«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»



бет2/9
Дата04.12.2022
өлшемі107,53 Kb.
#54719
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Кештің барысы:
1-жүргізуші:
Концертіміздің шымылдығын «Ата толғауы» күйімен ашқан гимназияның 100 домбырадан құралған «Атамұра» оркестрі. Қошеметтеріңіз!
Көркемдік жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Салтанат Абдилдақызы.
2-жүргізуші:
Армысыздар, ардақты ағайын! Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар!
1-жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі мерейтойлық кешімізге жиналған қауым, Білім құмар өсер ұрпақ!
2-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздің мәні де, мазмұны да ерекше.Себебі, баршамыз ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған кешке жиналып отырмыз.
1-жүргізуші:
Ұлт ұстазының осынау мерейтойы ЮНЕСКО ауқымында аталып өтіледі. Тұтас түркі жұрты да ұлықтамақ. Өз елімізде де, барлық өңірлерде іс-шаралар ұйымдастырылады.
2-жүргізуші:
Осының бәрі Ахмет Байтұрсынұлының тарихи еңбегіне жасалынатын құрмет, жалпы, қазақ руханиятын ұлықтау шаралары деп білеміз.
1-жүргізуші:
Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, қайраткерлері: Әлімхан Ермеков,Уәлитхан Танашев бастаған топтың қазақ жерін тұтастырудағы қайраткерлік ерлігіне тәнті болып келеміз.
2-жүргізуші:
Құрметті әдебиетсүйер қауым бүгінгі Тәуелсіздігіміздің түп негізінде, бастау көзінде, Алаш қайраткерлерін айту ақиқатқа құрмет, һәм баршамыздың перзенттік парызымыз.
1-жүргізуші:
Қадірменді жиналған қауым, Алаш қайраткерлерінің қай-қайсысы да саясат майданында ғана емес, қазақтың мәдениеті мен өнерінің де аса ірі қайраткерлері, үлкен жанашырлары болғаны белгілі.
2-жүргізуші:
Олай болса, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлтын ұлықта-ған ұлы тұлға» атты әдеби-сазды танымдық кешімізге қош келдіңіздер!
«Қазақтың көсем ұлы» Ахметке арнау /Сатыбалды Аякөз/
Ұлт ұстазы, қақ жарған қара қылды,
Халқы үшін таусылмаған жазар жыры.
Бір бойына сыймайтын мың қасиет,
Бар қазақтың рухани көсем ұлы.
Ұлт пен тілдің үкіленген жанашыры,
Жиырмасыншы ғасырдың дара шыңы.
Талқыға түсіп тағдыры тар түрмеде,
Айыбы жоқ жазаланды Алаш ұлы.
Азаттықтың ақ таңын армандаған,
Халқы үшін қаймыққан қайран бабам.
Риза бол ұрпағыңа ұлағатты,
Әділетсіз заманыма барма шараң?!
Сара жол кедергісіз өзің салған,
Сол жолда асыр салды әрбір балаң.
Тәуелсіздік отыз жыл Отанымда,
Мақтанамын бабаларым, сенің арқаң!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет