«басқару психологиясы»


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет18/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.
Тұлғаның психологиялық түсінігіне сипаттама бер. 
2.
Платонов тұлғаның құрылымдарын қалай жіктеген ? 
3.
Өзін-өзі сезіну құрылымы қандай? 
4.
Өзін – өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі 
5.
Психологтар көрсеткен ұйым қызметкерлерінің түрлері қандай? 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1.
Паркинсон С.Н., Рустомджи М.К. Искусство управления. С-Пб,1992 
2.
Морозов, А.В. Управленческая психология: учеб. для ссузов и вузов / А.В. Морозов.- 4-е 
изд., испр. и доп.- М.: Академ.проект: Фонд "Мир", 2008; 
3.
Смирнов, В.Н. Психология управления персоналом в экстремальных условиях
учеб.пособие для вузов / В.Н. Смирнов.- М.: Академия, 2007 
4.
Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1994 
4-тақырып. Темперамент және еңбек әрекетінің сипаттамасы 
1.
Басқару жүйесіндегі темперамент мәселесі. 
2.
Мінез және кәсіптік жарамдылық. 
Адам мінез-құлқын жарқын бейнелейтін индивидуалды тұлғалық ерекшеліктердің ішінде 
ерекше орынды темперамент алады. Темперамент дегенде, қарапайым адамға тән табиғи мінез 
ерекшеліктері және динамика, тонус, өмірлік әрекеттерге бірқалыптылық реакция деп түсінуіміз 
қажет. Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністерін бейнелейді. Ойлау, эмоция, ерік 
күші сөз ритміне және темпіне әсер етеді. Сонымен қатар, темпераменттен тұлғаның 
қызығушылықтары, әлеуметтік бекітілімдері, моральдық тәрбиесі тәуелді емес екенін есте 
сақтауымыз қажет. 
Темпераментті зерттеуге адамзат баласы ежелден ұмтылыстар жасаған. Дәрігер Гиппократ, 
содан кейін Гален адамдардардың мінез-құлқын түсіндіретін индивидуалды ерекшеліктерді 
түсіндіруге мумкіндіктерін жасаған. Гиппократ (б.э.д 5ғ),адам денесінде төрт түрлі сұйықтық 
бар:қан,сары және қара өт, шырыш.Осының біреуі адам денесінде болатын болса,тұлғаның мінз-
құлқын анықтауға болады деген.Темперамент атаулары осы сұыйқтық аттарына тән осы қүнге 
дейін сақталып келеді.Гиппократ бұларға жақсы анықтама бергенімен,оның себебін түсіндіре 
алмады.Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі 
И.П.Павлов болды.Оның түсіндіруі бойынша, темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне 
байланысты дейді. 
Осы ерекшеліктерге мыналар тән: 
1)
жүйке жүйесінің күші.Мұнда жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілеттілігі,үлкен 
жүктемелерді жеңе білетін жүйке жүйесі,яғни,шартты байланыстарды қалыптастыра білу дегенді 
түсіндіреді. 
2)
қозу мен тежелу процессін біркелкі сақтай білу. 
3)
қозғалғыштық-бір-бірін 
тез 
алмастыра 
білетін 
жүйке 
процесстерінің 
қабілеттілігі.Кенеттен немесе шұғыл өзгерістер кезіндегі болған сәттерде бейімделуін қамтамасыз 
етеді.И.П.Павлов мынадай қорытындыға келді,осы темпераменттін төрт түрі негізінде жоғары 
жүйке әрекеті типімен аталған ерекшеліктермен байланысты деген. 
Темперамент- адамның өмір шарттарына және нақты әрекетер ерекшеліктерге тәуелді 
психикалық қасиет.Алайда, Павловтың көрнекті оқушыларының бірі, Б.М.Теплов, жоғарғы жүйке 


жүйесі мен мінез-құлыққа тән «бейне» ,яғни темперамент типі арасында қарапайым біртүрлі 
тәуелділік болмайды деген.Жүйке жұйесінің құрамы нақты мінез-құлық формаларын алдын-ала 
болжай алмайды,алайда белгілі бір мінез-құлық формасын құрайтын негіз жасайды. Павловтан екі 
кең танымал болған ой қалыптасты:жүйке жүйесінің 3негізгі қасиетінің күйі(жүйке жүйесінің 
күші,қозу мен тежелу процестерінң бірқалыптылығы,жүйке процесстерінің қозғалмалылығы) және 
жүйке жүйесінің 4типі. Осы 4 типті зерттеу ,еш жағдайда,Павловтың 3 негізгі жүйке жүйесі 
қасиеті орналасуын зерттеуден шыққан емес.Алғашында Павлов қозу 
мен 
тежелуді 
бірқалыпта ұстау принципіне классификациялаудан бастап,жүйке жүйесі күшін негізге алып 
классификациялады,соңғы вариантында ол саналы түрде өзі белгілеген-жүйке процесстерінің 
қозғалмалылығын қараған. Алайда,классификация принципі қалай өзгерсе де,(яғни негізгі 
жоғарғы жүйке жүйесі ),оның «төрт» негізгі түрі өзгертілмеді.Павловтың соңғы және толық 
тармағында,осы мәселеге жазылған,негізгі жоғарғы жүйке жүйесі құрамының мүмкін болатын 
комбинациясы,ең аз дегенде жиырма төрт деді,алайда сол «төрт типінен» бас тарта алмады. 
Жүйке жүйесінің негізгі нақты 4типі бар екені не теориялық, не эксперименталды да дәлелі 
жоқ. Соңғы уақытта төрт типі бар деген соқыр сенімге сенбеген авторлар, қазіргі уақыттағы 
ойлары өзггеше. Негізгі жүйке жүйесі қасиетінің көрінуі «синдромды» құрайды.Яғни,бір- бірімен 
өзара байланысқан көрсеткіштерді байланыстыратын комплекс.Осыған орай осы көрсеткіштерлің 
бірі негізгі болып табылады немесе референтті дейді.Бұл оны анықтайтын,белгілерін 
көрсететін,сондай ақ берілген құрамды біршама жақсы мінездейтін көрсеткіш болып табылады. 
Басқаларға қарағанда біршама толығырақ зерттелгені- қозуға байланысты жүйке жүйесінің 
күші болып табылады.Осы белгіні анықтайтын негізгі ерекшелігі- жүйке жүйесінің шектен тыс 
тежелуін бақылай отырып,ұзақ немесе қайта үзбей қайталанатын қозуды бір қалыпта ұстай білу 
қабілеттілігі. 
Тептовтың зерттеулері көрсеткендей,осы негізгі жүйке жүйесінің қозуды корреляциялайтын 
келесі көрсеткіштерді анықтады: 
1.
Бөгде тітіркендіргіш әрекеттерге кендергі жасаушы төзімділік немесе қарсыласу. 
2.
Қозу процесінің кейбір концентрация ерекшеліктері(немесе ,керісінше,иррадация) 
3.
Күштің көріну заңдылығының мінездемесі. 
4.
Көру мен естуден тыс :жүйке жүйесінің күші неғұрлым көп болса,сезімталдылығы 
да төмен болады.Әлсіз жүйке жүйесі- жоғары сезімталдылықтық жүйке жүйесі. 
Соңғы пункті ерекше көңілге алғанды қажет етеді.Бұл бұрында қалыптасқан жүке жүйесі 
типтерінің біреуі «жақсы» ,екіншісі «жаман» деп бағалауға қарсы ойға шығарады.Әлсіз жүйке 
жүйесі болғанымен сезімталдылығы жоғары,сондықтан күші жоғары жүйке жүйесіне қарағанда 
барлық жағдайда нашар деп санауға болмайды.Кейбір әрекет түріне біреуі лайықты 
болса,келесәне екіншісі сай болып келеді.Жалпы алғанда жүйке жүйесін күшті немесе 
әлсіз,қозғалмалы немесе инертті,қозуы немесе тежелуі басым деп бағалаудың өзі қажетсіз. 
Жүйке жүйесінің екінші қасиеті, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет