ақын  ұлттық  бi лiм , 

халықтық  тәрбие  iсiнiңкелеңсiздiк  жағ дай-

ла рын  зерделей  зерттеп,  ұрпақтыңүмiтiн 

оз ды рып,  келешегiне  кемелдi  жол  сiл те дi. 

Жастарды  өнер-бiлiмге  шақыру  –  ақын ның-

шығар машылық  кредосы  болды.  «Жеткiзбей 

ке тер жүйрiк жоқ, қусақ бәрiн шаламыз», - деп, 

жастарды жаңаша жарысқа шақырады. Ұр пақ-

тың ойын оятып, тiрлiгiне үмiт жал ғай ды. 

Ұлы  ақын  асқаралы  армандар  мен  үкi-

лi  үмiттердi сенiммен оқырмандарына жет-

кiзiп,  жастарды  алға  талпындырады.  Қа зақ 

жастарына  болашақты  болжап,  келе шек-

ке  кемелденiп  барар  жолдар  мен  маңыз ды  

мақсаттарды ұсынады. «Қараңғы қа зақ  көгiне 

өрмелеп шығып күн болам, қараң ғылық тың 

көгiнде, күн болмағанда кiм бо лам?!» - деп, 

өз сөзi арқылы бүкiл ұлт ұр па ғы ның алдына 

«толған  мақсаттар»  қояды.  Ақын  мақ сатқа 

жетудiңнақты  жолы  –  еңбек  деп  түсiн-

дiредi. «Менде жоқ қажу деген, ашу де ген, 

та рығып болымсызға жасу деген» деп, жас-

тар ды  қажырлы  еңбекке,  әдептiлiкке,  шы-

дам дылыққа шақырады. «Ден сау болса, тағ-

дырдың көкке ұшырам күлдерiн, серпiп тас-

тап түндерiн, туғызамын күндерiн», - дейдi. 

Сөйтiп,  жастардыңалдына  еңбек  ету,  бiлiм 

алу,  әдептi  болу,  адамгершiлiк  қасиеттерiн 

игеру  сияқты  этнопедагогикалық  мақсаттар 

қоя ды.  «Жақсылық  көрсем  өзiмнен,  жаман-

дық көрсем өзiмнен» деп, мақсатқа жету әр-

бiр адамныңөзiне байланысты екенiн жет кi зе 

айтады.  Ұлттық  мәдениеттi  дамыту  ұлт тың 

бiлiмдi  болуына  байланысты  екенiн  пайым-

даған ақын ұрпаққа бiлiм беру iсiне өзi тiкелей 

қатысып, сабақ берумен де шұғыл дан ды. 

Дарынды  жазушы  «Қамар  сұлу»  ро ма-

ны мен «Кiм жазықты», «Кедей» т.б. поэ  ма-

ларында  қазақ  халқыныңұлттық  дәстүр ле-

рiндегi  келеңсiз  жағдайларды  қатты  сы нап, 

дәстүрлердiңозықтарын,  жаңаша  қалып-

таса  бастаған  түрлерiн  ұлттық  мәде ниет ке 

пайдалана  бiлудi  ұсынды.  Халық  педа го ги-

ка сыныңнегiзгi  бiр  саласы  –  ұлттық  салт-

дәс түрлердегi «қалыңмал» берiп ерiксiз үй-

лендiру, ерiксiз «атастыру» т.б. кесiр дәс түр-

лерге жол беру – ұлттық мәдениетке зар да-

бын  тигiзетiнiн ашып айтып, «Оңбайды бұл 

әдет пен  қазақ  халқы,  бұл  себеп  ақырында 

қал масқа iзi» деген пiкiрiн айтады.

Ақын  «Мен  кiммiн»,  «Қала  ақыны  мен 

да ла  ақыны»  деген  шығармалары  арқылы 

тұр мыс-салт  дәстүрлерiнiң  пайдалы,  зиян -

ды  жақтарын  айқындап  айтып,  ұр пақ  тың 

келешегiн  кемелдендiретiн  ата  дәс түр -

лер дi  алға  тартады.  Әсiресе,  халық тың  

қайырымдылық  дәстүрiн  жоғары  баға лап, 

«Бишараны шын досқа санар едiм,  сол үшiн 

оқ астына барар едiм» деп қайы рым ды лық-

тың  үлгiсiн көрсетедi.

«Оқудағы мақсат не» деген өлеңi арқылы 

оқу  ұлттық  бiлiм  беру  жолындағы  ұлы  iс 

екенiн,  оқу  тек  күнкөрiс,  шен-шекпен  алу 

үшiн  жасалынатын  әрекет  қана  емес  екен-

дi гiн  ұрпаққа  ұғындыра  жеткiзедi.  Өмiр 

өсуiнiң  келешегiн  болжай  бiлген  көреген 

ақын:  «Шығамын  тiрi  болсам  адам  болып, 

жүр меймiн  бұл  жиһанда  надан  болып»  де-

ген  мақсатты  сөздi  жастардыңаузына  са-

ла ды.  «Алға  қарай  басуда,  миллет  көзiн 

ашу да,  терiстiктен  қашуға»  бiрден-бiр  пай-

да лы  нәрсе  оқу  екенiн  уағыздап,  жас тар-



22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ды  тағы  да  оқуға  шақырады.  Сөйтiп,  ұлы 

ақын  ұлттық  (этнопедагогикалық)  үр дiс тiң 

не гiздерi  -  оқу,  оқыту,  бiлiм  алу,  халықтың 

озық  дәстүрлерiн  қастерлеу,  ақыл-ойды 

ал ға  қарай,  яғни  тарихи  даму  жолына  қа-

рай   бағамдау  қажет  екендiгiн  көрсеттi. 

Ұлт тық  мәдениеттiңдамуына  поэзия  зор 

ық пал  жасайтынын  айтсақ,  Торайғыров 

Сұлтанмахмұттың  шығармалары  ұлы  Абай 

шы ғар маларыныңқатарында  нұр  сәулесiн 

ша шып тұрғанын айқын көремiз.



Х а л е л   Д о с м ұ х а м е д ұ л ы н ы ң 

э т н о п е д а г о г и к а л ы қ  о й л а р ы . 

Қазақ халқының мәдени мұраларын жан са-

ла  қорғап,  этнопедагогикалық  ойларын  дә-

лел дi  баяндаған  ғұламалардыңбiрi  –  Халел 

Досмұхамедұлы(1893-1939)  1927  жылдан 

бас тап  Ташкенттегi  Орта  Азиялық  Халық 

Ағарту институтының негiзiнде Қазақстанда 

жоғары оқу орнын ашу iсiне белсене қаты-

сып,   Алматыда  Қазақтыңпедагогика  инс ти-

ту тын  ашқанда  1926  жылы  оның  тұңғыш 

про рек торы болды.

Ол  1923  жылы  Ташкентте  «Талап»  қо-

ға мын  құрып,  ұлттық  мәдениеттi  дамыту, 

бi лiм  беру  саласында  еңбек  еттi.  Ғалым 

жиыр ма сыншы,  отызыншы  жылдары  бiр-

не ше оқу құралдарын құрастырып, ғылы ми  

еңбектер  жазды.  «Қазақтыңхалық  әде бие-

тi»  деген  ғылыми  еңбегiнде  ғалым  қа зақ 

хал қының  ауыз  әдебиетi  –  тәлiм-тәр бие-

нiң    негiзгi  қайнар  көзi  екендiгiн  дәлелдеп: 

«Қазақтың  жеке  өмiрiнiң  барлық  сәттерi 

туғаннан  бастап  өмiрiнiң  соңына  дейiн  же-

ке  адам тұтас халықтардың немесе жеке ру-

дыңтуған өмiрiндегi барлық оқиғалар ха лық 

әдебиетiнде  жырланады.  Мәселен,  сә бидiң 

дү ниеге келуi мен оның алғашқы жылдары 

ха лық  поэзиясында  шiлдехана,  бесiк  жыры 

ат ты арнайы жырлар түрiмен аталып өтедi», 

- деп, халық педагогикасыныңэтнопедагогик

алық мәнiн аша түседi.

Ғалым: «Баланың ең бiрiншi еститiн үнi 

– ана сы айтқан бесiк жырының әуенi», - деп, 

этно педагогиканың  бастауы  -  бесiк  жыры 

деп  дә лел дейдi.  Зерттеушiнiң  еңбектерiнде 

ауыз  әде биетiндегi  тақпақ,  ойын  өлеңдерi, 

ай тыс, санамақ, қаламақ, жаңылтпаш, жұм-

бақ, ертегiлердiңтәрбиелiк мәнi туралы ғы-

лы ми  тұжырымдар  баршылық.  Әсiресе, 

ана ның   ақ  сүтiмен  сүйекке  сiңiп,  тiлге 

үйiрiлетiн ана тiлiнiңтәрбиелiк мәнiн ғалым 

жоғары баға лады.

Ол  халық  педагогикасының  қырықтан  ас -

там атауларына анықтама берiп, «сананы салт  

туғызады» деп тұжырымдайды. Оның наным-

сенiм, билiк сөз, тыйым туралы анықтамалары 

этнопедагогиканың  тәрбиелiк  мәнiн  айқын 

көрсететiн  ғылыми  тұжырымдар  болып 

табылады.



ӘДЕБИЕТ

1 Әуезов М. «Әр жылдар ойлары». – А., 1959.



23

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

ӘОЖ 395.6



Т.С.Тебегенов

филология ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып,

салт-дәстүр Академиясының академигі, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,

Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы Қазақ ұлт-

тық педагогикалық университетіндегі

Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

ДИДАРЛАСУ-СӘЛЕМДЕСУ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҒЫЛЫМЫ

Бұл мақалада, Ақындық өнер – әрбiр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершi-

лiк   қарым-қатынастарының  тәлiм-тәрбиелiк  сапаларын  жинақтаған  эстетикалық  таным 

құралы екендігі жайлы сөз етіліп, ондағы Ақындық өнердегi тұрмыстық-әлеуметтiк қарым-

қатынастарынан бастау алып қалыптасқан әдеби дәстүр – дидарласу – сәлемдесу өлеңдерiн 

жырлау жайлы жазылған. 



Түйін сөздер: ақын, өлең, өнер, дәстүр, жыр, халық.

В этой статье говорится о поэтическом исскустве – о эстетическом средстве познания, 

собравшем воспитательные качества гуманных отношений каждого народа, формировав-

шихся веками, о воспевании произведений повидания и здравия в поэтическом исскустве 

– сформировавшейся литературной традиции, берущей свое начало с социально-бытовых 

отношений.



Ключевые слова: поэт, стих, исскуство, традиция, песня, народ.

This article says about the poetic arts - aesthetic means of knowledge, brought together educa-

ays about the poetic arts - aesthetic means of knowledge, brought together educa-

tional quality humane relations of each nation evolved over the centuries, the works of chanting 

of common in the poetic arts - formed literary tradition dating back to the social and domestic 

relations. 



Keywords: poet, poetry, art, tradition, song, people.

Ақындық өнердегi тұрмыстық-әлеуметтiк 

қарым-қатынастарынан бастау алып қа лып -

тасқан  әдеби  дәстүр  –  дидарласу  –  сәлем-



десу  өлеңдерiн  жырлау.  Әлеуметтiк  орта-

да ғы,  өнердегi  ұстанған  мұраттары  ұқсас 

ақын дардың  бiр-бiрiмен  кездесулерiне  ерек-

ше  мән  беретiндiгi  сол  қауышулардың  эсте-

ти калық тағылымына байланысты шығар ған 

өлеңдерiнен  танылады.  Қазақ  әдебие тi нiң 

ХIХ-ХХ  ғасырлардағы  ақындары  мұ ра ла-

рын да ғы  осындай  тақырыптық,  жанрлық 

ерек ше лiктерi бар дидарласу, сәлемдесу жыр-

ла рының дәстүр және жалғастық заң ды лық-

тары жағдайында танылатынын бай қай мыз. 

Ақындық  өнер  –  әрбiр  халықтың  ғасыр-

лар   бойы  қалыптасқан  адамгершiлiк  қа-

рым-қатынастарының  тәлiм-тәрбиелiк  са-

па  ларын  жинақтаған  эстетикалық  таным 

құ  ра лы.  Дәстүрлi  ақындыққа  арқау  болған 

қа зақ тың  ұлттық,  ата-бабалық  тұрмыстық 

тәлiм-тәрбиелiк 

қарым-қатынастарының 

ең    не гiзгiсi  –  адамдардың    дидарласуы,  сә-

лем  де суi.  Дидарласу  –  адамдардың  қауы-

ш у ы,  фәнидегi  таусылмайтын  әрi  қызық, 

әрi  қиын  тұрмыстық  iс-әрекеттердiң  бар-

лы  ғы  да  адамдардың  кездесулерiнен  бас та-

ла ты ны  мәлiм.  Сонау  Адам  Ата  мен  Хауа 

Ана дан  басталып,  олардан  тараған  қазiргi 

жер   бетiндегi  миллиардтаған  адамзат  ұр-

пақ тарының  барлығы  осы  дидарласумен 

өсiп-өркендеп  келедi.  Дидарласу  –  кез де-

су   –  психологиялық  мәнi  зор  оқиға.  Кез-

де су  мазмұнындағы  сөйленетiн  сөздер 

мен   iс-әрекеттер  адамдар  ортасының  да-

муын дағы  материалдық  және  рухани  игi -

лiктер  атаулының  барлығын  да  құрайды. 

Сон дықтан,  ақындық  өнер  табиғатындағы 

автор лығы  анық  шығармалардың  барлығы 

да  да  адамдар мен  бетпе-бет  кездесу  жағ-

дайын  дағы 

пси хологиялық 

сезiмдiк 



24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

құбылыстар  тоғысындағы  дидарласу  әсерi-

мен туындайтынын аңғарамыз. Поэзия атты 

киелi өнер қасиеттерi дарыған ақындар өзiне 

дейiнгi және өзiмен тұстас шығармашылық 

тұлғаларды  айрықша  құрметтейдi.  Шығар-

машылық  өнер  тағдырында  өздерiнiң  жеке 

бастарының емес, халқының ғана мүддесiн 

жырлаған  азаматтық  парасат,  ар-намыс  жо-

лында жүрген ақындар адамгершiлiк қарым-

қатынастарының  барлық  дәстүрлерiн  жыр 

арқауына  айналдырған.  Дәстүрлi  аман да-

су,  сәлемдесу  сөздерiмен  басталып,  әр қай-

сысының  ақындық,  адамгершiлiк  қа сиет-

терiне баға беретiн бұл өлеңдердiң эсте ти ка-

лық  танымдық маңыздылығы анық.

Ақындардың дидарласу, сәлемдесу өлең-

дерi  –  халықтың  адамгершiлiк  тәлiм-тәр-

бие сiне  негiзделген  туындылар.  Дидарласу, 

сәлемдесу  өлеңдерi  арналу  мақсаттары 

тұрғысынан  жiктеле  сараланып  байқалады: 

бiрiншiсi  –  бiр-бiрiмен  кездескендерiнен 

туа тын  өлеңдерi;  екiншiсi  –  ақындардың 

ха лық  iшiндегi  көрнектi  кiсiлерге,  ел  

ағаларына  сәлем  бере  жырлайтын  ар нау  

өлеңдерi.  Ақындардың  бiр-бiрiмен  кез -

дес кенiнде  туатын  дидарласу  өлең де рiнiң 

композициялық  құрылысында  шы ғар ма-

шы лық  тұлғалардың  өзара  сыйласу,  бiрiн-

бiрi құрметтеу сезiмдерi жырланады. Өнер-

паз дық  қанат  жайған  ортадағы  ұстаздық 

тағы лымы  қалыптасқан  тұлғаларға  жасы 

кiшi  ақынның  iлтипаты,  шәкiрттiк,  кiшiлiк 

кө ңiл  iзетi,    өнердiң  құдiретiн  ұлықтауы 

–  бә рi  де  дидарласу-сәлемдесу  жырының 

өзек  тi  арқауы.  Мысалы,  «Бақтыбай  мен 

Сүйiнбайдың  кездесуi»,  «Бақтыбай  мен 

Жамбылдың  танысуы»,  «Кенен  мен 

Шашубайдың  соңғы  кездесуi»,  «Жамбыл 

мен Үмбетәлiнiң дидарласуы» және т.б.

Дидарласу – сәлемдесу өлеңдерiнiң негi з-

гi көркемдiк тiнi – ақындардың шығар ма  шы -

лық-адамзаттық  тұлғаларының  поэтикалық  

бейнелiлiкпен 

жырлануы. 

Мыса лы, 

Бақтыбай  ақын ның Сүйiнбайдың шығарма-

шылық  тұлғасын  бейнелей  жырлауының 

эсте  ти калық, психологиялық ықпалды әсер -

лiлiгi  айқын  көрiнедi.  Дидарласу  –  шығар-

ма шы лық шабыт қуаты шарықтайтын нағыз 

арқалы  ақындық  сезiмдi  қоздыратын  сәт 

кезеңi.  Сырттарынан  даңқына  қанық,  ел-

ге  танымал  тұлғалдардың  осындай  кез де-

су  сәтiндегi  сезiмдiк  құбылыстары,  тол-

ғаныстары  психологиялық  тереңдiк  сыр  ла-

ры  мол  қалпымен  ерекшеленедi.  Ақын дар-

дың  өзара  бiрiн-бiрi  бейнелi  өрнек тер мен 

тұлғалауы  шығармашылық әлемнiң көр кем-

дiк кеңiстiгiн романтикалық және реа листiк 

қалпымен  толық  елестетедi.  Бақтыбайдың 

аталған өлеңдегi бейнелiкпен өрiлген ой ла-

ры осыны аңғартады. Сүйiнбайдың сөзiнде 

де ақындық тұлға келбетiн саралып, даралап 

айтуға ерекше мән берiледi «Ақын бар елде 

нақыл бар» дей келе, қайраткерлiк, азаматтық 

мұрат парасаты аталады.

Бақтыбайдың    Жамбылмен  дидарласу 

өле ңiнде  де  ұстаз  бен  шәкiрт  арасындағы 

та нысу,  түсiнiсу  ойлары  жырланады.  Ұстаз 

ақын Бақтыбайдың өзiнiң бұрынғы ақындық 

қуа тын айтып кеуде кермей жырлау мәдениетi 

– өнер иелерi сыйластығына дәнекер қасиет. 

Бақтыбайдың талай-талай азулы ақындармен 

сайысқан шығармашылық жолын еске алып, 

бiрақ бұл күндердi «мен өлеңнiң саяғы, күй 

мен  сөздi  ағытқан,  қайратым  жоқ  баяғы» 

десе, жас дарын Жамбыл өзiмен танысқысы 

келген жасы үлкен аға ақынды құрметтейтiн, 

сәлем 


берген 

қалпымен 

жырлайды. 

Бақтыбайдың  жасы  үлкендiгiн,  айтыстарда 

топ жарған жүйрiктiгiн, осы сыйластықтың 

өнегесiн  сәлемдесу  кезiндегi  мадақтаумен 

жырлайды.  Әрине  дидарласу  –  сәлемдесу-

кез десiп  отырған  ақындардың  бұрыннан 

таны мал болған шығармашылық қалыптасу 

жолдарын танытатын кездесу. Ақындардың 

шығармашылық  өнер  жолында  қалыптасу 

кезеңдерiн,  өздерiне  әсер  ықпал  жасаған 

көрнектi тұлғалар хақында еске алуы, оларға 

баға  бере  жырлауы  -  дәстүрлi  ерекшелiк. 

Аталған дидарласу өлеңiнде Бақтыбай өзiнiң 

ақындық  өнер  жолындағы  шығармашылық 

сайыстарды  еске  алады.  Жамбыл  ақын  да 

ұстаз ақын Бақтыбайдың алдында өзi нiң  де 

шығармашылық  мектеп  жолын  қа лып тас-

тырып келе жатқан өнерi хақында есеп  бер-

ген дей жырлайды. Өзi  өнеге алған көрнектi 

ақындар ұлағатын бағалай айтады.



25

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Дидарласу – сәлемдесу өлеңдерi - қазақ-

тың  ұлттық  дүниетаным  өрiсiндегi  туыс-

қан дық-қандастық  байланыстарды  негiзе 

ала жырлануымен де ерекшеленетiн шығар-

ма лар.  Бұндай  дидарласу  өлеңдерiнде  де 

ақындық өнер мұратының биiктiгi, таза лығы 

шығармашылық  тұлғалардың  әрқай сы-

сының өлең өлкесiндегi өнерпаздық, шебер-

лiк ұлағаты айқындала жырланады. Мысалы, 

«Бақтыбай  мен  Жүсiпбек»  атты  шығар ма-

қазақтың белгiлi қисашыл ақыны Жүсiпбек 

Шайхисламовтың  нағашы  жұрты  Бақтыбай 

Жолбарысұлы  ауылына  сәлем  бере,  әрi 

жиендiк жоралғымен еркелей тiлек арнауы-

мен  еркешеленетiн  өлең.  Жүсiпбек  ақын 

нағашы жұртын құрметтейтiн салтымен бас-

таған сөз желiсiн жиендiк тiлегiмен ұш тас-

тырады  және  Бақтыбайдың  ақындық  тұ ғы-

рын  дәрiптей айтады.

Дидарласу-сәлемдесу  өлеңi  -  қазақтың 

ата-бабалық  тәлiм-тәрбиелiк  дәстүрлерiнiң 

позия тiлiндегi нұсқасы. Жасы үлкен ақын-

дар дың  өздерiне  сәлем  бере  келген  ақын 

iнiлерiнiң халқына сiңiрген еңбектерiн атап, 

олардан  шығармашылық  өнер  мұратының 

азаматтық  парасат  тұғырындағы  қалпына 

шынайы ризашылық көңiл алғысын арнайды. 

Бақтыбайдың Жүсiпбектей ақын iнiсiнiң қа-

зақ   мәдениетiне  сiңiрген  еңбегiне  берген 

баға лауы  –  тарихи  шындық  үнi.  Кейбiр 

дидар ласу өлеңдерi – ақындардың амандасу, 

сәлемдесу  рәсiмдерiн  атқаруларынан  кейiн, 

жасы  кiшi  ақынға  үлкеннiң  бата  беруiмен 

аяқта лады.  Бұндай  өлеңдерде  жасы  үлкен 

ақын ның  өзiнiң  жолын  ұстанған  өнерпаз 

iнiле рiне, осындай дарынды ұрпақтар арқы-

лы  жалғасатын  халықтың  қасиеттi  өнерi не 

деген iлтипаты танылады. Мысалы, Жамбыл 

мен Майкөт ақындардың дидарласу өлеңi нiң 

құрылысында  мынадай  мәселелер  сара ла на 

көрiнедi,  бiрiншiсi  –  Жамбылдың  ауы лын-

да ғы  асқа  келген  Майкөттiң  ақын  iнiсiнiң 

өзi не  сәлем  беруге  келмей  тұрғанына  ар-

на ған  өкпе-назы;  екiншiсi  –  Жамбылдың 

Майкөттiң  ақындық  атақ-даңқын  сыйлаған 

әдеп тiлiк, шәкiрттiк кiшiктiк мiнез танытуы; 

үшiн шiсi  -  өзiнiң  ағалық,  ұстаздық  жолын 

ұлық  тұтқан ақын iнiсiнiң кiшiпейiл көңiлiне 

риза  болған  Майкөттiң  Жамбылға  бата 

бергенi,  оның  да  бұл  iзгi  тiлектi  қабыл  ал-

ғаны.  Дидарласу-сәлемдесу  өлеңiнде  екi 

ақынның  да  азаматтық  адамгершiлiк  жә не 

шығармашылық  қасиеттерi  тұтаса  таны ла-

ды.  Дидарласу  өлеңiнде  ұлттық  әдебиетте 

қалыптасқан  ақындық  өнер  құдiретiн 

бағалайтын  халықтық-эстетикалық  таным 

көз қа растарының қалыптасқан жүйесi аңға-

рылады.  Екi  ақын  да  поэзияның  адам  пси-

хо логиясын  баурайтын  қуатын  бейнелi  өр-

нек термен жырлайды. Өлеңнiң тұтас құры-

лысындағы Майкөт ақын тұлғасы дара лана 

танылады.  Оның  «Жаңғырықсын  дауы-

сым,   Алатаудың  тасына»  деп  басталып, 

Жамбылдың  әдептiлiгiне  елжiреген  көңiлiн 

бiл дiретiн жерiнiң психологиялық қалпы өте 

әсерлi. Шынында да Жамбылдың баға лауын-

дағы Майкөт тұлғасы – шығармашылық ше-

бер  лiк үлағатын елестететiндей бейне.

Бұл  дидарласу-сәлемдесу  өлеңiнiң  лири-

ка лық  табиғатын  айқындайтын  ерек ше лiк. 

Авторлық  позиядағы  ақындық  «Менiң» 

лирикалық қаһарман қалпында тұл ға ла нуы, 

субьективтi  көзқарастар  иесiнiң  роман ти-

калық шалқуын осындай жырлардан аң ға ры-

лады. Бақтыбайдың осы өлең соңындағы сөз 

бен  әуез  тоғысқан  кездегi  ақындық  ша быт 

шалқуын  бейнелеуi  -  қазақ  өлеңiнiң  лири-

ка лық табиғатын айқындай түсетiн жағдай. 

Ақын ның көңiлi – кез келген әсерден күш ала 

кеңитiн, шалқитын шабыт теңiзiнiң буыр қа-

ны сы.  Осы  дидарласу  өлеңiнiң  соңындағы 

Майкөт  ақынның  шаттана  толғауы  –  көңiл 

кеңiс тi гiнде  қанат  қаққан  шабыт  шалқуын 

елес те тiн күй.

Ақындардың  кейбiр  дидарласу  өлең де-

рiн де  аға  мен  iнi  ақындардың  өткен  өмiр 

белестерiнде  өздерiнiң  шығармашылық 

жемiс терiн өнеге ете, бiрақ жас кезеңдерiнiң 

арт қа  қарайлатпайтын  жүйрiк  қарқыны  әрi 

қана ғат, әрi мұң тiлiмен жырланады. Мысалы, 

«Кенен  мен  Шашубайдың  соңғы  кездесуi» 

ат ты өлеңiнде Кенен ақын Шашубайдың ұзақ 

ғұ мы рындағы  айтыстарын,  ән-өлеңдерiн, 

Абай, Жамбыл дәстүрiндегi ақындығын биiк 

баға лайды.  Ақындық,  азаматтық  өнегелi 

өмiр б елестерiн ұрпаққа үлгi ете жырлайды.


26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Дидарласу-сәлемдесу  жыры  –  кездесушi 

ақын дардың  өнерпаздық  жолдарына  берi-

ле тi нін бағалау. Кездесушi ақындардың бiр-

бiрiне  берген  бағалау  өлеңдерi  арқылы  қа-

зақ   жерiндегi  өнерпаздық  дәстүр  табиғаты 

да  аңғарылады.  Мысалы,  осы  Шашубай 

мен  Кененнiң дидарласу өлеңiнде бiреуiнiң 

Сары арқа дағы әншi ақындық (Бiржан, Ақан, 

Әсет,  Балуан  Шолақ),  бiреуiнiң  әншiлiк-

сазгерлiк,  айтыскер  ақындық  (Бақтыбай, 

Сүйiнбай,  Құлмамбет,  Жамбыл,  Сарбас, 

Қуандық)  дәстүр  өкiлдерi  екендiгi  таны ла-

ды.  Дидарласу  өлеңiндегi  элегиялық  әуен-

қарттықты  ерiксiз  мойындау.  Шашубай 

ақын  дидарласу  –  сәлемдесудiң  осын-

дай  психологиялық  салмағын  айқын дай-

ды.  Ақындардың  дидарласу-сәлем де су 

өлеңдерiнiң  бiр  алуаны  ауыл,  ел  орта-

сындағы белгiлi және қарапайым адам дар ға 

да  арналады.  Тұрмыстық  қарым-қаты нас-

тардың әртүрлi ерекшелiктерiне орай адам-

дар дың  әрқилы  мiнез-құлықтық  сапалық 

қасиет терiмен (жомарттық, сараңдық т.б.) ба-

ға латындығы осындай дидарласу-сәлемдесу 

өлеңдерiнен  аңғарылады.  Мысалы,  Әсет 

Найманбайұлының  (1867-1923)  «Ем шiбай-

дың  баласы  Қабырға»,  «Мешбеттi  көр ген-

дегi  сөзi»,  «Жабықбайға  айтқан  сөзi»  атты 

өлеңдерi  –  осындай  мазмұндағы  шығар-

малар.  Бұндай  өлеңдердегi  лирикалық 

қаһарманның халыққа жақсылығымен даңқы 

тараған  адамдармен  бетпе-бет  кездескен 

сәтiндегi толғанысты көңiл-күйi жырланады. 

Ақынның  лирикалық  толғаныстарының 

арқа уына  алынған  адам  көркемдiк  жинақ-

таумен даралау заңдылықтары аясында әдеби 

кейiпкер  тұлғасы  қалпында  бейнеленедi. 

Әсет  ақынның  аталған  өлеңдерiндегi  сөз 

нысанына  алынған  обьективтi  кейiп кер-

лердiң  сыртқы  келбеттерi  мен  мiнез-құлық 

ерекшелiктерi бейнеленедi. Әсет өлең де рiн-

де  Қабыр,  Мешбет,  Жабықбай  сөзi  мен  iсi 

жақсылық қалпымен ғана танылатын адам-

дардың  жиынтық  тұлғалары  ретiнде  сипат-

талады.  Мырзалық,  жомарттық,  мейi рiм-

дiлiк, батырлық және т.б. азаматтық пара сат 

қасиеттерiн  иеленген  адамдармен  дидар-

ла су дың  ғанибеттiк  ұлағаты  дәрiптеледi. 

Мысалы, «Жабықбайға айтқан сөзi» өле ңiн-

де гi бейнелеуден осыны аңғарамыз.

Белгiлi  ататектiк-әлеуметтiк  жүйедегi 

көр нек тi  адамдармен  қауышу  сәттерiнде 

туа тын  өлеңдерде  сол  атырапқа,  аймаққа 

бел гiлi  кiсiлердi  де  қамти  амандасу-сәлем-

десу  тiлектерi  жырланады.  Автор-ақын 

дидарласу  сәлемдесу  жырының  идея лық-

композициялық  құрылысында  ел  тари хын-

да ғы  елеулi  тұлғалардың  халқы  таныған 

өне ге лерiн бейнелi сөз өрнектерiмен сипат-

тайды.  Бұндай  дидарласу-сәлемдесу  өлең-

де рi  өнегелi  жеке  адамдардан  құралатын 

халық тұлғасының тағылымын да танытады. 

Ақындар  бұндай  өлеңдерiнде  амандасу 

ая сын дағы  арнау  сөздер  арқылы  қазақ 

елiнiң  халықтық-ұлттық  дәстүрлерiн  сақ-

тап,  дамыта жалғастырып келе жатқан өне-

ге лi,  үлгiлi  әрекет  иелерiнiң  мiнез-құ лық 

психологиясын  тарихи  шындық  негi зiн-

дегi көркемдiк жинақтау арқылы танытады. 

Мысалы,  Құланаян  Құлмамбет  (1826-

1903)  ақынның  «Құлмамбеттiң  Баттал  

қазыға  айтқаны»,  «Құлмамбет  ақын ның 

Шабдан  батырға  айтқаны»  атты  өлең де-

рi  –  осындай  шығармалар.  Аталған  өлең-

де рiнiң  бiрiншiсiнде  Алматы  қаласы  мен 

Алатау  атырабындағы  ауылдардағы  ел 

азамат тарының амандығы сұралып, олардың 

адам гершiлiк  қасиеттерi  «арыстаным», 

«данышпаным», 

«қадiрданым», 

«жаңа 


талап», «өрге шапқан шұбар тайы», «жас жол-

барыс»,  «жас  жолбарыс  секiлдi  жауға  шап-

қан»,  «қара атқа жара салды күмiс жүген», 

«азамат  артық  туған  бұ  заманда»  сынды 

бей нелiлiк тiркестерiнiң анықтауыштық-ай-

қын дауыштық бояуларымен қосыла жыр ла-

нады. Ақынның бағасы – халықтық көңiл дiң 

көрiнiсi.  Туған  ауылының,  елiнiң  орта сын-

дағы абыройлы қалпымен танылған аза мат-

тар  – халықтың ұлттық байлығы.

«Құлмамбет  ақынның  Шабдан  батырға 

айтқаны»  –  идеялық-композициялық  құры-

лы  сындағы  ұлттық-эстетикалық  тәлiм-тәр-

биелiк  маңыздылығы  айқын  шығарма.  Бұл 

-  қазақ  пен  қырғыз  халықтарының  қан-

дас тық-туысқандық 

байланыстарының 

мыз ғы мас  берiктiгiн  таныта  түсетiн  өлең. 



27

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Өлеңнiң  құрылысындағы  бiрнеше  мә-

селелер  жүйелене  жырланады:  бiрiншiсi  - 

Құлмамбеттiң қазақ елiн құрайтын Албанның 

ататектiк  дәстүрiн  ауызға  ала  амандасуы; 

екiншiсi - қырғыздың әрi батыры, әрi ханы 

Шабданның жеке басы мен сол елдiң атақты 

адамдары  туралы  бағалау  сөзi:  үшiншiсi 

–  сараңдыққа  және  жомарттыққа  баға 

беру.  Ақындық  баға  –  халық  көңiлiнiң  үнi. 

Құлмамбеттiң  аталған  өлеңiндегi  қырғыз 

манабы Шабданмен дидарласу сәтiндегi сөзi 

– сол кезеңнiң тарихи шындығы.

Әдебиеттегi  шығарма  атаулының  негiзi 

–  тарихи  деректi  оқиға.  Осы  дидарласу-

сәлемдесу  өлеңiндегi  лирикалық  қаһарман-

ақын  мен  объективтi  лирикалық  кейiпкер 

Шабдан тұлғаларының даралана танылуына 

себепкер болып тұрған оқиға – Құлмамбеттiң 

Әбсемет  дегенге  берiлетiн  үш  жүз  сомдық 

қарызын  қайтару  кезiндегi  Күйке  дегеннiң 

алаяқтығының, ал Шабданның Атымтайдай 

жомарттығының  дәлелденуi.  Шабданның 

Құлмамбетке әрқайсысы жүз сомдық тоғыз 

тұлпарды  және  жүз  елу  сомды  сыйлауы 

–  сол  кезең  үшiн  нағыз  жомарттықтың, 

адамгершiлiктiң  үлгiсi.  Ақынның  адамзат 

тарихындағы  кесек  тұлғалар  дәстүрiн  еске 

ала  Шабданға  арналған  алғыс  жыры  – 

сыйлыққа мәз болатын пендешiлiк емес. Бұл-

қарызынан  құтқарып,  ақынды  ардақтаған 

азаматтық,  жомарттық-сахилық  парасатын 

дәлелдеген адамға «Бiр кестiң қырсығымды 

батыр Шабдан»- деп шынайы көңiлiмен риза 

болған  Құлмамбетiң  ұлықтау  толғанысы.

Дидарласу-сәлемдесу  өлеңдерiнiң  бiр  са ла -

сы – ақындардың жаңа мекендерiмен са ғына 

қауышқан  көңiл-күй  әуендерiн  та ны та тын 

шығармалар.  Жаңа  мекендермен  тұңғыш 

жүздесе  тұрып,  әрбiр  адамға  тән  алыс та 

қалған туған жерге деген перзенттiк махаб-

бат, азаматтық көңiл-күй ықыласы қоса өрi-

ле дi. Мысалы, «Әсеттiң амандасу» атты ән-

өлең де осы әуен толық танылады.

Сонымен,  жинақтап  айтқанда,  дидар-

ласу-сәлемдесу  жырлары  –  ақындардың 

қор шаған  ортамен  психологиялық  бай ла-

ныстарын  көркемдiк-эстетикалық  та ным мен 

қабылдаудың және бағалаудың көрiнiсi. Табиғи 

жаратылыс  бiтiмiндегi  адамдармен,  тiршiлiк 

қозғалыстары  ортасымен  ғана  ты ныстайтын 

ақындық  өнер  иесiнiң  өз  сезi мiн  осылайша 

шығармашылық  қарым-қа ты нас  тұрғысында 

бейнелеуi - әдебиетке тән көркемдiк-танымдық 

дәстүрдiң нақты кө рi нiсi.

«Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет