«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»


«Аққу, шортан һәм шаян» Бердіқожа Аружан



бет9/9
Дата04.12.2022
өлшемі107,53 Kb.
#54719
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

«Аққу, шортан һәм шаян» Бердіқожа Аружан
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.

Бұлардың машақаты аз болмады,


Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.

Оншама ол жүк артық ауыр емес,


Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
* * *
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
«Кісі мен көлеңке» Жуматай Мерей
Айтайын бір тентектің әңгімесін,
Демеңдер:
«Сөз ғып жазған мұның несін?»
Есі ауыс көре салып, қуалады,
Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.

Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,


Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды-ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.

Тентектің бір мезгілде кірді есі:


«Әуре боп қуып, маған қажет несі?»
Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.
* * *
Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды қайтарып ап.
1-жүргізуші: Ұлы ақын 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.
2-жүргізуші:
А.Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек,«Байтұрсыновшыл» болу-бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі-ертеңгі үшін,- деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.
Ұлықтайтын ұлты барда ұлы ұстаз мәңгілік дәріптеле бермек...
Ән: «Мен қазақпын» орындайтындар: «Жас ұландар» тобы
1-жүргізуші:
Құрметті жыр сүйер, өнер сүйер қауым, Ұлт ұстазын еске алу кешіміз де өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші:
Олай болса, кешіміздің қорытынды сөзін гимназия директоры Ардақ Мұхаметжан-қызына береміз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет