1. Ақшалай қаражат ағынын (Cash Flow диаграммасы).
2. Жобаны дисконттау коэффициенті (Discount Rate).
3. Таза дисконтталған табыс (ТДТ) (net present value – NPV).
4. Таза ағымды құн (ТАҚ) жобаны іске асыру жылдары бойынша.
5. Табыстылық индексі (ТИ) және жобаның орташа жылдық рентабелдігі.
6. Жоба табыстылығының ішкі нормасы (ТІН).
7. Жобаның өтелу мерзімі.
8. Жобаның залалсыздық нүктесі.
Шешімі:
Ақшалай қаражат ағыны (Cash Flow)
Бір жолғы шығындарды анықтаймыз, млн. $:
2010: 20,0+5,0=25,0
2011: 4,0
Жобаның түсімдері, млн. $:
2011: 0,0
2012 (жыл аяғында): 65,0 – 50,0 + 4,0 = 19,0
2013 (жыл аяғында): 65,0 – 50,0 + 4,0 = 19,0
2014 (жыл аяғында): 65,0 – 50,0 + 4,0 = 19,0
2015 (жыл аяғында): 65,0 – 50,0 + 4,0 = 19,0
2016 (жыл аяғында): 65,0 – 50,0 + 4,0 = 19,0
Cash Flow, млн.$:
Жылдар
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
Cash
|
-25,0
|
-4,0
|
19,0
|
19,0
|
19,0
|
19,0
|
19,0
|
Жобаның қаржы ағындарының диаграммасы
19,0
|
|
|
|
|
|
|
|
15,0
|
|
|
|
|
|
|
|
10,0
|
|
|
|
|
|
|
|
5,0
|
|
|
|
|
|
|
|
0,0
|
|
|
|
|
|
|
|
-4,0
|
|
|
|
|
|
|
|
-10,0
|
|
|
|
|
|
|
|
-15,0
|
|
|
|
|
|
|
|
-19,0
|
|
|
|
|
|
|
|
-25,0
|
|
|
|
|
|
|
|
Жобаның дисконттау коэффициентін анықтау:
d = a + b + c,
a – қабылданған капитал бағасы ( – қаржы ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің жалпы сомасының осы ресурстардың жалпы көлеміне қатысы);
b – берілген жобаның тәуекел деңгейі;
c – валюттік нарықта істеген жұмыстың тәуекел деңгейі.
d = 0,13 + 0,03 + 0,04 = 0,20.
ТДТ пен ТАҚ анықтау:
ТДТ есептеуге арналған формула:
бұл жерде:
Di – i-мезгіліндегі табыс;
Ki – i-мезгіліндегі шығындар.
Жоба бойынша ТДТ есептеу:
Мезгілдер
|
D
|
K
|
1
(1+d)i
|
D
(1+d)i
|
K
(1+d)i
|
ТДТ
|
ТАҚ
|
2010
|
0,0
|
25,0
|
1,00
|
0,00
|
-25,0
|
-25,0
|
-25,0
|
2011
|
0,0
|
4,0
|
0,83
|
0,00
|
-3,32
|
-3,32
|
-28,32
|
2012
|
19,0
|
0,0
|
0,69
|
13,11
|
0,00
|
13,11
|
-15,21
|
2013
|
19,0
|
0,0
|
0,58
|
11,02
|
0,00
|
11,02
|
-4,19
|
2014
|
19,0
|
0,0
|
0,48
|
9,12
|
0,00
|
9,12
|
4,93
|
2015
|
19,0
|
0,0
|
0,40
|
7,60
|
0,00
|
7,60
|
12,53
|
2016
|
19,0
|
0,0
|
0,33
|
6,27
|
0,00
|
6,27
|
18,80
|
Итого
|
95,0
|
29,0
|
|
47,12
|
-28,32
|
18,8
|
|
Табыстылық индексі (ТИ) және жобаның орташа жылдық рентабелдігі (Р):
ТИ = 47,12 : 28.32 = 1,6638.
Р = ТИ : n х 100% = 1,6638 : 5 х 100% = 33,28%.
ТІН анықтау:
ТІН есептеуге арналған мәліметтер
d
|
0,20
|
0,35
|
0,39
|
0,40
|
ТДТ
|
18,80
|
3,39
|
0,43
|
-0,29
|
ТІН жуық мағынасын келесі формуламен табады:
бұл жерде d+ – дисконттың бұл мағынасында ТДТ соңғы оң мағынаны қабылдайды;
ТДТ+ – ТДТ соңғы оң мағынасы;
ТДТ- – ТДТ бірінші теріс мағынасы.
ТІН = 0,39*100 + 0,43/ [0,43 – (-0,29)] = 39,60.
Жобаның тиімділігін бағалау үшін ТІН-сын дисконт нормасымен Е салыстыру керек. Егер жобаның ТІН>Е болса, ТДТ оң болады, сондықтан ол тиімді болып есептелінеді. Егер жобаның ТІН<Е болса, ТДТ теріс болады, сондықтан ол тиімсіз болып саналады.
Жобаның өтелу мерзімін анықтау:
Өтелу мерзімі (шығындар мен табыстар теңдігі) келесі формуламен анықталады:
Жобаның залалсыздық нүктесін анықтау:
S12 – жаңа өнімнің жылдық шығарылуының шартты түрде тұрақты шығындары;
C – жаңа өнім бірлігінің бағасы;
P12 - жаңа өнімнің жылдық шығарылуының ағымды шығындары;
V12 - жаңа өнімнің жылдық шығарылуының заттай көрінуі.
Тб = 15,0 / [65,0/ 200 – (50,0 – 15,0)/200] ×1000 = 100000 дана.
Бақылау сұрақтары мен есептер
1. Болжанған капитал жұмсалымын тиімділігін талдаудың міндеттері.
2.Келешек мезгілдегі табысты ескеріп ақшаның құнына анықтама беріңіз.
3. NPV қалай есептелінеді?
4. Ішкі өтелімділік коэффициенті қалай есептелінеді? IRR бойынша шешім қабылдау ережесін қалай көрсетуге болады?
5. Бірін бірі жоққа шығаратын капитал жұмсалымының екі ықтимал жобасы бар.
А жобасынан күтілініп отырған NPV 564 мың теңгеге, В жобасынан – 467 мың теңгеге тең. Өзіңіз сенушілікпен басшыға А жобасын іске асыру керек деген ұсыныспен шыға аласыз ба?
6. «Біздің барлық жобаларымыз бірдей пайыздық мөлшерлемемен дисконтталады», - ірі компанияның қазынашасы осылай жариялады. Осындай көзқарастың орындылығына келісесіз бе?
7. Неге жүзеге асатын опциондарды қолдану капитал жұмсалымын талдауды жақсартады? Қай жағдайда жүзеге асатын опциондарды қолдануды ұсынар едіңіз?
11. Көпұлттық корпорация және жаһандану
11.1. «Жаһандану» түсінігі. Жаһандануды жақтаушылар мен оған қарсылар
Көпұлтты корпорацияның (КҰК) мүмкіншіліктері отандық корпорация да бар мүмкіншіліктермен бірдей, олар да нарықтың сұраныс пен ұсыныс күштерімен санасу керек. Өз тауарына сұраныстың икемділігін ескеріп, шекті табыс пен шекті шығындар пинципін қолданып, іскерлік және қаржы тәуекелін ойда ұстап пайдасын оптималды болуына талпынады.
Сонымен қатар, әлемдік деңгейде операция жүргізетін компаниялар қосымша міндеттермен шұғылданады. Олар әр елдегі валютаға, ережелерге, реттеу органдары мен салық жүйелеріне және тарифтік шектеулерге, мәдениетке қатысты айырмашылықтарды ескеруі керек. Мұның барлығы жаңа мүмкіндіктермен бірге қосымша тәуекелді алып келеді.
Ең алдымен «жаһандану» терминін ашып алу керек. Ол туралы көп анықтамалар бар, солардың кейбірін келтірейік. Жаһандануды ауысу үдерісі ретінде қарастыратын авторлар бар: басында фирма өз қызметін тұған ел шеңберімен шектейді. Бірақ фирма әрі қарай өсу үшін өз өндірісіне қажет өнімдерді шет елден әкеледі және дайын өнімдерін басқа елдерге шығарады. Мұны «халықаралық сауда» фазасы ретінде белгілеуге болады. Халықаралық мәміле фирма алдына жаңа міндеттерді қояды: енді ол шетел валютасының бағамымен, ықтимал сатып алушылардың төлем қабілеттілігімен, әр түрлі заң шығару жүйелерімен, әр түрлі тілдермен және мәдениетпен санасуы керек болады.
Келесі қадам: компания басқа елде болуы, ол шет мемлекетінде сату орталығын немесе сервис орталығын ашудан бастауы мүмкін. Одан кейін лицензиялау туралы шарт жасауы мұмкін.
Ақырында, бұл бірлескен кәсіпорын жасауға, шетел компаниясымен бірігуге немесе зауыт соғуға айналуы мүмкін. Бұл ауысу үдерісінің үшінші және қорытынды кезеңі «көпұлттық фаза» деп аталады. Компания алдында әлем нарығына қызмет көрсетудің жаңа мүмкіндіктері туады, сонымен қатар ол жаңа мәселелерге тап болады: дәстүр мен мәдениет, жергілікті заңдар мен салық жүйесінде бар айырмашылықтарды ескеруі керек.
Жаһанданудың тағы бір анықтамасы әлемдік нарыққа экспансиялаудың түпкі нәтижесіне сүйенеді. Ол жаһанданудың қаржылық аспектілерін де ескереді. Әлемде елдердің бір бірімен тығыз бірігуі көлік және коммуникация шығындарының төмендеуімен байланысты.
Жаһандану өте қайшы пікірлер тудыруда: екі жақ сендірерлік дәлелдер келтіреді. Көп адамдар өндіріс саласындағы жұмыс орындары басқа елдерге ауысады деп қауіптенеді. Қазақстан экономикасында өңдеу өнеркәсіп саласындағы жұмыс орындарының күрт қысқаруы жаһанданумен байланыстыруға болады.
Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының өнімдері халықаралық бәсекелесте толық жеңіліп қалды: шетел тауарлары өзіндік құнымен және сапасымен отандық тауарлардан артық болып келді, нәтижесінде тұтынушылар солардың жағына шықты. Мұндай өзгерістер басқа салаларда да орын алды. Сөйтіп, көп адамдар жұмыс орындарынан айырылды.
Экономика дамыған сайын және жаңа технология өндіріске енгізу бір маман мен салалар орнына басқалар орнайды. Ұзақ мерзімді келешекте инновациялар тұрмыс деңгейін көтеретіні сөзсіз, бірақ қысқа мерзімді келешекте бұл өзгерістер көп адамдарға зиян әкелуде, өйткені олардың жұмыс орындары біртіндеп жоюлуда.
Технологиялық өзгерістерге бүкіл тарих бойы күшті қарсылық көрсетілген, үкімет пен кәсіподақ тарапынан реттеу әрекеттері мен жаңа ережелер енгізуге әкелген. Әр түрлі жойқын шаралар жиі болып тұрған.
Жаһандауды жақтаушылардың дәлелдері:
- тұтынушылар жаһанданудан пайда көреді, өйткені жаңа нарықтар ашылып, оларға тауарлар мен қызметтердің көптеген түрлері ұсынылады;
- тұтынушылар жаһанданудан пайда көреді, өйткені нарықтар аясын ұлғайту бағаны төмендетуге алып келеді. Тауарлар мен қызметтер арзанға түсетін жерлерде өндіріледі;
- коммуникация құралдарының алға басуы тауар, қызмет және капиталдың еркін ағынын жеңілдетеді, ол өнімділіктің өсуіне көмектеседі;
- әлемдік бәсеке болғандықтан тауар мен қызмет сапасы жақсарады;
- қаржы нарығының жаһандануы ресурстарды тиімді бөлуіне алып келеді;
- жаһандану кедей елдеріндегі адамдардың тұрмысын көтереді, өйткені дамыған елдерден өндіріс аударылады, жаңа жұмыс орындары пайда болады, еңбекақылары өседі. Жақсы мысал ретінде көрші Қытай елінде соңғы отыз жылдағы болған өзгерістерді келтіруге болады.
- кедей елдерінде еңбекақы өсуі дамыған елдерде өндірілген тауарларды оларға экспорттау мүмкіндігін кеңейтті;
- КҰК шетел мемлекеттеріне инвестиция жасағанда, олардың көбі жергілікті кәсіпорындармен салыстырғанда жоғарырақ еңбекақы төлейді. Оның үстіне олар жаңа жұмыс орындарын жасайды.
Жаһандауға қарсы дәлелдер:
- КҰК шетел мемлекеттердегі өздерінің қызметінің арқасында өз дамыған елінің компанияларымен бәсекеге түседі. Бұл өзінің тұған елінде еңбекақыны төмендетуге алып келеді;
- шетел мемлекетінде өз кәсіпорнын ұйымдастарған ірі компаниялар қоршаған ортаға немқұрайды қарайды, табиғи ресурстарын аямай пайдаланады, экологиялық залал әкеледі;
- индустриясы дамыған елдерде технологиялық прогресс жұмыс күшіне сұранысты азайтады, әсіресе өндіріс саласаында. Нәтижесінде, адамдар еңбекақысы төмен қызмет көрсету саласына ауысады. Ал кейінгі кезде бұл жұмыс орындары да басқа елдерге аударылуда;
- капитализм адамдардың әлеуметтік амандығын елемейді және мәдениетті күйретеді;
- компания өз өндірісін шығыны төмен елдерге ауыстырып жоғары пайда алады;
- компаниялар салықтары төмен елдерге өз қызметін аударады, сөйтіп әлемдік салық жүйесіне кесірін тигізеді;
- жаһандану ұлттық егемендікті және ұлттық бірдейлікті әлсіретеді.
Келтірілген дәлелдердің екі тізімін әрі қарай жалғастыруға болады.
Жаһандану үдерісі одан әрі жалғаса беретіні сөзсіз, артықшылықтары мен кемшіліктері жеткілікті. Жаһанданудың арқасында экономиканың кейбір саласында күрт өсім болғанын байқаймыз, басқа салалар артта қалып жатады. Жер шарының әр аймағына әсері әр түрлі болуда, бірақ дамушы елдердің көбі, әсіресе, Шығыс Азияда жаһанданудан едәуір пайда көргенін байқаймыз.
Керісінше, көп африкалық елдер артта қалуда, халықтың жан басына шаққандағы табысы бойынша осы елдер мен дамыған елдердің арасындағы алшақтық ұлғаюда. Осы артта қалған дамушы елдер жаһандану алып келетін артықшылықтарды пайдаланып қалу үшін белгілі жағдайлар қалыптасуы керек:
- тиімді үкімет болуы керек, ол ұйымдардың ең жоғары деңгейінде басқару және экономикалық тұрақтылықты көтермелеп тұру керек;
- шетел инвестицияларын көтермелейтін саясаттың болуы;
- ұлттық фирмалардың арасында бәсекені көтермелеу;
- денсаулық сақтау, білім беру және кәсіби оқыту жүйесін жақсарту.
Бірақ кедей елдер өз күшімен бұл жағдайды жасай алмайды, дамыған елдер оларға көмектесуі керек: сауда еркіндігін, жеке меншік капиталдың дамушы елдерге келуін көтемелеу шараларын қолдануы керек. Тағы басқа маңызды сәт – басқарудың ең жақсы әдістерін енгізу және кәсіпкер әдебін бұзбау, сонда ғана ірі компанияларға, демек, жаһандануға сенім өседі.
Ірі компаниялар қоршаған ортаға қамқор жасауды және әлеуметтік мәселелерді шешуді іс жүзінде таныту керек. Ерекше мәселе – ол еңбек ресурстарын пайдалану, офшорингті қорғаушылар оның шығындарды төмендеуге әкеліп, осылац бағаның төмендеуі арқасында тұтынушылардың тұрмыс деңгейі көтеріледі деп айтады. Олар ескішілдікке негізделген жұмыс орындары жоюлуда, бірақ жаңа техникалық прогрессивті қызметтерге сұраныс ұсыныстан артық болуда дейді.
Офшоригтің басқа да артықшылықтары бар: өндірістің икемділігі өсуде, кәсіпорындар үзіліссіз тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі, әр түрлі білім мен жұмыс тәжірибесіне қолы жетуге жол ашады.
Алайда, бөтен елде жұмыс істейтін кәсіпорын алдында қосымша міндеттер туады: алыста орналасқан кәсіпорындарды басқаруға байланысты қосымша шығындар туады, кейбір жағдайларда өнімділік төмендеуі, олармен коммуникация қиындалуы мүмкін,мәдени айырмашылықтары елеулі мәселелер тұғызады. Қанша шетел тілін жақсы білгеніңмен, ақпаратпен алмасқаныңда түсінбеушіліктер болып тұрады.
Офшорингтің тағы кемшілігі – қауіпсіздік тәртіптің бұзылуы және өнеркәсіптік құпияны жария ету.
Дамыған елдерден жұмыс орнының аутсорсингі жаһандануды қолайлы тенденция деп санамайтын адамдарды қатты абыржытады. Жаһандануға қарсылар өз еліндегі экономика салаларын қорғау үшін еркін сауданы шектеуге шақырады. Алайда, мұндай әрекеттер кейбір жұмысшылар тобына бір қысқа мезгіл ішінде көмектескенмен, бүтіндей экономика ысырап әкеледі. Жаһанданудың артықшылықтарына адамдардың көзін жеткізу үшін дамыған елдер туатын мәселелерді әлсірететін саясат әзірлеуі керек. Әзірленетін шаралардың ішінде жұмыстан айырылған жұмысшыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс, ол үшін білім беру мен кәсіби оқыту аясына үкімет ерен күш салуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |