«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»


Ән: «Бір бала» «Қарлығаш» вокалдық топ



бет4/9
Дата04.12.2022
өлшемі107,53 Kb.
#54719
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Ән: «Бір бала» «Қарлығаш» вокалдық топ
Өмірбаяншы: Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1984 жылы әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылы Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең-жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел - атағы өсе бастайды.
1-жүргізуші:
Ахмет Байтұрсынұлы-қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілі-нің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Ахмет Байтұрсынұлының «Әліпбиі-мен» ашып, ана тілін Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да еңбек етті.Оның «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы. Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп - түгел осы кітапта қалыптастырылған.
2-жүргізуші:
Қазақтың әдебиеті мен тарихында ерең еңбегімен ойып тұрып орын алған Ахмет Байтұрсынұлы жайлы жазылған кітаптар аз емес. Алайда қазақ келешегі үшін өз өмірін құрбан еткен қайраткер туралы айтылатын әңгіме таусылмайды.
Қан жылаған қазақ баласына өлеңдері арқылы демеу берген Ахмет Байтұрсынұлының әр туындысы жоғары бағаға ие. Ахмет Байтұрсынұлы-ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері «Қырық мысал», «Маса», «Үзік» деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. «Масаға» енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет