* * *
Қазіргі жаһандану заманында елім, жерім,
тілім деп соққан жүрегі бар, һәм зейінді де,
зерделі жастар тәрбиелеген жағдайда ғана Қазақ
елінің келешегі кемел болатынын ескергеніміз
абзал.
Резюме
Автор пишет, что основная цель перехода на двенадцатилетнюю систему образования – настроиться на
определенные достижения. Дано сравнение с японской системой образования: упор в японских школах сделан
более на воспитание, нежели на образование.
Summary
The author writes that the main issue of transition to the twelve-year system of education is to be disposed on
particular achievements. There are also given a comparison with Japanese system of education: in Japanese schools
the emphasis is put on upbringing more than on education.
45
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қ.Б.Жарықбаев –
педагогика ғылымдарының докторы,
психология ғылымдарының докторы,
ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗІ ҚАНДАЙ?
Мінез – адамның әдетіне айналған бір
сыдырғы да, тұрақты тұрлаулы ерекшелігі,
кісінің даралық өзгешелігінің өзегі, өмір
сүру
бағытының
өрнегі,
айналасымен
қарым-қатынас жасауының өзіндік тарихы.
Мінез бітістері екі жағдайда көрініс
береді. Оның бірі – жеке, даралық болса,
екіншісі – топтық, этностық сипатта бола-
ды. Оның толық, кесек, айқын, берік, бай-
салды, сондай-ақ осыларға қарама-қарсы
антподтары да болады. Соңғысы мінездің
жағымсыз, келеңсіз көріністері болып саналады.
Мінез мәселесі, оның қалыптасу жолы
есте жоқ, ерте замандардан бері ғұлама
ғалымдардың еңңбектерінде күн тәртібінен
түспей келеді. Мәселен, әл-Фараби адамның
басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы
мінез-құлыққа байланысты десе, ұлы Абайдың
пікірінше, мінез – ғылым мен ақылды сақтап
тұратын сауыт» екен. Адам мінезінің зама-
нына қарай өзгеріп тұратындығын, «заманы-
на қарай адамы» дейтін пікірді ғұламалар та-
лай рет айтқан. Мұны Абай шығармаларынан
да және Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтың
«Қазақтың өзгеше мінездері» («Абай» журна-
лы, 1917) еңбегінен жақсы байқауға болады.
Қазақ халқының мінез ерекшеліктері жай-
лы еңбектер әзірше саусақпен санарлықтай. Бұл
жерде орыс антрологі Н.Л. Зеланд (1833-1902)
пен қазақ ғалымы Т.Т. Тәжібаевтың (1910-1964)
алатын орны ерекше. Тағдыр тауқыметімен қазақ
өлкесінде отыз жылдай болған, Санк-Петербург
университетінің түлегі Зеланд өзінің 1885 жылы
Омбыда жарық көрген «Қазақтар» атты еңбегінде
халқымыздың темперамент ерекшеліктері тура-
лы былай дейді: «Қазақ – қызу қанды, ол төзімді,
ақкөңіл, байқағыш, қайғы-қасіретіне ортақтас
Сангвиник». Оның рухына жайсаңдық, ізгілік
тән, ол ылғи да жайдары жүреді, жалпы сергек,
әрі еліктегіш келеді, алайда «жүйкесі» көнбісті
ашуланшақтыққа бара бермейді... Қозғалысы
шапшаң, үнемі ат үстінде жүруі қан айналысы
мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс. Бұған
қоса дала тұрғындарының дене қызуының жиі
алмасуы олар жұтатын таза ауада, шөлейтте жол
шеккенде суынды көп ішпеуі, діни жорамалдарға
байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және
ішек жолы қызметін жақсартуға жәрдемдеседі,
бұлардың оның рух күшін сақтауға зор ықпалы
бар, сондай-ақ олардың арақ, апиынмен және
темекімен жүйкесін жұқартуға әдеттенуінің біраз
пайдасы бар. Жүйке салауаттылығы адамның
иманды, өнегелік бейнесінен де жақсы көрінеді.
Жаны жайсаң адам өзгелерге іш тартады.
Көшпенді қазақтың тіршілігі қара күшке
мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы
табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге,
жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, ке-
мел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде
де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап,
жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы
сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал
бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де
жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын,
әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел
аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен
жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап,
халық даналығын өзіне рухини азық етіп отырды.
Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар
үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру –
тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір
көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ
иесі болып саналды. Осы айтқанымыздың дәлелі
болып табылатын кейіннен мақал болып кет-
кен «Өнерді үйрен де жирен», «Жігітке жетпіс
өнерде аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда
жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт
қайнатқан батырым» сияқты бес аспап адамның
психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің
заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-
бірі жақсы білді, әр адамның қадір-қасиеті, оның
жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік орта-
дан алатын орнына қарай белгіленіп отырды.
Мұндай қауымдастық адам аралық қатынастарды
қаршадайдан көріп өскен бала өсе, ержете келе
ортақ мүдделікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік
46
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуы-
на мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан
«бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі
өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салт-
тар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай
көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру,
ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік
айту сияқты этностық таптаурындар (стерео-
тип) кең өріс алды. Әрине, осы топтық санамен
бірге әркімнің жеке басының әлеметтік және
биосфералық факторларға орайлас жеке-дара,
жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы
еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз ба-
ланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді.
Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен
іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті
жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең
саяси-экономикалық өзгерістер халқымыздың
баға жетпес рухани байлықтары: тілі мен ділі,
діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи
ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына
(қолөнері, киім-кешегі, ою-өрнегі, әуез аспап-
тары, үй жиһазы т.б.) байланысты небір
асыл құндылықтарды бүкіл болмыс-бітімін
(менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен
байытуда. Әрине, еліміз бен жеріміздің түпкілікті
иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында
осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік
бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының
қазіргі бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-
жоралғысында кең-байтақ өлкемізді біраздан
бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар
мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр.
Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз
жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді»
момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.
Жеріміздің ұлан-ғайыр кеңдігімен, мұндағы
табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар
бойы қалыптасқан дархан жомарттық, адамға
деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ
биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған
асқан қонақжайлық, жойқын соғыс пен қуғын-
сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған
рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінің
негізінде қалыптасқан – балажандық, үнемі
мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға
сіңген малжандық, ешуақытта басқа жұрттың
жеріне көз алартпаған бейбітшіл саясат, өзі
тиген дұшпанның қабырғасын қақыратқан
көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген»
кездердегі керемет шыдамдылық пен барға
қанағатшылық – біздің ұлттық мінезіміздің жота-
лы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.
Патшалық отарлау мен большевиктік
империялық саясат тудырған ұнамсыз қасиеттер
бізде қазір де баршылық. Қанымызға әбден «сіңіп»
кеткен жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық
пен ұраншылдық, күдікшілдік пен күншілдік,
арызқойлық пен жалақорлық, бойкүйездік пен
салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық т.б.
осы секілді келеңсіз қасиеттері әлі күнге дейін
алдымызда оралып, жезөкшелік, некебұзарлық,
келеңсіз тіршілікке құмарлық, бақталастық т.б.
(бұлар бұрын-соңды қазақтың түсіне де кірмеген
мерез қасиеттер еді) осы секілді пәлелер келіп
қосылды. Бізде бұдан басқа еліктеп-солықтаулар
(батысшылдық,
ермелік,
еліктеушілік,
желөкпелік т.б.) жетіп артылады. Бұл жайт
еңсемізді көтертпей, құлдық психологиясының
шырмауынан
шығуға
кесірін
тигізіп-ақ
келе жатқанын естен шығармауымыз қажет.
Еліміздегі полиэтностық, нарықтық қоғам
жағдайында да мінез проблемасының жаңа
қоғамда қалыптасу жағдайы өзекті мәселе. Бірақ
та бұл жөнінде нақты зерттеулер жоқтың қасы.
Кезінде ұлт мәдениетін зерттеуші бір
ғалымның турасынан қойған мына бір пікірі
ойдан кетер емес: «Алдағы жаңа ғасырда
адам болып қалатынымыз айдан айқын, бірақ
қазақ болып қалуымыз үлкен мәселе...».
«Қазақ әдебиеті» газетінің бір нөмірінде
«Уа, біз кімбіз?» деген мақала басылды. Оның
қысқаша жауабын былайша берген болар
едік: Біз «сырты бүтін» (түр сипатымыздың
қазаққа ұқсастығы) «іші түтін» (қазіргі
қазақтар біртекті ұйыған ұлт еместігі). Өйткені,
көпэтностық (полиэтностық) қоғамда жоғарыда
айтқандай, белгілі бір ұлтқа тән кесек, толық,
берік те байсалды, тұтас мінездің болуы
мүмкін емес. Мұндай мінез бітістері бір текті
этносқа, яғни моноэтностарда ғана кездеседі.
Қазіргі нарық заманына белшесінен батқан
қазақ елінде біздің пайымдауымызша, 10 милли-
оннан астам қазақ жұрты 6 үлкен топқа бөлінетін
сияқты. Бұның біріншісі, шамамен 2,5 милли-
ондай әртүрлі себептерге байланысты мәңгүрт
(бұның да неше түрі бар Қ.Ж.) атанған ағайындар.
Бұлар ана тілнен де, тегінен, әдет-ғұрпынан бей-
хабар жандар. Екінші топ – бұл да сан жағынан
осы шамалас маргинал қазақтар. Жұрт бұларды
47
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
шала қазақ немесе дүбәра қазақ дейді. Үшінші
топ – «жаңа қазақтар». Бұлар егемендік
алғаннан кейін пайда болған қазақтың жас бур-
жуазиясы, яғни қазіргі қазақ байлары. Бұлар сол
100 мыңның төңірегінде болар деген болжам
бар. Төртінші топқа тәуелсіздік жылдарында
өз отанына қайтып оралған қандастарымызды
жатқызуға болады. Бұлардың жалпы саны жарты
миллиондай болып қалар. Қазақтардың осы то-
бын оралмандар деп атайды. Осы топтың басты
ерекшелігіне – дінге берік, қазақшылығы басым,
ұлттық тілдері деформацияға онша ұшырамауы
жатады. Жергілікті қазақтар бұларды «монғол
қазақтары», «қытай қазақтары» деп атап жүр.
Бесінші топқа атам заманнан бері елімізде
тұрып келе жатқан, орыс империясы мен
кейіннен коммунистік идеологияға белшесінен
батқан, қазірде арамызда жүрген кәдуәлгі
қазақтар және олардың қазіргі ұрпақтары.
Бұлар қазақ отбасында өсіп-өнген, қазақ
мектебінен тәлім алғандар. Олар қазақша
сөйлеп, ана тілінде газет журнал, кітап оқи
алғанмен, ұлттық бай рухани мәдениеттен
жөндеп сусындай алмай жүрген, «соры сопақ
самардай» қазақтар тобы. Мұндайлардың санын
жобалап бір-екі миллион болар деп ойлаймыз.
Қазақтардың келесі бір айрықша тобы-
на ата-бабаларымыз айтып кеткен «сегіз
қырлы, бір сырлы» адамдарды, имандылық
пен көргенділікті өзіне ту етіп ұстайтын нағыз
қазақтарды жатқызар едік. Мұндай қазақтар әз-
Жәнібек пен Керей, Қасым хандардың тұсында
болған. Қазір мұндайларды кездестіру қиынның
қиыны. Өйткені, бізде төрт түлік малдың 3000-
дай атауын, мәселен, қозының 40-тан астам түрі
болатынынан хабары бар, кісінің бет пен көзінің
әрқайсысының 40-тан астам синонимі бар екенін
білетін қазақты қолына шам алып іздесең де табу
қиын. Қазақтардың осы тобын қиялдағы қазақтар
десек қателеспес едік. Осынау топтардың
әрқайсысының айналысқан кәсібіне, тапқан та-
бысына, біліміне, жыныс, жас ерекшеліктеріне
байланысты
өзіндік
психологиялық
ерекшеліктері болатынын бесенеден белгілі.
Қазіргі қазақ психология ғылымында бір
кездері орыс психологі А.Ф. Лазурский жасағандай
тұлғалар классификациясы жоқ. Осы мәселе күн
тәртібіне де қойылмай келеді. Толық қанды ел бо-
ламыз десек, осынау топтардың ерекшеліктерін
ғылыми
тұрғыдан
зерттеуіміз
қажет.
Осылайша қазіргі қазақ қауымын шартты
түрде 6 топқа бөле келіп, біз бұлардың қай-
қайсысына да Алла жар болсын деп бата-тілек
айтып, төмендегідей бірер ұсыныс жасауды жөн
көрдік:
Қазақ халқы тұтас ұлт болып ұю үшін
1.
жастарымызды Қазақстандық патриотизм ру-
хын ұрандатпай, сөзбен іске көшіп, соның бір
тетігі ретінде ұлттық психологиялық қоғам
құруымыз қажет. Өйткені, бұл жерде психоло-
гия ғылымының атқаратын рөлі ерекше. Бұл
үшін жалпы білім беретін мектептерде психо-
логия (жантану) пәнін міндетті түрде оқытуды
қолға алған жөн;
Күні бүгінге дейін қазақ арасында кең
2.
тараған ру мен жүзге бөлінушіліктен біртіндеп
арылу – ұлттық ұюдың басты бір факто-
ры екендігінде көз жеткізетіндей нақты іс-
шаралар ұйымдастырылса, сөйтіп жұрт көңіліне
қонатындай түрлі жиын, пікір талас, диспуттар
жиі-жиі өткізіп тұрса құба-құп болар еді;
Ұлттық рухымызды жандандыра түсу
3.
үшін Астана, Алматы мен облыс орталықтарында
жастар үшін ұлттық психология жайлы кеңес
пункттері орталықтары ашылса;
Елдегі орта арнаулы, жоғары оқу
4.
орындарындағы қазақ студенттері үшін эт-
нопсихология (ұлттық психология) курсын
оқытуды қолға алып, мұның оқу құралдары мен
бағдарламаларын жасау үшін авторлар тобы
құралса;
Мемлекеттік тіл мен ұлттық тәлім тәрбие
5.
мәселесі бір-бірінен ажырамай, қосарласа
жүргізілсе, бұл саладағы ісіміз оңға басар еді.
Сөз соңында, Алаш ардагері Әлихан
Бөкейханов, Нұрсұлтан Назарбаевтың төмендегі
түйіндерін еске ала кеткені орынды.
«Бұл заманда, – деп жазды Ә.Бөкейханов, –
жылап мұратқа жетемін деу аш түйенің күйсеуі
болады... Жұрт пайдасына таза жолмен тура ба-
стайтын ер табылса, қазақ халқы соның соңынан
ерер еді». Сондай-ақ, Н.Ә. Назарбаевтың:
«Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті
де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп
есептеймін» – дегені қазіргі қазақ қауымына ар-
нап айтылғандай.
Резюме
В этой статье прослеживается основные этапы становления казахского национального характера и некото-
рые психологические особенности современного казахского этноса.
48
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
С.Ғаббасов –
Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, жазушы – дәрігер, фантаст,
Махамбет сыйлығының лауреаты
МЕТОДОЛОГИЯСЫ, ЖҮЙЕСІ МЕН НЕГІЗІ ЖОҚ
ПЕДАГОГИКА – ҒЫЛЫМИ ПӘН БОЛА АЛА МА?...
Бірер жыл бұрын әл-Фараби атындағы
Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық университетінің
(ҚазМҰУ) жанындағы Психологтар мен педа-
гогтар қауымдастығының кезекті отырысында,
осы тақырыптың төңірегінде мәселе көтеріліп,
біраз ашық пікірлер айтылды. Жарыссөзде
ғалым-ұстаздар
ойларын
қорытындылап:
“Педагогиканың да, психологияның да бүгінге
дейінгі методологиясы, жүйесі, негіздері анық
емес” – деген тұжырымға келді. Мұны ерек-
ше атап айтып отырған себебіміз, жоғарыда
келтірілген тұжырым жайында күллі зиялы
қауым бейтарап қалмай, өз пікірлерін білдірер
деген үміттеміз!
Мәселені жан-жақты зерделей зерттеп
қарасақ, шынында да адам тәрбиесі... бүкіл
адамзат көлемінде, жыл өткен сайын азғындап
бара жатқандығы да байқалмай отырған
құбылыс емес. Олай болса, осынау теңдессіз
терең мәселені шешу үшін ендігі жерде ескі ка-
нондар мен ұғымдарға байланып қалмай нені
болса да ашық айтып, шырқыраған шындықты
іздестірген жөн сияқты. Тура сөздің жақтаушысы
аз болса да, онда біраз жылдан бері жинақталған
психо-физиологиялық жаңа көзқарасты ашып
айтудың мезгілі де жетсе керек... Ол үшін әуелі
мәселенің түп-тамырынан, яғни гносиология-
сынан бастасақ, адамзат қауымының ұстаздары
атанған Аристотель мен әл-Фарабидің ғылым
жайлы классификацияларында “кез-келген пән
өзінің ішкі негіздерінен бастау алмаса, ол
ғылыми пән ретінде жетіле алмайды” деген
тұжырымдарына илансақ, онда педагогика мен
психологияның ішкі негіздерін танып білу
басты шарт екен. Ендеше, осы айтылған қағидаға
сәйкес жоғарыда келтірілген: “Педагогика
мен психологияның методологиясы, жүйесі,
негіздері анық емес” делінген тұжырымды
салыстыра отырып ой өрбітуге мәжбүрміз.
Өйткені, бұл мәселе берісі – қазіргі ұрпағымыздың
тағдыры алаңдатса, арысы – адамзат қауымының
бұлыңғыр болашағымен астасып жатыр. Де-
мек, осыншама қатпары қалың, ауыр мәселені
жүйелей талдап, таратқанда неден бастасақ
дейтін сауал асу бермес асқардай алдыңа кеп
тұра қалары да заңды құбылыс! Сонда мәселенің
жалпы ауқымына үңілсек, тізбектелген жылдар
түгіл еріксіз ғасырлардың тереңіне жетелеп,
бүкіл өркениетімізді қамтып жатқанын аңғару
қиын емес. Дәлірек айтсақ, тіпті кінәраттың басы
біздің эрамыздан бұрынғы, сонау көне Грек за-
манынан тамыр алатынын байқаймыз. Осылай-
ша күрмеуі қиын бұл мәселені көңіл көзіне сый-
дырып, көне жұртымыздың даналығы айтқандай
“тура биде туған жоқ” дейтін қағидаға сүйеніп,
бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің қателігі сонау Пла-
тон мен Аристотельдің келіспеушілігінен ту-
ындайтынын, ашып айтатын мезгіл де жеткен
тәрізді. Сол заманда-ақ қасиетті Аристотель өз
ұстазының Идея мен Жан туралы түсініктеріне
керағар келуіне, алдағы замандарда Тән мен
материялық ұғымдар сыңаржақ күйге ауысып,
бірте-бірте адам тәрбиесіне атеистік көзқарастың
ықпалы күшейе берді. Біздер оның бет қаратпас
ызғарына қарылып өскен ұрпақ екеніміз де
рас. Міне, осының салдарынан адам жанының
Summary
In this article it is traced the basic stages of formation of the Kazakh national character and some psychological
features of modern Kazakh ethnos.
49
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тәрбиесі бүгінге дейін адыра қалып, ұрпағымыз
рухани жұтаңдықтың азабын тартып отыр.
Мұның тікелей дәлелі ретінде Жанның 12 түрлі
арнасын тәрбиелеуді былай қойғанда, оның не
екенін әлі күнге дейін түсінбейтіндігіміз негізгі
шындықтың бірегейі болып танылады. Ендеше,
ең әуелі Адам дегеніміздің өзін түсініп алмай,
оның тәрбиесіндегі методологиясын, жүйесін,
негізін дөп басып айта алмайтынымыз да ақиқат...
Ендеше, ең әуелі Адам дегеніміз не?
– Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден ( Тән,
Жан, Рух) тұратын тіршілік иесі.
– Тән дегеніміз не?
– Тән ішкі және сыртқы мүшелері бар
анатомиялық жүйе.
– Жан дегеніміз не?
Жан – тіршіліктің формасы. Үш түрлі сипа-
ты (өсімдіктер, жануарлар, адам) бар. Жанның
мүшелері, яки арналар: түйсік, ұят, сүю, зерде,
мінез, жігер, табиғи қабілет және ішкі бес сезім
– осылардың жиынтығы, жанның 12 арнасы бо-
лып табылады.
Бұл
қағидалар
бұрын-соңды
айтылмағандықтан, алғашында құлаққа тосын
тигенімен, іздеп отырған шындықтың көзі осы-
ларда жатыр. Осындай психо-физиологиялық
жаңа көзқарас бүгінгі ғылыми педагогикада
қолданылатын адам тәрбиесінің негіздері –
оқыту, білім беру, тәрбиелеу деудің ендігі жер-
де сын көтермейтінін аңғартып қана қоймай,
сонымен қоса, тәрбиенің екі сатыдан тұратын
мүлдем жаңа методологиясын, екі жүйесі мен
жеті түрлі негіздерін айқындап береді. Бұл жай-
ында алғаш рет 1995 жылы (Алматы, әл-Фараби
баспасы. Көлемі 29,0 т.б.) жарық көрген “Халық
педагогикасының негіздері” атты монографи-
ямда егжей-тегжей талданып айтылатындығын
ескертуді жөн көрдім. Бұл еңбекте ХХ ғасырдың
парадоксі ретінде “Халық педагогикасы ғылым
емес” (Г.Н. Волков) дейтін тұжырымның қате
екендігі дәлелденеді.
Халық педагогикасының екі сатылы методо-
логисы:
а) Биологиялық индивид немесе Жүрек
тәрбиесінің жүйесі;
ә) Сананың жетілуі (қоғамдық тұлға) не-
месе Ақыл тәрбиесінің жүйесі тұңғыш рет
ұсынылады. Осы айтылған екі жүйеден неме-
се жеті түрлі адам тәрбиесінің физиологиялық
кезендерінен халық педагогикасы пәнінің жеті
негізі қалыптасатынын анықтап береді. Осылай-
ша, адам тәрбиесінің методологиясы, жүйесі,
негіздері ғылыми түрде дәлелденіп ұсынылады.
Сонымен қоса, бүгінгі таңда бір-бірінен ажы-
рата алмай жүрген «халық педагогикасы және
этнопедагогика дегеніміз не дейтін заңды
сауалдарға да жауап беруге тырысады. Көне
ілімдер мен қасиетті Құран сүрелеріне сүйене
отырып, “Халық педагогикасының негіздерінде”
ұсынылған адам тәрбиесінің екі сатылы методо-
логиясынан шығатын екі Жүйесі мен жеті түрлі
негіздерінің ғылыми дәлелінің анық екеніне
көзім жетті.
Жалпы, Жүрек тәрбиесі деп отырғанымыз
Жанның 12 арнасын ояту мен ашудың тәсілдері
болып табылады. Бұл тәсілдерді іске қосатын
құдірет тек Ана атаулының қолында екенін ашып
айтқан жөн. Бірақ, ана атаулы бұл тәсілдердің
технологиясын білсе ғана іске асыра алады. Олай
болса, ең әуелі күллі ана атаулыны жаңа іліммен
таныстыру қажет. Өйткені, қазіргі аналардың
түгелге жуығы ана құрсағындағы тәрбиені
білмейтіні рас. Сөйтіп, адам табиғатындағы үш
жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей,
әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы
мүмкін емес!...
Ендеше, ана құрсағындағы тәрбие тәсілдерінің
негізі не? Оны қалай жүргізуге болады? Осы
сауалдардың бірден тоқетер жауабын айтсақ,
оның бір ғана жолы бар! Ол – мінажат, яки ме-
Достарыңызбен бөлісу: |