Басқару экономикасы


Болашақ пайда (өнімділік қисық сызығы)



бет65/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   112
Байланысты:
treatise75256

Болашақ пайда (өнімділік қисық сызығы)



LRAC (ұзақ мерзімді орташа шығындар)




«Бүгінгі» «Ертеңгі» Q (уақыт мезгілінде)

өндіріс өндіріс


6.7 сурет. Өнімділік қисық сызығына негізделген баға белгілеу
Өнімділік қисық сызығы, құбылыс ретінде, 60 жылдан астам бұрын ұшақтарды өндіру барысында байқалынған. Өнімділік қисық сызығының эффекті туу себебін өнімді тікелей өндіретін жұмыскерлердің тапсырмаларды қайталаудан тапты. Кейін бұл құбылысқа, өндіріске жанама қатысы бар, міндеттерін қайталау нәтижесінен тәжірибе жинаған инженерлер мен зерттеушілер қосылды. Жаға технологиялық пен инженерлік әдістрді әзірлеу, арзан келетін материалдарды енгізу, өнім реинжинирингісі өндіру деңгейі өскен сайын өнімнің бірлігіне шаққандағы шығынды төмендетуге әкелетін факторлар деп қарастырылды. Осы қосымша факторларды ұғыну кеңірек терминді – тәжірибе қисық сызығын – қолдануға алып келді. Қазіргі күнде бұл екі термин көбінесе мағынасы бірдей құбылыс деп қолданады.

Қамту эффекті. Бұл терминді фирманың өнім бірлігіне шығындарды екі немесе одан көп тауарлар немесе қызметтерді бірлестіріп өндіру есебінен төмендету деп анықтауға болады. Бірсіпара мәнде қамту эффекті концепциясы ауқым эффектімен тығыз байланысты. Бизнестің бірден астам бағытына қатысу фирмадан белгілі өндіріс ауқымы бар болуын талап етуі мүмкін. Тағы ауқым мен қамту арасындағы байланысты компания бизнестің жаңа бағытына шығарда өндіріс ауқымы өсе түсуінен көруге болады. Қамту эффектінің тауар мен қызметті өндіргенде үлкен маңызы бар.

Ауқым эффекті: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мезгілдер. Шын мәнінде, ауқым эффекті компанияның орташа шығындары шығару деңгейі жоғарырақ болғанда төмендеуін білдіреді. Микроэкономика теориясында ауқым ұзақ мерзімді уақыт мезгілін тұспалдайды. Ұзақ мерзімділіктің экономикалық мағынасы фирма өзінің тиянақталған өндірістік факторларын реттеуге уақыты бар деген сөз. Тиянақталған факторлары ұзақ мерзімді мезгілінде айнымалы болып келеді.

Сонымен қатар, ұзақ мерзімді мезгілінде фирма басқа фирмамен қосылуы, немесе басқа фирманы сатып алуы, немесе өзін басқа фирма сатып алуы мүмкін. Компаниялардың президенттері алдағы қосылудың бір артықшылығы деп ауқым эффектісін келтіреді.

Кей кезде «ауқым эффекті» терминін қысқа мерзімді уақыт мезгілі мәнмәтінінде қолданатынын байқауға болады. Фирма ауқым эффектісінің артықшылығын пайдалануға әрекеттеніп, өз кәсіпорнын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ауқым эффектінің бұл жерде көрінуі фирманың өзінің тиянақталған немесе үстеме шығыстырын кең қолданудан болады.

Демек, ауқымның қысқа мерзімді эффектісі мен ауқымның ұзақ мерзімді эффекті арасында айырмашылық бар екенін көреміз. Қысқа мерзімді ауқым эффектінің пайда болу тиянақталған шығындарды кеңірек қолдану болып келеді. Ұзақ мерзімді ауқым эффектінің пайда болу себептері ертеде 6.4 кестесінде көрсетілген.



Бәсеке қабілеттігін сақтау мақсатында компанияның шығындарды қысқарту жолдары. Менеджерлер іскерлік шешімді қабылдарда шығындарды бағалау аралас сезімдерді оятады: өйткені шығындарды төмендету штатты қысқартуға, жұмыскерлерді жұмыстан босатуға, дискрециялық шығындарды қысқартуға алып келеді. Табыстың өсуі, керісінше, жаңа жұмыскерлерді жұмысқа тартуға, ең жақсы жабдықты пайдплануға, дискрециялық шығындардың өсуіне алып келеді. Дегенмен объективтік тұрғыдан белгілі деңгейде өнім шығарғанда және сатқанда үнемделген теңге белгілі деңгейде өнім шығару мен шығындар жасағанда түскен ақшадай нәтиже береді.

Төменде өзінің бәсеке қабілеттігін сақтап қалу үшін фирмалардың шығындарды төмендетудің кейбір әдістері келтірілген.



1. Шығындарды стратегиялық пайдалану. Фирма шығындарды басқаруды нарықтағы бәсеке стратегиясы ретінде пайдалануы мүмкін. Мұндай әдістерді бөлшек сауда саласында, әуе тасымалы саласында жиі қолданады. Мысалы, Лоукостер әуе жолын келтіруге болады. Оның артықшылығы шығынды төмендетуге арналған шаралардан емес, нарықтық стратегияны дұрыс тапқанымен байланысты екеніне назар аудару керек. Қазір оның тәжірибесі басқа елдерде тарауда: Ұлы Британияда Easyjet, Ирландияда Ryan Air, Ресейде Победа және т.б.

2. Материалдың құнын төмендету. Салқындататын сусындар ыдыстарының конструкциясын ұдайы жетілдіріп тұрады, немесе шыныдан жасалған бөтелкені платмассаға ауыстырады. Бір данаға шаққан азғантай ғана үнем ол сусын миллиондап шығарылғанда едәуір пайда алып келеді.

3. Шығындарды төмендетуге ақпараттық технологияны (IT) пайдалану. IT уақыт жылжыған сайын шығындарды төмендетуде үлкен рөл атқаруда. Шынайы IT-дің шығындарды төмендету үшін қосқан зор үлесі 1990 жылдары кәсіпорындардың ресурстарын жоспарлауды (ERР) енгізумен байланысты болды. Осы ERP көмегімен компаниялар өзінің жоспарлау, мерзімді анықтау, өндірістік үдерісінің бүкіл желісін синхрондау және бақылауға мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде, компаниялар тауарларды сатып алушыларға дер кезінде және замануи тиімді жолымен жеткізу арқасында өз шығындарын төмендетіп, табысты көбейтті.

4. Еңбекақысы төмен елдер немесе аймақтарға аудару. Дамыған елдердің, АҚШ, Жапония, компаниялары өндіру шығындарын төмендету үшін Қытай және басқа Оңтүстік Азия елдеріне өз өндірістерін аударды. Неміс компаниялары Орта Европа елдеріне аударды, оның басты себебі сол елдерде еңбекақының едәуір төмен болғандығы. Бүгінде Қытайда еңбекақының өсуіне байланысты жеңіл өнеркәсіп өндірістерін біртіндеп Вьетнам, Камбоджа, Үнді және с.с. елдерге аударуда.

5. Қәсіпорындардың жұтылуы, бірлесуі және соңынан өлшемдерді төмендету.

6. Кейде компаниялар жұмыстан босату және кәсіпорындарды жабу шараларына барады.
Өнімділіктің қисық сызығының эффекті. Жоғарыда көрсетілген қисық сызықтарын жеке адамнан бастап ұйым деңгейіне дейін қолдануға болады. Бір үдерісті қайталай бергеннен адамның шеберлігі жақсарады, одан адамның өнімділігі өседі.

Өнімділіктің қисық сызығын кестеде берілген мәліметтерді логарифмдеу немесе басқа қолайлы жолмен құруға болады. Өнімділік өсуінің қисық сызығы өнімнің бір данасына кететін уақытты немесе белгілі уақыт мезгілінде шығарылған бұйымның көлемін көрсетуі мүмкін.

Өнімділіктің жоғарылауы, егер оның негізінде өнім бірлігіне кеткен уақытты алсақ, әр кейін бірлігін жасауға қажет уақыттың төменделуін көрсетеді. Өнімнің бірлігін жасаудың жиынтық орташа уақыты кумулятивтік орташаөнімділікті құрайды.

Өнім бірлігін жасау уақытын және кумулятивтік орташа уақытты өнімділіктің өсу қисық сызығы деп атайды. Өнімділіктің өсу қисық сызығын құратынкөп әдістер бар. Оның ішінде логарифмтік әдіс ең тиімдісі болып саналады.

Логарифмтік талдау. Өнімділік қисық сызығы әдетте келесі теңдікпен суреттелінеді:
= К,
бұл жерде x – бұйым нөмірі;

x бұйымын шығаруға тікелей шығындалғанжұмыс сағатының саны;

К – бірінші бұйымды шығаруға тікелей шығындалғанжұмыс сағатының саны;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет