ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӨМІРДЕ ТАБАНДЫ БОЛМАСАң, ӨЗ ҮЛЕСІңНЕН ҚҰР ҚАЛАСЫң
Қазақстанның бүгінгі білім және ғылым саласына өзіндік мол
үлесімен жаңаша ойларымен ат салысып, осы бағытта талай
биіктерді бағындырып жүрген техника ғылымдарының докторы,
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттык техникалық университетінің
«Қолданбалы экология» кафедрасының профессоры, 1994 ж. Нью-
Йорк Ғылыми Академиясының мүшесі, 1997-2001 ж., 2005 ж. ҚР
Жоғары аттестациялық комиссияның экперт кенесінің ҚазМУ,
ҚазҰТУ ғылыми кеңестерінің мүшесі Халима Халдарбекқызы
Тұрғымбаеваның жүріп өткен жолы кімге болсын үлгі-өнеге.
Халима Халдарбекқызының жетекшілігімен және белсенді
147
қатысып, спортпен айналысып, мақта терімге
барып, ауыл шаруашылығына да көмек бердік.
Мақта терімде жақсы табыс тауып қайтатынбыз.
Ол біздің отбасымызға көмек болды. Тапқан та-
бысымыз өзімізге киім алуға, үйге жиһаз алуға
қажетке жарайтын. ҚазТИ-да жалпы инженерлік
мамандық күшті, түбегейлі дайындалатын,
сондықтан олардың қатарынан оқу озаты
жергілікті ұлт өкілдерінен Орталық оқу орында-
рына, Мәскеуге, Ленинградқа, Қазан қалаларына
студенттер жиі жіберілетін, олар оқуларын
бітірген соң қайта оралып ұстаз болатын. Мен
қайтсем де Мәскеуге аспирантураға түсемін
деген алдыма мақсат қойдым. Бұл кезде ректор
Сұлтан Сүлейменов техникалық институтты
қазақ-химия технология институты етуге әрекет
жасап жүрген болатын. Ол мақсаты орындалып,
енді институтқа жаңа мамандықтарды даярлауға
кадр қажеттілігі туындап, ректор мені шақырып,
Мәскеудің Ломоносов атындағы Жіңішке хи-
мия технологиясы институтына старжировкадан
өтуді ұсынды. Сөйтіп, қазан айында армандаған
астанаға да жетіп, сол институттың профессо-
ры Кошелев Федор Федорович басқарған Рези-
на технологиясы кафедрасына қабылдандым.
Жатақханаға жайғасып, оқуға кірісіп кеттім.
Менің міндетім 4,5,6 курстарда оқитын
профессорлардың сабақтарына қатынасып,
дәрістерін тыңдап, әр дәріскерге салалары бой-
ынша емтихан тапсыруға тиісті болдым. Федор
Федорович - XIX ғасырдың ірі купеці Елисеевтің
күйеу баласы, өте жоғары интелегентті кісі бо-
латын. Ол кезекті емтиханды қабылдап болған
соң ұзақ әңгімелесіп өз өмірінен хабардар етті.
Бір күні мені ректор Большаков шақырып:
«Стажорларға
жатақхана
тиесілі
емес,
жатақхананы босат», – деп талап етті. Сұрасам
да, айтқанымды тыңдамай айқайға басып,
«Хрущевке арызданып барсаңыз да жатақхана
бермеймін», – деді үзілді-кесілді. Мен де қайтпай:
«Хрущевке бармаспын, бірақ Елютинге бара-
мын», – деп шығып кеттім. Шыққан соң «Елю-
тинге (оқу министріне) қалай кірем, мені оған
өткізбейді ғой» деген ойға кеттім. Бірақ алған
бетімнен қайтпай министрлікке жеттім. Мәскеуде
алға салатын адам жоқ. Мен ол кезде партия
мүшесіне кандидат болатынмын. Сонымен алға
тартқым келді, не дегенмен салиқалы адаммын
ғой. Министрлік дәлізінде келген адамдардың
құжаттарын тексеріп кезекші отырады екен.
Соның бір жаққа шығуын аңдыдым. Оның сәті
келген кезде асыға жоғары көтеріліп, министрдің
қабылдау бөлмесіне кіріп, кандидаттық
билетімді көрсетіп, келген жұмыстарымды
айтқанымда хатшы қыз министрге кіріп мен
туралы айтты. Бірден қабылдап, айтқанымды
мұқият тыңдап, ректорға табанда телефон
соғып, мәселемді шешіп берді. Өмірде табанды
болмасаң өз үлесіңнен құр қаласын. Мен оқумен
ғана шектелмей Мәскеудің мәдени өмірімен де
кең таныстым, музейлерде, концерттерде, спек-
такльдерде болдым. Ол кезде институттарға
үлкен және кіші театрдың, Немирович-Данчеко
атындағы басқа да театрлардың артистері келіп
өз спектакльдерін қоятын. Ол ауызша журнал
іспеттес еді. Олардың бірінен де қалған емеспін.
Олар үлкен дәрістік аудиторияларда сағат 16-дан
18-ге дейін өткізілетін. Мәскеуде кандидаттық
стажым бітіп, үлкен дәріс аудиторияларын-
да партия мүшелері мен Үлкен ғылыми кеңес
мүшелерінің қосылып өткізілген жиналысын-
да қабылданатын болдым. Маған мінездемені
профессор, кафедра меңгерушісі, коллойд
химиясының негізін қалаушы, сол салада талай
оқулықтардың авторы Воюцкий Сергей Сер-
геевич айтып шықты. Барлық партия мүшелері
бір ауыздан дауыс беріп, партия қатарына
қабылданып, Мәскеудің Ленин аудандық пар-
тия комитетінен билетімді алдым. Сәуірде оқуды
тәмамдап, Кошелевке аспирантура оқысам деген
тілегімді білдіргенімде, реферат жаз деп тақырып
берді. Ол кезде менің институтта беделім жаман
болмайтын. Табандылығым, еңбеккерлігімді
ұстаздар да, кітапхана қызметкерлері де білетін.
Кошелев менің жеке құжаттарыммен мұқият
танысып, көп жанды отбасынан екенімді ескеріп
(ол туралы мен ешкімге айтқан емеспін), комис-
сия ұйымдастырып, емтихан қабылдады. Не де-
ген адамгершілігі кең адам десеңші! Ауылға ора-
лып пластмасса кафедрасына ауысып, қараша
айында аспирантураға шақыру қағазы келіп
Мәскеуге келдім. Көп ұзамай Кошелев мені
шақырып: «Халима Халдарбековна, менің жа-
сым 82-ге келді, сенің ғылыми жетекшің болып
ақырына жете алмаспын. Сондықтан мен саған
жетекшілікке Юрий Григорьевич Кораблевты
ұсынбақпын. Оның бір қасиеті ұмытшақ. Соны
ескеріп өзің мықты бол, өз тірлігіңді өзің шешу-
ге тырыс», – деп ескертті. Сөйтіп, менің ғылыми
жетекшім кафедра доценті Кораблев болды
да, арада жыл өткенде Кошелев дүние сал-
ды. Зерттеу жұмыстарымды инстиутта, Шина
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
148
зауытында, Ленинградта өткіздім. Осылардың
барлығы кандидаттығымды мерзімінен бұрын
1968 жылдың қыркүйегінде қорғауыма ықпал
жасады, ал жоспар бойынша қорғау мерзімім
осы жылдың қараша айында болатын. Осын-
дай кісілігі мол адамдарға кездестіргеніне,
тағдырыма ризамын.
Мәскеу мен Ленинград өте жақсы білім берді,
ғылымға баулыды. Бізді ең көп таңқалдыратыны
Мәскеу
мен
Ленинградтағы
оқытушы-
профессорлардың терең іргелі білімі, біле тұра
оқығаны, дәрістерінің сапасы, әсіресе, олардың
қарапайымдылығы, студенттер мен аспиранттар-
ды қадірлеп сыйлауы. Олардың адамгершіліктері
өте жоғары еді. Соған үйренуге тырыстық.
Қандай жаңалықтар аштыңыз? Сіздің
КСРО-дағы химия өнеркәсібінің салалық
ғылыми-зерттеу зертханасының жұмысында
еткен еңбектеріңіз қандай нәтижеге жетті?
Еңбектеріңіз бағаланды ма?
1978 жылы үш заводтың: Суперфосфат,
«Химпромның» Қос суферфосфат және Жаңа
Жамбыл Заводының жұмыстары Жамбылдың
экологиясында проблема туындатып, облыстық
партия комитеті ерекше назарға алды. Облыстық
партия комитетінің бірінші хатшысы Хасан
Шаяхметұлы Бектұрғанов үш жоғарғы оқудың
ғылыми қызметкерлерін, үш зауыттың бас-
шыларын қосып, кеңейтілген мәжіліс өткізіп,
Жамбылдың, оның айналасының, қоршаған
ортасының төзгісіз жағдайда екенін көрсететін
мәліметтерді
келтіре
отырып,
ғылыми
зерттеулердегі ұсақ тақырыптарды жинастырып
тастап, заводтардың проблемаларын шешуді
талап етті. Арада бір жыл өткенде біз зерттеу
жұмысының үш бағытын жоспарладық:
1. шикі заттарды рационалды пайдалану;
2. қоршаған ортаны қорғау;
3. технология процесін автоматтандыру;
Арада бір жыл өткенде КССР Химия
өндірісі министрлігінде Салалы Ғылыми
Зерттеу Зертханасын аштық. (С.Ғ.-ЗЗ). Бұл
ашқан Зертханамыздың басшысы мен бол-
дым, тақырыптар жетекшісі мен, Махамбет
пен Темірхан болды. Штат 20 адам еді, ал
жылдық қаржымыз 200 мың сом болды. Бұл
көп қаржы болатын. Біздер қымбат бағалы
жабдықтар (электронды микроскоп, Арон рент-
ген қондырғысы, хрономотографтар т.б.) сатып
алдық, қызметкерлер қабылдадық. Бұл кезде мен
кафедра меңгерушісі болдым. СҒЗЗ негізінде
жоғарғы дәлдікті аспапты зерттейтін зертхана
аштық, оны да мен басқардым. Менің кафедрам-
да 20 адам, СҒЗЗ да 20, жоғарғы дәлдікті аспапты
зерттейтін Зертханада 15 адам жұмыс істейтін.
Салалы ғылымның ерекшелігі, барлық ғылыми
зерттеулердің нәтижесін міндетті түрде өндіріске
енгізіп, ғылымға жұмсалған қаржымыздың 1:3
есебінде қайтару керек-тін. Жаңа Жамбыл фос-
фор зауытының біздер бір бөлігі болып есептеліп,
СҒЗЗ олардың шығарған өнімін алып тұрды. Бұл
кезде ғылыми қызметкерлерге қолдау болды
да, беделіміздің артқанын көрсетті. Зертханада
негізінен ер адамдар істеді, оларды КазГУ-дың
химиялық факультетінің деканы Бірімжанов
Батырбек Ахметұлы мен өзімнің шәкіртім
Сағыныш Тұрлығазиев басқарды. 1978 жылмен
1988 жылдың аралығындағы мерзім өте қызықты,
қауырт, әрі нәтижелі болды. Жұмыстарымыздың
нәтижесінде 6 адам 1986 жылы Қазақ КСР-
нің Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Олар:
жобаның бас инженері Ж.Ж. Галинский, ФЗ-ның
директоры Т.Т. Темірбеков, ғылыми жетекшісі
Н.С. Шумаков, агломерация өндірісінің бастығы
С.Сандыбаев, техника бөлімнің бастығы
Л.Битней, СҒЗЗ жетекшісі Х.Х.Тұрғымбаева. Бір
таңданарлығы, бұл ұсыныс ешнәрсеге ілінбей
қалды. Әттең! Енгізілген жұмыстың табысы 19
млн. сом болған еді.
Кейін жолдасым Махамбет екеуміз осы
қорытындыны
докторлық
диссертацияға
пайдаланайық деп шешіп, мен 1992 жылы,
Махамбет 1993 жылы қорғап шықтық. 1994
және 1996 жылы екеуміз де Нью-Йорк Ғылым
Академиясының академигі болдық. 1998-2001
жылдар аралығында мен ҚР-ның ғылыми кад-
рларын аттестациялау Департаментінің эксперт-
теу Кеңесінің ғылыми хатшысы болдым.
Жастайымнан
білімге
құштарлықтың
арқасында оқу үздігі (Лениндік степендиант),
қоғамдық іс-шаралардың ұйытқысы, белсенді
ұйымдастырушысы болдым. Мәскеуде аспирант
болып жүріп, содан Ленинградтағы аспирант
Махамбетпен қосылып, «биіктікке биіктік жа-
расады» дейтіндей бала тәрбиелеуде де, шәкірт
тәрбиелеуде де бірге ерінбей еңбек еттік. «Адам
бір жылын ойласа – дән себеді, бар ғұмырын
ойласа – ағаш отырғызады, ал ғасырлық
болашағын ойласа – ұрпақ тәрбиелейді» де-
ген екен данышпан ата-бабаларымыз. Өз ба-
лаларымыз: Мұхтар, Талғат, Тәуекелмен қатар
туысқандарымызға жасаған тәлім-тәрбиеміз
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
149
бір бөлек, яғни 45 жылдай «Ұстаздық еткен
жалықпас оқытудан баланы» дегендей, елімізге
инженер мамандарын, ғылыми қызметкерлерін
(кандидат пен докторы бар) дайындауға үлес
қостық. Ғылыми монографияларын, жоғарғы
мектеп жетекшілеріне арнап бірнеше оқулық,
оқу құралын жарыққа шығардық, ғылым жо-
лына түскен жас мамандардың, студенттердің
игілігіне жарайтын көптеген құралдар жаздық.
«Садақаның ең жақсысы – өзі үйренген ғылымды
біреуге үйрету» хадисінің үдесінен шықтық деп
ойлаймын. 2010 жылы мен Ресейдің «За вер-
ность долгу» орденімен білім және ғылым
саласындағы еңбегім үшін марапатталдым.
Жоғары оқу орындарында оқып жатқан
студенттерге терең, тиянақты білім алу
үшін не істеу керек? Оқытушы және оқушы
жағынан қандай кедергілер бар?
Жоғары оқу орындарында оқып жатқан
студенттерге терең тиянақты білім алу үшін,
меніңше:
а) оқытушы оқушыларды қызықтыру, ын-
таландыру үшін сабақтарымен қатар ғылыми
зерттеулерге тартып, диспут конференцияларға
қатыстырып, сана-сезімін оятып, деңгейін
жоғарылату керек;
б)
оқушылар
өзіндік
жұмыстарға,
нұскауларды мұқият қарап, ішіндегі ұсынылған
әдебиетті тауып оқып, білімін тереңдетіп, өзінің
көзқарасын диспуттарда, сабақтарда білдіру
қажет. Ол үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
үйреніп, біліп, интернетті емін еркін пайдалана
білу керек.
Бұл оқу процесіне кедергілердін ең
үлкені материялдық база – ғылыми және
информациялық.
Ғалым ретінде, күрделі тәжірибесі бар
мұғалім ретінде жоғары оқу орындарында
білім сапасын жетілдіру үшін не істеу керек?
Ол үшін алдымен тәжирібе сабақтарды,
ғылыми жұмыстарды көбейтіп, нәтижелерін
конференцияларда, басылымдарда жариялау ке-
рек деп ойлаймын.
Қазақстанға
білімнің
жетістіктерін
өндіріске ендірудің оңтайлы жолдары бар ма,
қалай ынталандыру керек?
Қазіргі
таңда
өндірістер
болашақ
мамандардың дайындығына көңіл бөлмейді.
Бұл көзқарасты күрт өзгерту керек. Бүгінгі
оқушыларды, келешекте өндіріске келетін
болашақ мамандарды жетілдіруге өндірістер
міндетті түрде араласу керек. Оқушылар оқу ор-
нында алған теориялық білімді өндірісте әр түрлі
тәжирібе арқылы жетілдіруі қажет. Ол үшін “оқу
орын – ғылым – өндіріс” байланыс нығайып,
күшеюі үшін жоғары оқу министрлігі тікелей
араласу керек. Егемендік алғалы бері докторлық,
кандидаттық диссертациялар ВАКта (бұрынғы
атауы) бар. “Банк” деп аталады. Ғылыми кеңес
құрып, әр түрлі салалардағы жаңалықтарды
топтастырып өндірістерге ұсыну қажет. Бұл
кеңестерге өндіріс мамандарын қосу керек.
Тәрбие, ғылым, білім ара қатынасы
қандай?
Ғылымнан
алынған
жалпы
нәтиженің маңызы зор ма, жоқ әлде алынған
нәтиженің халықтың мүддесіне қалай әсер
беретіні зор ма?
Тәрбие, ғылым, білім ара қатынасын
күшейту үшін тәжирібеге көп көңіл бөлу керек.
Ғылымнан алынған жалпы нәтиженің маңызы
зор, бірақ соңғы жылдары ғылымға көңіл
бөлінбейтін болды да академиядағы, жоғары оқу
орындағы ғылым жұмыстары азайды. Еліміздегі
бар ғылыми жұмыстардың нәтижелері халықтын
мүддесіне жарайды.
Қазақстанда сіз айналысып жүрген
ғылымның қай салаларын тездеп өркендету
керек?
Қазақстанда экология ғылымы саласын
тездетіп өркендету керек. Өйткені, өндірістік,
шаруашылық қалдықтар біздің топырағымызды,
ауаны, суды ластап тастады. Сол қалдықтарды
реттеп, өндеу жолын іздеп, екінші реттік
шикізатқа айналдыратын жағдайға жеткізген
дұрыс.
Артыңыздан өсіп келе жатқан жас
жеткіншектерге (жастарға) уақыттарын бос
өткізбей, ғылым жолына түсуіне, айналысуы-
на қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз?
Ғылым жолына түсуіне, айналысуына беретін
ақыл-кеңестерім:
а) теориялық тұрғыдан қарағанда әр түрлі
әдебиетті қарап, салыстыруға, анализ жасауға
бейімделу;
б) тәжірибе тапсырмаларды орындап, терең
талқылап, нәтижесін қандай салада қолдануға
болады деп іздену;
в) оқытушы кеңестеріне мұқият көңіл бөлу,
талаптану;
Осындай ақыл-кеңестерді тыңдап жатса,
қандайда бір нәтижеге жетеді деп ойлаймын.
Жоғары оқу орнын енді ғана бітіріп,
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
150
мұғалім болып барған жастарға көңіліңіз
тола ма? Оларға қандай талап қояр едіңіз?
Жас мұғалім болып барған жастарға көңіл
толмайтын жері – олардың қабілеті бар болса
да өздерінше талпынып, зерттейтін мәселелерді
ізденіп ұсыну сирек кездеседі. Мұндай жастарға
қоятын талабым қорықпай, жалтақтамай
тәжірибені күшейту, ұстаздардың сабақтарына
қатысып, сұрап, қосымша жұмыстардан
қорықпай алға ұмтылу.
Ұлттық тәрбиені, ұлттық қадір-қасиетті
бүгінгі таңда студент жастардың бойына
қалыптастыруда қандай бағыт-бағдарды
ұстанғанымыз жөн деп ойлайсыз?
Ұлттық тәрбиені, ұлттық қадір-қасиетті
бүгінгі таңда студент жастардың бойы-
на
қалыптастыруда
қазақ
әдебиетінің,
кинoматографияның, музыканың орны бөлек.
Жастардың арасында театр қойылымдарына,
хорға қатысуды, домбыраға ынталандыруды
ұстанғанымыз жөн.
Қазақстан егеменді ел болғалы бері жоғарғы
оқу орындарында көп өзгерістер болды. Біздің
қазақ жастары үшін бұл жағдай оңайға соққан
жоқ. Техникалық білім саласында ерекшелігі
көп жақсы маман болу үшін институттарда
өндірістік тәжірибе және ғылыми жұмыстар
басым болуы керек. Сонда студенттерге қажет
болғаннан соң білімін, орыс, ағылшын тілін және
тәжірибені ұғатын, яғни білімін тереңдететін бо-
лады. Оған жағдай туғызу керек. Қазіргі заманда
инновация, инновация керек дейді. Яғни, инно-
вация деген не? Бұл түсінік алға, болашаққа
ұмтылу, яғни қазақ жастарында бұл қасиет
баршылық. Бірақ, маман болу үшін білімді
болу керек, сонда ғана инновация іске асады.
Білім дегеніміз табиғаттың, жердің, аспанның
заңдылықтарын және түрлі заттардың қасиетін
терең біліп, түсініп, өмірінің керекті тұстарында
дұрыс қолдана білу болып табылады. Іздену,
талпыну. Соңғы ғылыми-экономикалық және
экологиялық жетістіктерін көздеу өміріне ауа-
дай қажет қасиет. Оқу орындары бұл талапқа сай
болуы үшін келешек жастар «Білім – құдықты
инемен қазғандай» сезіну керек. Сондықтан,
шаршамай оқып, түрлі ғылыми жұмыстармен
айналысу керек. Қазақ жастары негізі қазақ
екенін ұмытпай, тарихын терең біліп, әлемдік
білімге, жоғарғы ғылыми тәжірибеге бет бұрса,
яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» болса, нағыз өз
ісінің маманы бола алады деген сенімдемін.
Сіздер Кеңес үкіметі кезінде атеистік
тәрбиемен
өсіп-өркендеген
жансыздар.
Ұлттық тәрбиені кейінгі жылдары қайта
көтеріп, қолға алып отырмыз. Осы тұрғыда
сіз ұлттық тәрбиеге бетбұрысты қалай
бастадыңыз?
XX-шы ғасырдың отызыншы жылда-
ры жаппай сауаттандыру саясаты жүзеге
асырылып “Сауатсыздықты жою” топтары
ұйымдастырылып, оған жастар да, ересектер де,
қарттар да тартылды. Мемлекеттік тіл орыс тілі
болып, интеллигенттерге өте ауыр, қиын болды.
Менің әкем ерте қызметке араласқан, баяндама-
ларын, лекцияларын араб әріптерімен жазып,
сосын латын әрпімен қазақша, не өзбекше жа-
зыпты. Содан барып орыс тіліне аударады екен.
Әкемнің есте сақтағыш қасиеті ерен болатын.
Өйткені, ол арабша құранның сөздерін түсінбесе
де жаттап жаттыққан ғой. Осындай қиындықты
көрген әкем біздерді қиналмасын деп орыс
мектептеріне берген. Ал орыс мектептерінде пән
ретінде қазақ тілі өтпейтін, өтсе де қатаң талап
қойылмайтын.
Орыс тілі бәрімізді білімге, қызметке, ше-
тел әдебиетіне кең жол ашты. Мәскеуде оқып
жүргенде менің орыс тілін сауатты, терең
білгеніме орыстардың өздері таң қалатын. Ал
қазақ тіліне келгенде тіпті, отбасылық сөздерге
де шорқақ болатынмын. Өйткені үйде де
негізінен орысша сөйлесетінбіз. Тек әжемізбен
қазақша сөйлесуші едік. Мақта терімге барғанда
қазақ балалары мен қыздары маған қазақша
үйретуге тырысатын, тілім келмей бұзып айтқан
сөздеріме жатып күлетін. Қазақ тілін жетік
меңгеру үшін мен қазақша әндерін үйрене ба-
стадым. Әннің сөздерінің мағынасын жақсы
түсінсең әннің әуенін, қасиетін жақсы игересің.
Үйде анамнан да, Анар әжемнен де талай халық
әндерін үйренген болатынмын. Институтта оқып
жүргенімде ректор Біләловтың қарындасы маған
қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік сый-
лап, сол көп көмек берді. Ол сөздіктерді әлі де
сақтап жүрмін. Аспирантурада Махамбетпен
қарым-қатынысымыз қалыпқа келген соң ол
Ленинградтан маған хат жазып тұратын болды.
Махамбет қазақ тілге бай, оның жазғандарын
толық түсіну үшін сөздікті пайдаланатынмын.
Шәуілдірге келген соң орта өз дегенін істеді,
қазақша үйренуге тікелей бет бұрдық. Институт-
та қызмет істеген жылдары тойлар, басқосулар,
қабылдаулар қазақ тілінде болғандықтан, сөзімді
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
151
орысша араластырмай сөйлейтін дәрежеге жеттім.
Жанымда Махамбет әрдайым бақылап, жөнге
салып отыратын. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік
алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл болған соң енді
институтта да сабақтар қазақ тілінде өтсін де-
ген талап қойылып, әсіресе техникалық пәндер
мұғалімдері өте қиналдық. Оқулықтар, арнаулы
әдістемелік құралдар, сөздіктер жоқтың қасы.
Осы кезде Махамбеттің көмегі маған зор болды.
Енді екеуміз рөлдерімізді ауыстырдық. Егер мен
бұрын оның орысша жазғандарының қателерін,
сөздерін жөндеп көмектессем, енді ол менің
жазбаларымды жөнге салатын болды. Менің
қазақ қызы ретінде қалыптасуымда Махамбеттің
еңбегі айтарлықтай болды.
Анаңыз сіздерге қандай тәрбие беруші
еді? Тәрбиелік мәні бар айтқан сөзін есіңізге
түсіріңізші?
Отбасымызды құрған соң, сол кездегі Жам-
был пединституттың ректоры Ғ.Б Сәйденовтың
«Отбасылық өмір – ол бірін-бірі тәрбиелеу» деген
сөзін жиі еске алатынмын. Егер де ерлі-зайыпты
бір-біріне кешірімшіл болмаса, онда олардың ма-
хаббаты көкке ұшып, ғайып болады да, отбасы да
күйрейді. Мен әрдайым ара қатынасымыздағы ең
қадірлі, қасиетті дегендерін сақтап, анау-мынау
болмашыларды көңілге алмауға тырысатын-
мын. Анам маған айрықша ықпал етті. Біздердің
(қыздардың) құлағымызға еркек үйдің пірі, егесі
еш уақытта оның қасиетін төмендетпей, қадір
тұту керек деп құя беретін. Әйелдің маңдайының
ырысы бес елі болса да, ол күйеуін үйдің егесін,
балалардың әкесін қастерлеп отыруы керек, сон-
да үйдің берекесі, отбасының ынтымағы болады
дейтін. Бір оқиғаны еске түсірейін:
1994 жылы мен Нью-Йорк Академиясының
академигі
болып
сайланып,
қуанып,
колеграфиялық
әріптермен
ағылшынша
жазылған дипломымды көрсетіп мақтанайын
деп Раушан сіңілімнің үйіндегі анама келіп:
– Мама, қызыңыз қандай атаққа, дипломға ие
болды, – деп мақтанып көрсетсем, ол кісі:
– Оның құтты болсын! Бірақ қазақ әйелдерінің
бақытын күйеуінің, балаларының қол жеткен
табыстарымен бағалайды. Сол есіңде болсын,
– деді. Қуанышым су сепкендей басылды. Анам
ол кезде науқастанып емделуге келген еді. Қазақ
отбасыларында ежелден енемен күйеу баланың
қатынасы сыйластықта болған. Ол көшіп-
қонып жүргенде сирек кездескендіктен болар,
сондықтан ерегісуге сылтау, себеп болмаған да
шығар. Қазіргі енемен күйеу баланың тіл табыса
алмауы, кикілжіңі орыс тәрбиесінен жұғысты бо-
лар. Орыстарда енесі «Менің қызымның сөзі қай
уақытта болсын дұрыс», – деп шығады ғой. Осы-
дан ұрыс-керіс басталады. Махамбет менің анам-
нан одақтасын көрді, сонан да ол кісіні барынша
сыйлайтын. Ауыл өмірін, қызының жағдайын
жақсы білетін анам, біздерге көмектесуге тыры-
сатын.
Достарыңызбен бөлісу: |