Ән: «Екі жирен» Нұрәлі Еларыс
Тергеуші:
Қазақ емес,біз ежелден қырғыз,
Аталып солай жазылған елміз.
Сен келіп оны қазақ деп жаздың,
Дейсің оқуды қазақша жүргіз,
Ойладың жаулық советке әр күн,
Мысалдар жазып, дүркін де дүркін.
Әліппе жасап, тіл құрал қылдың,
Зорлап кіргізіп арабтың әріпін.
Бітеді ертең дәмің мен тұзың,
Бүгіннен бастап тірліктен безін.
Орысқа үйлендің, себебін айтсақ,
Жек көресің сен қазақтың қызын.
Өтірік па, айтшы, осының бәрі,
Болмайды енді қулығың дәрі,
Халық жауысың бетін бояған,
Өмір сүрмейсің сен, мұнан әрі.
****************************
Осылай деп бір қанқұйлы қазақ,
Басыма менің төндірді тозақ.
Дедім мен оған білгеніңді істе,
Сендерге енді бола алман мазақ.
Ән: «Аққұм» Айтмұхамет Асанәлі, Алпысбай Рахман /жұбайы сахнаға шығады/
Соңымнан ерген қуатты бір лек,
Үркердей шоғыр келеатқан түйдек.
Міржақып, Сәкен, Мағжан мен Мұхтар,
Болса екен аман, -деп тілек тілеп.
Танбаған бір сәт сүюден халқын,
Садуақасов Смағұл марқұм.
Голощекин мен Сталин бізді.
Түйыққа тіреп,-деп өтті әр күн.
Ұғар ма айтшы ғалымды надан,
Қажытты бізді қан шеңгел заман.
Жатырмын тілеп, Бейімбет, Сәкен,
Мағжан мен Мұхтар болса деп аман.
Шәкәрім-ағам, Жүсіпбек-інім,
Біреуі-айым, біреуі-күнім…
Секілді еді-ау. Опат боп кетті,
Сүюден танбай халқы мен елін.
Ұстаймын менде солардың жолын,
Ажал мен апат-оңым мен солым.
Болса егер қатем, кеше гөр елім,
Күткенім енді менің де өлім.
Ахмет:
Мектептің жаны-мұғалім.Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ-шы...Яғни, мұғалім білімді болса, сол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі білімді педагогика,методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде оқуы керек! Жастардың тәрбие жұмысы түзелмей, оқу ісі түзелмейді. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Өзге ұлтты өз жұртына қосам дегендер, ең әуелі, сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. «Білімдіден не пайда,білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса»
Достарыңызбен бөлісу: |