Көркемсөз оқушы: Орыналы Раяна
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
1-жүргізуші:
«Қазақ қалпы», «Қазақ салты» өлеңдерінен ақынның алаштың өткен күніне деген сағынышын және Ресей мемлекетінің билігінен кейінгі қазақтың жағдайына деген күйінішін байқауға болады.
Көркемсөз оқушы: Медетбек Лина
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Көркемсөз оқушы: Бакитхан Дархан
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,
Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік.
Бейне бір құдіретті сынағандай,
«Сақтар деп, сақтар болса» - сертпен жүрдік.
Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік.
Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,
Елеріп ерегіске екі-үш күндік.
Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
Әлі де, саңылаусыз салтын бағып,
Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік.
«Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? -
Деп отыр, - не болса да жұртпен көрдік».
2-жүргізуші:
XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы, «Досыма хат» деген өлеңінде қоғам әділетсіздігін суреттеп, ақшаға, абыройын арын сатқан адамдарды сынаған. «Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр» деген өлең жолдарынан ақынның азаттықтың таңы үшін қиын-қыстау кезеңді басынан өткеріп жүргені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |