Басқару экономикасы



бет98/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   112
Шетелдік тікелей күрделі қаржы жұмсалымы. Компаниялар көпұлттық корпорация фазасына түскеннен кейін өз қызметін шетел мемлекетінде кеңейте бастайды. Бұл қызмет өз ішіне шетел компанияларына немесе бірлескен кәсіпорынды ұйымдастыруға лицензия беруді кіргізеді. Шет елде өзін тұрақты болуын қамтамасыз етіп, компаниялар жылжымайтын мүлікке инвестиция жасай бастайды. Олар жылжымайтын құралдарды, бар фирмаларды сатып алады немесе өз инфрақұрылымымен бірге шетелдік филиалды ұйымдастырады. Осының барлығын тікелей шетелдік күрделі қаржы жұмсалымдары (foreign direct investment) деп аталады.

Компанияның тікелей шетелдік күрделі жұмсалымына барудың басты себебі – алынатын табыстың ұлғаю мүмкіндігі және компания құны. Өз елінде қатаң бәсекеде болатын компания шетел нарығында артықшықтарға ие болуға талпынады. Отандық нарық тола болған соң, компаниялардың өсуіне жаңа зерттелмеген нарығына ену жолымен жетуге болады. Және, керісінше, өз еліндегі компанияларға қарағанда артықшылары пайда болуы мүмкін.

Тікелей шетелдік күрделі жұмсалымына барудың екінші себебі басқа ел тауарларды импорттауға шектеулер қою мүмкін, бұл жағдайда шет еліне еніп алған компания ол шектеулерден құтылады. Компания сүйікті қонақ ретінде болуы мүмкін, егер осы елде өндірілген тауарлары үшінші елдерге сатып елдің төлем теңгеріміне өз үлесін косса. Және компания өндірістің ауқымы өсуінен, тауарды тасымалдаудан түсетін үнемді пайдаланады.

Шетелдік күрделі жұмсалымын жасау үшін компания болжанып отырған жобалардың экономикалық тиімділігіне талдау жүргізу керек. КҚК арналған экономикалық талдау ұлттық компанияға жасалатын талдаудан өзгешелігі болмайды. Солай болса да, ескерілетін бірнеше айнымалылар қосылады: компания арасындағы қаражаттың жылжуы, инфляция деңгейі, валютаның айырбастау бағамы, салық салу айырмашылықтары, ақшалай қаражаттың жылжуы, капитал құны.



Жобаны ақырғы бағалау. Ақшалай қаражаттың жылжуы және дисконттың пайдалану мөлшерлемесі бас компания мен оның филиалында елеулі өзгеше болуы мүмкін. Сонда бас компанияның немесе филиалының бағалауының салмағы жоғары болмақ? Қаржыгер-менеджерлердің көпшілігі бас компанияның бағалауы басым болу керек деген пікірді айтады. Мұндай пікір теориялық тұрғыдан дұрыс болғанымен, тәжірибеде тіптен басқаша көрінуі мүмкін. Сондықтан болар, көп компаниялар филиалда алынған нәтижелерге негізделген бағалауға артықшылық береді.

Көпұлттық компанияда трансферттік бағаны белгілеу. Тауарлар шекарадан өткенде баға белгілеу мәселесі қиындалады. КҰК-да трансферттік баға белгілеу кезінде бас компания бір немесе бірнеше филиалдарына тауар мен қызметтерді аударумен ісі болады. КҰК қорларды бір бөлімшесінен екіншісіне аударғанда жоғары немесе төмен баға орнатуы мүмкін. Егер төмен бағамен аударылса, қорлар тауарды қабылдайтын елге жылжиды. Бұл компанияға пайдалы болуы мүмкін, егер қабылдайтын елде жіберілген елге қарағанда инвестиция жасауға үлкен мүмкіншіліктер болса. Алайда, жоғары немесе төмен бағаны орнату корпорация төлейтін салық сомасына ықпал жасауы мүмкін: әр елде өзіне тән салық жүйелері және әр түрлі салық мөлшерлемесі болады. Компания, егер трансферттік бағаны тағайындаған кезде салық минималды болуын көздесе, осындай айырмашылықтан пайда алуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет