Басылым: екінші Силлабус



бет16/25
Дата25.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#127731
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Оу - дістемелік кешені (экономика).


§1. Кездейсоқ оқиғалар.

Тұрмыста, практикада және ғылымда белгілі бір мақсат үшін жүргізілетін бақылаулар, сынақтар, операциялар, эксперименттер, тағы сол сияқтылар кездеседі. Біз бұл атауларды бір мағынада, синоним есебінде түсінеміз де, оны тәжірибе деген термин есебінде қабылдаймыз. Тәжірибені кейде сынық дейді.


Тәжірибені қайталауға болады. Тәжірибенің мысалдарын келтірейік.
Теңге лақтыру, ойын кубигін (немесе ойын сүйегін) лақтыру (немесе тастау) : кубиктің 1,2,3,4,5,6 цифрларымен нөмірленген алты жағы бар.
Белгілі бір тәжірибеге оның барлық мүмкін болатын нәтижелерінен тұратын Е жиынын сәйкестендіреміз . Е жиынын элементар оқиғалар кеңістігі деп, ал оның нүктелерін элементар оқиғалар дейді.
Мысалдар 1. Тәжірибе теңгені бір рет лақтыру болсын. Элементар оқиғалар кеңістігі Е= {Г,Ц} түрінде болады,мұндағы Г әрпі «герб» түсуін, ал Ц әрпі «цифр» түсуін көрсетеді.
2. Теңгені екі рет лақтырғанда элементар оқиғалар кеңістігі Е={ГГ, ГЦ, ЦГ, ЦЦ} түрінде жазылады.
3. Ойын сүйегін бір рет лақтырғанда элементар оқиғалар кеңістігі Е={ (1),(2),(3),(4),(5),(6)} болып жазылады, мұндағы (2) таңбалауы ойын сүйегінде 2-ге тең ұпайдың пайда болғандығын білдіреді.
4. Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда элементар оқиғалар кеңістігі 36 элементтен тұрады: { (1,1),(1,2), … ,(6,6)}
Элементар оқиғалар кеңістігінің әрбір ішкі жиынын кездейсоқ оқиға деп атайды. Мысалы, ойын сүйегін тастағанда Е кеңістігінің ішкі жиынын {(2),(4),(6)} жұп ұпай түсетінін білдіретін кездейсоқ оқиға.
Егер кездейсоқ оқиғаның сынақтың кез келген нәтижесінде орындалатын белгілі болса, онда бұл оқиғаны ақиқат оқиға деп, ал сынақтың ешбір нәтижесінде орындалмайтын оқиғаны жалған оқиға деп атайды.
«Оқиға» ұғымына байланысты анықтамалар келтірейік.

  1. Егер кездейсоқ оқиғаның сынақтың кез келген нәтижесінде орындалатын белгілі болса, онда бұл оқиғаны ақиқат оқиға деп, ал сынақтың ешбір нәтижесінде орындалмайтын оқиғаны жалған оқиға дейді.

Мысал 1. Мысалы ойын сүйегін бір рет тастағанда бірден кем емес ұпай түсуі – ақиқат, ал 7-ден кем емес ұпай түсуі – жалған оқиға.

  1. Егер сынақ кезінде оқиғаның орындалатын не орындалмайтыны белгісіз болса, онда мұндай оқиғаны кездейсоқ оқиға дейді.

Мысал 2. «А6 – ойын тасын лақтырған кезде 6 ұпай түсу» оқиғасы болсын. Бұл кездейсоқ оқиға.

  1. Бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес екі кездейсоқ оқиғаны өзара үйлесімсіз оқиғалар деп атайды. Ал өзге оқиғаларды, яғни сынақтың қандай да бір нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін оқиғаны үйлесімді оқиғалар деп атайды.

Мысал 3. Сынақ: ойын тасын бір рет лақтырамыз. «А – 4 ұпай түсуі» оқиғасы, «В – жұп ұпай түсу» оқиғасы. А мен В оқиғалары үйлесімді оқиғалар.
Мысал 4. Сынақ: теңгені бір рет лақтыру. « А – гербтің түсуі», «В – цифрдің түсуі.» Бұл оқиғалар үйлесімсіз.
Мысал 5. Ануар Байжанбаевтың мысалы үйлесімсіз оқиғалар.

  1. А және В оқиғаларын қарама –қарсы оқиғалар дейміз, егер қарастырылып отырған сынақ кезінде олар үйлесімсіз болса және А және В оқиғаларының ең болмағанда біреуі орындалатын болса, А оқиғасына қарама –қарсы оқиғаны арқылы белгілейді.

Мысал 6. Сынақ: теңгені лақтыру. « А – гербтің түсуі», «В – цифрдің түсуі» Бұл оқиғалар қарама –қарсы оқиғалар : A= немесе =В.
Мынадай сұрақ туады: Сынақ кезіндегі кездейсоқ оқиғаның пайда болу мүмкіндігін өлшеуге бола ма? Осы сұраққа жауап іздеген кезде ықтималдық ұғымы пайда болады.

§2. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы.


А кездейсоқ оқиғасының ықтималдығы деп А-ға қолайлы нәтижелер саны m-нің барлық мүмкін нәтижелер саны n-ға қатынасын айтады және оны Р(А) арқылы белгілейді. Сонымен анықтама бойынша, Р(А) = (1)


Мысалдар

  1. Сынақ: теңгені бір рет лақтыру. « А – гербтің түсуі», «В – цифрдің түсуі» P(A)=P(B)=.

  2. Сынақ: ойын тасын лақтыру. « – i ұпай түсуі», і=1,2,3,4,5,6. P()=

  3. Сынақ: ойын тасын лақтыру. «А-түскен ұпай саны екіге бөлінеді» n=6,m=3. P(A)==.

  4. (Даламбердің қатесі) Теңге екі рет лақтырылған. « А –екі гербтің түсу» оқиғасы. Даламбер: P(A) = (Ол n=3 деп есептейді: 1) екі герб түсу 2) екі цифр түсу 3)бір герб және бір цифр түсу)

Дұрыс шешуі: ГГ,ГЦ,ЦГ,ЦЦ Р(А)=

  1. Екі ойын тасы лақтырылған. Сонда шыққан ұпайлардың қосындысы 7 болуы жиі ме әлде 8 болуы жиі ме? «А–ұпайлардың қосындысы 7», «В– ұпайлардың қосындысы 8». P(A) =, Р(В)=


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет