Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет7/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Үшінші кезең кезінде (1982-1995ж.ж.) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен 
Қазақстан Респбликасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды. Жаңа мемлекет 
нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикалық институттар қалыптасты, 
«ақылы қызмет», «Табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық талаптары» ұғымы 
енгізілді. Қазақстанда банк қызметін, жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
кредит – қаржы қызметін реттейтін заңнаманың бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп, 
қабылданды. Табиғат ресурстарына мүліктік құқықтарды реттеу саласында өзгерістер 
болды, бұл жер құқығы қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылуда.
Сонымен бірге, нормативтік экологиялық актілерде жаңа нарықтық элементтермен қатар 
«кеңестік» кезеңінен Қазақстанның заң тәжірибесіне енген дәстүрлі әкімшілік әдістері де 
қолданылды. 
Осы кезеңде Жер Кодексі, Су Кодексі, «Жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және 
ұдайы өсу туралы» Заң, жер қойнауы және минералдық шикізатты өңдеу туралы Кодекс 
қабылданды.
Мынаны ерекше атап көрсету керек: осы кезеңде мемлекеттің экологиялық қызметі 
қалыптасты. Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды – ол экология 
саласындағы арнайы өкілетті орган болды, барлық орныққан табиғат қорғау қызметін 
қорытындылады және жаңа экологиялық әдістер принциптерді баянды етті. 
Экологиялық заңнаманы дамытудың төртінші кезеңі 1995 жылғы 30 тамыздан 
басталады және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұл Қазақстанда нарықтық 
экономиканы реттейтін заң толық қалыптасқан кезең болды, тәжірибеге «жерге жеке 
меншік» институты енгізілді, өнеркәсіптің негізгі салаларында жекешелендіру процесі 
аяқталды. Мемлекеттің экологиялық тәжірибесіне жаңа экономикалық әдістер барған 
сайын жедел енгізілді, бұл заңда баянды етілді.
Осы кезде мынадай маңызды нормативтік актілер – Қазақстан Республикасы 
Президентінің заң күші бар «Жер туралы», «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану 
туралы» Жарлықтары, Қазақстан Республкасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы», 
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы» Заңдар 
қабылданды. Жер, Орман, Су Кодекстері, «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң жаңа 
редакциясында қабылданды. Бұл кезең одан әрі жалғасуда, өйткені қолданстағы 
экономикалық институттарды есепке ала отырып, барлық табиғат ресурстары кодекстері 
мен заңдарын жаңа редакциясында қабылдау, сондай – ақ республикада экологиялық 
басқарудың жекелеген институттарын дамыту жоспарланып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет