Бас редактор



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

С.Ж.Пралиев
 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі
М.А.Нуриев – 
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор,
 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  Жаңартпа технологиялар және 
білім беру мазмұнын ҒЗИ директоры
М.Қ.Құрсабаев –  
Халықаралық «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие 
бағдарламасының авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, 
«Көкше» академиясы этнопедагогика зертханасының жетекшісі
ҒАЛАМДЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
Бүгінгі  жаңа  Қазақстан  жағдайындағы 
білім  жүйесінің  реформалануы  –  әлемдегі  аса 
ауқымды  құбылыстардың  бірі  ғаламдық  гло-
бализациялану  үрдістеріне  тура  келді.  Мұндай 
гипотезаның  ақиқатқа  айналуы  шындық  еді. 
Себебі,  кешегі  1980  жылдардың  басындағы 
әлем  халқын  алаңдатқан  «ядролық  соғыс» 
пен  ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  ғасырдың 
басындағы  аса  ауқымды  экономикалық  даму 
және  ақпараттық  технология  жетістіктерінің 
белең алуы бұқара халықтың жаңаша қоғамдық 
пікірі  мен  құндылықтарын,  ал  білім  саласында 
неопедагогикалық, неопсихологиялық пікірлерін 
қалыптастырды.
Өз  алдына  дербес  тәуелсіз  мемлекет-
ке  айналған  Қазақстан  ұлт  лидері  Нұрсұлтан 
Әбішұлының көрегендігі мен данышпандығының 
арқасында жаңа заманның дұрысы мен бұрысын 
дер  кезінде  бағдарлап,  жаңа  Қазақстанның 
ғаламдық  глобализация  кеңістігіне  барынша 
адаптациялануы  үшін  қолдан  келген  барлық 
жағдайларды  жасауға  тырысты.  Өткен  жыл-
дар,  әсіресе,  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары 
Қазақстан үшін көптеген қиындықтар туғызды. 
Бір  жағынан,  аталмыш  күрделі  кезеңнін  сипат 
алуы заңды құбылыс еді. 
Қазақ  елінің,  дәлірек  айтқанда  Қазақ 
хандығының  әлемдегі  арқалы  мемлекеттермен 
терезесі тең, өз алдына дербес мемлекет болғаны 
баршаға аян. Қазақ хандығы тұсында (М.Әлсатов, 
М.Смайылова) білім мен тәрбие жүйесі негізінен 
мұсылмандық  бағыт  ұстанғанмен,  ұлттық  бол-
мысымыз  бен  менталитетіміздің  сақталуына, 
өнер мен әдебиеттің, ұлттық генофондымыздың 
қалыптасуына орасан ықпал етті. Халық қамын 
ойлап, ұрпақ тағдырына деген терең сезімдерін 
ұлт санасында қалыптастыруды көксеген талай 
арыстар мен қаһармандар осы мезгілде дүниеге 
келді.  Олардың  есімдері,  әсіресе  ұмыт  қалған 
әйгілі  ғұламалар,  батырлар,  қайраткерлер  және 
ұстаздар  бүгінде  қайтадан  сөнбес  жұлдыздай 
көгімізде жарқырауда.
Қазақ  хандығы  –  қазақ  этносының  ерекше 
жаратылысы  мен  болмысын,  ұлт  дүниетанымы 
Резюме
В статье автор задается вопросом, почему в нашем обществе существует проблемы невоспитанности моло-
дежи. Подсказывает пути для ее исправление, не примерах показывая как с помощью национальных ценностей 
воспитывать подрастающее поколение. Также остановливается на вопросах воспитании казахских девушек. 
Summary
The author wonders why in our society there is a problem of bad manners of young people. Suggests ways of 
fixing it, no examples showing how to use the national values to educate the younger generation. Also, is stopped on 
the education of the Kazakh girls
.

21
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
мен  мәдени  мұрасының,  өнері  мен  табиғатын, 
халықтың  ұлттық  мінезі  мен  тәлім-тәрбиелік 
құндылықтарын  айқындап  қана  қоймай, 
көптеген  этностардың  аталмыш  мәдени 
қазыналардан  сусындауына  себеп  болды. 
Ұлттық  идея  мен  өнер-білім,  рухани  мәдениет 
құндылықтары  қазақ  халқының  мұсылмандық 
дінге  деген  терең  сезімі  мен  сенімі  арқасында 
сақталды.  Әлемге  әйгілі  қазақ  жыраулары  мен 
би-шешендерінің әдеби-рухани мұраларын айту-
ды былай қойғанда, солардың ішіндегі Қайқауыс 
ұстаздың  «Қабус-нама»  (ХІ  ғ.)  кітабының 
еуропалық  халықтар  тарапынан  соншалықты 
қызығушылық тудыртуы, көптеген ұлттық мем-
лекеттерде ұлттық рухани мәдениет пен ұлттық 
сана-сезім  көзқарастарының  пайда  болуына 
әсер етіп келгенін біреу білсе, біреулер білмейді. 
Қайқауыстың идеясы ұзақ жылдар бойы әлемдік 
білім  мен  тәрбие  кеңістігінде  «Кодекс  кума-
никус»  атты  жетекші  ғылыми-педагогикалық 
парадигма  болып  келді.  Бұл  жерде  Қорқыттың 
«Оғыз-нама»,  Асанқайғының  «Жер-нама», 
Ахмет  Йассауидың  «Диуани  хикмат»,  Жүсіп 
Баласағұнның  «Құтадғу  билик»,  Өтейбойдақ 
Тілеуқабылұлының 
«Шипагерлік 
баян», 
Заһреддин Бабырдың «Бабыр-нама» атты дүние 
жүзіне  белгілі  шығармалары  жөнінде  ғылыми 
еңбектер  мен  баспасөз  беттеріндегі  маңызды 
тұжырымдардың аз жазылып жатпағанын айтуға 
болады.
Аталмыш  құндылықтар  өз  кезегінде 
А.Құнанбаевтың, 
Ы.Алтынсаринның, 
Ш.Уәлихановтың, 
А.Байтұрсыновтың, 
М.Жұмабаевтың, Н.Құлжанованың еңбектерінде 
өз  жалғасын  тауып,  қоғамдағы  саяси  оқиғалар 
мен  дағдарыстарға  қарамастан,  ұлт  болашағы  
–  өскелең  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісінде 
жүзеге асырылып жатты.
 Кешегі Кеңес үкіметі өз құрамындағы одақтас 
республикаларға берген уәдесін орындағанмен, 
көп  жағдайларда  Шыңғысхан  империясының 
соңғы  буыны  Алтын  Орда  мемлекетінің  отар 
елі  болған  Ресей  империясының  жүргізген 
саясатын  қайта  жандандырып,  тек  қана  қазақ 
халқы емес, басқа халықтардың рухани-мәдени 
құндылықтарының үлкен дағдарысқа ұшыратты. 
Сондай  ауқымды  да  күрделі  дағдарыстардың 
ішінде  әр  ұлттың  ана  тілінің,  халықтың  діни-
рухани мәдениеті, ұлттық сана-сезім мен тәлім-
тәрбие  құндылықтарының  өз  деңгейінде  да-
мымай,  нәтижеде  әлемдік  өркениет  көшінен 
қалыс  қалуы  тенденциясын  қалыптастырғанын 
айтсақ  жеткілікті.  Мұндай  күйге  түскеніміз 
үшін  Ресей  империясының  негізгі  ұлты  бо-
лып  саналатын  орыс  халқын  кінәлауға  болмас. 
Мұндағы  айтпағымыз  көптеген  ғалымдардың 
пікірінше  (В.С.  Кукушин,  Л.Д.  Столяренко, 
Е.Л.  Христова)  Ресей  империясының  басты 
саясаты  –  отарлаған  елдерде  өзінің  саясатын 
жүргізуге барынша күш салып, өз кезегінде орыс 
халқының  табиғи  мәдениетінің  де  дағдарысқа 
ұшырағанын тілге тиек етуде. Мұндай құбылыс 
Ресей педагогтарының шынайы орыс мектебінің 
жойылып  бара  жатқанын  сезе  тұра,  заман  та-
лабына  сай  жаңа  «орыс  рухындағы»  мектептің 
фундаментін қалау керектігі жөнінде нақты іске 
көшуді қажет етуде.
Мысалы  соңғы  жылдары  Ресей  Федерация-
сында  негізі  қалана  бастаған  «шынайы  орыс 
мектебі»  тақырыбы  бойынша  Отантану  пәнін 
енгізу  ғылыми-педагогикалық,  философиялық 
және  этнопсихологиялық  тұрғыда  сараланып, 
оның  басты  тақырыптары  болып  Орыс  тари-
хы,  Орыс  табиғаты,  Орыс  географиясы,  Орыс 
менталитеті,  Орыс  рухы  (жаны),  Православие 
деп  аталып,  ол  құндылықтары  сияқты  арнайы 
пән ретінде ендіру ісі қолға алынған [374, 14].
Бұл  жөнінде  К.Пирлиевтың  түркімен, 
З.Васильцованың украин, Я.Ханбиковтың татар 
халқының ұлттық педагогикалық ерекшеліктері 
мектеп практикасында өзінің дәстүрлі жалғасын 
тапқаны аса қажет деп атап көрсетіледі.
Қазақстан  жағдайында  шынайы  қазақ 
мектебін  қалыптастыру  мәселесі  күні  бүгінге 
дейін  шешілмей  келеді.  Бұл  мәселенің  аса 
күрделі,  бірақ  оны  қайткен  күнде  де  шешу 
қажеттігі  күні  бүгінге  дейін  негізінен  тек  қана 
ауқымды  саяси  мәселе  ретінде  қарастырылып 
келеді.  Оған  кешегі  «Алашорда»  мемлекетінің 
Декреттері,  қазақ  даласындағы  медресе-
лер,  қазақ  ақын-жазушылар  мен  ағартушы 
қайраткерлерінің  еңбектері  дәлел.  Сол  себепті, 
аталған  ой-тұжырымдар  мен  соңғы  жылдары 
жинақтала бастаған озық тәжірибелер мен қазақ 
мектептеріндегі нақты нәтижелер – қоғам алдын-
да, жас ұрпақ алдында тұрған аса күрделі мәселе  
–  12  жылдық  жағдайындағы  қазақ  мектебінің 
моделін  жасау  ісінің  қажеттігін  аңғартады  деп 
санаймыз [1-кесте]. 

22
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ұстаз-педагогтардың 12 жылдық білім жүйесіне ену жөніндегі білім-
дағдыларының көрсеткіштері
2006 жыл
2005 жыл
2007 жыл
2004 жыл
17,6 %
31.7 %
23,4 %
38,5 %
ҰЛТТЫҚ
БІЛІМ
МОДЕЛІ
Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С.Қ, Беркімбаева Ш.К, 
Қожахметова К.Ж, Дүйсембінова Р.Қ, Таубаева
Ш.Т, Әбілова З.А, Асанов Ж, Бөлеев Қ.Б, Сабыров
Т.С, Қоянбаев Ж, Наурызбай Ж.Ж, Ғаббасов С, 
Жанпейісова М, Қараев Ж, Сарыбеков М.С, 
Садуақасов Ә, Қоңыратбаева Т.Ә және басқа
ғалымдардың қазақ мектебінің ұлттық моделі
жөніндегі теориялық қағидалары.
Толстой Л.Н, Ушинский К.Д, Блонский П.П, 
Г.Шпет, К.Д.Кавелин, А.Потебня, Ананьев
Б.Г, Шацский С.Т, Волков Г.Н, Виноградов
В.С, Краевский В.В, Бабанский Ю.К, Кон
И.С, Скатин М.Н, Журавлев В.М, Кухарев
Н.В, Гершунский Б.С, Гмурман В.Е, 
Тайчинов М.Г,Столяренко Л.Д, Корнеев Л.К
т.б теориялық тұжырымдар.
Б.Скиннер,К.Роджерс, А.Маслоу, 
Э.Келли,Вальдорф (Р.Штайнер) 
педагогикасы. Дж.Кнеллер, К.Гоулд, У.Барет
(экзистенциалды педагогика). Л.Леви-Брюль, 
Д.Майерс, К.Кардинер, Р.Бенедикт, 
Д.хонгиман идеялары.
Мамания мектебі, Н.Құмашев мектебі, Қ.Айтқалиев, 
С.Сауытбеков, Ж.Кәрімова, Қ.Бітібаева, Ахметова З, 
А.Қыраубаева, Д.Шоқпарұлы, О.Дәулетова, 
У.Шалекенов және басқа ғалымдар мен жаңашыл
педагогтардың мектебі. Қазақ диаспораларындағы
(Қ.Қабдыразақұлы, Ә.Ашайұлы, З.Сәнік) білім
мәселелері.
Ұлттық білім моделі һақындағы жетекші идеялар
Қазақстандық модель
Ресейлік модель
Еуропалық модель
Альтернативті моделдер
2-кесте
атты  ғылыми-практикалық  конференция  ма-
териалдары  біз  көтеріп  отырған  мәселеміздің 
көптеген  сұрақтарына  жауап  беретін  құнды 
идеялар  болып  табылады.  Ендігі  мәселе  осын-
да  жинақталған  іс-тәжірибелер,  теориялық 
бағыттар  және  педагогикалық  парадигмалар 
негізінде шынайы қазақ мектебінің фундаментін 
қалау  аса  қажет  деп  санаймыз.  Сондықтан, 
соңғы  ғылыми-педагогикалық  тәжірибелерге 
сүйене  отырып,  айтар  ойымызды  төмендегі 
кесте  арқылы  сабақтауға  болады  [2-кесте].
Жалпы,  қазақ  мектебіне  қатысты  зерт-
теу  жұмыстары  болған  жоқ  деп  кесіп  айтуға 
болмайды.  Атап  айтқанда  А.Х.  Мұхамбаева, 
Қ.Б.  Жарықбаев,  С.Қ.  Қалиев,  Н.Қ.  Сары-
беков,  С.Ғаббасов,  Ш.К.  Беркімбаева,  Қ.Қ. 
Бөлеев,  Ә.Садуақасов  және  басқа  ғалымдар 
ұлттық  тәрбие  мен  ұлттық  мектептің  қажет 
екені  жөнінде  маңызды  еңбектер  жазды. 
Аталған  ғалымдардың  ішіндегі  А.Мұхамбаева, 
С.Ғаббасов,  Ш.К.  Беркімбаева,  Ә.Садуақасов 
еңбектері,  сонымен  қатар  «ХХІ  ғасырдағы 
қазақ мектебі: даму болашағы» (Алматы, 2006) 
1-кесте

23
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
2003  жылы  Балонья  қаласында  өткен 
ғылыми-практикалық  конференция  материал-
дары  бойынша,  әлемнің  47  мемлекетінен  кел-
ген  білім  саласының  өкілдері  біртұтас  білім 
кеңістігін  қалыптастыру  жөнінде  аса  маңызды 
шешім қабылданған болатын. Біртұтас кеңістікті 
қалыптастырудың  басты  нысаны  –  білім  беру 
технологияларының  белсенді,  еркін  қарым-
қатынасқа  түсуіне,  атап  айтқанда  кешенді 
тұрғыда интеграциялануы болып табылады. Бұл 
үрдіс  тек  қана  бір  ғана  білім  беру  саласымен 
шектеліп  қалмай,  әрбір  білім  алушы  ұрпақтың 
өзінің  дарыны  мен  қабілетіне  қарай  озық  тех-
нологиялар  мен  жетекші  тәжірибелермен 
жақын танысып, өзінің алған білімінің одан ары 
шыңдалуына жағдай туғызу болмақ. Осы орай-
Республика  мектептерінің  12  жылдық  білім 
беру  жүйесіне  көшетіні  жөнінде  Елбасымыз 
Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  Жолдауында  айтып  өтті. 
Мемлекет  бұл  іске  көшу  барысында  көптеген 
жұмыстар  атқарды.  Бұл  мәселе  жөнінде 
көпбағдарлы ғылыми-эксперименттік жұмыстар 
жүргізіліп кешенді тәлім-тәрбие бағдарламалары 
мен білім беру жүйесін реформалауға арналған 
тұжырымдамалар жасалды. 
да  көпшілік  жетекші  педагог  мамандары  мен 
сарапшылардың  пікірі  бойынша  12  жылдық 
білім  –  біртұтас  білім  кеңістігіне  оңтайлы  жол 
ашатын приоритетті жүйе екені айқындалды.
Еліміздегі 12 жылдық білім жүйесінің мем-
лекет  тарапынан  қолға  алынып,  оның  жүзеге 
асырылу  үрдістері    бүгінгі  ғаламдық  глобали-
зациялану дәуірімен қатар жүріп жатыр. Глоба-
лизация  феноменіне  жер  бетіндегі  адамдардың 
көзқарастары  бірдей  емес.  Оның  әлемдегі 
экономикалық дамудың тұрақты фазасына жет-
кен  мемлекеттер  үшін  аса  тиімді  екені  анық. 
Экономикалық  дамудың  ерекше  көрінісі  мен 
нақты нәтижесі – мемлекеттің білім саясатының 
дұрыс  екендігін  байқатады.  Бүгінгі  таңдағы 
өндіріс пен кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті 
тауар мен өнім шығаруы, аталмыш өнімнің адам 
денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  тигізетін  зи-
янды жақтарының жойылуы – аталмыш өндіріс 
саласын  соңғы  жоғарғы  технологиялармен 
жабдықтауы екені анық. Бұл үрдіс – сөзсіз білім 
реформасына жоғары талап қоя отырып, сауат-
ты  және  оңтайлы  жүргізілуінде.  Осыған  орай 
12 жылдық білім жүйесінің қажеттілігі жөнінде 
алғышарттарға тоқталайық [3-кесте].
3-кесте
Жетекші идеялар
42,8 %
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ЖОЛДАРЫ
-Нақты іс-әрекет;
-Альтернативту бағдарлама
43,6 %
СЕНІМ ҺӘМ МҰРАТ
- Адам ресурстары, озық
тәжірибелер
61.7 %
ЖЕТІСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ
- Мерзімдік бақылау
- Педагогикалық технологиялар
47,4,4 %
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ
- Жас ұрпақ өкілдерінің
танымдық-
шығармашылық әрекеті
83,5 %
НЕГІЗГІ НЫСАНА
- 12 жылдық білім жүйесінің стратегиялық бағытын анықтау
Жоғарғы 
технология 
элементтерінің 
білім  жүйесінен  бастап  өндіріс  орында-
рында 
басымдылық 
танытуы 
ғаламдық 
глобализацияланудың  нақты  белгісі.  Енді 

24
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
бұл  феноменнің  екінші  жағы  –  жоғарғы  тех-
нологияларды  ендіру  барысында  ұлттық 
құндылықтардың дағдарысқа ұшырауы болмақ.
Адамзат 
өркениеті 
ХХІ 
ғасырдың 
табалдырығын 
жедел 
дамыған 
озық 
технологиялық  жетістіктермен  бірге  әлі 
күнге  шешімін  таба  алмай  жатқан  күрделі 
әлеуметтік  проблемалармен  аттады.  Әсіресе, 
ғылым  мен  техниканың  озық  тәжірибелеріне 
негізделген  соңғы  бес  жыл  ішіндегі  ауқымды 
өзгерістер,  қоғамдық  сананың  жаңа  келбетін 
қалыптастырды.
Аталмыш жетістіктерге қол жеткізудің айқын 
бір  көрінісі  –  экономикалық  дамудың  тұрақты 
жүйесін  қалыптастырған  мемлекеттің  білім 
реформасына  деген  ерекше  қамқорлығының 
жемісі  деуге  болады.  Білім  жүйесінің  инте-
грацияланумен  қатар  заман  талаптарына  сай 
күрделене  түсуі  күн  санап  үдейе  түсуде.  Білім 
беру әдіснамасының да қайта зерделенуді талап 
етуі – жаңа заманның күрделі бір мәселелеріне 
айналуда.
Айтар  ойымыздың  пайда  болуына  себепші 
болып  отырған  нәрсе  ол  бүгінде  көпшілік 
қауымның лексиконына айнала бастаған «глоба-
лизация» дүниесі дер едік. Алғашында қарапайым 
дүние болып көрінгенімен, кейін бұл құбылысқа 
көптеген  адамдар  өз  алаңдаушылықтарын 
білдіре бастады. «Глобализация» ұғымын қазақи 
басылымдар «ғаламдық жаһандану» деп атауда. 
Жаһандану  үрдісінің  негізінен  әлемдегі 
макроэкономикалық  қарым-қатынастарға  бай-
ланысты  болғанымен,  оның  бүгінгі  техноге-
нез  заманының  адамдарына,  олардың  тұрмыс-
тіршіліктері  және  мәдени-рухани  дүниелеріне 
де қатысы бар екенін айтып өткен жөн. Әдетте, 
жаһандану  кеңістігінің  қалыптасуына  негізінен 
әлемдегі  экономикалық  дамудың  жоғарғы 
белесіне  көтерілген  қуатты  мемлекеттердің 
экономикалық  ортақ  мүддеге,  яки  табыс  көзін 
молайтуға бағытталған ниеттерінен туындағаны 
белгілі.
Бұл көрініс бір жағынан екі аймақ арасындағы 
сыртқы  экономикалық  қарым-қатынастардың 
жедел  дамуына,  яғни  интеграциялануына  алып 
келсе,  екіншіден  көрші  отырған  экономикалық 
әл-қуаты шамалы дамыған аймақтағы мемлекет-
терге зор ықпалын тигізетіні анық.
Экономикалық дамудың жоғары белестеріне 
шыққан мемлекеттердің көпшілігі Европа терри-
ториясында  орналасқан.  Гүлденген  Европаның 
бүгінде  ғаламдық  жаһанданудың  эпицентріне 
жақын  орналасуы  –  білім  салаларының  модер-
низациялануына ықпалын тигізіп отыр. 
Глобализацияның  Европадан  қайта  ба-
стау  алғаны  Л.Н.  Гумилевтың  «пассионаризм» 
теориясы  арқылы  сараласақ,  тарихи  оқиғалар 
мен  географиялық  өзгерулердің  тұтастығы 
белгілі  бір  кезеңде,  яки  өркениеттің  дамуы 
мен қалыптасуы, кейде гүлденуі мен тоқырауы 
белестерін  бастарынан  міндетті  түрде  кешіреді 
деген  тұжырымына  саяды.  Мұндай  ауқымды 
қарым-қатынас  көріністері  өткен  тарихтағы 
«ғұндардың батысқа жорығы» немесе «мұсылман 
ғұламаларының европа шәкірттеріне арабша са-
науды  үйрету»  сияқты  оқиғаларға  ұқсастығын 
аңғарамыз.  Тіпті,    ІХ  ғасырдан  ХІҮ  ғасырлар 
арасын қамтыған Мұсылман Реннесансын «кіші 
жаһандану» деп атауға болады.
Бүгінде  осы  аталған  дүниелер  көпшіліктің 
алаңдаушылығын  туғызып  отыр.  Оның  айқын 
көрінісі  жаһандану  дәуірінің  алпауыт  талапта-
рына  танымдық,  шығармашылық,  техникалық, 
интеллектуалдық 
және 
тәлім-тәрбиелік 
құндылықтарымыз бен жетістіктеріміздің адап-
тациялануы  дер  едік.  Аталмыш  талаптарды 
меңгеру – бүгінгі білім жүйесі параметрлерінің 
қайта құрылуына әкеліп соғатыны белгілі.
Глобализацияның  ерекше  белгілерінің  бірі 
– экономикалық өсу мен даму тенденциясы бо-
лып табылады. Қоғамда осы салаға байланысты 
соңғы  жылдары  мол  тәжірибелер  мен  техноло-
гиялар  жиынтығы  жасалғаны,  қалыптасқаны 
және  игіліктенгені  белгілі.  Олардың  күн  са-
нап  көбейе  түсуі,  экономикалық  даму  мен 
гүлденудің тиімді жолдарын іздеуге бағытталған 
мол ақпараттардың белең алуы осы салаға бай-
ланысты іскер мамандарды дайындау ісіне назар 
аударуды меңзейтіні белгілі [4-кесте].
Экономикалық дамудың жаңа жолына түскен 
Қазақстанды  бүгінде  елдің  экономикалық  ре-
форманы    жүргізу  жүйесін  қалайтын  бағытты 
таңдаған  өркениетті  мемлекет    ретінде  тани-
мыз. Осы орайда республикамыздағы білім беру 
жүйесін  заман  талаптарына  сәйкестендіре  оты-
рып қайта қарау қажет. Ғаламдық жаһанданудың 
бұқара  халық  арасынан  біржақты  пікір 
қалыптастырмағаны  белгілі.  Бірақ  ғаламдану 
үрдісінің  бүгінгі  заман  адамының  санасы-
нан  орын  алуы  һақындағы  қоғамдық  пікір  мен 
көзқарас барынша нығайып келеді.
Бұдан  ғаламдық  жаһанданудың  түбі  қоғам 

25
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру;

Білім жүйесінің модернизациялануы;

Жоғарғы (ЕТ) технологиялық жетістіктердің білім
жүйесіне ықпалын күшейтуі;

Жалпыадамзаттық һәм ұлттық құндылықтардың
сақталуы;

Жалпы һәм кәсіптік (бағдарлық) білім беретін 12 
жылдық білім жүйесінің дамуы;

Ұлттық мектеп моделінің сақталуы;

Этникалық құндылықтар, менталитет һәм
стереотиптердің сақталуы;

Білім мазмұны сапасының артуы;

Тәрбие технологиясындағы этнопедагогикалық
парадигмалардың сақталуы;

Ұлтжанды, коммуникативті, толерантты, креативті
дарынды һәм жоғары мәдениетті тұлғалардың
қалыптасуы;

Неопедагогикалық һәм неопсихологиялық
принциптердің белең алуы;
Резюме
В данном научном материале интерпретируются современные проблемы образования и воспитания в кон-
тексте когнитологического подхода моделирования национальной системы эдукологического и образователь-
ного направления в условиях Казахстана. Авторы ссылаясь на достижения современных дидактических кон-
цепции мировой эдукологической практики, ставят перед собой огромную задачу тотального переустройства 
и конструирования образовательной и воспитательной системы в условиях всеобщей глобализации.
Summary
In  the  given  scientific  material  modern  problems  of  education  and  upbringing  in  a  context  of  cognitological 
approach of modelling of national system educological and an educational direction in the conditions of Kazakhstan 
are interpreted. Authors referring to achievements of modern didactic concepts world of educological experts, put 
before itself a huge problem of a total reorganisation and designing of educational and upbringing system in the 
conditions of general globalization.
4-кесте
Журналымыздың  №1-ші  санында жарияланған  «ХХІ ғасырдың жастары қандай болу керек және  
олардың бойына  ұлттық менталитетті қалай қалыптастыруға болады?» деген сауалға  орай  
С.Қ.Қалиев – 
педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор, академик, ҚазМемПедУ
КЕЛЕР ҰРПАҚҚА АЙТАР АЛТЫ АМАНАТ
Қазақ  халқы  ежелден  ұзынды  ұлына, 
қызылды  қызына  кигізіп,  ұлды  елгезек  малсақ, 
ел  қорғайтын  батыр  етіп  тәрбиелеуді  көздесе, 
қызын  үйдің  ішкі  жұмысына  үйретіп,  ибалы, 
өнегелі,  өнерлі,  ісмер  етіп  тәрбиелеген.  Оның 
мәнісі әке айдын – бәйтерек, ел қорғайтын батыр 
ер деп ұққан. Ал қыз бала келешек ана. Ол отба-
сынан бастап, бүкіл ауыл аймақтың, ел-жұрттың 
ұйытқысы деп бағалаған. 
Ана ұқыпты болса, бүкіл ел берекелі, бірлікшіл 
дамуының  барлық  саласын  қамтып,  өмір  ты-
нысына  айналатынын  көреміз.  Болашақтағы 
ауқымды 
ғылыми 
зерттеу 
жұмыстары 
ғаламдық  жаһандану  жайындағы  тәлім-тәрбие 
жұмыстарының  мәселелеріне  айналуы  қажет 
деп санаймыз.

26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
болады  деп  санаған.  Оған  қазақтың  «абысын 
тату болса ас көп» деген жабайы мақалының өзі 
дәлел. Себебі ағайын-туыстың татулығы ерулік, 
көшерлік  беру,  бір-бірін  дәмге  шақыру  арқылы 
жымдасып, туыстықты күшейтіп отырған. 
Қазақтың  көргенді  жерден  қыз  алып,  құда 
болуында  да  ел  бірлігі  көзделген.  Аналардың 
көргенділігі  мен  ісмер,  шеберлігі,  отбасының, 
ағайын-туыстың  береке-бірлігінің  ұйытқысы 
болып  саналған.  «Жігіттің  алған  жары  болса 
жақсы, пейіштің төрі болар құтты орны» – деген 
өлең жолдарының мәні осы береке-бірліктің, ел 
достығының ұйытқысы - Аналар дегеннен туған 
ойдың қорытындысы. 
Кешегі  70  жылдық  Кеңестік  тоталитарлық 
саясат  кезінде  ата-баба  дәстүрі  аяқасты  болып, 
үлкенді  кішінің,  әкені  ұлдың,  ананы  қыздың 
сыйламауы,  қарияларды  ескінің  сарқыншағын 
марапаттаушылар,  жаңарған  заман  талабын 
түсінбейтін  керітартпа  көзқарастағылар  деп 
бағалаушылық басым болып келді. 
Жастар  ана  тілін  ұмыта  бастады.  Бір-
бірімен орысша сөйлесуді өнер санайтын болды. 
Ішімдікке үйірлік етек алды. 
1991 ж. еліміздің егемендік алуымен байла-
нысты жастар тәрбиесінде тағы бір жаңа көзқарас 
пайда болды. Ол енді еркіндік тәрбиесін желеу 
еткен  қыз  балалардың  батыс  мәдениетіне  әсіре 
еліктеуі,  темекі  тарту,  анаша  тарту,  қыздардың 
жаппай  шалбар  киюі,  шаш  күзеу,  кіндігін 
көрсетіп  жүру,  батыстық  билерді  марапаттау, 
тіпті қоғамдық орындарда жастардың бір-бірімен 
ашық сүйісуі т.б. келеңсіз қылықтар етек алды. 
Жастар  ақшаға  құнықты.  Арды  ақшамен 
өлшейтін  болды.  Баюдың  жолында  неше  түрлі 
айуандыққа  дейін  бару,  басқалардың  дүние-
мүлкін тартып алу, кісі өлтіру, керуен талау, қала 
берді  ақша,  үй-мүлік  үшін  туған  әке-шешесін 
өлтіруге дейін баратын болды. 
Бұл  еркіндікті  (демократияны)  сылтау  етіп, 
шектен  шығушылық,  ежелгі  ата-баба  дәстүрін 
аяқ  асты  ету,  сөйтіп  моральдық  бет-бейнесін 
өзгертіп  көзсіз  батыстық  «мәдениетке»  еліктеу 
деген сөз.
Егер  ұлттық  тәрбие  ісін  осылайша  бетімен 
жібере берсек, енді бір 20-30 жылдан кейін ел-
жұрт,  ұлт  болудан  қаламыз.  Бұл  бүгінгі  зиялы 
қауымды,  қала  берді  бүкіл  ата-аналарды  қатты 
алаңдатады.
Осы  апаттан  келешек  жастарды  сақтайтын 
жол  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық 
мәдениетті қайта тірілту, ұлттық салт-дәстүрдің 
озық  үлгілерін  халық  педагогикасы  арқылы 
оқушы  және  студент  жастардың  санасына 
біртіндеп сіңіру, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің 
ауқымын  кеңейтіп,  шын  мәніндегі  қоғамдық 
қарым-қатынас құралына айналдыру болмақ.
Алпыс  екі  жыл  ұрпақ  тәрбиесімен  айналы-
сушы ұлттық педагогиканың шынайы жанашы-
ры,  абыз-аталарың  ретінде  бүгінгі  және  келер 
ұрпаққа айтар алты аманатымды санамалап ай-
тып өткім келеді.
Ол біріншіден – әрбір ұлт өкілі өз ұрпағын 
ел, жер, ата-баба тарихымен таныстыра отырып, 
оларды  елін,  жерін,  ұлтын  сүйетін  шынайы 
ұлтжанды  азамат  етіп  тәрбиелеуді  үнемі  естен 
шығармауы керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет