10.2. Ақшалай қаражат ағынын және инвестициялық ұсыныстарды бағалау
Капитал құрылымы туралы ұсыныстарды талдаудың негізгі кезеңінің бірі ақшалай қаражат ағынын бағалау болып келеді. Көп айнымалылар кассаға және кері ақшалай қаражат ағынын болжауға қатысады. Негізделген дәл бағаны алу уақытты және фирманың көп бөлімдері мен мамандарын талап етеді. Осы бағалау келесіден тұрады:
- түсімдер мен ақшалай қаражаттың шамасы мен уақыт бойы бөлінуін бағалау;
- шығындардың шамасы мен уақыт бойы бөлінуін бағалау;
- жоба біткеннен кейінгі тарату құны мен айналым капиталын бағалау.
Бұл элементтерді фирмаға жаңалық әкелетін инвестиция ұсыныстары бойынша болжау ерекше қиын. Осы қиындақтарды жеңу үшін қарапайым ережелерді ұстану керек:
- ақшалай қаражат ағындарын өсім базасына сүйеніп бағалау керек;
- ақшалай қаражат ағындарын «салық шегерісі кейінгі» базасында құрастырып бағалау керек. Басқа сөзбен, салықтар ақшалай қаражаттың жылыстауы ретінде қарастырылуы керек;
- амортизацияның салыққа әсері есептеу қажет, бірақ амортизация шығысы – ол ақшалай шығыс емес, ол ақшалай қаражат түсімінен шегерілмеуі керек.
Оценка инвестиционных предложений. Бір заматта болып жатқан инвестицияның тарату немесе қайта сату құнын дәл болжау сирек кездеседі. Осыдан, инвестицияның шын пайда нормасын оған ие болудан айырылғанда ғана білеміз. Демек, оған дейін сәтті бағаланған пайданы инвестицияның рентабельдігі ретінде қабылдау қажет.
Инвестицияның бағаланған пайдасын өлшеудің бірнеше әдісі бар. Инвестициялық ұсыныстарды бағалауды төменгі мысалмен түсіндірейік.
Мысал. «Әділқұр» шағын кәсіпорнында автомобиль басқышына зиян қоспаны ұстап қалатын әмбебап қондырма әзірленді. Оны өндіру үшін бизнес-жоспар жасалынды, оның негізгі экономикалық көрсеткіштері 10.2 кестеде берілген. Кәсіпорын жабдықпен 2010 жылы қамтамасыз етілді.
10.2 кесте. Бизнес-жоспардың экономикалық көрсеткіштері
№ ретімен
|
Көрсеткіштер
|
Өлшеу бірлігі
|
Мағынасы
|
1
|
Жабдықты сатып алу шығыны
|
млн.$
|
20,0
|
2
|
Жабдықты жеткізу және құрастыру шығыны
|
млн.$
|
5,0
|
3
|
Инженерлік орнығу, жұмысшыларды үйрету және жарнама шығыны (өндіруден бір жыл бұрын)
|
млн.$
|
4,0
|
4
|
Жабдықтың іске кіргеннен кейін жұмыс мерзімі
|
жыл
|
5
|
5
|
Жаңа өнім сатылуының кепілдікті көлемі
|
млн.$
|
65
|
6
|
Ағымды шығындар
|
млн.$
|
50,0
|
7
|
Шартты түрде тұрақты шығындар, оның ішінде амортизация
|
млн.$
|
15,0
4,0
|
8
|
Тапсырыстың жылжық көлемі
|
мың дана
|
200
|
9
|
Валюттік депозит
|
%
|
13,0
|
10
|
Жобаның тәуекел деңгейі
|
%
|
3,0
|
11
|
Валюттік нарықтағы инфляция
|
%
|
4,0
|
Келесі көрсеткіштерді анықтаңыз (салықты есепке алмай):
Достарыңызбен бөлісу: |