«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»


Көркемсөз оқушы: / «Адамдық диқаншысы» Ахметов Б/



бет3/9
Дата04.12.2022
өлшемі107,53 Kb.
#54719
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Көркемсөз оқушы: / «Адамдық диқаншысы» Ахметов Б/
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
1-жүргізуші:
А.Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
2-жүргізуші:
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған Ұстаз, Халық Ұстазы.
Ән: «Құсни Қорлан» Нұрлан Дидар
Көркемсөз оқушы:/«Оқуға шақыру» Жоламан Аяулым/
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Өмірбаяншы: А.Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы, Торғай қаласында, Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1972 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты дүние мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылуға әкеп соғады.
Ахметтің әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақытта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: «Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім - оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын» деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет